"Lesson study": іс -
әрекетті зерттеуге бағытталған кәсіби
тәжірибелер
Ғылым
мен білімнің дамуына қызмет ету –еліміздің болашағына қызмет
ету. Жастарымыз басымдық
беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы
шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт
қана табысқа жетеді» деген сөзі бүгінде әрбір ұстаздың
жүрегінде. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдына конструктивті білім беру теориясының мәселелерін қойып
отыр. Бүгінгі заман талабы – оқушының білім, білік дағдысын
дамыту ғана емес, жеке тұлғаның өз бетінше білім алуы арқылы дамуы,
оның бойында іскерлік қарым-қатынасты нығайту болып
табылады.
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір
тиімді тәсілі бұл «Сабақты зерттеу». Сабақты зерттеу -
мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге
бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Сабақты
зерттеу жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау,
өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын
мұғалімдер тобынан
тұрады.
Сабақты
зерттеу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім
жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз
жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін зерттеу тобы
бірнеше сабақ өткізіп, бақылап, зерттеп, соңында тиімді
тәсілді анықтау арқылы жетістікке
жетеді.
Қай
кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек,
себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік
қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін
жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді,
заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен
ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп,
еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола
алады. Сабақты зерттеу - оқушыға саналы білім беруді
көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек
артық айтқандық емес.
«Адам
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен
озбақ» деген ұлы Абайдың сөзін ұстаным етіп, бүгінгі жаһандану
дәуіріне озық біліммен қаруланған, биік парасатымен ерекшеленетін,
ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік өзгерістерде өзін еркін
сезінетін дара тұлға қалыптастыруға ықпал ететін білікті ұстазды
бақытқа бастайтын жол тынбай, тер төге
еңбектенуінде деген
ойдамын.
«Сабақты зерттеу»
тәсілі – мұғалімнің кәсіби шыңдалуына, оқыту мен оқу үдерісін
жетілдіруге және дамытуға, әріптестерімен бірлесе отырып
ой бөлісуге, алға жоспар жасауға таптырмас қадам. Сабақты зерттеу
оқушының деңгейін, олардың жеткен жетістігін, оқуда көрсеткен
нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу үшін
маңызды. «Сабақты зерттеу» - мұғалім тәжірибесін
жақсарту арқылы білімін жетілдіруге бағытталған педагогикалық
тәсіл. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алған бұл
тәсіл қазіргі уақытта Шығыс Азияда, Сингапурде, Ганконг пен Қытайда
қолданылады. Қазақстан Республикасының мектептерінде де нәтижелі
тәсіл белең алуда. Енгізіліп жатқан жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде
қолдана отырып, оқыту үдерісіне енгізу маңызды мәселе болып
отыр. Бұл бағытта № 152 мектеп-гимназиясында да
атқарылып жатқан жұмыс көлемді. «Сабақты зерттеу» тәсілі бойынша
қазақ тілінен, бастауыш сыныптан және физика, ағылшын тілі, орыс
тілі, биология, информатикапәндерінен зерттеу жұмыстары
жүргізілуде. «Сабақты зерттеу» тәсілі мектептің оқу-тәрбие
жоспарына енгізілген. Жыл бойы өткізілетін пән онкүндіктерін осы
бағытта жүргізу дәстүрге айналған. Ол біздің ұстаздық еңбек
жолындағы әрбір ұстаздың міндеті деп білемін. «Мұғалім
ісі сырттай қарапайым болғанмен тарихтағы ең ұлы істің бірі»
деп К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім» атты киелі, қастерлі,
ұлы мамандықты алып жүру – үлкен жауапкершілік. Өзгелерді
үйрете жүріп өздері үйренетін мұғалімдер қазіргі кезде қойылып
отырған талапқа сай еңбек етуді өздерінің борышы
санайды.