Тағамдық
инфекциялар
-
тағамдық инфекциялық аурулар
-
ауыр инфекциясы
-
зоонозалар
1.Тағамдық инфекциялық
аурулар деп ағзаға ауру тудыратын патогенді микроорганизмдер түскен
кезде болатын процесті айтады. Инфекция көзі болып ауру адам немесе
жануар болуы мүмкін. Олардан болатын бөлінулер зәр, несеп, және
т.б. ауру тудырғыш микробтар болады.
Адам ағзасында патогенді
микрорганизмдер тыныс алу мүшелері арқылы, тері және басқа
жолдармен түседі. (топырақ, ауа, су, тамақ жәнге т.б). Қоздырғыш
адам ағзасына түскеннен бастап, аурудың байқалуы арасындағы уақыт
жасырын немесе мнкубациялық период деп аталады. Бұл периодта
микроорганизмдер улы заттар токсиндерді түзу арқылы
дамиды.
Кей жағдайда адамдар бұл
инфекциялық ауруларды қабылдамайды. Мұндай қабылдамаушылық
иммунитет деп аталады, табиғи (туа біткен немесе аурудан кейін
пайда болған) немесе жасанды (егілу нәтижесінде). Жасанды иммунитет
белсенді (вакцина енгізгеннен кейін) және белсенді емес (сарысу
енгізгеннен кейін) болады.
Адам ағзасына тамақпен
түсетін микробтар нәтижесінде пайда болатын аурулар – тағамдық
инфекциялар деп аталады. Оларға ішек инфекциялары (дизентерия,
холера, сальмонеллез және т.б) жатады. Кейбір аурулар адамға
жануарлардан (туберкулез, бруцеллез сібір язвасы) беріледі. Олар –
зоонозалар деп аталады.
2. Ауыр ішек инфекциялары.
Ауыр ішек инфекциялары- ең көп кездесетін аурулар, оларды «кір
қолдардың аурулары »деп атайды, себебі олар адам ағзасына санитарлы
гигиеналық талаптары бұзылып жасалған тамақпен кіреді.
Ішек инфекцияларының
қоздырушылары ұзақ уақыт бойы сыртқы ортада өсу қабілетін сақтайды.
Мысалы, дизентерия таяқшасы жемістер мен көкөністерде 6-17 күн,
холера қоздырғышы суда екі жылға дейін өмір сүреді.
Дизентерия – адамның ішегінде
дизентерия таяқшасы тамқпен бірге түскенде пайда болатын ауру.
Аурудың инкубациялық периоды 2-5 күн. Аурудың белгілері: әлсіздік,
жоғары температура, асқазанның ауырсынуы, іштің өтуі, кей кезде қан
аралас болады. Жазылғаннан кейін де адам бактерия тасушы болып
қалады.Дизентерияның қоздырушылары – қозғалмайтын таяқшалар,
аэробты және спора түзейді. Ең қолайлы даму температурасы 37ºС,
60ºС температурада 10-15 минутта жойылады, суықты жақс ыкөтереді.
Дизентерия – шикі күйінде тұтынылатын жемістер, көкөністер су, сүт
өнімдерінен, антисаниарлық жағдайда дайныдалған тағамдармен адамға
жұғады.
Холер өте қауіпті
инфекциялық ауру. Аурудың инкубациялық периоды 2-3 күн. Белгілері:
ішектің жұмысының функциясының бұзылуы, әлсіздік, бөрткендер, ұзақ
уақыт бойы жоғары температураның төмендемеуі.
Эпидемиялық гепатит – (сары
ауру, боткин ауруы) бауырды зақымдайтын инфекциялық ауру. Ауруды
зерттеген ғалым С.П.Боткиннің атымен аталған. Инкубациялық периоды
14 күннен 6 айға дейін Ауру біртіндеп басталады: әлсіздік білініп,
іш өтеді, жоғары температура, бауырдың көлемі үлкейеді, несептің
түсі қараяды, терінің дененің түсі сарғаяды. Ауру 2-3 жетіден 2-3
айға дейін созылуы мүмкін. Көбінесе жоғалып кетеді, алайда бауыр
церрозы және холесцистит секілді ауыр жағдайлары болуы
мүмкін.
Сальмонеллез- сальмонелла
микробы түскен тамақты тұтынғаннан кейін 3-5 сағаттан соң пайда
болатын ауру. Аурудың белгілері: іштің өтуі, құсу, температура
(38-39ºС) Ауру 2-7 күнге созылады. Сальмонеллез кезіндегі өлім
жағдайы 1%.
Қоғамдық тамқтану
орындарында ауыр инфекциялық ауруларды болдырмау
шаралары:
-
жылына бір реттен кем емес
аспазшыларды,жұмысшыларды бактериятасымалдағыштыққа
тексеру
-
аспазшылардың,
кондитерлердің және т.б жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауын
қадағалау
-
Асханадағы ыдыс-аяқ
тазалығын мұқият қадағалау
-
Жеміс- жидектерді,
көкністерді мұқият жуылуын ақылау
-
Ет, балық,сүттен және
жұмыртқадан жасалған тағамдардың өңдеу және дайындау технологиясын
қатаң қадағалау.
3. Зоонозалар. Бұл
жануарларға тән инфекциялық аурулар. Бруцеллез –ауыр инфекциялық
ауру, сандырақтаумен, буын мен бұлшық еттің ісініп ауруымен
сипатталады. Инкубациялық периоды 4-20 күн. Ауру бірнеше жетіден,
бірнеше айға созылады. Адамға сүт, сүт өнімдері және ет арқылы
жұғады, бұл өнімдерде бруцеллалар 8 күннен 60 күнге дейін өмір сүре
алады.
Туберкулез –көбінесе өкпені
зақымдайтын инфекциялық ауру. Адамға жануарлардан, құстардан,
адамнан жұғады. Аурудың қодырғышы- туберкулез таяқшасы. Сау адамның
ағзасына туберкулез таяқшасы шикі сүтпен және сүт өнімдерімен
келеді. Ауру адамнан сау адамға ауа бойынша беріледі.
Бақылау
сұрақтары:
-
«Инфекциялық ауру» терминіне
анықтама бер
-
Инфекция көзін
атаңыз
-
«Иммунитет» терминін қалай
түсінесіз?
-
Қай инфекциялар ауыр ішек
инфекциясына жатады?
-
Қайдай инфекциялар
зоонозаларға жатады?