Материалдар / Lesson Study зерттеу сабағындағы А оқушыға рефлексивті есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Lesson Study зерттеу сабағындағы А оқушыға рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептердегі мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
4497
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Lesson Study зерттеу сабағын рефлексивті есеп


Информатика пәнінен өткен іс әрекетті зерттеу сабағы кезіндегі алты кезеңнен тұрған А оқушының талдау


Бақылаушы информатика пәнінің мұғалімі Оралова А.С.

«Ақпараттық жүйелерді меңгеруде алгоритм құру әдісін қолдану» зеттеу тақырыбы бойынша 7 ә сыныбы алынып, информатика пәнінен тізбектелген зерттеу сабағы өтілді. Зерттеу сабағы алты кезеңнен тұрды. Жоғарғы деңгейіндегі А оқушы ретінде осы сыныптағы Кеңес Ербол таңдалып алынды.

Сабақты зерттеу мақсатым А оқушының сабаққа деген ынтасын, алгоритмдік ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын, топтық жұмыстағы іс – әрекеті, өз –өзіне сенмі, АКТ-сымен жұмыс істеу дағдыларын анықтау болды.


Сабаққа қызығушылығы және белсенділігі (1-2 диаграмма)

Зерттеу сабағының бірінші сабағындағы А оқушының іс әрекетін бақылап отырдым.

А оқушы тапсырма орындауда жылдам және дұрыс орындады. Еркін мұғаліммен диалогке түсе алды. Сұрақтарға жауап беруде қиналмады, кей жағдайда асығыстықпен ойын толық жеткізе алмады. Бірақта сабақты түсінгенін орындаған тапсырмаларынан көруге болады. Атап айтсақ, вирустан қорғау алгоритмін дұрыс құрастыра алған. Осыған қарағанда, алгоритмдік ойлау деңгейі жақсы деуге болады.

Бірінші сабақтан байқағаным А оқушының сабаққа деген қызығушылығы және ынтасы өте жақсы. Тапсырма көбірек болғанды және қызықты әдіс тәсілдің сабақта жиі болғанын ұнатады. Тапсырма орындағанда еш қиналмайтынын байқадым.


Алгоритмдік ойлау және ойлау дағдысының дамуы 3-4 диаграмма

Төртінші сабақ кезеңдегі «Мәліметтер типтері» тақырыпта сабақ өтті, математика пәнімен байланыстағы сабақ. Оқушының алгоритмдік ойлау стильі осы сабақта нақты көрініс табады.

Осы пәнаралық байланысты негізге ала отырып, А оқушыдан жақсы нәтиже күтілді:

Мәліметтер типтерін еркін меңгере алды, оған себеп математикалық қабілеті және алған білімін информатикадағы зерттеу сабағында қолдана алғандығы.

Сабақта белсенді болды, топ мүшелеріне көмек көрсеті.

Алгоритмдік ойлау дағыдысының дамығаны осы сабақта нақты көрінді.

Алған ақпаратты өмірмен байланыстра алатыны көрініп тұрды.


Бесінші сабақ кезеңінде информатика курысы бойынша қиын тақырыптардың бірі ол программалау тілдері «Сызықтық алгоритмді программалау» тақырыбында сабақ өтті. Осы тақырыпта оқушылардың алгоритмдік ойлауын, алгоритмдік ойлау дағыдысының қандай деңгейде екенін айқын көруге болатын тақырыптар.

А оқушы бұл тақырыпта еш қиналмастан программа құруды еркін меңгерді. Алгоритмін құра отырып, логикалық ойлау қабілетінің жақсы дамығандығынан үш есепке программа құрып үлгерді.









Топпен жұмысты ұнатпайтындығын байқадым. Сабақ барысын да логикасын дамытатын, жүйелі тапсырма беру, топтық жұмыс кезінде бірлесе орындау керектігі ұсынылады.

Екінші сабақ кезең бойынша А оқушыдан төмендегідей іс әрекетін байқадым:

Үй тапсырмасын тексеру барысындағы сұрақтарға толық жауап бере алады. МsExcel программасының теориясын толық меңгеріп, компьютерде жұмыс істеу алгоритмін жақсы білетінін байқадым. Алдынғы сабақта топтық жұмыста топ мүшелерімен қарым қатынасқа түсе алмаған еді, осы сабаққта топ басшылық қызметін және топ мүшелеріне көмек көрсетіп отырды. Топтық жұмысты қорғауда жоғарғы деңгейде қорғады және топ мүшелеріде сабақты меңгергенін байқадым. Кері байланыс кезінде өз ойын еркін жеткізе алды. Бірінші сабақпен салыстырсам А оқушыда топпен жұмыс жасағанын, көмек бергенін байқадым.

Үшінші сабақ кезінде түсіндіру, сұрақ-жауап (диалогтік оқыту), ауызша, жазбаша жұмыстар (қалай оқу керектігін үйрету), топтағы белсенді әрекетті дамыту үшін (сыни тұрғыдан ойлау), түсіндіру (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану), бақылау (оқыту үшін  бағалау және   оқуды бағалау) әдіс-тәсілдерін қолданды.  Негізінен сабақ барысындағы тапсырмалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға  бағытталған болғандықтан  оқушылар компьютер арқылы жеке тапсырмалар орындау барысында талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алды. Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік берілді. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. А оқушы-дарынды, сабаққа жақсы ықыласпен, жаңа білім аламын деп әрқашан да ынталанып отырады. Өзіндік бағалауы орташа, нақты ойлау қабілеті жоғары.


Топ мүшелеріне көмек бере алды. Программа құру кезеңдерін толық меңгеріп, есептің нәтижесін шығарып отырды. Сабаққа қызығушылығы артты.

Алтыншы сабақ кезең. Lesson Study зерттеу сабағының соңғы кезеңі.

6- сабақ қазіргі кездегі ең бір сұраныстағы копьютерлік графиканың бір саласы. «Үшөлшемді моделдермен жұмыс» тақырыбы қызықты , ауқымды тақырып. А оқушының сурет салу қабілеті жақсы болғандықтан, сабақты қызыға тапсырмаларды орындады. Тақырыпты тез арада жақсы меңгерді. Сабақтың әр кезеңінде белсенді, жылдам, алгоритмдік жағын ойлай отырып, үлкен нәтижеге қол жеткізді. Сынып бойынша ең жоғарғы балл жинады.

Қорта келгенде, А деңгейіндегі оқушымның тапсырмаға деген  ынтасы өте жақсы, кез келген уақытта өзін сенімді сезінеді. Әр кез алдыңғы орында, шапшаң жылдам қозғалады, топтық жұмыста топтағы достарымен жақсы тіл табысады. Тобын алға алып шығуға талпыныс жасап отырады, жинақы, сабырлық сақтай отырып, қарсылас топтарын да тыңдайды, балалармен өз ойымен бөлісіп ғана қоймай, достарының сабаққа қатынасуына да мүмкіндік бере отырып, топпен ынтымақта жұмыс істей біледі. Өзін топ басшы ретінде сезінеді. Логикасы дамыған дарынды оқушы..


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!