Материалдар / «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Lesson Study» тәсілі арқылы оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
8823
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еңбекші орта мектебінің

І(ілгері) деңгейлі сертификатталған жоғары санатты

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі , филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы

Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі» коучинг - сессия 

Тақырыбы:

«Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»


Мақсаты:

«Lesson Study» тәсілі арқылы оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. 


Оқыту нәтижесі:

Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестер мен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; 

Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді; мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; 
Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық

педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (Бірінші (ілгері) деңгей)

(46-48 бет), Пит Дадли, Lesson Study: Нұсқаулық, www.cpm.kz


Әдіс-тәсілдер:

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, диалог


Ресурстар мен жабдықтар:

Интербелсенді тақта, флипчартқа арналған қағаздар, презентация, маркерлер, стикерлер, бейнежазбалар, ноутбук

Тапсырмалар:

Постер қорғау; презентация жасау,

бағалау; бейнежазбалар көру


Коучтың іс-әрекеті. Сәлемдесу .

Коуч коучингтің тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру. Сергіту Ұшақ жасату – жұппен

Ұшақ жасату – жұппын

Топқа бөлу
Стикер түрлерімен топтасады, «Өзгергіңіз келе ме?» иә-жоқ деп жазып тақтаға жапсырады.

Стикер түрлерімен топтасады

Тақырыпқа шығу:

«Lesson Study» таныстырылым-2 көрсетілім

Презентацияны көреді, пікірлерімен бөліседі


Тапсырма:


1топ - ОҚУШЫ СИПАТТАМАСЫ: ҚОРҒАНАТЫН Дархан

2топ- ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ДӘРМЕНСІЗ ХАМАРИЯ

3 топ- ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ӨТЕ САҚ САМАТ

4 топ- ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: МАЗАСЫЗ АЛМА

5 топ –ОҚУШЫ СИПАТТАМАСЫ: КӨҢІЛІ ТОҚ САМАЛ





Ауызша өз кейіпкерлерін қорғайды ,АВС оқушының қайсысына сай екендігін ұғынады.Тақырыппен байланыстыра қорғайды

  • 1 топ «Lesson Study» дегеніміз не? (постермен) - «Мінсіз оқушы»


  • 2 топ-«Lesson Study» қалай түсінесіз (презентациямен)- «Мінсіз ұстаз»


  • 3 топ- «Lesson Study» - ді қандай мақсатпен жүргізу қажет-деп есептейсіз ? «Мінсіз мектеп»


  • 4 топLesson Study» біздің мектебімізде жүргізу керек пе , қандай сыныптарға?- «Мінсіз сабақ»


  • 5 топ «Ашық сабақ пен Лессон стади» айырмасы - Мінсіз ата –ана


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жұмыс істейді



Постермен жұмыс жасайды





Жұлдыз беру арқылы бағалау

Қорғау: Топтар «Аквариум» әдісін пайдаланып жұмыстарын қорғайды

Жұмыстарын қорғайды

бір-бірлерінің жұмысын бармақпен бағалайды

«Lesson Study» тәсілін практикадағы қолдануы


Утеулиева Нұржамал өз сабағын қорғайды «Құлын» Лессон стади

Бағалау

Стикерлерге жазу арқылы коучинг барысын бағалау.



Кері байланыс парағын толтырту арқылы кері байланыс алу

Кофе- брейк арқылы мараппаттау


«Мұғалімнің 13 белгісі » таныстырылыммен қорытындылау































Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі :Амирханова Сара Бекетовна

Пәні: қазақ әдебиет Сыныбы:9 б


Сабақтың тақырыбы


Ақтамберді жырау

«Күлдір , күлдір кісінетіп»



Сабақтың

танымдық мақсаты

Ақтамберді жырау өмірі, шығармашылығы жайлы білімдері толығады

Ақтамберді шығармаларын ажыратып, талдау жасай біледі

«Күлдір , күлдір кісінетіп» толғауының мазмұнын толық ұғына біледі


Сілтеме


Қазақ әдебиеті 9 –сынып

МАН


Дереккөздер мен жабдықтар

Ғаламтор материалдары

Стикер постер, әдебиеттер ,тақта , АКТ



Күтілетін нәтиже

Өлеңдерінің құрылымын ұғына білу, өлең құрылысына талдау жасау


Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар



Оқу үшін бағалау және

оқуды бағалау


Мотивациялық кезең

5 мин

Ұйымдастыру

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сергіту «Жер бөлу»

Тренинг шарттарын таныстыру

4 топқа бөлу Мұра, Өнеге , Өсиет, Ұлағат сөздерін парақшаларға жазып, таңдату


Әр оқушы

тренинг шарттарына сай орындау

парақшаларды таңдап, сол арқылы топқа бөлу



Ұнаған парақшаларын таңдайды

Бас бармақпен бағалау


Операциялық кезең

20 мин

ОЙШАҚЫРУ

Оқысаңыз нұр шашатын жолыңа,

Өткен күннен ой қосатын ойыңа.

Қалған бізге бабалардың мұрасын,

Сіңіріңдер,жас ұрпақтар, бойыңа!

Ақтамберді өмірі , толғауы жайлы оқып, мазмұны мен идеясын ұғындыруда таныстырылады


1. «Ой серісі» Тест –тапсырмасы эл.оқулық

2. Жүрек толғауы

3. Жырау –дерек

4.Толғау-таным

5. Аудиокітап сайтынан Толғауды ғаламтор арқылы тыңдау

6. Сөздік жұмысы

Сергіту: « Бейнеролик көру», «Толғау» Б.Тілеуханов орындауында



6. №1 постермен жұмыс

7. №2 постермен жұмыс

1.Толғауларды 4 топтан 1 оқушыға мәнерлеп оқыту

2.Көшбасшыларды , талантты ,дарынды балаларады анықтап отыру.



3. Баағалау парақшасын топ басшыларына тарату

















Ауызша жауап береді, жауаптары тексеріледі



Толғаулары жайлы дәптерге жазу



Ойлан, жұптас, топтастыру әдісі бойынша тапсырмалар орындау




Әр топ өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды



























Сөздік жұмысын дәптерге орындайды





Постермен жұмыс


1 -топ Ақтамберді


2-топ Жырау

3-топ Толғау

4-топ Тақырып пен идея



2

1-эпитет

2-теңеу

3-риторикалық сұрау

4- аллитерация


Формативті бағалау


















Бас бармақпен бағалау


Рефлексиялық кезең

15 мин

Рефлексия жасау

8. Жүректен шыққан ойды жеткізу

9. Кері байланыс «Екі жұлдыз ,бір тілек »


Ауызша жауап береді



Стикермен жазып тақтаға ілу


Бетше бойынша топ басшысының бағалауы


Сумма

тивті

бағалау


Үй тапсырма

сы

мин

1.Толғауды жаттау

2. “Жыраулар поэзиясы -өмірдің қайнар көзі” тақырыбында эссе жазу.




Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?

9 б-сыныбына өткізілген бұл сабағыма мұғалімдер өте көп қатынасты, оқушылар сабақтың алғашқы кезінде ашыла алмады , келесі постермен жұмыс кездерінде топпен жұмыс жасап жақсы қатынасып, қойылған мақсатқа сай сабақ мазмұны толық меңгерілді деп айта аламын.



Сергіту, ғаламтормен тікелей жұмыс жүргізу,постермен жұмыс,сабақ үстіндегі диалог , ауызша сабақ жайлы пікірлері өте сәтті шықты. Оқушылар толық жауап берді. Тақырып күрделі болса да сынып деңгейіне сай жүйемен құрылып, топпен жұмыс жасағаннан сәтті өтті деп есептеймін.

Сәтсіздіктер кездеспеді.

Бұл сабағымда қиындықтар болмады, егер болған жағдайда ізденіп, тәжірибемді толықтырып , шешу жолдарына жұмыстанамын.










































Менiң мектебiмнiң бастапқы жағдайы қандай?

Бiлiм беру жүйесi – әр елдiң даму болашағын айқындайтын, әлемдiк өркениетке жетудiң негiзгi бағыттарын көрсететiн бiртұтас құрылым. Қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер бiлiм беру мекемелерiне бәсекеге қабiлеттi, мәселелiк жағдаяттарда өзiндiк шешiм қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру, дамыту мiндеттерiн қойып отыр. Әрбiр жеке тұлғаның болашағы өз мектебiнде шыңдалады. Мектептегi бiлiм - барша әлем тыныс- тiршiлiгiнiң iргетасы екендiгiн ұғынсақ, қазiргi оқыту жүйесiндегi жаңаша мазмұнды өз мектебiмiзге енгiзуге жұмыстану–бүгiнгi мектептегi көшбасшы мұғалiмдерге үлкен мiндет жүктейтiндiгiн ұғынамыз. «Өзiнiң көре бiлгенiн өмiрде жүзеге асыруға көмектесетiн көшбасшыға тән ерлiк қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады»- деп Джон Максвелл пiкiрiнде айтылғандай өз мектебiме тәжiрибе кезеңiн асқан құштарлықпен, қызығушылықпен бастаған болатынмын. Ең алдымен мектеп басшысымен, орынбасарларымен деңгейлiк курстар, педагогикалық шеберлiк орталығы жайлы пiкірлесе отырып, мектебiмнiң қазiргi жағдайын анықтау мақсатында бүгiнгi қолданыстағы даму жоспарымен танысып, зерделей келе жалпы мектеп жұмысының жүйелi бағыты мен мақсаты, көкейкестi мәселесi анықталғанымен, iстi жүргiзу барысында бiрсарындылық барын және мектептiң педагогикалық кадрларының кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру мен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалiмдердi ынталандыру, марапаттаулардың дұрыс жолға қойылмағандығын байқадым. Мектептiң даму жоспарын жасамас бұрын мектептiң объективтiк жағдайын бiлу үшiн оқушыларға, мұғалiмдерге, ата- аналарға сауалнама жүргiзiп алуды мақсат етiп, аудит жүргiзе бастадым. Бұндағы мақсатым - мектептiң бастапқы жағдайын жеткiлiктi дәрежеде зерделеп, «Менiң мектебiмнiң бүгiнгi жағдайы қандай?»- деген сауалға жауап алу болатын.


Мұғалімдерге сауалнама жүргізу Оқушылармен сауалнама


Мен жұмыс жасайтын бiлiм шаңырағы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылындағы жалпы бiлiм беретiн мемлекеттiк мекеме Еңбекшi орта мектебi деп аталады. Мектеп ғимараты 1986 жылы типтiк жүйеде салынған. Осы оқу жылында мектеп күрделi жөндеуден өткiзiледi деп кабинетi, биология, химия, қазақ тiлi, шағын орталыққа арналған интербелсендi тақтасы бар кабинеттер жаңа үлгiде жабдықталған. Информатика кабинетiнде – 11, жалпы оқу үрдiсiнде -37 компьютермен қамтылған. Биылғы оқу жылында мектеп асханасы жаңа жабдықтармен жаңартылып, мектептің - 270 оқушысы ыссы тағаммен қамтамасыз етiп отыр. Мектептегi педагогикалық кадрлар саны -59. Мұғалiмдердiң сапалық құрамына тоқталатын болсам, жоғары бiлiмдi мұғалiмдер саны - 52, аяқталмаған жоғары бiлiмдi -1 мұғалiм, орта кәсiби бiлiмдi мұғалiмдер саны -6. Жоғары санатты –13 мұғалiм, бiрiншi санатты – 26 мұғалiм, екiншi санатты -12 мұғалiм, санатсыз-8 мұғалiм сабақ берiп келедi. Қазақстан республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Алғыс хатымен - 4 мұғалiм, Бiлiм беру iсiнiң үздiгi атағын иеленген-1 мұғалiм бар. Биылғы оқу жылында республикалық педагогикалық оқуларға 1 мұғалiм қатынасып, жұмысы жинаққа енгiзiлдi.

Мектепте 400 оқушы бiлiм алады. Оқу мерзiмi екi кезеңде, сабақ қазақ тiлiнде жүргiзiледi. Мектепте «Қазақстан Республикасы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты» бойынша жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарының жоғары сатысындағы 10-11-сыныптар үшiн 2 бағытта оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бағдарлы оқыту жүзеге асқан. Жалпы оқушылардың ұлты - қазақ. Бiлiм сапасы - 49,2 пайызды құрайды, озаттар саны -65, екпiндiлер саны -132 оқушы. Биылғы оқу жылында 1 оқушы «Алтын белгi» белгiсiне үмiткер деп танылып отыр. Денсаулығына байланысты үйден оқитытын оқушылар саны- 2. Мектепте «Тоғызқұмалақ», «Жас жол инспекторы», «Волейбол», «Футбол», «Жас физик», «Шебер қолдар» т.б. ақылы түрде өткiзiлетiн жалпы 14 үйiрме жұмысы оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн шыңдауда зор септiгiн тигiзiп келедi. Мектепте 2003 жылдан берi «Зерде» кiшi ғылыми кеңесiнiң жұмысы жүйелi жүргiзiлiп келедi. Ғылыми кеңес мүшелерi облыстық байқауда - 8 оқушы, республикалық байқаудан–3 оқушы жүлделi орындарға ие болды. Мектебiмiзде «Шебер мұғалiмдер», «Жаңашыл – зерттеушi» мұғалiмдер, «Iзденушi–үйренушi» мұғалiмдер тобы құрылып, жаңашылдық, iзденiмпаздық, шығармашылық қабiлеттi және инновациялық көзқарастағы мұғалiмдердi қалыптастыру бағытында жұмыстанып келедi. Мектептiң педагогикалық ұжымның жұмыс жүргiзу бағыты: «Сапалы бiлiм, саналы тәрбие беру арқылы бәсекеге қабiлеттi жеке тұлға қалыптастыру» десек, оқу тәрбие жұмысын жүргiзудегi алға қойған мақсаты - сабақ беру үрдiсiнде жаңа технология әдiстерiн қолдана отырып, оқушылардың бiлiмi мен мәдениетiн жоғары деңгейге көтеру болып табылады. Үздіксіз оқытуды дамытуда «желі» ұғымы аса маңызды болып отырғаны байқалады. Заманауи қоғамның тіршілгіне желінің мазмұны күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. [1,51]

Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірге әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлік курс бағдарламаларын енгізуге байланысты педагогикалық қоғамдастық құру міндетінің өзектілігі артуда. Желілік қоғамдастық–педагогтердің қарым-қатынас, оқу, біліктілікті арттыру құралы және тәжірибе алмасу алаңы. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Желіге тартылған адамдар бастапқы кезеңде желіде жұмыс істеу қызықты болғанымен бастапқы кезеңде желіде жұмыс істеу қызық болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру,қарым-қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар әректтерді орындау қажет болады. Фуллан атап өткендей, «желілер барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады. [1, 53-бет]

Мектебіме тәжірибеге келген кезден бастап, менен бұрын І деңгейлі курсты бітіріп келген мұғалім болмағандықтан, осы деңгейлік курстың тыңдаушысы, көшбасшы мұғалім ретінде ең алдымен осы жұмысты ұйымдастырып, мектептің жүйелі Желілік қоғамдастығын құруды мақсат тұттым. Желілік қоғамдастық жайлы «Жаңаша даму жаршысы» тобыммен, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, мектебімізге желілік қоғамдастық құруды жоспарлап, бұл қоғамдастыққа кімдер мүше бола алады деген сауалдардың шешімін тауып, алғашқы бас қосуымызды өткізілетін күнді белгілеп, жүргізілетін жоспарымыз бойынша жұмыстануды мақсат еттік. Желілік қоғамдастықтың мақсаты оқу білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды таратып, тәжірибе алмасу болды. Қоғамдастық мақсаты қойылды, міндеті анықталып, қоғамдастық мүшелеріне таныстырдым. Бүгінгі ақпараттық ғаламтор желісінің ғарыштап дамыған шағында табыспен өмір сүру үшін оқушылар мен жас жеткіншектер мән–жайды түсініп тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Мен де осы жұмыстарымды жүзеге асыру барысында желілік жоспарымды «Басқарушы топ», «Үйлестіруші топ», «Дамытушы т

«Ұлағат» қоғамдастығы

оп» деп қоғамдастық мүшелерін үш топқа бөліп жоспарлап, желілік қоғамдастыққа «Ұлағат» деген атау берілді. Әр топтың атқаратын қызметі, алдына қойған мақсаты, күтілетін нәтижесі айқындалып, көшбасшылық міндеттерін бөлісті. Мектебімізде деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер өте аз болғандықтан ең алдымен осы курстардан өтетін мұғалімдерді саралап, деңгейіне сай жоспарлауды, әр бірлестік мұғалімдерінің сабақтарын жаңа әдіс-тәсілдермен өтуін қадағалауды «Басқарушы топ» мүшелері атқарды. «Басқарушы топ» мүшелеріне мектеп басшылары, мектеп психологтары, 1-деңгей мұғалімі қамтылып отыр. «Дамытушы топ» мүшелеріне мектептегі пән бірлестік жетекшілері, ІІІ деңгейлі курсты бітіріп келген мұғалімдер қамтылады, бұл топқа бірлестіктер арасындағы озат тәжірибелерін ортаға салу, әр бірлестік мұғалімдерінің сапалық құрамын зерттей отырып, деңгейлік курстарға баратын мұғалімдерді анықтап, желілік қоғамдастықта белгіленген жұмыстарды жүзеге асырады. «Үйлестіруші топ» мүшелеріне мектептегі шығармашылық жұмыстарымен көрініп жүрген көшбасшы мұғалімдер тартылды, әлеуметтік-эмоционалдық ахуал тудырушы, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс–тәсілдерді, желі ішіндегі шараларды ұйымдастырып, дамытушы топқа ықпалдастық жасайды және тәжірибе кезінде ашылған мектеп сайтына материалдар, басылым беттеріне жариялайтын мақалалар әзірленді. Желелік қоғамдастықтың жұмысын жетілдіру үшін «ID Host.kz» cайты арқылы мектеп сайтын ашып, желі арқылы б айланысудың алғашқы қадамдары анықталып, алдағы кезеңде жүргізілетін жұмыстарды жоспарлап, болашақта өзіндік белгілеген қоғамдастық рөлі бар уақыт өткен сайын өз бағасын алатынын желілік қоғамдастық болатынына менің сенімім мол. Желілік қоғамдастық құру заман талабы, айтылған әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияны кеңінен пайдалана отырып, болашақта аудан м

Желілік қоғамдастықта

пікір алмасамыз



ектептерімен желілік қоғамдастық құрып, одан әрі дамытуға мүмкін болады деп ойлаймын.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!