Материалдар / ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазір елімізде өзекті болып отырған латын әліпбиі туралы. Қалың оқырманға пайдалы материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
314
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЯНДАМА



ТАҚЫРЫБЫ: ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ


ПӘН АТАУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ


АВТОРЫ: МАДИЯР ҚАЗЫБЕКҰЛЫ АРЫСТАНБАЕВ














АЛМАТЫ Қ.

2021 ЖЫЛ













ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Мадияр Қазыбекұлы Арстанбаев,

Алматы қаласы

114 жалпы білім беретін меткептің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі


«Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұнда қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады».

Елбасы Н.Назарбаев

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдардағы міндеттердің ішіндегі маңыздысы, заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобалардың бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру қажеттігін, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісудің керегін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін атап көрсетіп, «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әдебиетімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады» деген болатын.

Осыдан бастау алған бағалы бастама қазақ тілінің тазалығы үшін аса қажетті реформа, әлемдік өркениетке ілесу, сондай-ақ ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін қамтамасыз ететін бірегей қадам ретінде көпшілік тарапынан кең қолдау тауып, жүзеге асыру шаралары атқарылып жатыр. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі - рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам», – деді. Мемлекет басшысының айтуынша, латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. «Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ, қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану барысындағы артықшылықтар мен олқылықтар ескеріледі», – деп, кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес екенін атап өтті.

Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.

Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы маңызы орасан. Қазіргі таңда, қазақ тілі қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудың басты факторы ретінде қарастырылады. Тілдің басқа да қырларының аса қажеттілігін мойындай отырып, жазудың ой мазмұнының графикалық таңба ретінде жеткізу жолдарының бірі екендігін естен шығармау қажет. Жазу ой мен сезімді объективтендіруде, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесінде де өзіндік дербес мәнге ие. Көптеген халықтар үшін олардың жазу ұлттық мәдениет пен бірегейліктің ең басты элементі болып табылады.

Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу екендігі бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Президентіміз бұл туралы 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан – 2050» стратегиясында да айтқан болатын. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» қатысты мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді. Бұл қазіргі заман талабы. Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты айтылып жатқан пікірлер де әртүрлі. Бірақ еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуге тиіс. Себебі латын қарпі – адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі.

Латын әліпбиіне неге көшеміз, не үшін керек?

Біріншіден, бұл мәселені Елбасымыз тегіннен-тегін көтеріп отырған жоқ. Оның саяси, мәдени, әлеуметтік астарлары жеткілікті. Екіншіден, қазіргі уақытта кең етек алып отырған компьютерлік және техникалық байланыс жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасу мәселесі оңайлайды. Ол ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Сонымен қатар:

- өркениетті елдердің бәрі осы әліпбиді пайдаланады, біз де солардың қатарына ілінуіміз керек;

- жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады;

- өзге түркі елдері латын әліпбиіне өтіп болды немесе өткелі жатыр;

- ағылшын тілін үйренуді жеңілдетеді т.б.

Латын әліпбиі – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Сонымен бірге шетелде жүрген жастарымыздың осы жазу арқылы өз тілін басқа да ұлт өкілдеріне түсіндіру жағдайлары қиын болмасы анық. Басқа мемлекеттерде тұратын қандас бауырларымыз да латын әліпбиіне көшсек, еліне бір табан жақындай түспек. Осы орайда өзіме етене таныс жағдайға тоқталып кеткім келеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама бойынша Қытай, Өзбекстан және Моңғолия елдерінен жастар білім қуып, атамекеніне оралып жатыр. Бұл қуантарлық жағдай. Бірақ олар қазақ тілінде сөйлегенімен, кириллицаға шорқақ. Алғашқы бір жылын жазу үйренумен өткізеді. Бұл уақыт жағынан ұтылуымызға алып келеді. Латын әліпбиіне көшкен жағдайда дүниеге кең қанатын жайған ағылшын тілін меңгеру де оңайға соғады. “Үштілділік” саясатына сәйкес ағылшын тілін білу – заман талабы.

Латын әліпбиіне көшу ХХІ ғасырдың жалынды жастары үшін ешқандай қиындық тудырмайды деп сенімді айтуға болады. Мағжан сенген жастар бұл үрдісті оңай қабылдай алады. «Жастар - еліміздің болашағы» деп Елбасымыз айтқандай біздің қазіргі жастар қай салада болмасын өздерін белсенді көрсете біледі. Сол себепті жастар Елбасының ұсынысын қолдайды және оның жүзеге асырылуына бар күштерін жұмсайды. Өйткені латын әліпбиіне көшу Тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыру жолындағы тағы да бір айқын қадамдарының бірі болмақ. Әлемнің өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын әліпбиінің атқаратын міндеті көп.

Тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады». Осы талапты ескере отырып, біз жаңа әліпбиді жан-жақты талқылап, әрбір әріпті, әрбір таңбаны, әрбір белгіні терең талдауымыз қажет. Себебі тіл мәселесінде, жаңа әліпби мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек.

Осыған дейін талай рет латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы жоба болып ұсынылып, қызу талқыға да түсті. Жазу туралы пікірталас әліпби қабылдау мен емле ережелерін дайындау кезінде өршиді. Қазақ тілінің тарихында осындай жағдайлар 1926 жылы әліпбиге байланысты айтыстар туғанда, 1929 жылы «Қазақ жаңа емлесі туралы декрет» қабылданған кезде байқалды. Ол кездегі айтыстар зиялылар арасында болды, ал қазіргі әліпби айтысына халық та қатысып отыр. Ашық, жария түрде болғандықтан, көп пікірлер айтылып, ел белсенділік танытып жатыр. Ғылыми ортада да, баспасөз бетінде де, экран мен эфирде де, әлеуметтік желілерде де сан түрлі, қым-қиғаш ойды емін-еркін ортаға салуға толық мүмкіндік берілді.

Латын графикасына негізделген соңғы жетілдірілген ұлттық әліпби тілтанушы ғалымдардың бірнеше жылдар бойы зерттеуінің жемісі. Жетілдірілген әліпбидегі әрбір әріп қазақ тілінің ұлттық кодын, ұлттық болмысын, қазақ сөзінің ұлттық табиғатын танытатын маңызды фонемалық-фонетикалық категория ретінде қаралса, қосымша қойылған диакритикалық белгілер лингвосемиотикалық, фонетикалық, педагогика-психологиялық, техникалық жағынан жан-жақты зерттеліп шешілді.

Жетілдірілген әліпбиде диграф сияқты әріп қосындыларынан жасалған әріптер жоқ. Мұндай жүйе қазақ тілінің дыбыстық болмысын бұзатыны алдыңғы бекітілген жобалардан айқын байқалды (әзәзіл – aezaezil, aeroalang, batysshyl (батысшыл), qosshy (қосшы), basshy (басшы), assha (асша), asshajan (асшаян), koeshbasshy (көшбасшы).

Жетілдірілген әліпбиде негізгі әріп кестінінің барынша бүтін болу жағы қарастырылды. Бұл жазарман үшін де, жаңа әліпбимен басылған ақпаратты оқитын тілиелмендері үшін өте ыңғайлы.

Әліпбиді жетілдіру барысында диакритикалық белгілердің қызметі мен мазмұны толық ескерілді. Мысалы, умлаут таңбасы (әріп үстіндегі екі нүкте) халықаралық фонетикалық жүйеде дыбыстың жіңішкелігін білдіреді. Сондықтан неміс және түркі тілдес халықтардың әліпбилерінде бұл белгі жіңішке дыбысқа қойылады. Осындай тілдік жайттар ескеріліп, жаңа жобада ә, ө, ү сияқты дыбыстар үшін умляут белгісі, ұ дауысты дыбысы үшін макрон белгісі (әріп үстіндегі сызық) алынды. Жетілдірілген жобада умлаут, макрон белгісімен қоса, дауыссыздар үшін седиль (әріп астындағы қармақша ş) және бревис (әріп үстіндегі доға ğ) сияқты диакритикалық белгілер де алынды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қаріпке қойылған диакритикалық белгілердің ішінде жоласты белгілер оқылымға оң әсерін береді. Ал белгілердің бір-біріне ұқсас немесе бірыңғай болуы әріпті қабылдауға теріс әсерін тигізеді. Ш мен ң әрпінің латынша таңбалануы осындай тілдік және тілдік емес түрткіжайттарға байланысты болды.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Латын әліпбиін қолдану арқылы болашағымыз жарқын болады деген сенімдеміз. Әрине, төте жазу немесе кириллицамен жазылған мол мұрамыз бар екені рас, олардың жаңа қаріпке көшірілетіні анық.

Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Латын әліпбиіне көшу – әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу–жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!