Материалдар / Лизингтік бизнесті ұйымдастыру және жетілдіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лизингтік бизнесті ұйымдастыру және жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемнің көптеген елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
53
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Пәні: Кәсіпкерлік

Тақырыбы: «Лизингтік бизнесті ұйымдастыру және жетілдіру»















Орындаған:

Тексерген:

















Орал


Мазмұны:


Мазмұны............................................................................................................2-бет

Кіріспе...................................................................................................................3-бет


I. ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


1.1. Лизингтік бизнестің негізгі түсініктері...................................................................................................4-7 беттер


1.2. Лизинг және лизинглік мәмілелер................................................7-16 беттер


1.3. Лизинг және лизингілік операциялар түрлері.......................16-19 беттер


1.4. Лизингілік операцияларды ұйымдастыру және оларды жүргізу

техникасы................................................................................................19-26 беттер


1.5. Лизингтің даму проблемалары....................................................26-37 беттер


Қорытынды.....................................................................................................38-бет


Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................39-бет
























Кіріспе 


Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында  көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып , құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі – «лизинг» терминінің  кең орын алуы.

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң: икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай, өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни, белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрыңғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда, олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.

Өз  қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін  кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі : Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )

Жалға алу.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алу қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға  келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда  туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.

Осыған  сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру болып табылады.     












      I. ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


1.1. Лизингтік бизнестің негізгі түсініктері


Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.

Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді сатып алуға, күрделі қаржы жұмсамай пайдалануға болады. Яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т.б. сатып алуға болады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындарының тұрақты дамуына қажет ететін едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлік үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады. Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторының бірі бола алады.

Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шарттарына өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі сатып алынады. Сонымен бірге лизингілік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингілік қызметтің дамуына және қалыптасуына әсерлерін тигізіп, ұлттық шекарадан шығуда.

Лизинг біздің елде 1989 жылы банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған «Прокат (ежіре) және лизинг 95» жүйесінде прокатты және лизннгті дамытудың мақсатты бес жылдық бағдарламасын іске асыратын алғашкы лизингілік құрылымдар пайда болды. Бұлар лизингілік операцияларды іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингілік фирмалар болды.

Лизингілік бизнесті қалыптастыру және дамыту, ең алдымен, өндірісті және оның реконструкциясын кеңейтумен айналысатын қызмет етуші кәсіпорын үшін маңызды орынға ие. Әсіресе, моральды және физикалық жағынан ескірген негізгі қорларды пайдаланатын, сонымен ресурс сыйымдылықты технологияны қолданатын кәсіпорындар үшін маңызды. Оларды лизингтің осы мақсатта пайдалану іс-әрекетін қондырғыны модернизациялауды іске асыруға, өндірістің техникалық деңгейін көтеруге, машиналар паркін және басқа да өнімді тасымалдау үшін жылжитын құралдарды лизингілік мәміленің негізінде қолдану кезінде лизингілік операциялардың элементтері мен мазмұны ашылады.

Лизинг түрлерінің классификациясында және лизингілік үрдісті ұйымдастыру схемасында лизингілік келісімшарттың мазмұны және лизингілік мәмілені рәсімдеу тәртібі қарастырылады. Лизинг субъектілерінің құқықтық жағдайына және оның келісімшарттарында көрсетілу жағдайына сипаттама беріледі. Негізгі қорлардың және ұзақ мерзімді салымдардың, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік жазулар беріледі.

Шаруашылықтың инновациялық түрлерінің бірі саналатын лизинг жүйесі шетелдік техникалық потенциалды қолдану және оны жергілікті өндіріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдай елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық потенциалды қалыптастыру мен дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашады. Қазіргі таңда ел экономикасын иниовациялық даму жолына өткізу мәселесі технология мен еңбек қатынастарын үйлестіру және басқару саласына жаңалықтар енгізу арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Сол себептен, отандық өндірісті дамытудағы инновациялық фактордың рөлін күшейту үшін кәсіпорындарды түбегейлі жаңартуға және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін лизингті қайта құру тетігі қолданылу қажет.

Лизинг бизнесі кәсіпкерлік кызметтің ерекше саласына жатады. Лизинг шетелдерде кең тараған. Ол қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан, ресурстармен және кадрлармен, тағы басқалармен қамтамасыз ету жөнінде қолдау жасалған жағдайда лизинг қызметі экономиканы техникалық қайта жарақтандыру мен құрылымдық жағынан қайта құруда, инвестициялық үрдісті күшейтуде, лизинг бойынша жалға алушы кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда, сондай-ақ шағын және орташа бизнес субъектілерінің бәсекелестік қабілетін арттыруда қуатты демеуші бола алады.

Лизингтік бизнестің Қазақстанның экономикасында қолданылу мүмкіндігі мынадай себептерге байланысты:

- барлық сала кәсіпорындарындағы моральдық және жарамдылығы жағынан ескірген негізгі қорларды ауыстыру қажеттігі және республикада машиналар мен жабдықтар шығаратын өндірістің жоқтығы;

- мемлекеттің жоғары технологиялық жабдықтар шығаратын салаға жұмсайтын қаржысының болмауы;

- кәсіпорындардың республикадан тыс жерлерден жаңа технологиялар сатып аларлық қаржысының жоқтығы;

- банк несиелері жоғары ставкамен және қысқа мерзімге берілетіндіктен ол қаржыға машиналар мен жабдықтар сатып алудың мүмкін еместігі;

- өндірісті техникалық және технологиялық жағынан жаңартудың құралы ретінде лизингті дамыту және мемлекеттік қолдау мақсатында 1995 жылғы 29 сәуірде Министрлер кабинетінің 599 қаулысымен Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет жанынан лизинг жөніндегі департамент құрылды.

Лизинг дегеніміз – қаржылық жалдау бойынша жалға алушының мүлікке деген қысқа және ұзақ мерзімдік қажетін жалға берушінің есебінен қаржыландыру жөніндегі операциялар. Ол меншік иесінің мүлікті иелену және пайдалану немесе тек қана пайдалану құқығын шартты негізде лизинг бойынша жалға берушіде сақталып қалады. Бұлайша түсіндіру «лизинг» жалдаудың бір түрі деген анықтамамен үйлеспейтінін білдіреді. Өйткені лизинг құқықтық, мүліктік және қаржы қатынастарының жиынтығы, ал жалдау сол қатынастардың құрамдас бөлігі ғана.

«Лизинг» ұғымын құрайтын жоғарыда аталған қатынастар жиынтығы қазіргі қолданыстағы заңдармен толық реттелмеген. Сондықтан республикада лизингтің дамуы үшін салық, кеден, қамсыздандыру заңдарына және басқа заң актілеріне өзгерістер енгізу қажет. Лизингтің артықшылығы осындай операцияларға қатысушылардың әрекет-қарекеті нақты белгіленген дәйекті құқықтық негіз болғанда ғана жүзеге асады. Сонымен бірге лизинг, негізінен, инвестицияларды қаржыландыруға арналғандықтан, заңдарда нивесторларға инвестициялық жеңілдіктер көзделуі тиіс.

Лизингті инвестиция салудың бір жолы ретінде дамуына төлем жасамау мәселелері кедергі келтіреді. Мұнда жағдайдың сақталуы инвестициялық белсенділіктің арту мүмкіндігін жоққа шығарады. Инвестиция жасаудың қандай әдісі қолданылса да, капитал салуда тәуекел деңгейінің жоғары жағдайында несиемен де, лизингпен де, пайданы қайыра инвестициялаумен де инвестициялық белсенділікті еселеуге болмайды. Бұл мәселені факторинг механизмі арқылы кәсіпорынның дебиторлық қарызын фактор-фирмалардың сатып алуы арқылы шешуге болады. Ондай фирмалар рөлін инвестициялық жекешелендіру қорлары атқара алар еді.

Лизингтің жоғарыда аталған дәстүрлі түрлері көлік қатынасы, әсіресе, авиация мен темір жолда, құрылыс, жол салу, тұрмыстық қызмет, агроөнеркәсіптік кешен салаларында мейлінше жылдамырақ дамиды. Қазақстанның қазіргі дамуындағы нақты экономикалық жағдай, жекешелендірудің барысы мен мемлекеттік мүлікті басқарудың үлгісі ретінде пайдалануды мүмкін етіп, соған жол ашады.

Шағын жекешелендіру барысында жасалған талдау көрсеткендей, халықта және жекеменшік секторда қаржының болмауы себепті аукциондарға шығарылған кәсіпорындар нашар өтуде. Сондықтан екі аукционға ұсынылып, онда өтпей қалған нысандарды олардың бағасын кемітпей, құнын кейін төлейтіндей етіп сатуға болар еді және мәні жағынан бұл да лизингтің түрі болып табылады.

Мемлекет меншік үлесін, акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін, иелену құқығн Мемлекеттік мүлікті басқару жөнінде мемлекеттік комитет арқылы басқа тұлғаға жалға беруіне болады. Мұндай жағдайда тек шетелдік қана емес, отандық кәсіпкерлік құрылымдар да мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құқығын ала алады. Сонда жекеменшік сектордың қаржысы коммерциялық айналымнан өндірістік салаға ауысады. Қорытып айтқанда, біздің Республика жағдайында лизингтің пайдасы зор. Егер оның дәстүрлі емес түрлері де қоса қарастырылса, болашағы тіпті кеңейе түспек.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шаруашылық етуші субъектілерге арналған практикалық ұсыныстарды оқу үрдісінде студенттер және оқытушылар әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.


1.2. Лизинг және лизинглік мәмілелер


Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне кетеді. Лизингілік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада XI ғ. қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат саналатын теңіз кемелерінің якорьлары сауда кемелерінің иелеріне жалға берілген.

«Лизинг» термині алғаш рет экономикалық лексиконға Батыс Еуропаның «Белл» телефондық компаниясының өз тұтынушыларына телефондық байланысты 1877 жылдан бастап қолданылуға енгізген. Бұл термин ағылшынның «Leasing» және «Lease» деген сөздерінен шыққан, яғни аударғанда «жалға беру» және «жалға алу» деген мағынаны білдіреді. Лизингтің мәні қозғалатын және қозғалмайтын мүліктердің белгілі бір түрлерін жалға алуға негізделген мәмілелердің жүзеге асырылуында айқындалады.

Лизинг негізінде XX ғасырдын ортасында көп тараған және дамыған. 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында АҚШ, Батыс Еуропа және Азия Тынық мұхиты аумағында, өзінің қызметі жағынан ерекше лизингілік компаниялар пайда бола бастады.

Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып алу арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі (көп жағдайларда лизинг мерзімі аяқ-талысымен) болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақ-ты құралдарының біріне айналды (құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі).

XX ғасырдың 60-жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алды-мен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ-пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазіргі кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады (өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60%-ға жетті). Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда. Батыс Еуропалық елдердегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.

Лизингтік құрылымның барлық жерде пайда болуы және оның қызметін кеңейту, лизингілік қызметтердің дүниежүзілік нарықтың қалыптасуына, экспорттық және импорттық лизингтің дамуына ықпалын тигізді. Қазіргі экономикада лизингілік бизнесті кеңейту үшін, оның рөлін жоғарылату үшін лизингілік құрылымның қызметінің координациялары және осы негізде лизингілік қызметтерді қамтуда халықаралық институттар пайда болды. Мысалы Еуропалық лизингілік қоғамның Брюсселдегі штаб пәтермен бірлестігі 20 шақты Еуропа елдерінің лизингілік ассоциациялары мен компанияларынан құралған.

1989 жылдан бастап ҚР-да басқа ТМД сияқты коммерциялық банкілер және қаржылық лизингілік компаниялар түрінде лизингілік құрылымдар ашыла бастады. Дегенмен лизингілік бизнестің шапшаң өсуі елде ҚР-ң тәуелсіздік алған жылдарында пайда болды. 1992 жылы елде лизингілік операциялармен айналысатын 120 коммерциялық банкілер және 20 лизингілік фирмалар болды. Барлық жерде пайда болған лизингілік бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсету үшін және оның дамуын ынталандыру мақсатында ҚР-ң Президентінің 24.04.95 жылы «Салықтармен басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы қабылданған. Онда лизингілік операцияларды іске асыру кезіндегі болатын салықтық жеңілдіктер шамасы қарастырылған.

1994 ж. қазан айында Республика Үкіметі «Азия-лизинг» атты мемлекеттік үлесі бар жабық акционерлік коғам түріндегі ұлттық лизинг компаниясын құру туралы қаулы қабылдап, 1995 ж. сәуір айында аталмыш компания аймақтық компанияға айналды. «Азия-лизинг» компаниясы шағын өндіріске, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерге, ғылым-сыйымды және капитал-сыйымды өндірістерге құрал-жабдық лизингі жобаларын қарастыру, заңды тұлғаларға лизингке автокөлік, компьютер және басқа да технологияларды ұсыну секілді көптеген қызметтерді көрсете бастады. 1995 ж. желтоқсан айында Республика Үкіметінің №185 «Лизинг негізінде ауылшаруашылық өнеркәсібін машина жасау саласының өнімдерімен қамтамасыз етуді шектеу туралы» қаулысымен «Аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі лизинг туралы ереже» бекітілді. Бұл құжат лизинг түсінігі, оның шарттары мен қызметі, лизинг объектісі мен субъектісі, лизинг келісімшарты, оған қатысатын жақтардың құқықтары мен міндеттемелері және лизинг төлемдерінің құрылымы сияқты ұғымдарды анықтайтын ең маңызды құжаттардың бірі болып саналады.

Лизинг кезінде салықтық жеңілдіктерді колдану елдегі лизингілік бизнестің дамуына және лизингілік мәмілелер көмегінің ұлғаюына ықпалын тигізді. Бұл лизингілік бизнестің масштабы бізде бар мүмкіншіліктермен салыстыру ескі республика жағдайында қолдану әлі жеткіліксіз. Мұның тағы бір себебі лизингілік мәселелерде шаруашылық субъектілердің біліксіздігі, олардың лизингілік операциялар ерекшеліктері және артықшылықтары жөнінде білімдерінің және оларды жүргізуде тәжірибенің жоқтығы болып табылады. Оларда лизинг экономиканы жиі қаржыландыру формасы ретінде қарастыратындықтан олар оның мәнін толық түсінбейді. Белгілі шамада инвестициялық қызметте лизингілік даму үрдісінде оларды кәсіпорынның технологиясын, негізгі қорларды жедел жаңартуда нақты мүмкіншіліктерден айыра отырып, оң ықпалын тигізеді.

Сол себептен лизингті қолдану саласындағы кемшіліктерді жоюға және оны Қазақстан Республикасында дамытуға қажетті шарттарды қамтамасыз ету мақсатында «1999-2001 жылдарға арналған лизингті дамыту бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарламада заңдық құқықтық шарттарды қалыптастыру, мемлекеттік қолдау жүйесін құру, лизингті дамытудың институционалдық негізін қалау сияқты басты мақсаттар белгіленді. Аталмыш бағдарламаны орындау барысында 2000 жылдың шілде айында ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңы қабылданып, елімізде лизингтің жан-жақты дамуына қажетті негіз қаланды.

Лизинг операцияларын тездету үрдісін мемлекет тарапынан ынталандыру мақсатында мынадай бірнеше құқықтық актілер: ҚР Премьер-министрінің 07.09.2000 ж. №115-р «ҚР заңдарын орындау», «Қаржылық лизинг», «Қазақстан Республи-касында лизинг мәселелері бойынша қабылданған кейбір құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы нұсқаулары және ҚР Үкіметінің 29.03.2001 ж. №405 «2001 жылы ауылшаруашылығында лизингті шектеу ережелерін бекіту» мен 03.05.2001 ж. №597 «Жылжымалы мүлік лизингі туралы келісімшартты мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту» туралы қаулылары қабылданды.

Лизингті дамыту үшін заңдық-құқықтық актілердің қабылдануы банкілер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан лизингтік компаниялардың арасында «Лизинг-центр» ЖШС, «Жалын-лизинг» ЖАҚ, «Спутник» ЖШС, «Алматы-техлизинг» ЖШС, «Алмаз Интернешнл Трейдинг компани» ЖАҚ, «Казтехлизинг» ОК, «Инвестлизинг» ААҚ, «Астана-инвест» ААҚ, «АГР-ЭВО» ОК, «Агро-лизинг» ЖАҚ, «Карагандинская лизинговая компания» ЖШС сияқты компанияларды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар «БТА-лизинг», «Валют-транзит Банк», «Алматинский торгово-финансовый банк», «Техака банк» және «Лариба банк» сынды банкілер де лизингтік қызметтерді ұсынады. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті. Бұл үрдісті келесі 21 кестеден көруге болады.

Кестедегі мәліметтерден лизингтік операциялар көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрылық жабдықтары және компъютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда. Бұл жағдай 6-кестеден айқын көрінеді.


Кесте 6. 2007-2010 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер

көлемі мен құрылымы (млн теңге)


Лизингтік қызметтер

2007

2008

2009

2010

Жеңіл автокөлік лизингі

49,7

54,1

81,4

188,3

Басқа да құрлықта жүретін көлік құралдарының лизингі

15,5

45,8

83,9

97,0

Кемелер лизингі

-

-

39,5

36,4

Ұшақтар лизингі

10,6

24,9

46,9

78,2

Ауылшаруашылығы машиналарының лизингі

4,0

40,0

27,1

917,6

Құрылыс жабдықтарының лизингі

48,8

1585,6

1804,6

3112,3

Компьютерлер лизингі

7,2

5,5

27,9

285,5

Басқа да құрылғылар мен жабдықтар лизингі

20,5

86,2

52,5

298,1

Басқа негізгі құралдар лизингі

5,4

3,1

1,9

1,9

Барлығы

161,7

1855,2

2165,8

5015,2


Кестедегі мәліметтерден лизингтік операциялардың басым көпшілігінің кәсіпорындардың өз есептерінен қаржыландырылып жатқандығы және бюджеттік қаржылар үлесінің айтарлықтай көп емес екендігі байқалады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2010 жылдарға арналған экономиканы дамыту бағдарламасы лизингтің арттыруын қарастырады.

Шаруашылық субъектілер лизингілік операцияларды жүзеге асыру техникасы мен әдістемесін және лизингілік мәмілелерді рәсімдеуге қандай құжаттар қажет екенін білулері керек. Лизинг өзінің пайда болған кезеңінен бастап іскерлік қатынастардың формасы ретінде шықты және ол шаруашылык ету тәжірибесімен бірге дамып келеді. Қазіргі уақытта бұл қарым-қатынастар, сауда арендалық мәмілелерді іске асыру кезінде пайда болатын мүліктік қарым-қатынастардың күрделі комплексін қамтиды. Бұл лизингті пайдалану шегінің кеңейтілгені жөнінде және оның экономикалық мазмұнының қиындағанын куәландырады.


Кесте 7. 2009-2010 жылдар аралығында сан-алуан меншік түрлеріндегі кәсіпорындар тарапынан көрсетілген

лизингтік қызметтер көлемі (млн теңге)


Кәсіпорын түрі

2009

2010

Шағын кәсіпорындар

353,4

1558,9

Орта кәсіпорындар

714,9

1315,9

Банкілердің үлесі бар компаниялар

748,3

1175,2

Сауда кәсіпорындары

346,3

346,4

Мемлекеттік кәсіпорындар

2,9

618,8

Статистикалық агенттіктің анықтама кітапшасы, 2010 ж.


Лизинг жөніндегі қазіргі түсініктер, ең алдымен, мүлікті уақытша пайдалануға беру, берілген мүлікті сату, сатып алуды іске асыру және зайымды рәсімдеу кезінде жасалынатын мүліктік арендалық келісімшарт сипатымен анықталады. Бұл келісімшарттардың жиынтығы лизингтің шынайы мәнін және оның формасының әр алуандығын білдіреді. Лизингілік қызмет нарығында іскерлік белсенділіктің жоғарылауы көбінесе лизингтің тиімділігімен байланысты. Бірақ бұл өз кезеңінде олар жөнінде шаруашылық субъектілердің білмегендігінен белгісіз болып қалады.

Лизингтің тиімділігі, пайдасы болып мыналар табылады:

- кәсіпорынның негізгі қорларының ликвидтігін сақтау және қондырғыны сатып алуда үлкен қаражаттарды жұмсамау және жалдық қаражаттар тартылмайды;

- кәсіпорын қаражаттарының капиталдық салымдарға бөлінуінің қажеттілігінің азаюы;

- есептеулер үшін тұрақты негіз, яғни жабдықты сатып алуға кеткен шығындарды келісімшарттың барлық мерзіміне біркелкі тарату. Аванстық төлемдер талап етілмейді;

- лизингілік төлемді өтеу кезінде лизингберуші мен лизингалушы өзара уақыты мен өлшемі туралы келісуге болады;

- лизингке алған қондырғыны пайдалану арқылы табылған пайдадан лизингілік төлемдер жасауға болады;

- негізгі қондырғыларға жеделдетілген амортизацияны қолдану мүмкіншілігі бар;

- баланстық артықшылықтар, яғни лизингілік төлемдер баланста ағымды

шығындар ретінде жүреді. Сонымен қатар бұл төлемдер елдің сыртқы қарыздарының көрсеткішіне есепке алынбайды;

- салықтық жеңілдіктер және инвестициялық ынталандыру;

- сақтандырудың тиімділігі;

- пайдаланушыға кепілдеме беру жөнінде талаптарының жоқтығы;

- пайдаланушының төлем қабілетсіздігінен зиян келтірудегі тәуекелін төмендету. Мұнда лизингілік мүліктің меншік иесі лизингберуші болып қалады. Лизингтің бұл барлық тиімділіктері жиынтығында лизингілік мәмілелерді іске асыруда лизингалушыға түрткі болатын себептер ретінде қызмет етеді. Бұл арқылы жалға алынған мүлік пайдаланылады. Мұндай мәмілеге лизингберушілер де қызығады. Егер олар коммерциялык банкілер болса, онда олардың тиімділігі банкілік капиталды пайдалану саласын кеңейтуде, өзінің қаражаттарын азғантай тәуекелмен орналастыруда, салықтық жеңілдіктер алуда және жабдықты өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнатуда көрінеді. Ал лизингілік компанияның тұлғасы ретінде лизингберуші үшін тиімділік мүлікті өткізу шеңберін кеңейту және қолма-қол ақша алудан құралады. Лизингілік мәмілелер келісімшартпен рәсімделеді, онда мәміленің объектісі, субъектісі, мүліктік жалдың мерзімі, құрамы, лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер көрсетіледі.

Мәміленің объектісіне – амортизацияға жататын, қозғалатын және козғалмайтын мүлік, сонымен қатар мүліктік құқықтар және акция пакеттері жатады. Акция пакеттерінің лизингі республика үкіметімен бекітілген жеке қағидамен белгіленеді. Нарықта еркін айналуға тыйым салынған мүліктер мәміленің объектісі болып табылмайды. Лизингілік мәміледе үш субъект қатысады. Олардың біріншісі болып мүлік иесі, яғни мүлікті лизингілік келісімнің шарттарына сәйкес пайдалануға беруші лизингберуші болып табылады. Лизингберуші жарғысында бұл қызмет түрі қарастырылған банк мекемелері; лизингілік операцияларды жүзеге асыру үшін арнайы құрылған қаржылық лизингілік компаниялар; (бұл компаниялардың негізгі және нақты жалғыз ғана қызметі болып мүліктің төлемі табылады, яғни мәмілені қаржыландыру); мамандандырылған лизингілік компаниялар (бұлар мәмілені қаржылық қамтамасыз етуге қосымша қаржылық түрге, қосымша қаржылық емес түрдегі қызметтер кешені де өз мойнына алады, яғни мүлікті жөндеу және оны күтіп ұстау, тозған бөліктерін ауыстыру, оны пайдалану жөнінде консультациялар және т.б.); кәсіпкерлік сферасы жарғысында тыйым салынбаған және қаржыландыру көздері бар және лизингілік операциялар жүргізуге лицензиясы бар кез келген фирма кәсіпорын бола алады.

Екінші қатысушы мүлікті пайдаланушы – лизингалушы. Ол меншік формасына байланыссыз кез келген заңды тұлға бола алады. Мемлекеттік кәсіпорындар, кооперативтер, кішігірім кәсіпорындар, акционерлік қоғам, серіктестік және т.б.

Лизингілік мәміленің үшінші қатысушысы лизингберуші. Лизингілік мәміледе субъектілердің өзара қарым-қатынастары келесі схема бойынша құрылады: болашақ лизингалушы, ол мүліктің белгілі бір түрін таңдап, тауар өндірушілермен келісіп, өзіне қажетті қондырғыны табады. Өзінің қаражатының аздығына байланысты, мүлікті пайдалану үшін болашақтағы лизинг берушіден өз қаржысымен лизингілік келісімшартқа қатысуын сұрайды. Бұл лизингберушінің қатысуы жабдықтаушыдан қондырғыны және мүлікті сатып алуында көрінеді және лизингалушы лизингілік келісімде көрсетілген шарттар бойынша мүлікті уақытша пайдалануға береді. Дәл осы жағдайда лизингберуші болып лизингілік компания табылады. Олар негізінен банкілер қарамағында және олардың акционерлік қоғамы қарсаңында құрылады. Өздерінің қызметін құрылтайшы құжаттарымен сәйкес орындайды. Олардың құрылтайшылары болып лизингілік бизнеске қатысатын басқа заңды және жеке тұлға да бола алады.

Лизингілік компаниялардың қызметі мәміленің объектісіне деген меншік құқығына байланысты дилерлік және брокерлік болып бөлінеді. Брокерлер мәміленің шарттарын орындау үрдісінде объектіге деген меншік құқығына ие болмайды. Олардың функциялары (қызметтері) мәмілені жасауға қажетті жақтардың (тараптардың) мәліметтері, мәміле бойынша консалтингалық қызмет көрсету және оның лизингілік сипатты мақұлдауы болып табылады.

Лизингілік келісімшартқа қатысатын брокерлер, жақтардың лизингілік мәміле шарттарына келіспеген жағдайда жауапкершілікті көтереді. Дилерлер мүлікті өзіндік қаржы немесе заемдық қаржы есебінен басқа біреуге лизингке беруге сатып алады және осы объектінің меншік иесі ретінде қатысады. Дилерлер объектіні үшінші тұлғадан қаржылық лизингтің шарттарына сәйкес алып, оны басқа шарттарға сәйкес лизингалушыға лизингке беретін компаниялар қызметімен теңестіреді. Өзінің тіркелген орнына байланысты лизингілік компаниялар ҚР-ң заңдарына сәйкес резидентті және резидентті емес болып бөлінеді. Олардың қызметі мемлекеттік органмен уәкілденген (мақұлданған) лицензия негізінде жүзеге асады. Лизингілік қызметті лицензиялау лизингілік компанияның кредиторлары мен клиенттерінің тәуекелін қысқарту мақсатымен зиян келтіретін бәсекелестерді жояды. Лицензияны лицензиялау шарты бұзылған жағдайда қайта шақырылады. Сонымен қатар ол компанияның келісімі бойынша төленбеген сомасы оның жылдық айналымы 10%-дан асса да қайта шақырылады. Өндірушілер лизингберушіге өздері өндірген қондырғыны лицензия алмай-ақ лизинг шартына сәйкес өткізе алады. Коммерциялық банкілер ұлттық банктен лицензия алғаннан кейін ғана лизингілік операциялар жүргізе алады. Басқа заңды тұлғалар лизингілік қызметті мемлекеттік органмен сендірілген бір жолғы лицензиямен бір жолғы келісімшарт түрінде жүзеге асырады.

Лицензияны алу тәртіптері және шарттары лизингілік қызметтерді лицензиялау жөніндегі жағдаймен белгіленеді. Лизингілік компаниялар өздерінің қызметін көпшілік түрде жүргізеді. Олар жыл сайын компанияның балансын жариялауға және тәуелсіз аудиторлармен тексерілген пайда мен шығынның шотын жариялауға міндетті.

Лизингілік компанияның төленген жарғы капиталы 100000 американдық долларға эквивалентті сомадан кем болмау керек. Олардың құрылтайшылары таза активтер мөлшерін жарғы капиталында жарияланған доллармен есептелінген мөлшерден кем емес екенін қолдауға міндетті.

Лизингілік компаниялар өзіндік және заемдық қаражаттардың қатынасын 1/5 кем емес қатынасында қолдауға міндетті. Егер олар қаражаттарды қолданса, онда өзіндік қаражаттан, жарияланған жарғылық капиталдың 1/10 бөлігі мөлшерінде резервтік қорды қалыптастырулары керек. Бұл үмітсіз қарыздарды жабу және жоғарыда көрсетілген мөлшерде таза активтердің көлемін (мөлшерін) қолдау үшін қажет. Резервтік қор ұлттық банкте сақталады және таза активтерді анықтағанда есепке алынбайды.

Мүлікті жалға алу бойынша лизингілік келісімшарттық мерзімнің ұзақтылығы, іс-әрекет уақыты бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, мәміленің, объектінің қызмет ету мерзімімен байланысты, яғни машиналар мен жабдықтардың амортизация кезеңімен байланысты. Бұл келісімшарттың іс-әрекет ету мерзімін анықтағанда мәліметтер үрдісінің динамикасы, саудалы капиталдар рыногындағы пайыздық ставкалар деңгейі және оның өсімінің бағасының төмендеу тенденциясы да ескеріледі. Осылай мүлікті жалға алу келісімшарты бір күннен 1 жылға (рентинг), 1 жылдан 3 жылға (хайринг) және 3 жылдан 20 жылға және одан көп мерзімге (лизинг) жасалынады. Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдер лизингілік төлемдер түрінде жүргізіледі. Соңғылары келісімшартпен лизингберушіге төленеді. Лизингілік мәмілені іске асыру кезінде жабдықты орнату және тасымалдау, консалтингалық қызметтер сақтандыру төлемдері-нен құралатын төлемдер төленетін тұлғалар қатысады. Бірақ бұл төлемдер лизингілік төлемдер болып табылмайды. Бұларға сонымен қатар лизингберушіге лизингалушының келісімшартты бұзғаны үшін төлейтін санкцияның айыппұл сомасы да кірмейді.

Лизингілік төлемдер осы берілген жабдықтарда өндірілген өнімдерді сатқаннан түскен түсімнен жүргізіледі. Бұл төлемдер тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар қарсы қызметтер және тауар түрінде толығымен немесе бөлек-бөлек төленеді.

Қаржылық жағдайға байланысты лизингберуші және лизингалушы алғашқы төлемдерінің мерзімін ұзарту жөнінде лизингілік төлемдерді өсіру және керісінше кеміту (азайту) аванстық төлемдер, лизинг мерзімінің соңында төлемдердің көлемін қысқарту жөнінде өзара келісе алады. Халықаралық лизингте лизингілік төлемдер келісімшартта көрсетілген шарттарға сәйкес кез келген валютамен жүргізіледі.

Лизингілік төлемдердің құрамына амортизация, лизинг берушінің мәмілені жүзеге асыруда тартқан ресурстар төлемі, лизингберушіге комиссиондық сый беру, сонымен қатар мәміле шарттарында қарастырылған лизингберушілердің трансакциондық шығындарды және басқа да шығындарды өтеу сомасы да кіреді. Республика заңдылығымен бекітілген тәртіпке сәйкес лизингалушының жүргізген лизингілік төлемдер өнімнің (қызмет) өзіндік құнына кіреді.

1. Лизингалушыға лизингілік мәмілелерді іске асыру үшін әр түрлі көп қызметтер көрсетіледі. Лизингберушіге көрсетілген бұл қызметтерге мыналар жатады: лизинг объектісін пайдалану, жеріне жеткізу, лизингке берілген жабдықтарды монтаждау және жүктеу, оның техникалық қызмет көрсетуін және ағымды жөндеу. Сонымен қатар мәмілелерді рәсімдеу бойынша консалтингалық қызметтер: салықтық жеңілдіктерді және лизингілік мүліктердің амортизациясын жеделдету механизмін қолдану, лизингілік мәмілелердің тәуекелдерін төмендету және олармен болған жоғалтуларды өтеу және т.б. лизингілік төлемдерді есептеу үшін есептеулердің ең қарапайым және кең тараған әдісін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілгендей лизингілік төлемдердің жалпы сомасы мынадай формуламен есептелінеді:

Лт = Ажаб + Тн + Тком + Тк , (3.1)

Ажаб – жабдыққа есептелінген амортизация сомасы;

Тн – тартылған несиелік ресурстар үшін төлемдер;

Тком – комиссиондык төлемдер мөлшері;

Тк – қосымша қызметтерге төлемдер; лизингілік төлемнің құрамына кіретін әрбір шығынның көлемі төмендегідей түрде есептеледі:

2. Жабдықтың (қондырғының) амортизациясы баланстық әдіспен есептелінеді немесе амортизациялық аударымның бірыңғай нормаларымен сәйкес бекітілген нормалар бойынша жеделдетілген амортизация әдісімен есептелінеді. Бұдан шығатын нәтиже бойынша амортизациялық аударымдар сомасын мына формуламен есептеуге болады:


(3.2)

Мұндағы:

Қ – жабдықтың баланстық құны

На – амортизациялық аударымдар нормасы

К – келісімшарттың іс-әрекет ету кезеңі.

3. Тартылған несиелік ресурстар төлемі (Тн)


(3.3)

Н – несиелік ресурстар көлемі (мөлшері)

Сн – несиені пайдаланғаны үшін ставка.

4. Несиелік ресурстардың мөлшері былай анықталады:


(3.4)

Кб, с – жабдықтың жыл басындағы (соңындағы) құны.

5. Комиссиондық төлемдер (Тком) мөлшері.


(3.5)

Ском – комиссиондық сыйақы төлеу ставкасы.

6. Банкінің қосымша қызметтерінің төлемдерінің есебі (Тқ)


Тқ = Шіс + Шк + Шж + Шб, (3.6)

Шіс – банк жұмысшыларының іс-сапар шығындары

Шк – қызметтерге кеткен шығындар

Шж – банкінің жарнамасына кеткен шығындар

Шб – басқа шығындар.

7. Лизингілік жарналар мөлшері төлемдердің мерзімділігіне
байланысты мынадай түрде анықталады:

А. Олардың жыл сайын төленуінде:


Лж = Лт : К, (3.7)


Б. Олардың әр квартал сайын төленуінде:


Лж = Лт : К :4, (3.8)


В. Олардың ай сайын төленуінде:


Лж = Лт : К :12. (3.9)


Лизингілік төлемдердің мөлшері және лизинг көрсетілген қызметтің әрбір түріне төленетін төлемдер мөлшері, көбінесе лизингтің нақты түріне, лизингілік операцияларға және таңдап алынған төлемдер формасына байланысты болатынын көрсету қажет.


1.3. Лизинг және лизингілік операциялар түрлері


Қазіргі уақытта лизингілік қызметтер рыногында лизинг көп түрлерге бөлінеді және осыған сәйкес көп жақты лизингілік операциялар жүзеге асырылуда. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингілік операцияларды (сурет 3) қызмет көрсету түріне қарай топтастыруға мүмкіндік береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеті бар және ол міндетті түрде лизингілік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде ескеріледі.

Тек осындай жағдаймен лизингілік операциялар нақты белгіге ие болады. Бұл берілген мәміленің мәнін алдын ала анықтауда және лизингалушы үшін оның потенциалды пайдасын сақтап қалуында маңызды рөл атқарады.

Лизингтің 10 шақты түрін жіктеу белгісіне сәйкес 2 негізгі түрге бөлуге болады:

  • қаржылық (капитализацияланған) лизинг;

  • оперативті (капитализацияланбаған) лизинг.










DrawObject1



























Сурет 3. Лизингілік қызметтер нарығындағы лизингтің түрлері


Қаржылық лизинг – бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын келісімшарт түрін, жабдықтық амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі: келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80%-ын құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингілікті өтеген жағдайда лизингілік келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20%-ын құрауы керек.

Қаржылық лизинг келісімінде лизингалушыға лизинг объектісін пайдалану құқығымен бірге көп жағдайда келісе сатып алу құқы беріледі. Сонымен бірге оған оны сатып алуға дейін келісімшарт бойынша мүлікке деген меншік құқығынан, артықшылықтар мен тәуекелдердің едәуір бөлігі де беріледі.

Бірақ бұл лизингалушыға тек мына төменде көрсетілгендердің беруіне қанағаттанса ғана беріледі:

- лизинг мерзімінің соңында лизингалушы меншік құқығын алады деген жеткілікті кепілдеме бар;

- бекітілген лизинг мерзімі лизинг пайдаланудан мүмкін болатын барлық экономикалық пайданы алуға мүмкіндік береді. Бұл пайданы одан оның барлық қызмет көрсету мерзімі барысында алуға болады. Әдеттегідей бұл жағдай лизинг мерзімінің ұзақтылығы осы мүліктің қызмет ету мерзімінің кем дегенде 75% құраған кезде болады;

- лизинг бойынша лизингберушіге төленетін сақтандыру, баж, мүліктің техникалық қызмет көрсетуіне төлемдер, консалтингтік қызмет және т.б. сомасыз минималды арендалық төлемдердің ағымды құны лизингке берілген мүліктің нарықтық құнына немесе 90%-ына тең болуы керек.

Осы жоғарыда айтылғандардың біреуіне жауап бермейтін лизингілік келісімдер идентификацияланады және оперативті лизинг болып саналады. Сонымен бірге лизингте мәміленің объектісі болып машиналар мен жабдықтың көп тараған, әйгілі түрлері табылады. Олар көбіне моральді тозу жағынан жоғары қарқынды болып келеді. Сондықтан лизингілік келісімшарттың мерзімі, мүліктің қызмет көрсетуінің экономикалық мерзіміне қарағанда едәуір қысқа болады. Бұл келісімшартты лизингалаушы кез келген уақытта бұза алады. Оперативті лизинг толық амортизацияны қарастырмайды және меншік құқығымен байланысты тәуекелдерді енгізеді. Лизингалушының жалға берілетін мүліктерді ұстау және оны иеленумен байланысты шығындар бір лизингілік келісімшарт барысындағы лизинглік төлемдермен өтелінбейді. Сондықтан ол бұл мүлікті бірнеше рет және сонымен бірге әр түрлі пайдаланушыларға уақытша пайдалануға беруге мәжбүр болады.

Оперативті келісімшарттардың қаржылық келісімшарттар-дан айырмашылығы проблемаларды несие алу арқылы шешуді ұйғармайды, ал инвестициялау арқылы қарастырылған лизингі-лік төлемдер мөлшерінің деңгейі қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады. Бұл мыналармен байланысты: лизингберуші машиналар мен жабдықтарды кейде оларды кім, қашан және қандай көлемде жалға алатынынын білмей алдын ала сатып алады. Сондықтан оның осы мақсатқа жұмсалған шығындардың қайтымдылығына толық кепілдемесі болмайды және өзінің лизингілік кызметінің бағасын көтеруге мәжбүр болады.

Оперативті лизинг кезінде лизингберушілердің өздері мәміленің объектісін сақтандырады. Олардың техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуді қамтамасыз етеді. Бұл өзінің мүлкінің қалдық құнын өтеу кезінде тәуекелді минимизациялауға мүмкіндік береді, ал мүліктің қалдық құны моральды тозуының кесірінен өсіп отыруы мүмкін және арендаторлар жағынан сұраныстың болмау себебінен де өсуі мүмкін.

Лизингалушы, сонымен бірге шығындарды болдырмауға ұмтылады. Бұл шығындар жалға алынған жабдықтарды, оның моральды тозуының тездетілуіне байланысты пайдаланғанда; онда өндірілген өнімнің бағасының төмендеуінен осы жабдықтың бұзылуынан тұрып қалу мен жөндеуден болған өндірістік емес шығындардың көбеюінен болады. Сондықтан егер жалға алынған жабдықты пайдаланудан түскен пайда оның бастапқы құнын өтемесе, ол оперативті лизингті қалайды. Сонымен бірге жаңа жабдықтарды бір рет пайдалану үшін және маусымдық жұмыстарды орындау үшін қысқа мерзімге жалға берілген жағдайда да ол оперативті лизингті қалайды.

Лизингілік келісімшарттың мерзімі аяқталғаннан кейін лизингалушы өзіне тиімді шартпен басқа мерзімге жаңа келісім-шарт жасауға немесе мәміленің объектісін лизингберушіге қайтаруға мүмкіндігі бар. Бірақ ол сонымен бірге мәміленің объектісін сатып ала алады. Егер бұл қаржылық лизингке жатса, онда ол оны қалдық кұнымен сатып алуы керек. Ал егер бұл оперативті лизингпен байланысты болса, онда ол лизингберушінің келісімімен тура нарықтық құнмен сатып алады.

Лизингілік мәмілелерді тәжірибе түрінде жүзеге асыру
келісімшартпенен рәсімделеді. Ол лизингілік операциялардың мазмұны мен түрін және олардың қаржылық және оперативті лизингтің қатарында болуын анықтайды. Бірақ лизингілік мәмілелердің барлық түрлері бірдей лизингілік операциялардың дербес түрі бола алмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде қазіргі уақытта жоғарыда айтылған лизингтердің 2 түрінің біреуіне де жатпайтын лизингілік мәмілелер кездеседі. Дегенмен олар өздерінің сипаттары және іске асу әдістері жағынан оларға жақын болып келеді. Сондықтан оларды оперативті және қаржылық лизингтің 2-ші түрі ретінде өзгеше қарастыруға болмайды.

Шаруашылық ету тәжірибесінің қажеттілігінен туындаған бұл келісімдер, ең алдымен, нарықтық экономика дамыған елдерде одан әрі дамуда.

Қазіргі уақытта бұл елдерде лизингілік келісімшарттың әр түрлі модельдері кең қолданылуда. Олар соңғы он жылдықта пайда болған лизингілік мәмілелердің жаңа түрлерін көрсетеді (сурет 4).

Шетел тәжірибесінде лизингілік келісімшарттың әр түрінің тіркестері орын алады. Бұл тіркестер олардың санын, яғни лизингілік келісімшартттардың түрлерін одан әрі көбейтеді. Лизингілік операциялар лизингілік келісімдердің пайдасын толық пайдалануға және мүмкін болатын шығындармен тәуекелдерді минимизациялауға негізделген.


1.4. Лизингілік операцияларды ұйымдастыру

және оларды жүргізу техникасы


Лизингілік келісімшартты ұйымдастыру және оны іске асыру әр елдің заңдылық ерекшеліктеріне байланысты.

Лизингілік келісімнің жанама және тікелей қатысушыларына байланысты лизингілік үрдістің 3 жақты немесе көп жақты сипаты болады. Лизингілік үрдістің схемасының жалпы түрі төмендегідей (сурет 5).

  • сақтандырушы – қайтарым негізінде өзіне лизингілік
    келісіммен байланысты болатын тәуекелді өзіне алатын жақ;

  • кредитор лизингберушінің келесіде лизингке беретін мүлікті сатып алуды қаржыландыратын тұлға-банк;

  • делдал – осы мәміленің тараптары болып саналатын
    тұлғаларға лизингілік келісіммен байланысты қызмет көрсетуші тұлға.






DrawObject2


















Сурет 4 . Лизингілік мәмілелердің жаңа түрлері


Лизингілік үрдісте шартты түрде 3 этапты айыруға болады. Бірінші этапта (1-4) заңды келісімшарт қатарларын жасау үшін барлық дайындалған жұмыстар жүзеге асырылады және мынадай құжаттарды рәсімдейді:

  1. Лизинг объектісін алу үшін лизингалушының лизингберушіге тапсырысы (1-қосымша);

  1. Лизингалушының төлем қабілеттілігі және лизингілік
    жобаның тиімділігі жөнінде қорытындысы;

  1. Лизинг объектісін жеткізіп беру жөніндегі лизингберушінің
    жабдықтаушыға жіберетін заказ-нарядты алғанын растау (2 қосымша);

б) 2 данадағы шот;

в) лизингалушының қол қойған жабдықты қабылдау
хаттамасы;









DrawObject3


















Сурет 5 – Лизингілік үрдістің схемасының жалпы түрі


г) техникалық құжаттама;

д) кепілдеме талоны.

Лизингалушы мен жабдықтаушы арасындағы келісімнің жалпы шарттары:

а) лизингберушінің жабдықтаушыға лизингілік объектінің құнын төлеу шарты;

б) жеткізіп берудегі жабдықтаушының жауапкершілігі.

  1. Лизингілік компания мен банктың лизингілік келісімдер
    жүргізу үшін несие алу жөнінде жасасқан несиелік келісім-
    шарт. Екінші кезеңде (3-9) лизингілік келісім бекітіледі және
    ол бойынша келесі кұжаттар рәсімделеді:

  1. Лизингке берілетін мүлікті сату-сатып алу келісімшарты
    (3-қосымша).

  1. Лизингілік келісімшарт (4-қосымша). Мұнда мыналар
    көрсетілуі қажет:

- лизинг объектісін қажетті орнына жеткізіп беру мерзімі, қаржыландыру сомасы және лизингілік келісімнің заты;

- келісімшарттың іс-әрекет ету мерзімі;

- лизингберушінің меншікке деген құқығы;

- тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілдеме;

- жабдықты пайдалану;

- жөндеу, модификация және күтіп ұстау;

- кездейсоқ жағдайлар, шығындар;

- таңдау құқы;

- төлемдерді төлеу әдістері (ай сайын, квартал сайын немесе лизингілік төлемдердің алдын алатындар);

- ставкалар (жабдықтың нақты немесе шартталған құнымен) және шарттар (клиент есебінен ұсыныстарды дайындау бойынша шығындар);

- салық салу және баждар;

- мәміле объектісін сақтандыру;

- лизингалушы мен лизингберушінің құқықтары және міндеттері;

- лизингілік келісімшартты бұзу тәртібі;

- арбитраж және дауларды шешу;

- кешіктірілген жағдайлар (келісімшарт тек кепілдеме алғаннан кейін күшіне енеді;

- қосымша мәліметтерді алу міндеттері (баланс);

- жақтардың және қабылдау құқығын алатындардың қолдары мен реквизиттері;

- қосымшалар (материалдарды сипаттау);

- қалдық құнының кепілдемесі;

- банктың кепілдемесі.

7. Эксплуатациялауға лизинг объектісін қабылдау актісі (5-қосымша). Ол мынадан тұрады:

- лизингілік келісімнің объектісін нақты жеткізіп беру, оны құру және мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі куәлік (жабдықтаушыға талап қойылатын куәлік);

- мәміле объектісінің жұмыс істеуіне зиян келтірмейтін және лизингалушының лизингілік төлемдерді төлеудегі міндеттеріне әсер етпейтін белгілі кемшіліктер туралы мәліметтер болуы мүмкін. Бұл жағдайда жабдықтаушы қабылдау хаттамасында көрсетілген кемшіліктерді жоюға міндеттенетін мерзімді көрсетеді;

- алғашқы лизингілік жарнаны төлеу күні көрсетіледі. Осылай қабылдау хаттамасының датасы лизингілік мәміленің іс-әрекет етуінің алғашқы мерзімімен сәйкес келеді;

- лизингалушы рәсімдейді, лизингберуші, лизингалушы және жабдықтаушы қол қояды.

8. Лизингке берілетін мүліктің техникалық қызмет көрсетуінің келісімшарты.

  1. Лизинг объектісін сақтандыру келісімшарты. Үшінші
    кезеңде (10-12) лизинг объектісін өзіндік пайдалану
    басталғаннан кейін, келесі процедуралар орындалады.

  1. Лизингілік төлемдерді төлеу.

11. Мүлікті келешекте пайдалану бойынша қатынастарды
рәсімдеу (не лизинг объектісін қайтару, не лизинг объектісін
ары қарай пайдалануға жаңа лизингілік келісімшарт жасау, не сатып алу аукционы бойынша лизинг объектісін сату-сатып алу келісімшартын жасау
(6-қосымша);

12. Лизингберушінің кредиторға сауданы қайтаруы және пайыздарды төлеуі.

Лизингілік келісімшартты жасаған кезде лизинг объектілерінің құқықтық жағдайына және оның осы келісімшартта көрсетілуіне ерекше мән беріледі. Лизингілік келісімшарттың бұл бөлімінде бүкіл лизингілік мәміленің жүзеге асу кезеңінде лизингалушы мен лизингберушінің міндеттері және құқық-тарының толық тізімі қарастырылады. Егер лизингілік келісімшарттың қатысушыларының арасында дау пайда болса, онда олар шаруашылық даулар үшін құрылған заңдар бойынша шешіледі. Лизингберушінің лизинг объектісіне деген меншік құқығы лизингілік келісімшартқа сәйкес шектелген болып табылады. Үшінші жаққа мәміленің объектісіне зиян келтірген тәуекелді жоғары қауіп-қатер көздерімен нақты түрде мүлік иесі көтереді. Лизингберуші мәміле объектісін толық жөндеуден, оны сақтандырудан, ликвидациялаудан, күрделі техникалық қызмет көрсетуден болған шығындар мен тәуекелдердің және меншік құқығымен байланысты басқа да шығындардың ауыртпалығын өзі көтереді, егер басқа да шығындар лизингілік келісімшартта көрсетілмесе. Егер өзге жағдайлар лизингілік келісімшартта көрсетілмесе, лизингберуші лизинг объектісін үшінші мәмілені қамсыздандыру үшін залог ретінде пайдалануға құқы жоқ. Лизинг беруші залог ретінде лизингілік келісімшарттан шығатын талаптардың құқығын пайдалануға құқы бар. Лизингалушы мәміленің объектісін тек лизингілік келісімшартта көрсетілген шекте және жағдайда қолдана алады. Лизингалушы лизингберушіге лизингілік келісімшартта көрсетілген төлемдерді төлеуге міндетті. Келісімшартта міндетті түрде лизингілік төлемдерді өз уақытында төлемеу немесе төлемдер үшін санкциялар қарастырылуы қажет. Лизингалушының кінәсінен болған лизингілік төлемдерді төлемеуі және өз уақытында төлемеуі лизингілік келісімшартты бұзудың негізі болып табылады. Лизингілік келісімшартты оның қатысушылары бұзған жағдайда, олар келісімшартты бекітілген азаматтық зандылық тәртіппен бұзуды талап етуге құқылы. Дау-дамай кезінде келісімшарттың бұзылуына әсерін тигізген шығындарды, лизингілік келісімшартты бұзған жақ өтейді.

Егер лизингберушіде мәміле объектісін сатушыға сапасы комплектілі болуы, жеткізіп беру мерзімі, кепілденген мерзім ішінде мәміленің объектісінің сынығы жөнінде және сату-сатып алу келісімшартында көрсетілген басқа да міндеттерді орындау бойынша талаптар қоюға құқы болған жағдайда құқықтар сөзсіз лизингалушыға өтеді. Лизингберуші келісімшарт бойынша осы міндеттерді лизингалушының алдында орындауды өзіне ала алады.

Лизингілік келісімшарттың іс-әрекет ету мерзімі барысында лизингалушы лизингілік келісімшартта көрсетілген техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеуді қосқанда мәміле бағытталған барлық қажетті жұмыстарды орындайды. Лизингалаушы егер келісімшартта өзге жағдайлар қарастырылмаса, мәміле объектісін иелену және қолдану құқығын іске асырумен байланысты барлық шығындарды және тәуекелдерді көтереді (егер объектіні иелену құқы келісімшартта лизингалушымен бекітілсе).

Егер келісімнің шарттарын лизингалушы орындаса, лизингке берілетін мүлікке лизингберушінің жеке қарыздары бойынша төлетулер салынбайды. Төлету тек келісімшарт бойынша талап етілген құқықтарға салынуы мүмкін. Бұл жағдайда көрсетілген құқықтардың жаңа меншік иесі лизингілік келісімшарттан шыққан лизингберушінің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады. Лизингалушы банкрот болған жағдайда, келісімшартта көрсетілген пайдалану және аукцион құқы және міндеттері лизингберушінің келісімімен 3-ші тұлғаға беріледі.

Лизингберушінің келісімі жоқ болған жағдайда:

- оған мәміленің объектісі қайтарылуы керек;

- келісімшарт лизингалушының кінәсінен өз уақытынан бұрын бұзылды деп саналады;

- келісімшарттың уақытынан бұрын бұзылуына байланысты лнзингберушіге келтірілген шығындар «конкурстық» үрдіс кезінде басқа кредиторлармен қатар банкрот мүліктің есебінен қанағаттандырылады. Лизингберуші банкрот болған жағдайда келісімшарт лизингберушінің барлық құқықтарымен, міндеттерімен қоса лизингберушінің қарыздарын жабу мақсатымен өткізілетін (сатылатын) дербес мүлік ретінде қатысады. Сонымен қатар лизингалушы лизингілік келісімшартты сатып алушы болып өзі шығуға (қатысуға) құқылы. Егер лизингалушы келісімшартты сатып алса, онда соңғысы іс-әрекетті тоқтатады, ал мәміле объектісі лизингалушының меншігіне көшеді.

Лизингілік келісімшарт сатып алушы болмаған жағдайда:

- келісімшарт лизингберушінің айыбы бойынша бұзылды деп саналады;

- мәміле объектісі лизингберушіге қайтарылады және оның қарыздарын өтеу үшін сатылады;

- лизингалушыға және басқа да лизингілік тараптарына (жақтарына) келтірілген зияндар лизингберушінің қарызы болып саналады және лизингалаушыға «конкурстық» үрдіс кезінде енгізіледі Егер лизингалаушыға келтірілген шығыны мәміле объектісінің құнынан асса, онда келісім объектісі лизингалаушының меншігіне көшеді.

Лизингілік келісімде коммерциялық банктың мәміле объектісін мақсатты пайдалануы және жалға алушының оны дұрыс эксплуатациялауына тексеру жүргізуді іске асыру құқығы да бекітіледі.

Келісім объектісін пайдаланудағы ережелерді бұзу және қанағаттанарсыз пайдалану салдарынан оның күшінің нашарлау фактісі анықталған жағдайда, ол лизингілік келісімшартты бұзуға құқы бар. Келісімшарт бұзылғаннан кейін банк арендатордан компенсация төлеуді талап ете алады. Компенсация мөлшері айыппұлмен есептегенде лизингілік келісімнің барлық құнының сомасынан асуы мүмкін. Банкілер өзінің лизингілік қызметінде, әдетте, жабдықты жабдықтау, оны құру және кепілдендіру, өзінің міндеттері мен құқықтарын келісімдегі жауапкершілікте өзінің қатысуын минимизациялауға тырысады. Сондықтан олар үш жақты лизингілік келісімшарт жасағанда инициатор болып қатысады. Онда оның өзінен (лизингберуші) және лизингалушыдан басқа жабдықты жеткізіп берушілер де қатысады. Бұл жабдықтаушы осы жабдықты жеткізіп беру, оны орналастыру және техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшартты бұзбауға барлық жауапкершілікті және мәміле объектісінде кемшілік тапқан уақытта лизингалушының барлық талаптарын көтереді. Бұл байланыста лизингілік мәмілені жүргізу үшін банкілерге «стандарт» және «жабдықтаушы» лизинг ең тиімді болып табылады. Бұл лизингтің түрлері бойынша жасалынған келісімшарттарда банк рөлі істің таза қаржылық жағында көрінеді. Лизингалушының жабдықты алғанын және оны монтаждау және эксплуатацияға енгізу жұмысы аяқталғанын куәландыратын барлық құжаттар толтырылғаннан кейін банк жабдықтаушыға оның толық құнын төлейді. Төменде лизингберуші ретінде коммерциялык банкілер мен арендаторлармен, лизингалушылармен лизингілік операция бойынша жасалынған бухгалтерлік жазулар жүргізілген. Шоттар корреспонденциясы жаңа бухгалтерлік есептердің стандартыменен жүргізілген. Банк жабдықтаушыға болашақта лизингалушы тапсырған жабдықтың құнын төлеген кезде өзінің балансында мына түрде көрсетеді:

Д-т шот №1856

Қ-т шот №2203 (жабдықтаудың есеп айырысу шоты).

Жабдықтаушыдан жабдықты лизингалушыға жалға беру үшін алғанда бұл жабдықтың толық құнына мынадай жазулар жүргізіледі:

Д-т шот №1656

К-т шот №1856

Жабдықты арендаға бергенде банк толық құнын баланстық емес шоттың кірісіне алады №17110.

Аренданың барлық мерзімі барысында банк жалға берілген жабдықтың тозуын есептейді. Тозуды есептеу сомасына жазу былай беріледі:

Д-т шот №5784

К-т шот №1695

Лизингілік келісімшарт бекітілген мерзімде арендалық төлемдерді аударуды (есептеу) лизингберуші банк балансында былай көрсетіледі:

Д-т №2791

К-т №480І

Арендатордан, лизингалушыдан түскен арендалық төлемдер түскенде:

Д-т шот №2203 (1001 касса)

К-т шот №2791

Аренда объектісін банкіде қайтарған кезде объектінің құны баланстық емес шоттың №7770 шығынына жазылады.

Банк бір уақытта жабдықтың толық емес амортизациядан болған шығындарды шығарып тастайды немесе шығынға жазады. Сонымен қатар аударылған амортизация сомасына мына жазу жазылады:

Д-т шот №2057 (2227)

К-т шот №1655

Жабдықтың қалдық құнының сомасына

Д-т шот №1695

К-т шот №1655

Егер арендатор лизингалушы жабдықты қалдық құны бойынша сатып алса, онда банк оның балансында жабдықтың қалдық құны сомасына мынадай жазу жазады:

Д-т шот №1652 (1653, 1654, 1656) Д №1695

К-т шот №1655 К №1692 (1693, 1694, 1696)

Жалға алынған жабдықты кіріске алғанда, лизингалушы мынадай жазу жасайды:

Д-т шот №125

К-т шот №683

Аренданың толық мерзімі барысында лизингілік мүлікке тозу есептелінеді. Есептелінген тозу сомасына мынадай жазу жазылады:

Д-т шот №8І1, 821, 935, 946

К-т шот №134

Лизингілік келісімшартта бекітілген мерзімде арендалық төлемдерді аудару баланста былай көрсетеді:

Д-т шот №343

К-т шот №684

Арендатордан арендалық төлем түскенде (аударылғанда):

Д-т шот №683

К-т шот №441

Мәміле объектісін қайтарған кезде объектінің құны шығынға жазылады:

Д-т шот №134

К-т шот №125

Егер лизингалушы объектіні қалдық құны бойынша сатып алса, онда баланста лизингілік мүліктің қалдық құнының сомасына мынадай жазу түсіріледі:

Д-т шот №683

К-т шот №441

Жасалынған лизингілік операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілуінің негізгісі болып қосымшаларда келтірілген қажетті алғашқы рәсімделген құжаттар табылады. Лизингілік операцияларды рәсімдегенде және олар бухгалтерлік есепте көрсетілгенде және есеп жүргізілгенде елдің заңдылығымен енгізу бойынша ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауымен және шоттардың басты жоспарымен басқарылуы тиіс.


1.5. Лизингтің даму проблемалары


ҚР-да жақын арада лизингілік бизнес лизингілік құрылымның дамуының арқасында кең тарайды. Бұның өзі қазіргі кезде, негізінен, лизингілік компаниядан және фирмалардан тұрады. Бұл компаниялар коммерциялық банкілердің және олардың бірлескен мекемелерінің жанында құрылған, сонымен қатар шетел инвесторларының қатысуымен де құрылған. ҚР-ң экономикалық даму индикаторларын және дүниежүзілік экономикада лизингілік операциялардың көлемінің өсуі негізінде жасалынған зерттеулер көрсеткендей, біздің елде қаржылық лизингпен айналысатын лизингілік компаниялар санының ұлғаюы және кейбір оперативті лизинг бойынша мәміле жасалатын региондық компаниялардың өсуі күтілуде.

Лизингілік құрылымның құрамында брокерлік лизингілік компаниялар пайда болады. Бұл компаниялар, негізінен, шетел және отандық лизингілік компаниялар мен фирмаларға қызмет көрсетумен және серіктестік жағдайында мәліметтерді жеткізумен айналысады. Олардың иесі біздің есебіміз бойынша лизингілік операциялардың жалпы көлемінде шамамен 20%-ын құрайды.

Мүліктерді, жабдықтарды және т.б. жалға берумен айналысатын шетел фирмаларының қатысуымен бірлескен лизингілік компанияның пайда болатыны күтілуде. Олардың үлесіне барлық лизингілік операциялардың 30%-дайы келеді.

Ұсақ лизингілік компаниялар санының өсуі, ондағы операциялардың көлемі лизингілік операциялардың жалпы көлемінде 20-30% шегінде тербеліп тұратын болады. Сонымен қатар елдің дамыған жеке аудандарында лизингілік қызметте өндіріске арналған қозғалмайтын мүліктермен, құрылыстармен және бөлмелермен жасалынған операцияларда мамандандырылған жаңа құрылымдық элементтер де пайда болатыны анық.

Лизингілік құрылымды дамыту және қалыптастыру үрдісінде көп түрлі лизингілік компаниялардың пайда болуы, ең алдымен, жабдықтарды лизинг арқылы жеткізуді пайдалануда шаруашылық субъектінің өсіп отыратын қажеттілігімен шартталған. Бұл олардың кәсіпорындарын техникалық және технологиялық қайта жабдықтауда және осы мақсат үшін шетел инвестициясын лизинг түрінде тарту үшін керек. Сонымен қатар батыс инвесторлары үшін жабдықтарды нарықта қайтадан нық қоюға байланысты, олардың елінде лизинг берудің, елдің кәсіпорындарына ақшаны тікелей аудармай-ақ және өздерінің айналым қаражаттарын аудармай-ақ қаражат салудың тиімді жолы болып табылады. Осыған байланысты лизингтің шетел жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі, қазіргі уақытта тікелей несие алу мүмкіндігіне қарағанда жоғары болып келеді. Бұл жағдайда мемлекет шетелдермен жабдықтарды лизингілік жабдықтаушыға қолайлы жағдай жасау бойынша, лизингілік компанияларға олардың қызметтеріне көмек (қолдау) көрсету және лизингілік жабдық жүйесінде өзінің кредитор ретінде қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Осыған байланысты республикадағы лизингті қызмет нарығының дамуы мен кеңейтуі үшін еліміздің үкіметімен лизингтің 1999-2001 жж. Даму бағдарламасы өңделген. Онда келесі мақсаттар алға қойылған:

-Қазақстан Республикасында лизингтің сәтті дамуына арналған заң шығару – заңға сүйену жағдайды тудыру;

-Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын мемлекеттік қолдау механизімін өндіру;

-Қазақстан Республикасында лизингтің институционалды негізінің қалыптасуы;

-Қазақстан лизинг саласындағы басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасының дамуы;

Осы бағдарламаны іске асыру барысында еліміздегі лизингтің дамуын кешеуілдететін кемшіліктерді жою қарасты-рылған, атап айтқанда: құқық базасының өңделмегендігі, жасалған лизингті келісімдердің қысқа мерзімділігі, мемлекеттік қолдаудың және лизингті бизнесті қаржыландыру жеңілдіктері мен салық амортизациялық жеңілдіктерді қолданумен ынталандыру.

Бұл бағдарламаны өндіру үшін шартты түрде екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңінде лизингтің дамуы үшін заң шығару ортасын құру ұйғарылады, оның барысында жұмыс істеп тұрған және қайтадан қабылданған жаңа заң шығару базалары сәйкестендірілді. Бұл кезеңде Қазақстандағы лизинг институтын қосу үшін құжаттар пакеті өңделген. Оның құрамында Қазақстан Республикасының «Қаржылы лизинг туралы» Заң, лизинг туралы типті келісім – шарт, лизингті қызметті рецензиялау туралы ереже, күші бар заң шығару, құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстар, лизингті қызметті салық салу, кеден, валютаны реттеуге қатысты, лизингті төлемнің есеп айырысу әдістемесі мен бухгалтерлік есеп берудегі лизингті операцияларды бейнелеу әдістемесі кіреді.

Сонымен қатар аталмыш кезеңде мемлекеттің қолдауымен лизингтің жаңа институтын ұйымдастыру жобаланды. Бұл – еліміздегі лизингтің даму жөніндегі үйлесімді орталық. Бұл орталық аталмыш бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етуге және аймақтарда демеуші лизингті орталықтарды құрудағы үйлестіруші кеңестік-әдістемелік оқыту орталығы болуға негізделген. Дегенмен бұл орталықты ашу жобасы әлі де іске асырылған жоқ.

Бағдарламаның екінші кезеңі Қазақстан Республикасының 2000 ж. 5 шілдедегі «Қаржылы лизинг туралы» Заң қабылдаумен есте қалды. Лизингті келісімдерді реттеуге арналған бұл Заң, негізінен Қазақстан Республикасындағы лизингті қаржыландыруды нақты дамытуға арналған басты нысан.

Бүгінгі таңда лизингтің заң шығару – заңға сүйенген базасын қалыптастыру үрдісі Қазақстанның халықаралық лизингті ассоциациялары жарғысында Қазақстан Республикасы 1998 ж. 31 желтоқсандағы Президенттің №4189 Жарлығымен бекітілген. Қазақстандағы кіші және орта бизнестің даму мен қолдану туралы мемлекеттік бағдарламада бұл жөнінде айтылған.

Дегенмен ҚР жағдайында лизингілік бизнес бір қалыпты және тұрақты дамуы үшін салық салу, ынталандыру, басқару құқықтық аумақта лизинг бойынша адресті іс-әрекеттерден тұратын бағдарлама қажет. Әлбетте, бұл бағдарлама жан-жақты, кешенді болуы керек, мұндағы барлық міндеттер тек өзара ортақ мақсаттармен ғана емес, сонымен бірге олардың бір-бірімен шартталғанымен және белгілі өзара тәуелділігімен тығыз байланысты. Осы бағдарламаны жасауда әдістеме жағынан заңдылықты құқықтың қамсыздандыруының өзара байланысын қарастыратын жүйелік тәсілді пайдаланған дұрыс болып келеді. Сонымен қатар лизингті де мемлекеттің және лизингілік қызметтің субъектілерінің екі масштабты инвестицияны тартудың құралы ретінде пайдаланған дұрыс.

Лизинг бойынша операциялар жасау тәжірибесінде жаңа дәстүрлі емес және спецификалық сияқты өндірісті техникалық, технологиялық жаңарту системасы енгізіледі. Бұл жүйеде арендалық қарым-қатынастар, кепілдік арқылы несиелік қаржыландыру элементтері қарыздық міндеттер бойынша және басқа қаржылық механизмдер арқылы іске асырылған. Лизингтің қиындығы және оны инвестициялаудың формасы рестінде пайдалану қажеттілігін жүзеге асыруда көптеген проблемалар туындайды. Олардың шешілуі елдегі лизингілік бизнесті дамыту үшін өте қажет. Ол үшін келесі негізгі мақсаттарды шешу ұйғарылады:

- заңдылық нормативтік базаны қамсыздандыру;

- экономикалық базаны қамтамасыз ету;

- лизингілік институттарды дамыту;

- мемлекеттік қолдау және сыртқы экономикалық лизингілік қызметті ынталандыру;

- лизингілік құрылымының персоналдарын даярлау және қайта дайындау;

- ақпараттық және ғылыми-методикалық қамтамасыз ету;

- лизингілік қызметте мемлекеттік реттеу органдарының жүйесін жетілдіруде қазіргі жетілдіруде қазіргі жағдайда лизингті дамыту проблемаларын қарастыра отырып, лизингілік қызметті дамытуда және ұйымдастыруда төмендегідей басты бағыттарын анықтау қажет:

1. Халықаралық тұтыну тауарларын өндіруде

-отандық шикізатты пайдалануға бейімдеме беру;

-импортты ауыстыратын өнімдерді өндіру;

-экспортқа бағытталған өнімдер өндіру.

2. Ауылшаруашылық аумағында фермалық шаруашылықты, өндірістің дәстүрлі түрлерін есепке алып дамыту

-жаңа технологияны игеру негізінде өнімділікті және экологиялық таза өнімді өндіруді жоғарылату;

-қайта өңдейтін өндіріс сандарын көбейту.

3. Инновациялық қызмет аумағында ғылыми сыйымдылықты өндірісті дамыту және ұйымдастыру.

4. Минералды шикі заттарды игеру және пайдалану.

5. Тұрғындардың қызмет көрсету саласын жетілдіру және кеңейту.

Мақсаттарды заңдылық нормативті базалармен шешу үшін қазіргі ҚР-ң заңдылығына өзгертулер мен толықтырулар енгізген дұрыс. Сонымен бірге лизингілік қызметтерді дамытуға және ұйымдастыруға бағытталған жаңа заңдар мен нормативті актілерді жасау керек.

Экономикалық базаны жасау лизингілік қызметті оперативті ұйымдастыруды қарастырады. Бұл экономикалық нарықтық қатынасқа міндетті түрде халық шаруашылығындағы басты салаларда лизингті қолдану мүмкіндіктерін анықтау, лизингті пайдалану арқылы тауарлық және қаржылық несиелерді тарту мүмкіндіктерін зерттеу, сонымен бірге лизингті дамытуға тартылған мемлекеттік қаражаттар көлемін анықтау мақсатымен ҚР-ң экономикалық жағдайларына талдау жүргізу керек.

Лизингберушілердің тауарлық-қаржылық ресустарды қай-тару, тарату және тарту механизмін жасау қажет. Экономикалық қызметтердің субъектілерін несиелеу жағдайлары мен механизмін (лизинг есебінен іске асырылған жобалар экспертизаларын ұйымдастыру жағдайларын дайындаумен бірге) басты бағыттар байынша конкурстық негізде жетілдіру маңызы орын алады.

Лизинг институттарының дамуы шаруашалық субъектілерге өздері өндірген өнімдерді өткізуді жеңілдету үшін қызмет көрсетуге арналған лизингілік қызметті инститционалды қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды ұйғарады.

Осыған байланысты лизингілік қатынастарды ҚР-да дамытуды ескере отырып, банкілік жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалу керек. Сонымен бірге лизингілік қызмет субъектілері қызмет көрсетуге арналған сақтандыру компаниялары сияқты нарықтық институттар және де мемлекеттік сақтандыру компаниялардың мекемелері сияқты институттар құру қажет.

Лизингті жылдам ұйымдастыру мемлекеттік концессия, кепілдік, жерді сату және жалдау, минералды ресурстар, кәсіпорынның негізгі және айналым қаржылары мен лизингілік жобаға қатысатын қаржы шаруашылық қызметтің субъектілеріне берілетін жеңілдіктерді анықтау және ұйымдастыру негізінде мүмкін болады.

Сыртқы экономикалық лизингілік қолдау, сонымен қатар мемлекет тарапынан қолдау және ынталандыру шетел капиталын рационалды пайдалануға және тартуға сыртқы экономи-калық лизингілік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды ұйғарады. Бұл байланыста мыналар ұйғарылады:

- іскерлік байланыстарды орнатуда кіші және орта кәсіпорындарға жәрдем көрсету және лизингті қолданып шетел әріптестерімен бірлескен бизнесті ұйымдастыру;

- лизингілік қызметтер үшін шетелге несиелік бағытта квотаны ұсыну;

- шетел технологиясын, жабдықтарын лизингілік компанияның қатысуымен ноу-хауды комплексті жабдықтауды ұйымдастыруда шағын және орта бизнеске көмек көрсету;

-шетел инвестициясын лизинг түрінде сақтандыру ерекшеліктері жөніндегі қағиданы әзірлеу, лизингілік құрылымдардың персоналдарын даярлау, ҚР-да лизингілік қызметтердің нетижелі жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарды.

Сондықтан лизингілік құрылымдарды кадрлық қамтамасыз ету үшін келесілерді іске асыру керек:

  • лизингілік компаниялардың персоналдарын даярлау үшін оқу-консултациялық орталықтарын дамыту;

  • арнайы оқу орындарының және ЖОО-ның оқу бағдарламасында лизингілік қызмет негіздері бойынша бағдарламаны кіргізудегі жұмыстарды дайындау;

  • квотаны анықтау және шетелдерде мақсатты сынау мерзімін өткізу үшін топтарды қалыптастыру.

Ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру лизингілік қызметтердің дамуында және қалыптасуында ерекше мәнге ие. Сондықтан ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінде мемлекттік қолдау және ақпараттық орталықтардың кең торларын жетілдіру қажет. Олар әрбір лизингпен айналысатын субъекттіге іс-әрекет ету, заңдылықтың барлық актілерімен танысу үшін қажет.

Бейімдендірілген шетел оқу-құралдарын қолданбалы материалдар пакетін және лизингілік қызметпен айналысатын тұлғалар үшін ұсыныстарды қалыптастыру және басып шығаруды дайындау. Бұл лизингілік қызметке ғылыми-әдістемелік және ақпараттық базаны дамытуда ықпалын тигізетін болады. ҚР-да, шетелдерде лизингілік шараларды жүзеге асыру жұртшылық пікірін дұрыс қалыптастыруға әкеледі және де лизинг институттарының қалыптасу үрдісін тездетеді. Лизингілік қызметте мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі үнемі жетілдіріп отырылуы керек, әсіресе, елде лизингілік бизнес қалыптасқан және дамыған уақыттары. Бұл жерде Президент пен Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік саясатының құрамдық бөлігі ретінде өкілдік билікті және мемлекеттік басқаруға сәйкес органдарды шығаруда мемлекет тарапынан қолдау қажет.

Келешекте лизингтік компаниялар шағын бизнес сегментін игеруге неғұрлым көбірек ұмтылулары қажет. Ол үшін лизингтік компаниялардың ең төменгі шығындармен қамтамасыз етілетін перспективті инвестициялық жобаларды таңдаудың тиімді механизмін құру арқылы, шағын кәсіпкерлік сегментіне тән тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктері болуы керек.

Міне осы стратегия осы сегментте белгілі бір жетістікке қол жеткізуге көмегін тигізеді.

Сонымен біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлер сегментімен лизингтік қатынастар орнатудың міндетті шарттарының бірі перспективті жобаларды таңдаудың тиімді механизмінің болуы. Осы жерде ең алдымен осы механизмнің міндеттері мен параметрлерін анықтау керек. Яғни, бір жағынан өмірлік қабілеттілігі жоқ жобаларды қаржыландыру арқылы тәуекелділікті жоғарлатуға жол бермеуді, ал екінші жағынан өте қатаң талаптар қою арқылы барлық жобалардың тым қатты сұрыпталуын болдырмауды ескеру қажет. Бұл жерде лизингтік компанияның лизингтік келісімшарттарды бекіту үшін қаралатын жобалар санын тәуекелділіктерді жоғарылатпай көбейтуге, яғни көрсетілген екі талапты біріктіруге мүмкіншіктері болуы қажет.

Осындай тығырықтан шығудың бір жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастарға әр түрлі ұйымдарды тарту арқылы қаржыландырудың көптеген схемаларын құру. Бүгінгі таңда, лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік органдарды немесе өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары жеткізушілерді тартудың өте үлкен потенциалы бар. Себебі, қазіргі кезде мемлекет экономиканың кейбір нақты салаларын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

Сонымен бірге, лизингтік компаниялар құрылғыларды (мүліктерді) тиімді басқаруды ұйымдастыру арқылы өз тәуекелділіктерін төмендете алады. Яғни, лизингтік компания өз қасиетіне тән емес қызметтерді де өзіне жартылай алуы мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық және қаржылық ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқаруы қажет. Себебі, біз жоғарыда айтып кеткеніміздей, көптеген шағын кәсіпорындарда осындай ақпараттарды беру үшін біліктілігі жоғары мамандар аз немесе мүлдем жоқ. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдау лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі. Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын азайту үшін халық шаруашылығының перспективті салалары мен бағыттарын үнемі қадағалап отыруы қажет. Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың перспективтілігін толық есептейді.

Осындай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін конкурс жариялауы керек. Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің бұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы деп те атауға болады. Бұл жағдайда лизингтік процесті шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

І-кезең дайындық жұмыстарын жүргізу, яғни шағын кәсіпорындар үшін перспективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңінде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен құрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әр түрлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау керек. Осы жинақталған ақпараттардың ішінен белгілі бір белгілерге сүйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылғыларды лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілу қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе көрсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттілігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осындай болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін.

Егер осындай бағалау білікті түрде жүргізілсе, онда нарық-тан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қыз-меттерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.

Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер көрсету) лизингтік компанияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрақтарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен, оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғұрлым жақсы таныс.

Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғыны сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен (өндірушілермен) қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құрылғыларды сатушылар немесе өндірушілер үшін лизингтік компаниямен бірлесіп жұмыс істеу өз құрылғыларын өз атынан болмаса да жарнамалау, ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.

Осындай механизмді пайдалану кезінде лизингтік компанияға төмендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жұмыс істеу неғұрлым тиімді деп ойлаймыз:

- құрылғының стандарттылығы;

- құрылғыны өндіріс процесінде бірнеше рет қайталап пайдалану мүмкіндігі, яғни құрылғының құны ол пайдалануға енгізілгеннен кейін тез төмендемеуі қажет;

- құрылғының өтімділігі.

Осындай сипаттамалардың барлығы мүліктік тәуекелділіктерді төмендетуге және құрылғының белгілі бір түрін бағалау процедурасын арзандатуға мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге, белгілі бір сұранысқа ие құрылғылар түріне нарықтық бағалардың, яғни, транспорттық, техникалық қызмет көрсету бағаларының, тарифтерінің өзгеруі сияқты факторлардың да әсер ететіндігі ескерілуі керек.

Сонымен, осы кезеңде жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу үшін лизингтік компанияларда лизингке берілуі мүмкін әр түрлі құрылғылардың түрлері бойынша мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде көрсетілген шарттарды дұрыс бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жұмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жүзеге асырудың кезеңі басталады.

ІІ-кезеңді лизингке алушыларды таңдау кезеңі деп те атауға болады. Осы кезеңде лизингтік компанияның алдында лизингке алушылар үшін осы жобаның мүмкіндіктері туралы ақпарат-тарды тарату, жарнамалау міндеттері тұрады. Себебі, лизинг біздің отандық нарық үшін қаржыландыру құралы ретінде әліде болса кең түрде мәлім емес. Сондықтан лизингтік компания жарнамалау жұмыстарын жүргізу кезінде осы құралдың экономикалық мәніне ерекше көңіл аудармай, өзіндік бизнесті жүргізу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктеріне мән беруі керек. Яғни, біздің айтайын дегеніміз, жарнамалау кезінде лизингтің барлық егжей-тегжейіне дейін көрсетудің қажеттілігі жоқ.

Содан кейін лизингке алушылардан өтініштер жинақталады. Өтініштер жинақталынып болғаннан кейін лизингтік компания клиенттің экономикалық қызметіне төлем қабілеттілігі тұрғысынан талдау және бағалау жүргізеді. Бірақ осы кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің бірі, егер лизингке берілетін құрылғының өтімділігі шын мәнінде өте жоғары болса және жобаның инвестициялық тартымдылығы нақты дәлелденсе, онда потенциалды клиенттер санын көбейтуге және осы сегментте лизингтік қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге мүмкіндіктер туғызады. Осы кезеңдегі соңғы қадам неғұрлым перспективті клиенттерді таңдау. Таңдау әр түрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, ондай белгілерге маңыздылығының біртіндеп төмендеп отыруына байланысты мыналарды жатқызуға болады:

- ұсынылатын лизингтік төлемдер саны (лизингтік маржа);

- кәсіпорынның ағымдық экономикалық жағдайы;

- кепіл немесе кепілдемелердің т.б. түрлерінің пайдаланылуы;

- персоналдың тәжірибесі мен біліктілігі және т.б.

Перспективті клиенттер анықталғаннан кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісімшарт толтырылады да лизинг объектісі лизингалушыға пайдалануға беріледі. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III-кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады және егер олар дұрыс жасалынса, онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайдың өзінде де, алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау туралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизингтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингттік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асырылады және лизинг мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.

Сонымен, осындай схема белгілі бір құрылғылар үшін жетістікпен іске асырылған жағдайда лизингтік компанияларда осы құрылғыларды басқа региондарға ұсыну арқылы нарықты кеңейту мүмкіндіктері туады.

Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық енгізген жоқпыз. Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз. Себебі, бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.

Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктіліктерінің жеткіліксіздіктерінен жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды, бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да біз лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар шағын кәсіпорындардың тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті, оны неғұрлым тиімді басқаратын тұлғаларға беру керек деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа тұлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы шағын кәсіпорындар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарлату арқылы орны жабылады.

Бұл схема белгілі-бір түрдегі шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың базалық моделі болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген схемаға оған әсер ететін әр түрлі себептерге, факторларға байланысты өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі-бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен, лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру схемасы нақты жағдайларға және келісімге қатысушы тұлғаларға тікелей байланыста болады.

Лизингке алушылардың келесі бір типі орта және ірі кәсіпорындар болып табылады. Осы екі топты бір сегментке біріктіру себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге деген сұраныстарының ұқсастықтары әсер етті. Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін. Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте
кеп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілетті, білікті жоғары мамандарды талап етеді. Осы сегменттерде лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша лизингтік холдингті дамыту болып табылады.

Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру, лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтік келісімдерді қандай сегментте болсын жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелдіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.

Президентіміз Н.Назарбаевтың 2004 жылғы Жолдауында еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуы турасында кең көлемде айтылған. Онда «…өндірісті жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру жағдайларын айтарлықтай жақсарту мақса-тында жақында лизингтің мүмкіндіктері әжептәуір жеңілдетіледі, ал, 2005 жылдан бастап амортизациялық төлемдерге деген фискальды саясат қайта қаралатын болады» делінген.

Қазақстан Республикасында лизингтіњ дамуының өзектілігі келесіден туындайды. Қазақстан әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.

Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі өзіндік өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда Қазақстандағы құрал-жабдықтардың 80%-ы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы экономикалық, несиелік жєне инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.

Лизингтің маңызды артықшылығы осы несиелендіру түрі шеңберінде ұсынылатын кең қызметтер жиыны болып табылады. Осылайша, ол лизингалушылардың, атап айтқанда, жұмыспен қамтамасыз ету, елдегі бәсекені дамыту мен инновацияларды енгізу мәселелерінде маңызды рөл атқаратын шағын, орташа, қайта құрылған кәсіпорындардың активтерін өсіруде тиімді құрал ретінде аса маңызға ие.

Лизингтік мәселелер бойынша ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар лизингтік нарықтың бұрыннан бар және әлеуетті қатысушыларын қызықтыруы керек. Олардың маңыздыларына тоқталайық.

Заңның негізгі жағымды жағдайы қаржылық лизингтің анықтамасына өзгерту енгізу болды (74 бап). Баптың алдыңғы басылымында жалға беру қаржылық лизинг ретінде бір уақытта екі жағдайдың сәйкестенуі кезінде (олардың маңыздысы қаржылық лизинг мерзімі) танылды. Ол міндетті түрде лизинг объектісі пайдалы қызметінің мерзімінің 80037-нан асуы керек. Баптың жаңа басылымы қаржылық лизинг аңықтамасын АҚШ–та қолданылатын қаржылық есептің халықаралық стандарты (МСФО) мен қаржылық есептің стандарттары мен қағидалары дәрежесіне жақындатады.

Қазір қаржылық лизинг ретінде келісімшарт келесі үш жағдайдың біреуіне жауап беретін, үш жылдан астам мерзімдік лизинг танылады. Біріншіден, лизингалушы меншігіне негізгі құралдарды беру немесе лизингтік Келісімшартта белгіленген бағамен негізгі құралдарды иемденуге лизингалушыға құқық беру. Екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызметі мерзімінің 75%-нан асады. Үшіншіден, бүкіл лизинг мерзімінде лизингтік төлемдердің ағымды (дисконттық) құны қаржылық лизинг бойынша берілетін негізгі құралдар құнының 90%-нан асады.

Баптың алдыңғы басылымындағы лизингтің ең төменгі мерзімін шектеу республикадағы лизинг дамуындағы негізгі кедергілерінің бірі болды. Пайдалы қызмет мерзімі 10-20 жыл болатын құрал-жабдықтарды лизингке беру мүмкін емес еді. Өйткені оның мерзімі 8-16 жылдан кем болмауы керек болатын. Әрине, мұндай мерзімдер лизинг беруші және лизингалушы үшін тәуекелді. Лизингтің ең төменгі мерзімдік шектеуін 3 жылға дейін төмендету Қазақстанда шағын және орта бизнес дамуына, кәсіпорындардағы негізгі құралдарды жаңартуды жылдамдатуға әсер етеді.

Негізгі өзгертулер мен толықтырулар халықаралық қаржылық лизинг Келісімшарттары бойынша резидент еместер табыстарына салық салуға әсерін тигізді. 179 баптың 3 пункті толықтырылды, оның негізінде 2004 жылдың 1 қаңтарында берілген Келісімшарттар бойынша елде төлем көзінен резидент-тер еместердің табыстарына сыйақы төлемдерінен басқа салық салынбайды. Салық Кодексіне өзгертулер енгізуге дейін салық салу тәртібі көптеген қайшылықтарға толы болды. Мұндай шара халықаралық лизинг дамуына жағымды жағдай қалыптастыра отырып, Қазақстанға шетел капиталын тартуда маңызды. Соны-мен қоса, 94 баптың өзгеруі лизингалушыға толық көлемдегі сыйақы мөлшерін салық салынатын табысты анықтаудағы шегерімдерге жатқызуға көмектеседі. Лизинг берушідегі сыйақы сомасына корпоративті табыс салығын салу тәртібі сақталады. Несиелер бойынша проценттермен салыстырғанда салық салынатын табыстан толық алынуды көздейді, бұның өзі лизинг берушілерге несие бойынша салыстырғанда лизинг бойынша төмен проценттік ставкаларды белгілемеуге мүмкіндік береді (122-бап). Республика аумағында қолдануға алғашқы енгізілген негізгі құралдар бойынша бірінші жылы салықтық амортизациялық шегерімдерді екі ретті амортизациялық нормасымен есептеу құқығы сақталады, осылайша салық салынатын табыс мөлшері төмендейді (110-бап).

Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы» Заң мен Салық кодексінің 138-140-баптарына сәйкес лизингалушының корпоративті табыс салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтың преференциялар алу мүмкіндігі сақталды.

Әрі қарай қаржылық лизингке беруге арналған негізгі құралдар импортының ҚҚС-ынан босатылуы маңызды өзгеріс болды (234-бап). Мұндай негізгі құралдар тізімін ҚР Үкіметі бекітіп, қазіргі уақытта қарастырылу кезеңінде жатыр. Сонымен қоса лизинг берушімен импорт режимінде енгізілген негізгі құралдарды қаржылық лизингке беру жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес ҚҚС-ынан босатылған (228-бап). Осылайша, лизингалушы қажетті импорттық негізгі құралдарды тікелей импортпен салыстырғанда бағада ҚҚС-ының есептелмеу есебінен лизингпен төмен бағамен ала алады.

216, 217, 235-баптардағы өзгертулер мен толықтырулар қай-тарымды лизинг кезінде ҚҚС төлеу мәселелерімен байланысты. 2004 жылдың 1 қаңтарынан лизингалушы (сатушы) лизингке салынған мүлік бойынша ҚҚС барлық мөлшерін есептеуге құқығы бар. Бұл норма енгізілуге дейін лизингке алынған мүлік бойынша ҚҚС есептеу лизингалушымен лизингтік операциялар мерзімі басталуымен бөлек жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшеріне ҚҚС салық салу тәртібі қаржылық лизинг келісімшартымен бұрынғысынша қалды (228-бап). Жалпы алғанда лизингке салық салу бойынша бұрынғы жеңілдіктердің сақталуы және өз күшіне жыл басынан енетін жоғарыда аталған өзгерістер Қазақстанда лизинг дамуына жағымды жағдай құра отырып, бәсеке дамуына әрекеттеседі. Нәтижесінде лизингтік қызметтер сапасы өсіп, сыйақы ставкалары төмендейді. Лизингтік қызметтер нарығы инвесторлар және өндірушілер қызығушылығын тудыруда.

Осылайша, республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 0,68% (65 млн АҚШ$) ғана болғандықтан, бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5% (2 млрд АҚШ долларынан жоғары).

Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4% деңгейіне жетсе, лизингтік нарық көлемі 530 млн АҚШ долларын құрайды. Егер, Европалық даму және қайта құру Банкісі болжамдарына жүгінсек, бұл көрсеткіш 10% құраса, лизинг саланы 1,4 млрд АҚШ доллары көлемімен дамытады.

Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндірістік сектор дамуына серпін болады, ал қосымша жұмыс орындарын құру мен бюджетке салықтық түсімдердің жоғарылауы Қазақстан экономикасын шикізаттық экспорттан тәуелділікті төмендетуге жағдай жасайды.
















Қорытынды


Әлемдік нарықта өздерінің техникалық және құндық параметрлері бойынша ұқсас  машиналар мен  құрылғылар түрлерінің номенклатурасының көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін, тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері күшейе түсті және сонымен бірге, құрылғыларды уақытша пайдалану қажеттіліктері арта бастады.

Лизингтік қатынастардың пайда болып дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі қаржы нарығындағы капиталдардың жеткіліксіздігі. Бұл жағдай  орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қаржылық  жағдайында неғұрлым кері әсер етеді . Сонымен қатар , мемлекеттердің өзіндік өндірістік инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда , тапшылық әсерінен бағалардың тез қарқынмен өсу және валюталық дағдарыстар кезінде өзіндік қаражаттар есебінен құрылғыларды сатып алу мәселелері тереңдейді .

Лизингтік қатынастардың қалыптасып дамуына әсер еткен себептердің бірі ретінде лизинг негізінде қаржыландыру нарықтық экономикасы дамыған елдердегі қаржыландырудың негізгі қағидасына , яғни , қаражаттарды өз атынан емес делдалдар арқылы орналастыру қағидасына сәйкес келетіндігін атауға болады. Мұндағы негізгі мақсат – жауапкершіліктер мен тәуекелділіктерді бөлу. Сонымен қатар шетелдерде лизингтік қатынастардың дамуына төлем қабілеттігі бар сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктер , мемлекеттің әсер ету шаралары сияқты экономикалық шараларды қоса кеткен жөн.     

Сонымен жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе, шетелдерде және отандық  нарықта лизингтік қатынастардың  пайда  балып , даму шарттарының  бір-бірінен  ерекшеленетінін  көруге болады.

Бұрынғы  Совет Одағы құрамындағы елдерде лизингтік қатынастардың пайда болуының негізгі факторы ретінде қаржылық қатынастармен бірге материалдық қатынастардың да жетіспеушілігін айтуға болады. Сондықтан да, біз үшін әлемдік және отандық экономикалық нарықта лизингтік қатынастардың қалыптасу және даму тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы өте зор.

Сонымен жоғарыда айтылғандарға  сүйене отырып, қазіргі уақытта  лизингтік  қызметтер  нарығы әлемнің  шамамен  барлық аймақтарында дамуда деп айтуға болады.

Әлемнің  көптеген  елдеріндегі  инвестицияның  жалпы  көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады. 







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Шабашев В.А., Федулова Е.А., Кошкин А.В. Лизинг: основы теории и практики: Учебное пособие. – М.: КНОРУС, 2008. С. 192.

  2. Карп М.В., Масленченков Ю.С., Тавасиев А.М. и др. Лизинг: экономические, правовые и организационные основы. Учебное пособие. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. С. 320.

  3. Красева Т.А. Основы лизинга. – Ростов н/Д: Феникс, 2003. С. 224.

  4. Смагулов А. Лизинг: Учебное пособие. – Алматы: Балауса, 1994. С. 176.

  5. Малявина А.В., Попов С.А., Пашина Н.Б. Лизинг и антикризисное управление. Учебное пособие. – М.: Экзамен, 2009. С. 256.

  6. Лещенко М.И. Основы лизинга. Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2000. С. 336.

  7. Макеева В.Г. Лизинг. Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2003. С. 192.

  8. Газман В.Д. Финансовый лизинг. Учебное пособие. – М.: ГУ ВШЭ, 2003. С. 392.

  9. Речмен Д.Дж., Мескон М.Х., Боуви К.Л., Тилл Дж.В. Современный бизнес. Учебник. В 2 т. Т.2. Пер. с англ. – М.: Республика, 1995. С. 479.

  10. Оралбаева Ж. Қазақстанда лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана. 2007, №2. 91-96 б.


47


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!