Материалдар / Лекция "Орта ғасырдағы Батыс Еуропа Өнері" (4-14 ғасырлар)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лекция "Орта ғасырдағы Батыс Еуропа Өнері" (4-14 ғасырлар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Рим империясы құлағаннан кейін 476ж. Батыс Еуропада орта ғасыр дәуірі деген дәуір басталды. Бұл дәуір мың жыл шамасына созылды. Рим империясы құлағаннан кейін солтүстіктен әртүрлі халық,тайпалар империя жеріне қоныс аудара бастады.Әсіресе солтүстіктен герман тобындағы халықтар көптеп келіп,қоныстана баастады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
2239
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орта ғасырдағы Батыс Еуропа Өнері

(4-14 ғасырлар)

Рим империясы құлағаннан кейін 476ж. Батыс Еуропада орта ғасыр дәуірі деген дәуір басталды. Бұл дәуір мың жыл шамасына созылды. Рим империясы құлағаннан кейін солтүстіктен әртүрлі халық,тайпалар империя жеріне қоныс аудара бастады.Әсіресе солтүстіктен герман тобындағы халықтар көптеп келіп,қоныстана баастады.Сол кезде олардың мәдени деңгейі римдіктерге қарағанда көп төмен еді.Сондықтан да олардыримдіктер вавары (жабайылар) деп атады.Жабайылар батыс-рим мемлекетіне қатты соққы беріп,олрдың байлықтарын талан-тражға салып тонады,антиримдіктерден християн дінін қабылдады,осы дінге кіргеннен кейін қалған өнер көздері,мәдени ошақтар құрып кетуден аман қалды. Тоналған,қиратылған Батыс Еуропада бірнеше (жабайылар) корольдігі пайда болы,сонық ішіндегі күштісі фрнактер мемлекеті болды.Оларда сол кезде феодалдық құрылыс етек жайған еді.Франктер мемлекетіндегі меровингтік және королингтік әулет кезеңі дәуіріндегі өнер солардың атымен аталды(5-10ғ). Варварлардың әсерімен қолөнері күшті дамыды.Олар Еуропаға күшті дамыған тоқыма қолөнерін әкелді.Көзің жауын алатын алуан түрлі ою-өрнек,оте нәзік нақышты әсемдеу өнері күнделікті қолданылытын ыдыс-аяқ,т.б заттарда басым болды. Тоқып жасаған заттар,ою-өрнек бірін-бірі қайталамайтын әсем ырғақтардан тұрды.Бұл заттарда ғажайып ою-өрнекпен қоса түрлі аңның,адамныңда ғажайып бейнелері,кескіндері бейнеленді. Осы кезкңде кітап безендіруде жақсы дамыды.Монастырларда монархтар (Библияны) (інжіл) және басқада кітаптарды көшіріп көркемдеді.Мұндай кітап көркемдеуді (миниатюра)деп атады. Мировингтік дәуірде миниатюрадағы адам,жан-жануарлар бейнесі жалпылама,жазықтық түрінде,тәсім кейпінде бейнелейді,алкаорлинг дәуірінде,әсіресе,Ұлы Карл(Карл Великий) тұсында(742-814( бейнелеу шыншылдыққа жақын,табиғи кейіпке келтірілді.Ұлы Карл тұсында франктер мемлекетіне Франция,Голлндия,Бельгия,Германияның бір бөлігі,Италия,Испания кірді.Християн дінінің күшеюінен мұнда да мүсін өнері онша дамымыды. Ұлы Карл империясы ыдырағаннан кейін,оныңорнына үш мемлекет пайда болды.Олар:Франция,Германия,Италия.Сол кезде Каролинг өнері жаңа ғасыр өнерінің дәуіріне аяқ басқан еді.Енді сол өнерінің ағымдарына тоқталайық. 1. Романдық өнер

Романдық өнер-деп Батыс Еуропа елдеріндегі 10-12 ғасырлардағы өнерді атайды.Бұл дәуірдегі өнердің бұлай аталуы,оның сәулетіне байланысты еді.

10-12 ғасырлардағы сәулет ғимараттары,ғибадатханалар көбінесе тастан қаланды,ал төбелері кресті-арқылы тәсілмен тұрғызылды.Мұндай сәулет әдісі орта ғасырларда қолданылған .Сол кезде оны римдік әдіспен тұрғызылғандықтан романдық әдіс деп атаған, соған ұқсас болғандықтан да бұл дәуір сәулеті өнері де солай аталды.Ромндық әдіс Антик өнерінен кейінгі феодалдық құрылыстағы тарихта өз орнын алғн өнердің бір ағымы болды.Бұл кез өте ауыр кезең еді.Бұрынғы күшті империя ұсақ-ұсақ иеліктерге ыдырап,соның нәтижесінде Батыс Еуропа Көптеген кішкене мемлекеттерге бөлінді.Қалалар өте аз болды,сауда мен қолөнері дамымады.Тіпті феодалдардың өзі қарапайым тұрды.Бәрінен бай ауқатты тұрғындар-християн шіркеуі мен оның қызметшілері болды.Римдік Папның басқаруымен хистиян шіркеуі ел билігін,үстемдікті өз қолдарына ұстады. Сондықтан да ең әсем, ең үлкен ғибадатханалар,шіркеулер сол кездегі Роман өнері ағымының айнасы,оны осы заманға жеткізген қоймасы болды.Роман өнерінің негізгі тапсырыскері осы ғибадатханалар мен шіркеулер болды.

Роман әдісті құрылыстар сәлет өнерінде өте ерекшклкнді.Онда итарқа әдісі,әсіресе,бір жерге тоғысқан арқалар жиі қолданылды.

Орта ғасырлардағы тұрғызылған алғашқы шіркеулер өте ауыр,қалың тастардан қаланды.Әдетте айналасы биік домбал тас дуалдармен қоршлды.Осының әсеріне шіркеулер құтты бір алынбас қорғандай ауыр әсер қалдыратын.Роман шіркеулері өзінің сыртқы кейпімен сұсты көрінсе,ішкі бөлмелерінің безендірілу ғажайыптылығымен көзге түседі.Шіркеудің капителдерінде,бағана жақтауларында,арқылы терезелерінде,кереге бедерлерінде толып жатқан адам басты кентаврлар,түрлі құбыжық мүсіндер қойылған .Сонымен қатар кереге жақтауларындағы діни Інжіл мазмұнына құрылған бедерлеме айшықтар адам назарын өзіне аударды.Інжіл кейіпкерлерін аса мұқият бейнелеудің өзіндік діни мақсаты бар еді.Хат танымайтын қараңғы халықтың қасиетті кітапты оқымасада,жаңағы мүсін-бейнелеуден өзіне таныс әулие періштелерді тез танып,қабылдауын қамтамасыз етуді көздеген.Шіркеудің ішкі әшекейлері,құбылмалы шытырма (витраж) өрнектерді адам таңданарлық тылсым дүниені еске түсіреді.Романдық сәлет өнері алғаш Италияда дамып,артынан Германияда өзінің шегіне жетті.Германиядағы аты-шулы сәулет шіркеу-кешендері-Майнц,Шпаер және Вормсе ғимараттары.Сол кезеңдегі айтулы өнер ескерткішінің бірі –Байе кілемі(Байе қаласында,Франция) 70 метрлік кілемінің өн бойындағы король Вильгкельмнің Англияны Қалай жаулағаны туралы шежіре тоқылып бейнеленген.

Романдық өнерді айтқанда,Жоғарыда атап өткеніміздей,көбінесе бедерлеме бейнелерге көңіл бөлуіміз қажет.Осы бейнелер арқылы сол заманның аумалы-төкпелі кезеңі,діни ғұрпын,қарапайым адамдардың қайғы-қасіретін,тұрмыс-тіршілігін көз алдымызға елестетуге болады.Сондай бейнелер,әсіресе,Шартр соборында сақталған.

2. Готика өнері(12-16 Ғасырлар)

Орта ғасырдағы романдық өнерден кейін Готика өнері алғаш Францияда жақсы дамыды.Ең әдемі де әсем готикалық өнер осында өркендеп,көбінесе осында сақталды.Бұл өнер одан кейінгі кезеңде басқа елдерге қарап,1 ғасырға күшін жоймады.

Готика өнері өзінің болмысымен роман ағымы өнерінен ерекше дараланып тұрады.Роман стилі қарабайыр жасалуымен,ауыр қорғандардай монументтігімен көзге түссе,готика ағымы зәулім биік сымбатымен,кестедей керемет өрнектеуімен,көк әлеміне ұмтылган инедей үшкір мұнаралармен таңдандырды.Роман ағымында салынған сәлет ғимарттарында ауыр төбені ұстап тұру үшін терезелер аз жасалынатын немесе көбінесе жіңішке болып келктін,ал готика керісінше,терезелер өте үлкен,биік және жиі орналасады,тағы бір ерекшелігі-кіреберіс есігінің маңдайша арқасы доғаланып емес үшкірленіп бітетін.Сондықтан сұлу көрінеді,іші түрлі шытырма терезелерден түскен мол жарықтан жарқырап кететін,Ал роман ағымды ғимараттар терезенің аздығынан алакөлеңкелкеп,сұсты көрінеді.Готика соборлары сонымен қатар ұзыншақ болып кетеді,тіпті кейбіреуі ,мысалы Шартр соборының өнбойы 130 метрге жеткен.Готика ғимраттары өзінің мүсіндермен көмкерілуімен де алдына жан салмайды,онда тоғыз мыңға жуық мүсін бар екен.

Франциядағы Готика соборларының ең бір ескісі және атақтысы –Қудай –ана ғимараты.Бұл собор 12 ғасырда салынған.Осыдан кейін іле-шала тұрғызылған Шартрдегі,Ремейдегі және Амьендегі соборлар готика атанған одан сайын асыра түсті.

Осы соборлардың ішіндегі ең үлкені және өте шебер өрнекткелгені және сұлуы Рейсе ғимараты(151-сурет)

Орта ғасырларда Францияда 800-ге жуық собор,жүздеген шікеу,монастырлар болды.Сондай монастырдың бірі-Әулие Михайл тауы ансамбльдік ғимараты(кейде оны Монсен Мишель деп атайды).Монастрь биік жарлы қия тасты Нормандия жерінде тұрғызылған.Ол табиғатпен жарасым тауып,өзіндік шілтерлі өрнекке бай таңғажайып терезелермен көзге түседі.

Франция готикасы жолымен Германияда да салтанатты собослар,шіркеу үйлкері жаппай салынды,соның бірі-Старасбургтегі собор.Собор керегесі 1276 жылы қаланған,қазір бұл ғимарат Францияның иелігінде.

Ал Италияда мәрмәр готикасының шырқау шыңы,таңдаулысы –Флоренциядағы Әулия Мария дель Фьоре шіркеуі мен Милан соборы.

Осы кезеңде мүсін,сұңғат өнерінде көбінесе құдай-аналарды бейнелеу,әртүрлі мадонналарды роспистермен әрлендіру қолға алынды.Бұл жұмыс дымқыл,сылағы әлі кеппеген керегеге әртүрлі бояуларды жағу арқылы орындалатын.Кереге кепкен кезде бояу сылақпен бірге жымдасып, біте қайнасып кетеді.Сол кезеңде осындай өнер бағытының асқан шебері, сұңғаттың негізін салушы Джотто ди Бондеоне (1266-1337( өмір сүрді.Оның жазған тамаша туындылары табиғи жанасатындай еді.Бояулардың сан түрлі құбылмалы реңдерімен-ақ сұңғаттың шығарманы құмартып жандандыратын.

Готика дәуірінде сонымен қатар миниатюрлік сұңғат қарыштап дамып, өзіндік белеске көтерілді.Бұрындары мұндай өнермен тек діни сопылар ғана айналысса,енді онымен сауатты ,он саусағынан өнер тамған суретшілер айналысатын болды.Сондай адамның бірі-Франция герцогіБеррийски болды.Беррийски қамқорлығы арқасында ағайынды көркемдеуші суретшілер-Химббургтегі тамаша миниатюраларды өмірге әкелді. Батыс Еуропада алғаш рет қондырғылы сұңғат пайда болды.Қондырғылы сұңғат өнерінің тез өркендеп әр елге жылдам таралуына үлкен ықпал етті.

Готика әсері заманында күнделікті тұрмыс-тіршіліккте,киім үлгілерінде,жиһаз әшекейлеуде өзіндік із қалдырды.Үшкірленген конусқа ұқсас қалпақ ,тұмсығы үшкүр етік, етегі жерге төгілген шапан,көйлектер шықты.Бұлардың бәрі әдемі нақышты өрнекткрмен көмкерілді.

Түсініктер мен терминдер

Витраж-түрлі түсті әйнектерден тұртын айшықты сұңғат түрі француз тілінен аударғанда әйнек деген мағынаны береді

Роспись –кереге салынған ауқымды сұңғат өнері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!