Материалдар / Латын тілі бойынша 5-сыныпқа арналған факультативті сабақ жоспары +қмж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын тілі бойынша 5-сыныпқа арналған факультативті сабақ жоспары +қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
804
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Латын графикасына кіріспе » тақырыбындағы 5-сыныптың қазақ тілі пәнін негізге ала отырып жасаған факультатив сабақтың жоспары

Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

мерзімі

Пайдаланған әдебиеттер

1

Қазақ әліпбиінің тарихы

1


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

2

Латын графикасының шығу тарихы

1


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

3

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР-ның Президентінің жарлығы

1


ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір),мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

4

Латын графикасына көшудің пайдасы

1


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

5

Латын графикасымен жасалған әліпбидің ерекшеліктері

1


ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір),мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

6

Белгі қойылу арқылы ажыратылатын әріптер

1


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

7

Әріптердің әліпбиге орналасу реті

1


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары..

8

Aa , Aa, Bb, Dd, Ee әріптерінің жазылуы

3


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

9

Ff, Gg, Gg, Hh, Ii әріптерінің жазылуы

3


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

10

Ii, Jj, Kk, Ll, Mm әріптерінің жазылуы

3


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

11

Nn , Nn , Oo,Oo, Pp әріптерінің жазылуы

3


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

12

Qq ,Rr, Ss ,Tt ,Uu әріптерінің жазылуы

3


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

13

Uu ,Vv, Yy, Yy, Zz, SH sh, Ch ch әріптерінің жазылуы

3



Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

14

Латын графикасымен сөздер жазу

3



15

Сөйлемдер жазу

2


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

16

Мәтінмен жұмыс

2


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.

17

Жылдық қайталау

2


Мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары.


Барлығы

34















































Түсінік хат
Ұсынылып отырған бағдарлама «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010 - 2020 жылдарға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатына арналып жасалған.

Биылғы жылдың өзекті бастамаларының бірі — қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Сондықтан осы бастан алдымыздағы әр шәкірт өз тілінің әліпбиімен танысып, оқи отырып, қызыққа толы әлеммен де таныс болу бала қиялын одан әрі өрбітері сөзсіз.
Мақсаты: латын графикасының таңбасымен оқушыларды таныстырып, пайымдай қарап, тереңірек жан-жақты талдап, біздің ана тіліміздің сөздік қоры бай, мағынаға мол, оралымды тіл екендігін оқушыға көрсете білу.
Өзектілігі: Оқушылардың қарым-қатынас жасауда тіліміздегі бай сөздік қорымызды пайдалана білуіне , тілдік қабілеттерін дамытуға, сауатты жаза білуге, өз ойын қазақ тілінде ауызекі сөйлеу мәнерінде жеткізе білуіне латын графикасының үлесін енгізіп, жазуын үйретіп, пайдалануға мүмкіндік береді .

Міндеттері:
1. Күнделікті өмірде қарым –қатынас жасауда ортада қолданатын қарапайым сөздерді, сөз тіркестерін, аты-жөндерін, мекеме, телеарналардағы жазуларды түсініп оқи білуі үшін жеңілдетіп үйрету, тапсырмалар беру.
2. Тілдің тұрмыстық, әлеуметтік - мәдени, отбасы және жұмыс т. б. салалар бойынша әңгіме талдау, ең қажетті лексикалық қорды жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
Қарапайым деңгейде:

1. Қазақ әліпбиінің , латын графикасының шығу тарихымен танысады. 2. Сөйлемдерді сауатты жазады, дыбыстар әлемімен кеңірек танысады .
3. Латын графикасының негізіндегі әліпбимен танысып, жазуға үйренеді

Факультативтер - оқушылардың ғылыми - теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын кеңейтуге, олардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мамандыққа бағыттауға арналған оқытудың бір түрі. Факультативтер негізгі пәндердің бағдарламаларымен келісілген арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Оқу жоспарындағы оқу сағаттарына сәйкес оқушылардың таңдауымен және ықыласы бойынша ұйымдастырылады.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы ҚР Президентінің жарлығы

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  



Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан     








































































Сыныбы:6 Күні: 04.09.18 Пәні: Қазақ тілі (Фак)

Сабақтың тақырыбы:"Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі"

Мақсаты:Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір),мультимедиялық таныстырылым, бейнежазба, ғаламтор және БАҚ материалдары..

Барысы

І Кіріспе бөлім. «Ой қозғау»

Биылғы жылдың өзекті бастамаларының бірі — қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі — лингвистер арасында қызу пікірталасқа толы тақырып, себебі, ең алдымен, латын әліпбиі арқылы тіліміздің төл дыбыстарын қалай белгілеуіміз, және ол белгілеулердің тіліміздегі заңдарға барынша сай әрі ыңғайлы болуы — бәрі зор маңызға ие. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.Ендеше, «Латын әліпбиі - ХХI ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі » тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім.1.«Ашық микрафон алаңы» ( Оқушылар кезектесе пікір айтады )

- Болашақта түркі халықтары латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиге көшеді.

- Латын әрпіне көшу арқылы біз әлемдік кеңістікке жақындаймыз.

- Компьютерде, ұялы телефондарда осы әріпті қолданатын жастар көп.

- Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.

Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.

Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі(1929-1940 жж.), үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).

- Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. - Қазақстандықтар латын әліпбиінің 20-дан астам жаңа нұсқасын ұсынды.Сондай-ақ жұмыс тобына қазақстандықтардан 1600-ге жуық ұсыныс-пікір келіп түскен.Ел азаматтары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша өз нұсқаларын ұсынып жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс тобына 20-дан астам нұқса келіп түсті, деп хабарлады Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов. 

- "Латын әліпбиі Қазақстанға керек. Бұл дұрыс. Бүгін әлем латын әліпбиін қолданады. Қазір интернетті ашсаң, негізінен ақпарат латын әліпбиінде ғой. Біздің бауырларымыз — түріктер, түрікмендер, өзбектер латынға көшті. Қорқынышты еш нәрсе жоқ. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Енді тек бұл ұсыныстың тек ұсыныс болып қалмағаны маңызды", — деп жауап берді Тайжан мәжілісте өткен отырыстан кейін журналистердің қойған сұрағына.

Сондай-ақ, ол бұл бастаманың саяси астарына қатысты мәселе бойынша да пікір білдірді.

- Президент 2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.

2.«Сұрақ-жауап алаңы» әдісі<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!