Материалдар / «Латын графикасына көшу» «Latyn grafıkasyna kóshý»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Латын графикасына көшу» «Latyn grafıkasyna kóshý»

Материал туралы қысқаша түсінік
жоба жазуға баулу жастарды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қ азақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігі

Қарағанды облысы, Бұхар – Жырау ауданы,

Үштөбе ауылы «Үштөбе ЖОББТМ (РО)» КММ


Qazaqstan Respýblıkasy bіlіm jáne ǵylym Mınıstіrlіgі

Qaraǵandy oblysy, Buhar – Jyraý aýdany,

Úshtóbe aýyly «Úshtóbe JOBBTM (RO)» KMM

















«ЛАТЫН графикасына көшу»

«LATYN grafıkasyna kóshý»











Орындаған: Зиядина Айнур Сериковна

Oryndaǵan: Zııadına Aınýr Serıkovna












«Біздің балаларымыздың болашағы үшін біз осы шешімді қабылдауға тиіспіз және бұл біздің әлеммен бірлесуімізге, балаларымыздың ағылшын және интернет тілдерін терең меңгерулеріне жағдай жасайды және ең бастысы – бұл қазақ тілін жаңғыртуға серпін береді».

Н.Ә. Назарбаев




«Shape1 Латын графикасына көшу»

«Latyn grafıkasyna kóshý»



Мақсаты: қазақ тілін латын жазуына көшіру елімізді дамытудың стратегиялық жоспарларына сәйкес келетінін, еліміздің және әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын дәлелдеу. Ересектерге латын графикасына негізделген

  • жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету;

  • сауатты жазуға үйрету;

  • пернетақтада жазуға үйрету;

  • айтылым, оқылым, жазылым әрекеттеріне үйрету;

Зерттеудің жаңалығы:. латын әліпби графикасына көшу лингво-тарихи мысалдар арқылы қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу мақсатында қазақ тілінің шығуы мен қалыптасуын анықтау. Талдау объектісі – мектептің ұстаздарына «Латын графикасы» оқыту сынып жетекшілермен қатар мектеп оқушыларымен әңгімелесу және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануға баулу






















2018-2019 оқу жылына арналған «Латын графикасы» жобасының бағдарламасы

2018-2019 oqý jylyna arnalǵan «Latyn grafıkasy» jobasynyń baǵdarlamasy

Тақырыбы: Латын графикасы

Өтетін орны: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ

Сабақтың өтетін уақыты: 2018 жыл қазан-мамыр айлары аралығы, сағат 10.00, 15.00

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ҚР Президентінің Қазақстан -2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында көзделген мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 2017 жылда -80% -ға, 2025 жылға қарай -95% -ға жеткізу көзделген еді.

«Латын графикасы» жобасында латын таңбасында оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, латын графикасына негізделген жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету, сауатты жазуға үйрету, пернетақтада жазуға үйрету, айтылым, оқылым, жазылым бөлігі қамтылған.

«Латын графикасы» қолдануы мен дамуына жағдай жасау;

Модераторы: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ директоры Артыкбаева Сауле Жақсылыковна

«Латын графикасы» сабағын ұйымдастырушы: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ ұстазы Зиядина А.С.

Сабаққа қатысушылар: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ мұғалімдері.
















Жұмыс жоспары:


Мазмұны

мерзімі

Аяқтау формасы

1

Латын графикасын оқытуға қамтуды

ұйымдастыру

қазан айы

09.10.18ж

тізім

2

«Латын графикасы» тарихы». Ашылу салтанаты

қазан айы

10.10.18ж

Әзірлеме

фото сурет

3

Латын графикасы таңбалары (әліпбиі) (түсіндірме сабақ)

қазан айы

17.10.18ж

Әзірлеме


4

Жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету,

жаттығу жұмыстары

қазан айы

24.10.18ж

Әзірлеме


5

Сауатты жазуға үйрету сабақтары

қазан айы

31.10.18ж

А4 форматта жаттығулар жинағы

6

Қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылуы

қараша айы

07.11.18ж


Әзірлеме


7

«Кириллицадан түсіп қалған әріптер» дәріс сағаты

қараша айы

14.11.18ж

Әзірлеме


8

Акутпен берілген әріптермен жұмыс

қараша

21.11.18ж

Әзірлеме


9

Өздік жұмыстар сабағы:

1) Дыбыс кезеңі;

2) Әріп кезеңі.

қараша айы

28.11.18ж

Әзірлеме


10

«Латын графикасының оқытылуы»

4 бөлімді сабақ:

а) жазылым

ә) оқылым

б) тыңдалым

в) айтылым

желтоқсан айы

05.12.18ж


Әзірлеме


11

«Латын таңбасымен сауатты жазайық!»

(жазылым бөлігі бойынша сабақ)

желтоқсан айы

12.12.18ж

жазба жұмыстарының жиынтығы

12

«Латын әліпбиі кеңістікке жол ашады»

(тыңдалым бөлігі бойынша сабақ)

желтоқсан айы

19.12.18ж

Бейне ролик (электронды түрде)

13

«Рухани жаңғыру жазудан басталады»

(диктант байқауы)

желтоқсан айы

26.12.18ж

диктанттар жинағы

14

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

қабырға газет байқауы

қаңтар айы

06.01.19ж


А3 форматта қабырға газеттер жинағы

15

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру- латын тілінде» жаттығулар орындау сабағы

қаңтар айы

08.01.19ж

А4 форматында жаттығулар жиынтығы

16

«Латын әліпбиіне көшу тарих және келешекке бағдар» таңбалап жазу сайыс сабақ

қаңтар айы

15.01.19ж

Әзірлеме


17

«Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі»

(оқылым бөлігі бойынша сабақ)


қаңтар айы

22.01.19ж

Жұқа кітапша әзірлеу оқыту бөлігін қамтуға

18

«Латын әліпбиіне өту – рухани Тәуелсіздікке жасалған болашағы зор жарқын қадам!»

(айтылым бөлігі бойынша)

пікірталас

қаңтар айы

29.01.19ж

Әзірлеме

Фото сурет

19

«Шығармашыл ұстаздар» байқауы

(жазылым бөлігі бойынша, әр ұстаздың жеке ізденіс бөлігі )

ақпан айы

05.02.19ж

Жұқа кітапша әзірлеу

20

«Мақал-мәтелдерді жалғастыру» латын таңбасында сайыс сабақ (айтылым бөлігі бойынша)

ақпан айы

12.02.19ж

Әзірлеме


21

«Біз 2025 жылға дейін латын әліпбиі бойынша жұмыстар атқаруымыз керек» эссе байқауы

(жазылым бөлігі бойынша)

ақпан айы

19.02.19ж

Эссе жинағы

22

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» латын таңбасымен жаттығулар

(жазылым бөлігі бойынша)

ақпан айы

26.02.19ж

дәптермен жұмыс

23

«Латын қарпіне көшкенде Қазақстан не ұтпақ?» дөңгелек үстел

(айтылым бөлігі бойынша)

наурыз айы

06.03.19ж


БАҚ мақала жариялау

24

«Өнерлі өрге жүзер» байқауы

1-кезең: «Сәлем – сөздің анасы» (жазылым бөлігі слайд арқылы көрсету)

2-кезең: « Латын графикасы» сұрақ-жауап (тыңдалым бөлігі)

3-кезең: «Өнерлі өрге жүзер»

(айтылым бөлігі)

4-кезең: «Береке-бірлік басы – латын таңбасы»

(оқылым бөлігі бойынша)

наурыз айы

12.03.19ж

Фото сурет

25

«Ас – адамның арқауы» латын таңбасымен жазу әрі түсіндіру жаттығу жұмыстары

(айтылым бөлігі бойынша)

наурыз айы

19.03.19ж

А4 форматта жаттығу жұмыстар жинағы

26

Өздік бақылау жұмысы

(айтылым мен жазылым бөлігі бойынша)

наурыз айы

26.03.19ж

дәптермен жұмыс

27

Өздік бақылау жұмысы

(оқылым мен тыңдалым бөлігі)

сәуір айы

02.04.19ж



дәптермен жұмыс

28

«Дарынды ұстаз – 2019» атты латын графикасынан алған білімдерін сынау бойынша құрылған байқау

сәуір айы

09.04.19ж

Фото сурет

әзірлеме

29

Диктант «Тіл тағылымын толғаған латын графикасы»

(жазылым бөлігі бойынша)


сәуір айы

16.04.19ж

Диктанттар жинағы

30

«Латын таңбасы – болашақтың кілті»

(Бейнероликті тыңдап, тыңдалым бөлігі бойынша тест сұрақтарына жауап алу сабағы)

сәуір айы

23.04.19ж

Бейнеролик электрондық түрде

31

Өздік бақылау жұмысы (тест)

сәуір айы

30.04.19ж

Бақылау жұмысынын жиынтығы

32

«Аялдамада» сұхбат

(тыңдалым бөлігі бойынша сабақ)

мамыр айы

06.05.19ж

Тест жинағы

33

«Тіл тағдыры – ел тағдыры» эссе байқауы

(жазылым бөлігі бойынша)

мамыр айы

14.05.19ж


Эссе жинағы

34

Тыңдалым бөлігі бойынша

сұхбат тыңдау арқылы тест сұрақтарына жауап беру емтиханы

мамыр айы

21.05.19ж

Тестілер жинағы

35

«Латын графикасы» тақырыбында реферат қорғау емтиханы

(айтылым бөлігі бойынша)

мамыр айы

28.05.19ж

Рефераттар жинағы

36

Қорытынды жылдық есеп

мамыр айы

29.05.19ж

Жылдық есеп

37

Оқыту мен жазу әрекетінде жақсы жетістіктерге ие болған ұстаздарды марапаттау рәсімі

маусым айы

04.06.19ж

Марапаттау

Фото сурет



Тәжірибелік бөлім

«Латын графикасы» бойынша білім алған ұстаздар сабақтан тыс қосымша сынып сағаттарында (сыныптар бойынша) кітапшалар шығару.

Мектепте өткізілетін іс-шаралар

Сынып жетекшілердің өз тараптарынан сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастыруы

Күтілетін нәтиже: «Латын графикасы» сабағынан оқыған білімдерін жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, сыныптарға арналған оқулықтар дайындалуы қажет деген ой түйдік.

3.3 Тәжірибе

Өз әріптестерімнің арасында тәжірибе сабақ өткізу;

Тәжірибенің тапсырмалары:

  1. Латын әліпбиімен берілген мәтінді оқу.

  2. Өз аты-жөнін латын әліпбиімен жазу.

  3. Түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізу;

  4. Оқулықтар шығару «Шығармашыл оқушы» латын әліпбиімен жазып, өлең шумақтарын жариялау;

Қорытынды

Бейбіт заман орнады. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балалар ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын. Өйткені қоғамдағы жарнаманың өзі ағылшынша жазылса, адам назарын бірден аудартады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастар көбейіп барады. Қуантарлық жайт, әрине. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенемін. Себебі, бүгінде кириллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ. Себебі, латын қарпі мен ағылшын тілінің әріптері өте ұқсас келетініне көз жеткіздім.

Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтты, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет. Бұл – заман талабы. Біз, қазақстандықтар, көпшілік болып латын әліпбиін үйренуге, меңгеруге әзір екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп ойлаймын. Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз меңгеріп кететіндігіне сенім білдіремін. Сондықтан, латын әліпбиіне көшіп, дүниедегі озық білім, ғылым, жаңа технологияларға тікелей қол жеткізуден басқа жолымыз жоқ. «Латын графикасы» болашаққа бағыт-бағдар беретін жол











ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

  2. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы.

  3. "ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі" – ғылыми-зерттеулер. "Қазығұрт". – Алматы, 2013 ж. 

  4. Интернет материалдары (https://massaget.kz, ), http://www.qazaquni.kz/






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!