Материалдар / "Латын графикасы: ресми мәтінді оқу және жазу дағдылары"

"Латын графикасы: ресми мәтінді оқу және жазу дағдылары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сондықтан да әртүрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалар, сөздердің тіркесуі мен бірігуі арқылы жасалады. Сөздің түрлі қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде, ырғақты сөз топтары компоненттерінің аралығында әртүрлі дыбыстық құбылыстар пайда болады. Әсіресе түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардағы дыбыстардың түбірге тигізер әсер-ықпалы ерекше болады. Алайда жазу тәжірибесінде дыбыстық құбылыстардың бәрі бірдей ескеріле бермейді. Тілдік жүйеге, оның дыбыстық құрылым жүйесіне орфогра-фияның сәйкес болуы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Латын графикасы: ресми мәтінді оқу және жазу дағдылары»


Қазақ тілі өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сондықтан да әртүрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалар, сөздердің тіркесуі мен бірігуі арқылы жасалады. Сөздің түрлі қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде, ырғақты сөз топтары компоненттерінің аралығында әртүрлі дыбыстық құбылыстар пайда болады. Әсіресе түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардағы дыбыстардың түбірге тигізер әсер-ықпалы ерекше болады. Алайда жазу тәжірибесінде дыбыстық құбылыстардың бәрі бірдей ескеріле бермейді. Тілдік жүйеге, оның дыбыстық құрылым жүйесіне орфогра-фияның сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-біріне кереғар болмайды. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеу интонация, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, ой екпіні, эмфазалық құбылыс т.б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады. Олардың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес.

Бернард Шоудың «Иә деп айтудың елу түрлі, жоқ деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал оларды жазудың амалы біреу-ақ» деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн, жаз тәрізді сөздердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздердің айтылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Тілдік қарым-қатынасқа түскенде тіл бірліктері сөз ағымында белгілі бір орфоэпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елемей, тілдік дыбыстарды әріптер түрінде өзгертпей айтсақ, сөздің дыбысталудағы тұтастығы, үндесімі мен үйлесімі бұзылады. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер

етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы – мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра, бұл құбылыстың бәрі бірдей жазуда еленбейді. Өйткені жазу – «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың мақсаты сөздің айтылуы мен дыбысталуын дәлме-дәл көшіру емес. Жазу қандайда болмасын белгілі бір ойды, сезімді хабарлайды. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді айтылуынша жазсақ [қоралат]

па, [қоралы ат]па, [төрөгөрсөң, тоналарсың]әлде [төре көрсең, тон аларсың»] ба? ақпаратты қабылдауды күрделендіре түсер еді де, артық энергия жұмсауға тура келеді. Сондай-ақ (бірғанатты гөрдү)дегенді адресат «бір ғана атты көрді», «бір қанатты көрді» деп, әртүрлі ұғынуы мүмкін. Сондықтан сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстардың фонематикалық мәнін сақтап жазу мәтінді қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Сондықтан жазба тілдің өз заңдылығы бар. Ол – орфография. Ауызша тілдің өз заңдылығы бар. Ол – орфоэпия. Бүгіндегі мәселе осы ауызша тіл мен жазба тілдің екі басқа жүйе екенін танымаудан, не мойындамаудан туып отыр. Тілдің бар заңдылығы тек орфография деп қана түсіну мәселені одан сайын қиындатты. Орфоэпия мүлде қалыс қалды. Тіпті қазақ тілінде орфоэпия жоқ, қалай жазылса, солай оқылады дегенге салып, ауызша тілдің сазы бұзылғанын көрмейтін дәрежеге жеттік. Жастар тілінде жазба тілдің дыбыстық бірліктерінен бастап, лексика-грамматикалық ерекшеліктерді бір етіп жіберген қолданыстар көбейді. Қазіргі қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 2005 жылы соңғы нормаларын көрсетсе де, бұл еңбек пайдаланылмайды.

Жаңа əліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері–латын графикасындағы қазақ əліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат.Сонымен қатар латыннегізді жаңа əліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, 75 дұрыс жазу мəдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады.Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты: - тілдің жалғамалылығы; - тілдің ықшамдалуы; - тіл дыбыстарының үндестігі; -дауыссыздардың бір-бірі мен үйлесімділігі т.б.негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілген.Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынған.Сонымен қатар қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне жəне кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дəстүрлі жəне фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылған. Орфография үш принципке негізделеді:дәстүрлі-тарихи, фонетикалық және фонематикалық. Дәстүрлі-тарихи принцип еуропа тілдерінде қолданылады: француз және ағылшын тілдерінде.Олардың жазуы ерте қалыптасқан және ғасырлар бойы өзгермеген. Ал олардың фонетикалық жүйесі өсіп дамыған. Сондықтан әріп пен дыбыс бір-біріне сәйкес келмейді. Жазу мен дыбысталуының арасында үлкен айырмашылық бар. Оларды жақындату үшін транскрипция пайдаланады. Фонетикалық принцип белорус,серб тілдерінде қолданылады. Фонетикалық принцип бойынша, қалай айтылады, естіледі–солай жазылады.Бірақ адамдар әртүрлі естиді, айтады, бұл адамның артикуляторлық аппаратына және есту қабілетіне байланысты. Фонематикалық, морфологиялық принцип орыс тілінде қолданылады. Орыс тілінде жазудың фонематикалық (морфологиялық) принципі қолданылады. Фонема немесе морфема дыбысталуына қарамастан, барлық түбірлік сөздер мен олардың пішіндерінде өзгермейді: дыбыссыз немесе дауысты үнсіздік, дауысты дыбыстарды азайту, сөздерді ассимиляциялау және басқа фонетикалық өзгерістер. Қазақ тілінде барлық үш қағида қолданылады,бірақ–фонематикалық принцип басым. Жазу фонемаға негізделген. Фонема графемаға сәйкес келеді. Фонеманың аллофондары есепке алынбайды. Мысалы, басшы деп жазамыз башшы [bashshy] деп айтамыз, қобызшы деп жазамыз қобышшы [qobyshshy] деп айтамыз, айтшы деп жазамыз айтчы [aitchy] деп айтамыз, айтса деп жазамыз айтца [aitca] деп айтамыз. Орфографиялық заңдылық дегеніміз–орфографиялық принциптерді негізге ала отырып, белгілі бір дұрыс нұсқаны жазу . Латын графикасына негізделген қазақ жазуында,кирил жазуындағыдай төл сөздердің жазылуы,оның ішінде түбір сөздердің жазылуы тілдің үндесім заңдылығын басшылыққа ала отырып, сөздер фонетика-фонематикалық принципке негізделіп жазылады. Тілдегі жеке әдеби сөздердің, оларға жалғанатын грамматикалық формалар мен тіркесімділігінің, оның қолданылуын тұрақты біркелкі 76 стандартқа сай жазылуын, нормасын белгілейтін орфография саласы сөздердің дұрыс жазылуын реттеп отырады. Сонда фонематикалық принцип дегеніміз белгілі бір фонеманың дыбыс түрленімдерінің ішінен фонетикалық ортаға неғұрлым тәуелсіз түрін жазу дегенді білдіреді. Бұл ереже қазақ тілінің барлық түбір сөздерін жазуда қолданылады. Яғни орфографияның фонемалық немесе фонематикалық принципі дыбыс типтерінің алмасуы жазуда таңбаланбайды деген қағидаға негізделеді. Әріптік таңба фонеманың күшті позициясындағы бейнесіне теңестіріледі. Ал сол сөздің жазылуы оның морфемаларын қоса есептегендегі фонемалық құрамын толықтай сипаттайды [2]. Емленің негізгі принципі фонематикалық болу себебінен қазақ орфографиясында фонеманың «әлді позициясы» және «әлсіз позициясы» терминдері қолданыла бастады.Әлді позиция–фонетикалық қоршау неғұрлым әлсіз болатын,дыбыстардың өз реңкінде анық естіліп, анық айтылатын позициясы. Әлді позициядағы фонема жазуда таңбаланады. Сондықтан тілде қанша әлді позициядағы фонема болса, сонша ғана әріп таңбасы болады. Ал фонеманың әлсіз позициясы– фонема өз мәнінде анық айтылмай, естілмей, фонетикалық қоршау әсері күшті болатын позиция. Әлсіз позициядағы фонема жазуда таңбаланбайды, ол әлді позициядағы реңкіне көшіріліп таңбаланады . Сонымен фонематикалық принцип бойынша жазуда әлді және әлсіз позиция түрлері есепке алынады. Әлді позиция негізгі реңкке, яғни фонема инвариантына тең. Ол әрдайым фонетикалық қоршауға тәуелсіз болады. Ал әлсіз позицияда фонеманың бөгде немес қосалқы реңктері көрініс табады. Мысалы, bas, baq сияқты сөздердегі әрбір мағына ажыратушы фонемалар негізгі реңкте, яғни олар әлді позицияда деген сөз. Ал basshy, baqsa деген сөздерде s/sh және q/s фонемалар іргелес келуінен фонетикалық қоршауға тәуелді болады. Синтагмалық қатынаста бұл сөздердегі фонемалардың қосалқы реңктері пайда болады: bashshy, baǵsa. Фонематикалық принцип бірқатар ыдырап бөлектеніп қалған ережелерді біріктіру мүмкіндігіне ие.Мәселен, ұяң және қатаң дыбыстарды тексеруде,ережеге бағынбайтын жұрнақтардың жалғану емлесін тексеруде, қатаң дауысызға аяқталатын түбірге дауысты дыбысты қосымша жалғанғанда болатын әлсіз күшті позициядағы өзгерістерді нормалауда т.б. Морфологиялық және фонематикалық принцип бір-бірін қарама-қарсы тұрмайды, керісінше олар бірін-бірі толықтырады.Мәселен,әлсіз позициядағы сөзқолданыс арқылы дауысты мен дауыссызды ажырату кезінде фонематикалық принципке сүйенсек,сөздің морфемалық құрамындағы түбір мен қосымша арасындағы фонемалық ықпалды морфологиялық принцип арқылы анықтауға болады. Фонематикалық принцип бойынша сөзді [құбұлұс], [жұмұш], [өлөң], [сембі], [ылаж] деп тұрпаты бойынша жазбай, құбылыс, жұмыс, өлең, сенбі,лаж деп тұлғасы бойынша таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді.Бұлай жазудағы мақсат–сөздің «түбірін» сақтау. 77 Сонымен,түбір сөздерді жазуда фонемалардың позициялық, комбинаторлық өзгерісінен пайда болған қосымша дыбыстық мәндері, яғни варианттары ескерілмейді.Өйткені дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі, әртүрлі қосалқы мәні елене берсе, орфография тым күрделеніп, қолдануға өте қолайсыз болып шығар еді. Бірақ басты себеп ол емес. Фонемалардың қосалқы мәнінің (позициялық, комбинаторлық өзгерістердің) еленбеуінің негізгі себебі – олардың қызметі, мағына айырымдық қызметі болмағандықтан. Дыбыстардың позициялық игерілуінен пайда болған өзгерістер (варианттар), сонымен, жазуда елене бермейді. Қазақ орфографиясы нормаларын заңдастырумен байланысты қиындық-«бейүндес буынды» сөздердің жазылу мәселесі. Әсіресе соңғы жылдары тіліміздің жазу, нормаларына жұртшылық назары ауып, тиісті сөздіктерге көрсетілген нормалардың кейбірін сынға ала бастады. Нормалауыш сөздіктерде көрсетілген қасиет, қадір, қайтіп, қайткенде, қадім, мұғалім т.б. сөздерді кәсиет, қадыр, кәйтіп, кәйткенде мұғалым т.б. түрінде жазып, әлгідей сөздердің нормасын тиянақтауда үндестік заңдылығына сүйену керектігін айтады. Жазылу нормасы мен айтылу нормасы даулы көрінетін «бейүндес буынды» сөздердің біралуаны [қ], [к] дыбыстарының түрленімімен, қолайсыз жағдайға икемделуімен байланысты екені байқалады. Бұл жерде алдымен [қ]-ның жіңішке тембрінің пайда болуына әсер ететін түрткіжайтқа назар аударуғатура келеді. Сөздің соңғы буындарындағы жіңішке дауыстылар бірінші буындағы дауыстының жіңішке түрленіміне, ал ол өз кезегінде [қ] -ның жіңішке тембрлері реңк алуына әсер етеді. Сөйтіп, рақымет дегендегі [қ] дауыссызы жіңішке [қ’] реңкпен айтылады. Жаңа емле ережесінде түбір тұлғалы төл сөздер қазақ тілінің фонетика-фонологиялық, морфологиялық принциптеріне бағына отырып, жуан не жіңішке тұрпатта жазылады. Ал бейүндес сөздердің жазылуы қазақтың төл сөзі болмағандықтан бұл заңдылыққа бағынбайды. Сонымен латын графикасына көшіруде орфограммалаудың жолдары: -қазақ тіліне шет тілінен орыс орфографиясы бойынша енген сөздердің жазудағы тұрпаты өзгереді; -олар бұрын түпнұсқа принципі негізінде таңбаланса, енді түпнұсқа және фонетикалық принциптердің үйлесімі негізінде таңбаланады, яғни ұлттық жазу жүйесіне сәйкес игеріледі; -егер ғылыми сананы қалыптастыратын ғылыми стильдегі мәтіндерде кеңінен қолданылатын терминдік сөздердің дені тек орыс орфографиясы бойынша жазылатын сөздерден құралса, латыннегізді әліпбиде олар қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне сәйкес жазылатын болады. Бұл ғылыми сананың ұлттық өзегінің күшеюіне септігін тигізеді; -бұған дейін негізі донор тіл орыс тілі болса, жаһандану үдерісінің әсерімен бірте-бірте осы рөлге ағылшын тілі де орнығатыны ақиқат, олай 78 болса жаңа әліпби негізіндегі емле ережелерінде ағылшын тілінен енген сөздерді игерудің тетіктері қалыптастырылады; -кирилнегізді әліпби бойынша қалыптасқан емле ережелеріндегі бүгінге дейін толық немесе дұрыс кодификацияланбаған кейбір тілдік бірліктердің орфограммалары реттеледі; -жаңа әліпбимен берілген қазақ мәтіндерінің халықаралық жазба кеңістігіндегі танымалдылығы, тартымдылығы арта түседі, себебі латын жаһанияттың әліпбиіне әрі «сапа» концептісінің репрезентантына айналып отыр. Жазу–адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Сондықтан да бұл латыннегізді әліпби емлесі ұлттық жазба тіліміздің дамуына ықпалы зор екенін ұмытпағанымыз жөн.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ