Материалдар / Лекция "Испан өнері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лекция "Испан өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барокко заманы, эсіресе, өнер тарихында Испанияны элемдік аяға шығарды. XVII ғасырда елді король Филипп II басқарды. Оның түсында Испания гүлденіп, нығайған күшті мемлекет бол¬ды. Король жаңашыл реформаторларға қарсы қозғалыс өрістетті, .монархиялық-католиктік мемлекет қүрылысын нығайтуға барын-ша күш салды, өзінің көзқарасына қарсы келгендерді аяусыз жа-залады. Елдің астанасын Вальядолидадан Мадридке көшірді. Кейіннен король Мадридтен 40-50 шақырым жерде өзіне ғажайып үлкен салтанатты сарай-монастырь Эскориалды салдырды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Испан өнері


Барокко заманы, эсіресе, өнер тарихында Испанияны элемдік аяға шығарды. XVII ғасырда елді король Филипп II басқарды. Оның түсында Испания гүлденіп, нығайған күшті мемлекет бол­ды. Король жаңашыл реформаторларға қарсы қозғалыс өрістетті, .монархиялық-католиктік мемлекет қүрылысын нығайтуға барын-ша күш салды, өзінің көзқарасына қарсы келгендерді аяусыз жа-залады. Елдің астанасын Вальядолидадан Мадридке көшірді. Кейіннен король Мадридтен 40-50 шақырым жерде өзіне ғажайып үлкен салтанатты сарай-монастырь Эскориалды салдырды. Оны сэулетші Хуан де Толедо мен Хуан де Эррера (1530-1597) жобалаған. Күрылыс Италия кайта өрлеу дәуірі принципінің жобасымен жасалған. Осы эскориал сарайын көркемдеу үшін король Филипп II көптеген суретшілерді жүмысқа тартты. Бірақ та олардың көбін, кейіннен өзіне үнамағандарын қуып жіберіп отырды. Сондай корольге үнамаған суретшінің бірі - Домени-ко Теотокопули (1541-1614) болды. Өзінің шыккан тегі - грек болғандықтан испандықтар оны Эль Греко деп атап кеткен. Осы атпен элем өнерінің жарық жүлдыздарының біріне айналып, тарихта қалды. Испанияның үлы су-ретшісі Эль Греко Крит аралында дүниеге кел-ді. Жастайынан Византия өнерінен нэр алып, соны шығармасының сарқылмас қоры етіп алды. Византия өнерінің ықпалы Эль Греко еңбектерінде терең орын алды. Суретші ал-ғаш Италияда, Венецияда, содан Римде болды. Римдегі Рафаэль мен Микеланджело еңбектері оны қызықтырмады. Эскориал сарайын көр-

























Рембрандт. Өз портреті




кемдеген суретшілер бұл екі суретшіні пір түтып еліктесе, Эль Греко керісінше кереғар пікірде болды. Тіпті кейіннен «Сикстин капелласы» авторы туралы ойын ашық айтты: «Ол сұңғатшы емес, оның суреттері бояп қойған мүсіндер нүсқасы сияқты», - деп атап көрсетті. Эль Греко жүмыстарына тэн нэрсе: сан түсті бояуға бай болуында, өзіндік ешкімге ұқсамас эдісінде (178-сурет). Суретші ешкімге де еліктемеді, бейнелеу қасиеттерін өзінше іздеді. Бейне-леу эдісін суретшілер Тициан мен Тинтореттодан үйренді. Әдетте жүмыстарының қүрылымы ерекшеленіп түрады, сонымен бірге адам бейнесі, бүрын-соңды болмаған «кері» эдіспен салынатын. Ол сомдаған адам денесі соншалық тұрпайы - ұзын, бұлшық ет-тері шектен тыс эсерленіп, сэйкестеме заңдылықтары сақталмай-тын. Бірақ та оның кейіпкерлері адамгершілігі мол, өміршең -шыншыл бейнеленетін. Эль Греко жұмыстары барокко стиліне тэн бояулар тізбегінен тұрады. ¥лы шебердің сондай жүмысының бірі - «Малшылардың табынуы» атты картинасы.

Эль Греконың екінші бір жұмысы - «апостолдар Павел мен Петр» атты еңбегі. Суретші қолтумасында екі түрлі адам мінездері мен екі түрлі тағдыр тауқыметін тоқайлас-тырған. Ғайсаның апостолдарының жеке-жеке мінез-күл-қын шеберлікпен бере білген. Қолтумада екі кейіпкер де бірден адамды өзіне тартып еліктіреді. Бірақ та соның ішінде Павел бейнесі ерекшеленіп, көзге бірден түсе-тіндей, оқшау бейнеленген. Жалт-жүлт еткен сарғыш қызыл киімді апостол өте мығым түр. Өз ісінің жанашыр, өткір үгітшісі, өз көзқарасының дүрыстығына шек кел-тірмейтін кейіпкер келешек күнге сеніммен қарайды.

Ал Петр бейнесі басқаша өрілген. Онда Греко адам дэрменсіздігі мен күдікті басынан өткерген, соны жеңе білген кейіпкер бейнесін жазған. Бейнеде басы салбырап, үнжырғасы түскен, көзінде мүңлы сэуле бар, шапітарын ақ шала бастаған адам кейпі бар. Сол қолындағы ауыр кілт салбырап, салмағымен томен бастап түр. Мұнан өмір ауыртпалығының оның мысын басып түрғанын көреміз. Петр бейнесі сарғыш жасыл киіммен бейнеленген.

Эль Греко жүмыстары, жоғарыда айтып өткеніміздей, көбінесе діни аңыздарға қүрылған. Кезінде Эскориал са-





Элъ Греко. Винченцо Анастагидің портреті








райында көркемдеу жүмысына қатысқанда да осы дши тақырыпқа «Әулие Маврикияның қиналуы» атты еңбек жазған. Бірақ та ко­роль Филипке үнамағандықтан, оны басқа суретшіге қайта сал-дырған.

Эль Греко портреттік жүмыстармен де айналысқан, оның ас-қан шебері болған. Сондай портреттерінің бірі - «Кәрі инквизи­тор Ниньо де Гевараның» бейнесі. Портретте аяусыз, қатыгез мі-незді, сенімсіздік билеген адам бейнеленген.

Эль Греконың өзіндік дара таланты, қолтаңбасы сол кездегі
немесе кейінгі суретшілерді еліктірмеді. Олар Эль Грекодай таби-
ғи реалистік түрғыға қарсы шыға алмады, оның эдіс-тэсілін қа-
былдамады.
/

Испанияның екінші бір ірі суретшісі - сол кездегі испан өне-рінің шыңы болып саналған Диего Веласкес (1599-1660) болды. Бү_л суретші Испания реалистік сүнғатынын табиғатын ашып көрсеткен үлы шебер иесі еді. Ол сұңғаттың эртүрлі эдістерін жете меңгерді (179-сурет).

Д.Веласкес көбінесе қарапайым адамдарды, олардың таза да, аңғал ішкі дүниесін ашып корсете білді. Оның жүмыстарының та-қырыбы шаруалар өміріне, Испания халқының күнделікті түрмыс-тіршілігіне құрылған еді. Сондай қолтумаларына «Таңертеңгілік ас», «Су сатушы», «Вакх» жүмыстары негіз болады.

Диего Веласкес сонымен қатар тамаша портрет жазатын шебер болды. Кезінде, испанияның королі жас Веласкес портрет-терін көріп, жоғары бағалаған. Король өзін тек Веласкес салсын деп үйғарым жасаған. Содан көптеген жылдар бойы король сарайында жұмыс істеп, король отбасы, оның айналасындағы ауқатты адамдар, сайқымазақ, карлик-ергежейлілердің портреттерін жазып, артына тамаша жүмыстар қалдырды. Ондай жүмыстары: «Оливарес», «Фи­липп IV», «Себастьян Морра», «Эль Бобо дель Корка», «Папа Ин­нокентий X», «Әйел кескіні», т.б. Осылармен қатар Веласкес діни-мифологиялық тақырыпқа да қалам тартып, ірі жүмыстар жазды.


Үшінші бір испан суретшісі - Хусепе Рибера болды. Ол 1591— 1652 жылдары өмір сүрді. Суретші көбінесе діни тақырыптарға бой ұрды, ішінара аңызға да сурет салды. Портреттерді сирек жаз­ды. Бүл суретші - реалист болды. Шыншылдықты, қарапайым халық көңілін дөп басып көрсететін.

Рибера испан суретшілерінің алғашқысы болып графикамен айналысты. Ол суреттерінде адам мінез-қүлқын терең зерттеп,




олардың эртүрлі болатындығын жік-жігімен жатқызып көрсете білді. Сондай суретінің бірі - «Кембағалдың басы».

20 жылдардың екінші жартысында сүңғатқа ден қояды. Осы кезде «Трубаның үніне елтіп отырған Әулие Иероним» карти-насын жазады. Осыдан кейін суретші «Әулие Себастьян» кар-тинасын дүниеге экеледі. Әулие Себастьянды жазған басқа суретшілердің жолымен жүрмей, картина қойылымын өзінше өзгертеді, эулиенің элсіз соққан жүрегінің дүрсілін тыңдап, қайғыланып отырған екі эйел бейнеленген. Оның бірі эулие де-несінен соңғы жебенің оғын суырып алып жатыр. Суретшінің «Әулие Инесса» жүмысы да өзіндік композициялық құрылымы-мен адамды тэнті етеді.

30 жылдардың аяғында Рибера Караваджоға үқсас бояу ре-ңінен ауысып, ашық құбылмалы эдіске көшеді. Сондай реңде са-лынған жүмысының бірі - жаңағы «Әулие Инесса» қолтумасы.

Егер Рибера бар өмірін Италияда өткізсе, Франсиско де Сур-баран (1598-1664) бар өмірін Испанияда өткізді, жай карапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Өзінің шығармашылық жолын Севильде бастады, сол кездегі ең күшті, талантты суретшінің бірі атанды. Оның негізгі тапсырыскері I монастырь болды. Бүл суретшінің де жүмыстары діни тақырыптарға қүрылды. XVII ғасырдағы Анда-лусиадағы Эстебан Мурильо (1617-1682). Ол ал-ғашқылардың бірі болып, шет суретшілерге көзсіз? еліктемеуге шақырды. Жастарды, эсіресе, натурадан ] салуға шақырды, сол ойын сурет Академиясында І қолдануды талап етті. Ол да өзінің жерлестері сияқ-ты діни тақырыпқа көптеген суреттер салды. Жү-мыстары: «Цыган-мадонна», «Әулие Антонияның [ көрінуі» т.б.





Валюта - (латынша Voluta - айналдыру шиыр- I шық) сэулеттік дене.

Қошқар мүйізге үқсас, көбінесе капительдерде бсщады.

































































Д.Веласкес. Король Филипп-IVпортреті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!