Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Латын графикасына көшу туралы әдістемелік жинақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ
«ҚЫЗЫЛОРДА – АҚИҚАТ АЙНАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ
«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ»
әдістемелік жинақ
Қызылорда-2018
-
КІРІСПЕ
-
Графика мен әліпби туралы мәлімет
-
Қазақ жазуының латын әліпбиіне ауысу мәні, күн тәртібінде қамтылуы.
-
Қазақ жазуының тарихы
-
Латын әліпбиін таңдауымыздың себебі не?
-
Қазіргі латын алфавиті туралы пікірлер.
-
Қазақ жазуын реформалау қажеттілігі неде?
-
Әлемдік елдердегі реформалар
КІРІСПЕ
2.Графика мен әліпби туралы мәлімет
Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) — графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Әліпби - арғы тегі гректің «alphabetos», яғни альфа және бета деген басқы әріптердің атынан алынған атау. Ол жеке дыбыстық элементтерді символ арқылы бейнелеп, тілдегі сөздердің дыбыстық келбетін бейнелейтін таңбалар жүйесі. Әліпбидің дүниеге келуі кез келген табиғи тілдердегі мәтінді жазуға мүмкіншілік берді. Жазудың шығуы мәдениеттің дамуына көп әсер етті. Тіл өзінің өмірдің түрлі салаларындағы қызметін кеңейтті, дамудың жаңа жолына түсіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстыру – бұл жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Сондықтан ол - саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема.
3. Қазақ жазуының латын әліпбиіне ауысу мәні мен күн тәртібінде қамтылуы.
2006 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», - дей келе «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай оның плюстері мен минустарын зерделеп алуымыз керек», - деген еді.
Бұл мәселе бұдан кейін Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында тағы көтерілді. Онда: «Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп осы жолы бұл мәселеге нүкте қойды
Қазақстанда қабылданған латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда. Бірінші, 2018-20 жылдар аралығында ғылыми-әдістемелік базаны дайындалады. Яғни, емле ережесін тізіп шығу, жер-су аттарын латынға көшіру, түсіндірме сөздігін және түрлі деңгейдегі оқулықтар дайындалады. Сонымен бірге халық арасында әліпбиді енгізу сынағы қатар жүргізіледі. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін үкіметтен арнайы орфографиялық, терминологиялық, әдістемелік және IT технология мамандарынан төрт топ құрылған. Ал, 2022 жылдан бастап, бастауыш мектеп оқушылары латын алфавитімен сауат ашады. 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздар, оқулықтар, мерзімді баспасөз латын әліпбиіне көшеді деп жоспарланып отыр. Бір ескере кететін жайт, 2018-20 жылдар аралығында әліпби енгізу сынақтан жақсы нәтижемен өтсе, бастауыш мектеп оқушылары латын әрпін үйренуді мерзімінен бұрын бастайды.
Мына сызбанұсқада латын әліпбиінің әлемде таралуы көрсетілген.
1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен.
2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі.
3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек.
4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.
5. Әліпби өзгерту төл
сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп,
қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал
етеді.
4.Қазақ жазуының тарихы
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирилл жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.
Қазақ тілінің әліпби жүйесі тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттық әліпби деңгейіне жету жолы:
1. V-VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз ғылымда Орхон-Енесей жазуы деген атпен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған.
2.X ғасырдан бастап араб жазуына көшіп, XX ғасырдың басына дейін қолданылды.
3.1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуына реформа жасап «Жаңа емле» деп аталатын жаңа әліпбиді пайдалануға мүмкіндік берді.
4.1929-1939 жылға дейін Латын жазуына негізділген «Бірыңғай түркі әліпбиі» қолданыста болды.
5.1940 жылдан бастап латын жазуының орнына кирилл әліпбиі қолданып келеміз.
Көне түркі жазуы - (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен VІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1. Енисей ескерткіштері.
2.Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері.
Араб жазуы - (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة əбджәдийə 'арабия) — ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.
Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.
Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.
Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады.
Жаңа емле жазуы: 1913 жылдан бастап
мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде
қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру жайлы түркі,
қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған
емле колданыстан шығарылды. Реформалауға не түрткі болды дегенге
келсек, дәстүрлі араб
жазуында:
біріншіден, бір дыбысты жазу үшін бірнеше
әріптер пайдаланылатын;
екіншіден, сөзді жазғанда оның тек дауыссыз
дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары жазылмаған сөздің
мағынасын түсіну қиындық
тудыратын;
үшіншіден, араб әліпбиінде дауысты дыбыстарды
белгілейтін таңбалар саны үшеу ғана болғандықтан, бұл таңбалар
тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды; төртіншіден,
«мұсылманша сауат ашу» әдісінде әріптердің таза араб тіліндегі
дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін; бесіншіден,
ол кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, «ескі тілдің»
сөздері көп қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың
мүддесіне қызмет ететін.
Аталған жазудың осындай кемшіліктері халықты сауаттандыру ісін тежейтінін түсінген А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді. А.Байтұрсынұлы бір халықтың әліпби (алфавит) жүйесін екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне «икемдеп, үйлестіру» қажеттігін, олай етпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешім таппайтынын 1924 жылы өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» ашық түрде айтқан еді.
Бірыңғай түркі әліпбиі - Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады.
Қабылданған әліпбидің артықшылығы:
-
«Бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды;
-
Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;
-
Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
-
Кірме әріптер жоқ;
-
Жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
Қазақ кирилл әліпбиі- 1938-39 жж. латын графикасына негізделген әліпбиді орыс графикасына ауыстыру мәселесі қызу талқыға түсе бастайды. 1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпби жоба жарияланады. Жобада 40 әріп: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тәрізді жобалардан кейін 1940 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады. Оның емле ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. Бірақ қазіргі кезде ғалымдар орыс тілі сөздері түпнұсқа принципіне бағынуын және кірме әріптердің қазақ әліпбиінде орын берілуін сөз етіп келеді.
-
Латын әліпбиін таңдауымыздың себебі не?
Жалпы қай әліпбиді таңдасақ та ондағы таңбалар қазақ тілінің өзіндік дыбыстық жүйесіне сай келсе болғаны. Әліпбиде жат дыбыстар болмауы керек. Басқаша айтқанда, мынадай орыс сөзін қалай жазамыз деп орыс тілінің дыбысын, ағылшын сөзін жазамыз деп ағылшын тілінің дыбысын алуға болмайды. Олай ететін болсақ, әліпби ауыстырудың қажеттілігі жоқ. Қарап отырсақ, кирилл әліпбиінің иесі - орыстар, армян жазуының иесі - армяндар, иероглиф – қытайдікі, араб - жазуы арабтікі, ал латын әліпбиі барлық тілдерге ортақ. Өйткені латын тілі – тек жазуда ғана қолданылатын өлі тіл. Сондықтан оны ағылшын да, француз да, неміс те, италияндық та, өзбек пен түріктер де пайдаланады. Латын әліпбиі сондай-ақ ғылым мен техникада, әсіресе компьютер тілі ретінде кеңінен қолданылады. Сондықтан латын графикасына негізделген қазақ жазуын жасау – заман талабы, уақыт сұранысы.
Әліпби ауыстыру - өз тілімізді ұмытып басқа тілге (латын тіліне) көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысы сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді тіл ету. Жаңа әліпбиді игеру бүгін басталып, ертең аяқталатын мәселе емес. Ол арнайы бекітілгеннен кейін өзіндік емле ережелері жасалып, кезең-кезеңмен жүзеге асатын кешенді үдеріс. Жаңа әліпбиді игере алмаймыз деп қорқудың, дабыра қылудың еш қисыны жоқ. Қайта ана тілімізді әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосатын жақсы жаңалыққа үн қосып, қолдау білдірейік.
6. Қазіргі латын алфавиті туралы пікірлер
ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев:
- Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Шайсұлтан Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешов:
- Бұл жерде таңбаны емес, дыбысты санау қажет. Латын нұсқасында біз қазақ тілінің барлық дыбыстарын қамтыдық па? Осыны ойлауымыз ләзім. 42 әріп - ол қолдан жасалған алфавит. Мысалы, ағылшын тілін алайық, оларда 44 дыбысты 26 таңбамен жеткізеді. Біз болсақ, керісінше, 28 дыбысты 42 әріппен беріп отырмыз. Ол дұрыс емес. Ең бастысы, дыбысты жоғалтпау қажет. Ал әріптің санында тұрған ештеңе жоқ.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Тахир БАЛЫҚБАЕВ:
-Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр. Әуелі тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады. Түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылады.
Қазақстанның халық әртісі Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ:
- Үйреніп кететін шығармыз. Біздің келешегіміз сол қаріппенен, өзіміздің кәдімгі ата әріп сияқтылатын, әріпін пайдаланып біздің заманымыздың өсуіне үлес қосады деп ойлаймын. Әрине, көшкеніміз дұрыс.
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали НҮСІПЖАНОВ:
-Қиналудың ешқандай керегі жоқ. Тіпті кішкентай бала да бір-екі сөз оқып үйреніп алады ғой әліпбиді. Біз соның тең жартысынан көбін тіршілікте былай да білеміз. Жол-жөнекей оның әлі бірең-сараң өзгерістері де қосымша болуы мүмкін. Латын әліпбиіне негізі түбінде көшуіміз керек.
КСРО халық әртісі Сәбит ОРАЗБАЕВ:
-Қол қойғаннан кейін бәріміздің қуанышымызда шек жоқ. Бірақ бұл енді жұмыстың енді басталуы. Өзбек ағайындар, әзірбайжандар, түркмендер олар ертерек жасады, бірақ көптеген қиындықтарға кездесті. Енді қазір біздер соның бәрін есептей отырып, тез игеріп кетеміз ғой деген үмітіміз бар.
Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал ЕРҒАЛИЕВ:
-Елбасы өз Жарлығында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету үшін Үкіметке нақтылы тапсырмалар берді. Енді біздің қоғам 2025 жылға дейін латыншаға кезең-кезеңімен көшудің қамы мен әрекетін жасамақшы. Іске сәт, Қазақ елі! Еліміз де тіліміз де мәңгі жасасын!
Саясаттану ғылымының кандидаты Талғат Қалиев:
-Алдыға кез келген экономикалық және саяси мақсаттарды қоюға болады, бірақ қоғамның біртекті психологиялық санасы болмаса, оған қол жеткізу мүмкін емес. Егер біз мақсаты, құндылықтар жиынтығы және моралдық бағыты біртұтас қоғам құра алсақ, онда кез келген экономиканы жасай аламыз.
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым:
- Шын мәнінде бұл жаңа сапаға жеткізетін символикалық таңдау. Сонымен қатар, үлкен түркі әлемімен, жалпы өркениетті батыс әлемімен ықпалдасуға жасалған сәтті қадам, – деді ол. – Әрине, бұл мәселенің қаржылық жағын айтып, аяққа тұсау болғысы келетіндер бар. Бірақ, мынаны ескерейік: Ұлттық болмысты өзгертетін бірде-бір реформа замандардың жақсы кездерінде жасалған жоқ. Еуропада да, Азияда да, Африкада да солай. Түркі мемлекеттері – Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан латынға көшкенде экономикалық жағдай мұнан да жаман болды.
Егер біз алдымызға үлкен мақсаттар қойсақ, қоғамды жетілдіреміз десек, оған ешқандай шығынсыз жетеміз деуіміз әбестік болар. Ұлт болашағы ешқандай ақшамен өлшенбейді
Тәуекелдерді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтбаев:
-Бұл шара латын графикасы қолданылатын ғаламдық ақпараттық кеңістікке жедел кірігу үшін аса қажет.
7. Қазақ жазуын реформалау қажеттілігі неде?
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты талқы бітіп, Президент жарлық шығарды. Әліпбиді кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы "Ақорданың" ресми сайты мәлімдеді.
2017 жыл. 26 қазан. № 569 жарлық. Бұл жарлық бекітілді. Қазақ қоғамында қызу талқыға түскен латын графикасының екі нұсқасының ішінде Елбасының көңілінен шыққаны апостроф арқылы түзілген екінші нұсқа болып шықты. Бұл жаңалық ескі!!! Ақпандағы нұсқасы жайлы айту қажет!!!
Сонымен Жарлықта не жазылды? Көз жүгіртейік.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
-қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
-осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан.
Латын әліпбиінің қазақ тіліне ыңғайластырылған нұсқасын әзірлеу міндеті жүктелген мамандар ұсынып, Президент мақұл көрген әм қабылдап, бекіткен нұсқа мынау:
Үлгі ескі!!! Жаңасын қою қажет!!!
8.Әлемдік елдердегі реформалар
Әзірбайжан еліндегі реформа
Латын әліпбиіне көшіру тәжірибесі Әзірбайжан елінде жүргізілді. Осы тәжірибе негізінде бүкіл Кеңес елдерінде латын әліпбиіне көшіру жүйесі пайда болды. 1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку қаласында тұңғыш рет Бүкілкеңестік Түркологияның съезі өтті. Бұл жиынға шешім шығару мақсатында 131 делегат жиылды. Қазақтар, қырғыздар, татарлар мен өзбектер, чуваштар, Солтүстік Кавказ және Саха елінің азаматтары қатысты. Бұл съезде олармен бірге орыстың академиктері мен профессорлары, шетелдік ғалымдар, соның ішінде Түркияның екі ғалымы, неміс, парсы, венгр ғалымдары да болды. Бұл жиында негізгі үш мәселе қаралды. Терминология, орфография және әліпби. Ол кездегі барлық түркітілдес елдерді қызықтырған ортақ бір ғана мәселе – ол әліпбидің тағдыры еді. Себебі әліпбидің тек жазу ретінде ғана емес, мәдени және қоғамдық маңызы бар екенін қатысушылар жақсы түсінді. Түбі бір түркі халқының келешек тағдыры осы қадамға байланысты екенін түсінген жанашырлардың бір бөлігі араб әліпбиін сақтап қалудың жолдарын ұсынды. Бірақ Кеңес үкіметінің көздегені ол емес еді. Ислам дінінің негізін жоюдың басты көздерінің бірі жазуды алмастыру арқылы араб тілі мен әліпбиін жетік меңгерген молдалардың сабақ беруін тоқтату яғни сол арқылы дін насихатын әлсірету және Құранды оқу мүмкіндігінен ажырату болатын. Мұсылман емес елдердің көпшілігі латынға оңай ауысып жатты. Ал Әзірбайжан елінің латын әріпіне көшудегі бірінші болуы ол елдегі ұлттық жазудың кең тарамауымен және басқа түркі елдерімен салыстырғанда қала мәдениетінің жоғарылығымен байланыстырылды. Тәуелсіздік алған жылдары Әзірбайжан мемлекеті қайтадан латын әліпбиіне көшуді қолға алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бір бөлігі латын әліпбиімен жаза бастады.
Түркиядағы реформа
Осман империясы құлағаннан кейін Түркия елінің мемлекет ретінде жаңа дәуірі басталды. Ел басына келген Мұстафа Кемал (Ататүрік) 1928 жылы парламент арқылы елді жаңа жазба жүйесіне ауыстыру туралы шешімді талқыға салғызып, арнайы заң қабылданды. Бұл жердегі мақсат: Осман империясынан кейін жаңашылдық енгізу болса, сонымен қатар КСРО-ның құрамындағы түгелдей латын әрпіне көше бастаған түркітілдес халықтармен байланысты жоғалтпау да көзделген еді. 1929 жылы Түркия тегістей латын әрпіне көшірілді. Күнделікті тұрмыстарында араб-парсы тілдерінде қолданылатын сөздерді түгелдей дерлік түрік тіліне ауыстыру науқаны басталды. Сол кезеңде түрік тілінде көптеген жаңа сөздер пайда болып, сол сөздердің кейбіреулері бүгін біздің елімізде де қолданылады. Мысалы: «тайаре»- ұшақ сөзіне ауыстырылды. Сол кезеңдегі реформаның арқасында түркі тілдес елдердің Түркия түрікшесімен түсінісу мүмкіндігі артты.
Кеңестік Ресейдің латын әліпбиіне көзқарасы
Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілін де латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. 1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары А.В. Луначарский: «... барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет» дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс сөзін қолдаушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар бірден комиссия құрып, сол арқылы «латын әлібиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді» деген мәлімдеме жасады. Солай орыс әліпбиін латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден өшірілді.
9.ҚОСЫМШАЛАР
Құрметті оқырман!
Егер сіз төмендегі қосымшалардың қолданушысы болғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «QR-code» бағдарламасын тартып алып, суретке түсіріңіз!
Атауы: Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің конвертері.
Меншік: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен жасалған.
Жасаушы: "Attila group" интернет компаниясы.
Мақсаты: Жаңа қабылданған мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиін халыққа жеткізу, жазу әдісін оңтайластыру, осыған дейінгі сан мыңдаған рухани қазынамыз бен кітаптарымызды жаңа әліпбиге көшіру, латын әліпбиін тек Қазақстандықтар ғана үшін емес әлемдегі барлық қазақтың ортақ әліпбиіне айналдыру.
Мазмұны: Кез келген қазақ әліпбин өзара сәйкетіру. Кирилл-Латын, Латын-Кирилл, Төте-Латын, Латын-Төте қаріптерін бір-біріне сәйкестендіріп аудару.
Ескерту: Жаңа қабылданған латын әліпбиінің емле ережелері толық жасалмағандықтан, конвертер жүйесінде кейбір қателіктері кетуі мүмкін. Ондай олқылықтардың орыны толық емле ережесі жасалған соң бірден реттелетін болады.
Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің конвертері тиісті заңдармен толықтай қорғалған.
Қосымшалар қосылады.........
Бірақ көңілімнен әлі де шығып тұрған жоқ, шикі!!!!