Латын тіліне көшу-болашаққа бағдарҚарағанды қаласы, Октябрь ауданы «№137 негізгі орта мектебі» КММ 5 «А» сынып оқушысы Шәмшия АрдақМемлекет басшысы 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.Жарлық негізінде 2025 жылға дейін латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болды.Жаңа әліпбиге көшу туралы өз ойын ортаға салған ғалым Ақжол Қалшабек латын әліпбиі қазақ халқын құлдық санадан арылтып,ұлттық рухты жаңғыртатының айтты.Ақжол Қалшабек: «Латын әліпбиі-заман талабы.Бүгінгі таңда оның маңызы аса зор.Көштен кеш қалмау үшін барлығымыз тоқтамай еңбек етуіміз қажет.Жаңа технология да,болашақ инновация да яғни,болашағымыз латын тілімен басталады».Бүгінде әлем халқының 4 млрд.300 миллионға жуығы латын әліпбиін қолданады.Латын тілі ғылым мен білім тілі саналады.Демек,бұл заман талабы.Болашақ келе жатқан ұрпақ латын әліпбиі арқылы терең білім алып,ғылымға ұмтылуы тиіс.Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікір таластар жұргізілді.Кеңес одағының құрамына кірген өзге түркі тілдес елдер тәрізді 1929 жылдары Қазақстанды да ескі жазудан жаңа әліпбиге көшіру жүргізіле бастады.1940 жылы латын әліпбиі кириллицаға ауыстырылды.Кезіңде түркі мәдениеті және өнерін зерттеу,оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында құрылған ТҮРКСОЙ-дың жиынында түркітілдес елдер латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдаған.Латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар бұл мемлекеттік тілдің өзінің күшіне енуіне оң әсерін тигізеді десе,латынға қарсылық білдірушілер халық арасында сауатсыздық бел алады деп шошуда.Елбасымыз латын әліпбиіне көшу туралы дау-дамайғанукте қойды: «2025 жылға қарай іс қағаздарын,мерзімді баспасөзді,оқулықтарды,бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.Ол кезеңде таяп қалды,сондықтан біз уақыт өткізбей,бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз қажет».Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды.Тіл тазалығы мәселесіне тоқталсақ,тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып,сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.Латын әліпбиіне ауысу-біздің ұлттық санамыздың отарсыздандырудың бір жолы.Латын әліпбиі жайлы бір мысал: «Kazakhstan»деп емес, «Qazaqstan»деп жазылады.Мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған.Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан,бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі-көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуыдеген сөз емес.Бұл-тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі.Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХII сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек.Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік.Әйтсе де,латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес».Тілдері ұқсас,діні бір,түп негізгі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бір ізге түсірілмей келеді,барлығына ортақ әліпби құрастыру түркі мемлекеттердің тарихи,рухани,мәдени байланыстарының нығаюына,ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді.Латын алфавитіне көршілес Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбайжан мемлекеттері тәуелсіздік алған уақыттан бастап ерте кірісті. Олар да заман талабына сай даму үшін осы алфавитті өздеріне қабылдады. Бірақ, қай мемлекеттерді алып қарасақ қиындықтар болған. Бұл латын алфавитіне өту кемінде 10 жылдық процесс екен.Жәнеделатын алфавитін балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО-ында үйрету керек. Яғни, оны жазу мен оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік механизмдерін ойластыруы тиіс. Олар қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы шарт. Осы аталған мәселелерді мемлекет тарапынан қадағалайтын, бақылайтын арнайы мекеме қызметкерлері болуы қажет.Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының латын алфавитіне өтудің өзіндік қиындықтары болатындығы анық. Онда: алфавит ауыстырып, оны үйрену, сауатты жазуды меңгеру, бұрынғы шығармаларды қайта аудару және тағы басқа мәселелер бар. Бірақ, қарап отыруға тағы болмайды. Қортытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстыққа жасамай, біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтау керек. Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі бір жүйе қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге талпыныстар жасауы тиіс.