Материалдар / «Lesson Study» зерттеу сабақтарының тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Lesson Study» зерттеу сабақтарының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педогогикалық тәсіл.Оған жоспарлау,оқыту,қадағалау,оқыту мен оқуды талдау,өз қорытындыларын тұжырымдап,құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.Осындай үдеріс бойынша мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған зерттеу тобының жұмысымен бөліскенді жөн көрдім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Шілде 2024
164
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Lesson Study» зерттеу сабақтарының тиімділігі



Қазіргі заман талабына сай әр педогог үшін өз білімін шыңдау,дамыту басты мақсат болып табылады.Себебі,білім бір орнында тұрмайды,ол үздіксіз дамып отырады.Әр күн сайын біз жаңа ашылулар мен жаңалықтар оқып.ізденістер жолындамыз. Сол жаңаша тәсілдердің бірі Lesson Study зерттеу сабақтары. Lesson Study- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педогогикалық тәсіл.Оған жоспарлау,оқыту,қадағалау,оқыту мен оқуды талдау,өз қорытындыларын тұжырымдап,құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.Осындай үдеріс бойынша мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған зерттеу тобының жұмысымен бөліскенді жөн көрдім.Бастауыш сынып мұғалімдерінен «Өрлеу»зерттеу тобы құралып,фокус тобының зерттеуі :«Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда оқытудың интербелсенді әдіс- тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбы бойынша жүргізілді.Зерттеу тобының 3 айналымға бөлінген жұмысы жоспарланып,бекітілді. Таңдалып алынған 4 «Б» сыныбы ,жетекшісі:Горькина Салтанат. Топ мүп мүшелері атқаратын қызметтеріне тағайындалды: «А»тобы оқушысын зерттеуші ,«В» тобы оқушысын зерттеуші ,«С»тобы оқушысын зерттеуші ,байланыс картасы,уақыт белдеуі,интервью алушы,топ модераторы болып Кулекешова Гулзинат белгіленді.Осы зерттеу тобындағы мұғалімдерге тағайындалған зарттеу жұмыстарын жоспарлау бойынша отырыстар өткізілді.Таңдап алынған пәндер:қазақ тілі,әдебиеттік оқу,орыс тілі ,ағылшын тілі пәндері болды.Зерттеуге алынған сынып оқушыларының деңгейін анықтай отырып «А», «В», «С» деңгейіндегі зерттелетін оқушылар таңдап алынды. Зерттеу тобының әрбір отырысы жоспарлы өткізілетін сабақты жоспарлау интербелсенді әдістерді қолдану,сабақтың уақытын белгілеу басты мақсаттардың бірі болды.Топ мүшелері бірігіп сабақты жоспарлап сабақ өткізетін пән мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатты.Сабақтың тақырыбы,құрылымы талданып ,қолданылатын әдістің әр деңгейдегі оқушының жаңа тақырыпты ұғынуына мүмкіндік болатындай жоспарлауды көздедік.Сабақ барысында жеке жұмыс,топтық жұмыс,жұптық тапсырмаларды орындауды жүзеге асыруға қолайлы тапсырмаларды қолдану жолдары да жіті қаралды.Осындай әр топ мүшелерінің өн бойынан өткен жоспарлау сыныпқа сабақ өткізетін мұғалімге де,зерттеуді жүргізетін топ мүшелеріне тиімді болды. Жоспарлы сабақты өткізер алдында білім алушылардың бүгінгі сабақ қандай деңгейде,қалай өтеді,сабақтан не күтесіз?сауалдары арқылы интервью алынып,оқушы ойы сұралып кесеге толтырылды.Сабақ кезінде оқушылардың сабақ барысындағы әрбір жауаптары,жасалған жұмыстары ,мұғалімнің топпен әрекеті байланыс картасына түсірілді. Байланыс картасы арқылы сынып оқушыларының қандай деңгейде сабаққа қатынысқандығы,белсенді бола алмаған оқушылар да анық білуге болатын сызба. «А», «В», «С» деңгейіндегі оқушыларды зерттеуші мұғалімдер оқушының әрбір жауабын,сабақ барысындағы әрекетін,сабақты қаншалықты қабылдай алғандығын,жұптық,топтық,жеке жұмыстарды орындау кезіндегі белсенділігін арнайы парақшаға толтырыр отырды.Бұл жазбалар арқылы осы деңгейдегі оқушыға қандай тапсырмалар берсек, қандай әдістер түрін қолдансақ оқушы белсенділігі артады деген сұрақтың жауабын тауып келдік.Алдағы жоспарға өзгерістер енгізу өткізілген сабақтың нәтижесінен көрініп-ақ тұрды. Сабақ соңында да білім алушылардан , «А», «В», «С» зерттелуші оқушылардан сабақтан алған әсерлері туралы сауалдар алынып,талдаулар жасалды.Пән мұғалімінен кері байланыс алынып,жоспарлы сабақтың жүзеге асуындағы артықшылықтары мен кемшіліктері айтылды.

Осындай жоспарлы сабақтар нәтижесі оң болып сынып оқушыларының біріккен жұмыстары ,оқу жетістіктері артып «А», «В», «С» деңгейіндегі оқушылардың белсенділігі арта түсіп интербелсенді әдістертің тиімділігі болғанына топ мүшелері болып көз жеткіздік. Сабақты зерттеу,яғни Lesson Study сабақтары,сол сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігі өте зор.Бұл сыныптағы іс-әрекетті бақылаудың,зерттеудің ерекше түрі.Білім алушылар үшін де мұғалімдер үшін де тиімді зерттеу сабағы деп білемін.



Атырау қаласы.

42 Нұрлан Балғымбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:Кулекешова Гулзинат Тилековна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!