Материалдар / Лексика-грамматикалық тест. 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Лексика-грамматикалық тест. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Лексика-грамматикалық тест. 8-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2579
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Лексика-грамматикалық тест. 8-сынып.


1. Синонимдік қатарды белгілеңіз.
A) Ұстаз - оқушы.
B) Қайратты - қадірлі.
C) Жаман -жақсы.
D) Ата - бала.
E) Отбасы - жанұя.

2. Берілген сөйлемді толықтырыңыз.
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі –
A) тұзды ағынсыз көл болуында.
B) судың құрамында Менделеев кестесі элементтері кездеспейді.
C) суының минералдарға бай болуында.
D) жақын ауылдар да туристік қызметтер ұсынып келеді.
E) демалыс үйлері жақсы қызмет көрсетеді.

3. Алакөл сөзінің қазақша аудармасын белгілеңіз.
A) Таза көл.
B) Сулы көл.
C) Үлкен көл
D) Ұлы көл.
E) Балықты көл.

4. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз.
А) 2
В) 5
С) 3
Д) 6
Е) 4

5. Болымсыз етістікті табыңыз.
A) Қызық жарна(ма).
B) Жиналыстан қал(ма).
C) Атым - Ал(ма).
D) Бұл шығар(ма).
E) Кітап бар(ма).















6. Берілген сұраққа жауап беріңіз.
Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең бір жақының бар. Ол – кім?
A) Әке.
B) Ана.
C) Дос.
D) Ұстаз.
E) Нағашы.

7. Күрделі етістікті табыңыз
А) Олар сабақ оқып отыр.
В) Балалар мектепте жүр.
С) Сен кешке келесің бе?
Д) Ол бүгін де келмеді.
Е) Мен сізді көп күттім.

8. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.
A) Күләштің дарыны әншілік әкесінің байқалды әндерін тыңдаған.
B) Әншілік әндерін байқалды дарыны Күләштің әкесінің тыңдаған.
C) Дарыны байқалды әншілік Күләштің әндерін тыңдаған әкесінің.
D) Байқалды әндерін әкесінің дарыны тыңдаған Күләштің әншілік.
E) Әкесінің әндерін тыңдаған Күләштің әншілік дарыны байқалды.

9. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
А) заттың атын
В) заттың сапасын
С) заттың іс-әрекетін
Д) заттың санын
Е) заттың көлемін

10.Туынды етістікті табыңыз.
А) Жаз, оқы
В) Кел, көр
С) Отыр, жатыр
Д) Ойна,сана
Е) Жүр, қой









11. Бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымын анықтаңыз.
А) Отбасы
В) Балабақша
С) Мектеп
Д) Аула
Е) Қоғам

12. Берілген сөйлемді толықтырыңыз.
Сабақты етістік - ...
А) табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік
В) қимылды білдіретін төл етістік
С) сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік
Д) табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік
Е) бір сөзден тұратын етістік

13. Балалар үшін шешесінің туыстары қалай аталатынын анықтаңыз.
А) ата, әже
В) нағашы, шағашы жұрт
С) ата-ана, әке-шеше
Д) жиен, немере
Е) жезде, жеңге

14. Негізгі түбір етістікті табыңыз.
А) ақылдас
В) сана
С) тазала
Д) ойлан
Е) жаз

15. -ін,-ын, -н жұрнақтары арқылы жасалынатын етіс түрін белгілеңіз.
А) өзгелік
В) ырықсыз
С) өздік
Д) ортақ
Е) өзгеше











16. Әдеп сақтаудың үлгілерін табыңыз.
А) үлкенмен амандаспау
В) үлкеннен бұрын сөйлеу
С) үлкенге сәлем беру
Д) үлкенге орын бермеу
Е) үлкеннің жолын кесу

17. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз. Төргі бөлменің оң жағында жұмсақ ..., төрде ... тұр.
А) орындық, төсек
В) төсек , жиһаз
С) үстел, орындық
Д) төсек, кілем
Е) жиһаз, үстел

18. -л, -ыл, -іл ненің жұрнақтары?
А) ортақ етіс
В) өздік етіс
С) өзгелік етіс
Д) ырықсыз етіс
Е) жауап жоқ

19. Өздік етісті табыңыз.
А) Білгеніңді білмегенге үйрет.
В) Білмегенді сұрап үйрен.
С) Біз өзгелерге қарағанда күресе жүріп еңбек етеміз.
Д) Көңіл кірі айтса кетеді.
Е) Өзің айтпасаң,өзгеге айттыр.

20. Ортақ етіс жұрнағы бар сөйлемді табыңыз.
А) Ақындар еркін тақырыпта айтысты.
В) Вадим қазақ тілін өзі үшін үйренді.
С) Маған өлеңді еріксіз айттырды.
Д) Бұл мәселе кеше талқыланды.
Е) Ол өз ойын ашық айтты.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!