Lesson
Study зерттеу жұмысының мұғалім
құзыреттілігін арттырудағы тиімді
жақтары.
Қазіргі білім беру саласының
өзекті мәселелерінің бірі – уақыт талабына сай педагогтердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
Кәсіби құзыреттіліктің дамуы – бұл маманның кәсіби тәжірибені
меңгеруі және жетілдіруі болып отыр. Ал кәсіби құзыреттілікті
қалыптастыру және жетілдіру үдерісі әлеуметтік ортаға тәуелді.
Сондықтан кез-келген орта – маманның кәсіби өзіндік дамуын қолдауы
қажет. Біз жаңа технологияның дамыған заманында өмір
сүріп отырмыз. Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы.
Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар,
осының бәрі ой-өрісі дамыған тұлғаның қалыптасуын қажет етіп
тұрғандай. Әсіресе қазіргі қашықтықтан оқыту кезінде жан-жақты
бейімделген, кез келген жағдайдан жол тауып шыға алатын, құзыретті
маман тәрбиелеу– барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселе.
Қазіргі заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да
күннен-күнге, жылдан-жылға артып келеді.. Осы ретте қазіргі заман
мұғалімі- құзыретті мұғалім қандай болу
керек?
Қазіргі заман мұғалімі –
рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер
меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге
ұмтылатын шығармашыл тұлға - болуы тиіс.
Ал мұғалімнің кəсіби
құзіреттілігінің негізгі шарттары:
Тұлғааралық қарым-қатынасқа
түсе алатын, өз ортасында әріптестерімен кәсіби байланыс
қалыптастыра отырып, қызметтің экономикалық, əлеуметтік, құқықтық,
адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгерген, қызметті жаңа
жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы мол,
практикалық кəсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық əлеуеті бар,
нақты жағдайларға байланысты қандай да бір əдістерді пайдалану
біліктілігі, тиімді шешім қабылдау қабілеті
жетілген маман болуы
тиіс.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде
нәтижелі жұмыс жүргізу үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін
арттыра отырып, оқушылардың да ойлау, сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруда және мұғалім мен мұғалім, мұғалім мен оқушы
арасындағы тиімді кері байланысты қалыптастыру мақсатында қандай
мүмкіндіктерді баса назарға ұстасам болады, – деп ойлана келе,
мұғалімнің құзыреттілігін арттыруда, бірлескен жұмыс жасауда, оқушы
мен мұғалім арасында тиімді кері байланыс
орнатуда Lesson
Study зерттеу жұмысын жүргізудің
тиімділігін аңғардым.
Себебі, Lesson Study
тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған
мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі, бірлесіп жоспарлау,
бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз ұжымда оқыту туралы
бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту
аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson
Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның
нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты
өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге
өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін нәрселерді аңғаруымызға
түрткі болады (Lesson Study: нұсқаулық. Пит
Дадли. 5-бет).
Lesson Study- ді алғаш қолға
алуымыз COVID-19 ауруының таралуына байланысты елімізде төтенше
жағдай жарияланып, қашықтықтан оқыту кезеңі басталған кезге тура
келді. Зерттеуді бастамас бұрын деңгейлік курстан өткен
мұғалімдермен ақылдаса отырып, 7 сыныптағы физика пәнінен сабақты
зерттеу үдерісін жүргізу үшін Lesson Study тобын құрдық. Топ
мүшелеріне оқушылардың іс-әрекетін зерттеу, А, В, С деңгейлі
оқушыларды анықтап, олармен тиімді жұмыс жүргізуді қадағалауды
тапсырдым. 4 мұғалім топқа мүше болды. Оның 1-і сабақ өтті, ал
қалған 3 мұғалім А, В, С деңгейлі оқушыларды анықтап, сол
оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін бақылап, зерттеп, талдау жасап,
олардың қаншалықты өзгергендігі жөнінде мағлұмат берді. Бұл
үдерісті қашықтықтан оқытуға байланысты ватсап желісі арқылы
жүргізгендіктен топ мүшелері мүмкіндігінше әрекет етті. Дегенмен
қашықтықтан оқыту кезінде Lesson Study –ді өткізу қиын екенін біліп
отырсам да топ мүшелеріне осы жұмысты орындауды тапсырдым. Себебі
оларға сенім арта отырып, ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасауға
бағыттадым. Олар бір-бірімен ақылдасып, проблеманы шешу жолдарын
қарастырды, әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылармен кері
байланысқа түсіп, нәтижеге жету жолында бірлесе жұмыс
жасады.
Алайда зерттелген оқушылардың
жұмыстары қашықтықтан оқытуға байланысты мұғалімнің көз алдында
болмағандықтан шынайылығына көз жеткізу мүмкін емес еді. Сондықтан
да алдағы уақытта бұл жұмысты басқа қырынан да байқап көруді мақсат
еттім. 2020-2021 оқу жылын дәстүрлі түрде оқытуымызға байланысты
мақсатымды жүзеге асырудың сәті туды. Барлық мүмкіндіктерді
қарастыра отырып, әр пән мұғаліміне Lesson Study зерттеу сабағын
өткізуді тапсырдым. Нәтижесінде ұжымда бірлескен жұмыс қалыптасты,
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, өз ойларын еркін
жеткізуге мүмкіндік болды. Сонымен қатар мұғалімдердің де
бір-бірінің сабағына қатысу мүскіндіктері ашылып, әріптестерінің
жұмысына деген қызығушылығы артты, ізденісі күшейді. Қашықтықтан
оқыту кезіндегі сабақты зерттеу әрекетіне қарағанда дәстүрлі оқыту
кезіндегі зерттеу әдісі әлдеқайда тиімді әрі сапалы
жүргізілетіндігіне көз жеткізді.
Бір мұғалімнің сабақтарына 2
апта бойы қатысып, оларды бақылап, кері байланыс ұсынып отырса,
кейбір мұғалімдер 20 жылда үйренетін білімге тең келетін білім
алады, - деген А. Алимовтың сөзін еске ала
отырып, Lesson Study
мұғалімдерге бір-бірінен
үйренуге жағдай жасайтынын байқадым. Бірігіп жұмыс жасау, сабақты
бірге жоспарлау, бір-бірінің сыныбын зерттеу арқылы мұғалімдер
бір-бірінің жұмыстарын жетілдіруге көмектеседі. Мұғалім мен оқушы,
мұғалім мен мұғалім арасындағы кері байланыс артады, мұғалімде де
және оқушыда да рефлексия қалыптасады, - деген ойға
келдім.
Көптеген мектептерде
педагогикалық ұжымның пікірлес, ниеттес ұжым ретінде
қалыптаспағандығы мектептің дамуына кедергі келтіретіні белгілі.
Осындай кедергілерді жоя отырып, ұжымның ынтымақтаса жұмыс
жасауына, бірлескен орта қалыптастыруына, педагогикалық ұжымда
шығармашылық белсенділік ахуалын құруда, шығармашыл-ізденімпаз топ
қалыптастыруда Lesson
Study зерттеу жұмысын көбірек
ұйымдастырудың мол пайдасы тиетіндігін
байқадым.
Сондықтан да өзім басқарып
отырған мектепте Lesson
Study зерттеу жұмысын үнемі жүргізіп
отыруды жұмысымның бір бөлшегіне айналдыруды өзіме мақсат етіп
қойдым.
Юсупова Актуйгын
Кабылбаевна.
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы
№254 негізгі орта мектеп
директоры.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Басшыға арналған нұсқаулық.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік
орталығы, 2017 жыл.
-
Үлестірме материалдар.
3-апта.
-
Мектептегі тәжірибе кезеңінде
орындауға арналған тапсырмалар.НЗМ. ДББҰ. ПШО.
2017ж
-
Lesson Study: нұсқаулық. Пит
Дадли.
-
Интернет
ресурстары.