400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа өткізілген «Lesson study» зерттеу сабағының рефлексивті есебі туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

И.Тайманов атындағы орта мектебінің

6 «А» сыныбында қазақ тілінен өткізілген Lesson Study сабағы бойынша

рефлексивті есеп


2023 жылдың 8 желтоқсанында 6 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен "Тарихи тұлғалар" тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау; көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. Мен әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқа аса үлкен мән беремін. Дұрыс қойылған мақсат қана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады.

«Әдемі ойлай және демала біл» ұйымдастыру жаттығуынан кейін үй тапсырмасы тексерілді.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында «Ұяшықты таңда»(Wordwall тапсырмалары) тәсілі арқылы оқушылар ұяшық таңдап, жасырылған сұраққа жауап берді және жауаптарына қарай бағаланды.

Оқушылардан «Тұлға» деген сөздің синонимін табу сұралды, экраннан Абылай ханның, Ш.Уәлихановтың, А.Байтұрсыновтың, Қ.Сәтбаевтың суреттері көрсетілді. Оқушылар суреттердегі кім екенін анықтап, олардың тарихымызда белгілі адамдар екенін айтты. Сөйтіп «Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы «Тарихи тұлғалар» екені анықталды. Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылды.

1-тапсырма – жұптық жұмыс орындау, суреттердегі тарихи тұлғалар туралы энциклопедия, газет-журналдардан ақпарат тауып, диалог құру.

1-топ оқушылары – Абылай хан, 2-топ оқушылары – Ш.Уәлиханов, 3-топ оқушылары – А.Байтұрсынов, 4-топ оқушылары – Қ.Сәтбаев туралы жұптасып диалог құрып жазды.

2-тапсырмада жеке жұмыс орындады. Көнерген сөздерді мағынасына қарай орналастырып, ережеге сүйеніп дәлелдеді. Кестеге тарихи сөздер мен архаизмдерді топтап жазды.

3-тапсырмада «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша 1-топ – «Хан», 2-топ – «Тұлға», 3-топ – «Тарих», 4-топ – «Халық» деген тақырыптарға бес жол өлең құрап жазды. Бұл тапсырма топпен орындауға берілгендіктен, топ оқушылары бес жолды өлеңді бірігіп құрды.

Сабақ соңында «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алдым.

Оқушылар бір ауыз сөзбен: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп берді.

Мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге ала отырып, сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларды тізбектесек, бұл – мұғалімнің балалардың қалай оқитынын түсінуі, нені оқыту керектігін түсінуі, оқу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы, оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндіктерін игеруі. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана берілген материалдар толық меңгеріледі. Мұғалім оқушылардың не білетінін, нені және қалай жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырысуы керек. Осы аталған нұсқаулықты негізге ала отырып, сабақты нақтылап, жоспарладым. Сабақ үрдісінде оқушылар топпен, жұпта және жеке де жұмыс түрлерін орындады. Тақтаға әр топтағы оқушылар тізімі ілініп, тапсырма орындаған оқушылар өздерінің тұсына смайлик жапсырып отырды. Жалпы берілген тапсырмаларды орындауға сыныптағы оқушылар түгел дерлік атсалысты. Тапсырма орындамай қалған оқушы болмады.

Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 6 «А» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алынды. Олардың деңгейлері әртүрлі: Алпамысова Еркеназым – оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Нәсіп Ақмерей – оқу үлгерімінің деңгейі орта, Жоламан Ахмет – оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.

Сабақты талқылау барысында озат оқушы Алпамысова Еркеназымнан күткен үмітіміз ақталды. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Орта деңгейдегі оқушы Нәсіп Ақмерейдің сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз орындалды. Топтық жұмыс бұл оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Постер жасауда ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Жоламан Ахмет сабақ барысында сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы орындауға ұмтылып отырды.




Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын Жанэль, Еркеназым, Айкөркем, Зерде, Мейіржан сияқты оқушылар болды. Олар өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті.


Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салуда диалогтік оқыту басты рөл атқарады. Мен сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді, әрі қызықты өтті. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар керекті ақпараттарды меңгерді.

Сабақтың сәтсіз тұстары – уақыттың жетпей қалуы (рефлексия, кері байланыста)
Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі, мақсатына жетуі.
Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: критериалды бағалауды әрбір сабаққа енгізу, қолайлы әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану.






Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтжанова Галия Ерсаиновна


8 желтоқсан 2023 жыл





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
17.02.2024
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі