Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Логика әлемі 3 класс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
№36 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
2015 жылғы "___"_________
№______ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
"Логика әлемі"
3 класс)
(арнаулы курс бағдарламасы)
Ақтөбе қаласы
2015-2016 оқу жылы
Бағдарлама негізі: «Алматы, Өлке -2011»баспасынан шыққан ,
К.Ерешова, Г. Сәлімханова, Г.Әденова, 3-сыныпқа арналған «Логика әлемі» әдістемелік құралына сүйене отырып, бейімдеп жүргізушілер
Б.Булебаева
С.Қожан
Р.Каршагина
Г.Өтеуова
Ж.Казтаева
№36 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімдері.
№36 қазақ орта мектебінің әдістемелік Кеңес отырысында
(мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы)
"Логика әлемі" арнаулы курс бағдарламасы талқыланды.
Хаттама № " " қыркүйек 2015жыл
Мектеп директоры: __________ А.С. Назиков
(қолы)
Қалалық сараптау комиссиясының отырысында "Логика әлемі" арнаулы курс бағдарламасы мақұлданды.
Хаттама № " " қыркүйек 2015 жыл
Сараптау комиссия төрағасы_____________
(қолы)
Түсінік хат
Бағдарламаның қажеттілігі:
Бастауыш білім-жалпы орта білім алудың негізгі базасы. Сондықтан, бастауыш білім берудегі басты мақсаттардың бірі- оқыта және дамыта отырып, балаларды өз бетінше оқып, білім алуға үйрету. Тек өздігінен оқи алғанда ғана оқушы білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ал өздігінен жұмыс істеу оқушы бойында оқу еңбегінің дағдысы мен икемділіктің қалыптасуын қажет етеді. Бұл орайда « Логика әлемі»арнаулы курсының тигізер көмегі зор. «Логика әлемі» арнаулы курсы оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдетуді, қоршаған ортамен таныстырып, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, балаларды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға жетелейді. «Логика әлемі» арнаулы курсының ерекшелігі- негізгі оқулықтан тыс тапсырма берілетіндігінде. Сондықтан сабақ ойын түрінде жүргізіледі. Танымдық қабілеті балалардың өздерінің икемі мен мінез-құлқына сай дамыту көзделеді. Ол үшін, ең бастысы, жеке- дара ойлануды әдетке айналдырып, дұрыс шешім қабылдаудың әртүрлі жолдарын іздеу керек. Бұл қасиеттердің баланың жетістікке жетуіне көмектесері сөзсіз.
Бағдарламаның өзектілігі:
Бағдарлама математика сабақтарында алған білімдерін әрі қарай қосымша тапсырмалар арқылы жетілдіріп, ойлау,есте сақтау, көру дағдысының дамуына, оқушының психологиялық-физиологиялық ерекшелігі ескеріле отырылып құрылды.
Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір – біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой-өрісін дамытап қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретеді әрі оны жалықтырмайды.
Балалардың кейбірі күрделі мәселелердің шешімін оңай тапса, енді бірі жеңіл тапсырмалардың шешуін таппай, тығырыққа тіреліп жатады. Сондықтан да «Логика әлемі» арнаулы курсы ойлау, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, шектеу, жіктеу, мойындамау (терістеу), сұрыптау, ой тұжырымы, есте сақтау, зейінді дамыту секілді тақырыптармен қамтылған. Әр сабақ сайын тапсырма қиындайды: көлемі көбейеді, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.
Бағдарламаның мақсаты:
-Есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту. Жалпы оқу икемі мен дағдыны ( өздігінен тапсырмамен жұмыс істеуін, бақылай білуін және жұмысын бағалай білуін) қалыптастыру және дамыту. Жаңа шешімдерді іздеу және қажетті нәтижеге жетудің ерекше тәсілдерін табу.
-Қоршаған ортаға оң көзқараспен қарауларына ықпал етіп, қарым-қатынас мәдениетіне, адамгершілік қатынасты тәрбиелеу.
-Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бірге пайда болды және бірге дамиды. Адамдардың өзара сөйлеуге, сұхбаттасуға, пікірлесуге, ойларын айтуға, жазып беруге, яғни өзгемен хабарласуға мүмкіндігі бар.
Күтілетін нәтиже:
1.Баланың сабаққа деген қызығушылығын артады.
2.Өз бетінше іздену әрекеттері қалыптасады.
3.Негізгі ойлау оперияларын саналы түрде қолдана білуге үйренеді.Яғни, ақпаратты сауатты қолдана білуі қалыптасады.
4.Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауы дамиды.
5.Өз пікірін айту және оны дәлелдеу, дұрыс сөйлеуге дағдыланады.
6.Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.К.Ерешова, Г. Әденова, Г.Сәлімқанова "Логика әлемі", 3-сынып
2.Е.Шаханов."Логикадан жаттығулар жинағы"-Астана"Фолиант",1999
3.Ж.Елшібаев."Зерек".-Алматы:"Өнер",1991
4.Ұ.Жұмаділдаева."Әріптер әлемінде".-Алматы:"Ана тілі",1997
5.Ә.Тұрғанбаев. "Логика".-Алматы: "Білім",2004
Қосымша әдебиеттер
1.«Давайтепоиграем» Н. И. Касабуцкий, Г. Н. Скабелев, А. А. Столяр Москва «Посвещение» 1991 г.
2.«Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық білім, білік, дағдыларын тексеруге арналған тест тапсырмалары» Ж. Н. Бірімжанқызы Алматы, «Өнер» 2005 ж
3. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар. Т. К. Жигалкина, Москва «Дрофа» 2000ж
4.«Я решаюлогическиезадачи» Е. В. Колесникова Москва «Сфера»
Анықтамалық әдебиеттер
1. Давайте считаем. Т. К. Жигалкина Издательский дом «Дрофа» 2000 г
2.Шығармашылық баспалдақтары. Б. А. Тұрғынбаева, Б. Ш. Шәбденов Алматы, 2003 ж 50-84 беттер.
3.«Математикалық тапсырмалар мен ойындар жазылған карточкалар» М. И. Моро, Н. Ф. Вапняр Алматы «Рауан» 1991 ж
4.«Балақан » журналы. 2009, 2010 жж
Аптасына-1 сағат, барлығы - 34 сағат
р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Уақыты |
Мақсат,міндеттері |
Сабақтың түрі |
Әдіс-тәсілдері |
Дидакти-калық материалдар |
||
І тоқсан- 9 сағат |
|||||||||
1. |
Баланың даму деңгейін анықтау |
1 |
|
Түстерді ажырата отырып, зат бөліктерін толықтыру.Жол ережесін еске түсіру. |
Жаңа сабақ |
Сұрақ –жауап, көрнекілік |
«Кім шапшаң?» |
||
2. |
1 |
|
Танымдық қабілеттерін дамыту. Оқыта отырып дамыту. |
Жаңа сабақ |
Түсіндіру, сұрақ-жауап |
«Сәйкес сөзді тап» |
|||
3. |
Баланың даму деңгейін анықтау |
1 |
|
Суреттің ұқсастықтарын табу, ойландыру.Сөздердің байланысын анықтау. |
Жаңа сабақ |
Әңгімелеу, талдау. |
«Қай сөз артық?» |
||
4. |
Зейінді топтауды анықтау |
1 |
|
Цифрларды көзбен жүргізе отырып,байланысын табу. |
Аралас сабақ |
Жинақтау,әңгімелеу, салыстыру. |
«Кімнің аяқ киімінің бауы?» |
||
5. |
Назар аударуды дамыту |
1 |
|
Заттардың ортақ белгілерін табу,ұқсастық пен айырмашылықтарды ажырату. Таңдауын пайымдап, әңгімелеу. |
Ойын сабақ |
Сұрақ- жауап, көрнекілік. |
Графикалық диктант |
||
6. |
Назар аударуды жетілдіру. |
1 |
|
Заттардың ортақ белгілерін табу,ұқсастық пен айырмашылықтарды ажырату. Таңдауын пайымдап, әңгімелеу. |
Жаңа сабақ |
Талдау- жинақтау, әңгімелеу. |
«Өз көзіңе» |
||
7. |
Зейінділікті жаттықтыру |
1 |
|
Сөздердің алғашқы әріптерінен жаңа сөз құрау,заттардың ортақ белгілерін анықтау |
Жаңа сабақ |
Түсіндіру, сұрақ-жауап |
«Кім шапшаң?» |
||
8. |
Зейінді дамыту. |
1 |
|
Суреттерді пайдаланып, айырмашылығын табу,жоқ бөлікті толықтыру. |
Жаңа сабақ |
Талдау,көрнекілік, әңгімелеу. |
«сөздерді оқу, кері оқу» |
||
9. |
Есту арқылы есте сақтау. Бал араның омартаға дейінгі жолы |
1 |
|
Сөздерді есте сақтау арқылы жазу,нұсқауды бұлжытпай орындай білу.Бал арасының омартаға дейінгі жолын сызу. |
Ойын сабақ |
Жинақтау,көрнекілік, репродуктивтік. |
Есте сақтау диктанты |
||
ІІ тоқсан - 7сағат |
|||||||||
10. |
Есту арқылы есте сақтау қабілетін жетілдіру. |
1 |
|
Салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.Берілген сандардан мәні 100 ге тең болатын өрнектер құрастыру. |
Жаңа сабақ |
Әңгімелеу, жинақтау, сұрақ-жауап |
«Кім алғыр» |
||
11. |
Есту арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру. Ширату. |
1 |
|
Сөздерді мұқият қарай отырып,кері оқыту. Теңдіктер тура болатындай жақшалар қою. |
Ойын сабақ |
Салыстыру, талдау. |
«Не өзгерді?» |
||
12. |
Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту |
1 |
|
Сөздердің мағынасына қарай сыңарын тауып жазу. Шатастырымдағы әріптерді жазу. |
Жаңа сабақ |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу. |
«Шешімін тап»ойыны |
||
13. |
Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту |
1 |
|
Суреттің сыңарын табу және ол туралы әңгімелеу.Заттардың ретімен орналасуын белгілеу. |
Аралас сабақ |
Сұрақ- жауап,көрнекілік. |
« Сыңарытап» |
||
14. |
Көру арқылы есте сақтау қабілетін жаттықтыру |
1 |
|
Оқушылар суреттерді салыстырып, айырмашылығын табу.Заттардың бөлігін табу. |
Жаңа сабақ |
Талдау, сұрақ -жауап |
Графикалық диктант |
||
15. |
Логикалық ойлауды дамыту. |
1 |
|
Сандардың орналасу заңдылығын табу, дәлелдеу.Басқатырғыны шешуге үйрету. |
Аралас сабақ |
Көрнекілік,жинақтау. |
«Графикалық диктант» |
||
16. |
Логикалық ойлауды жетілдіру. |
1 |
|
Суретпен жұмыс жасай отырып,заттардың орналасу заңдылығына назар аудару, анаграмманы үйрету. |
Ойын сабақ |
Талдау, сұрақ-жауап |
«Ойлан, тап» |
||
ІІІ тоқсан - 10 сағат |
|||||||||
17. |
Логикалық ойлауды жаттықтыру. |
1 |
|
Суреттерді салыстыру, айырмашылығын табу.Басқатырғыны шешіп, өз ойын дәлелдеуге үйрету. |
Жаңа сабақ |
Талдау, сұрақ-жауап |
«Бос торды толтыру» |
||
18. |
Логикалық ізденіс тапсырмалары |
1 |
|
Заңдылығын сақтап, жетіспей тұрған суреттерді салусөзжұмбақ шешу.. |
Жаңа сабақ |
Сұрақ- жауап, талдау |
«Кірпінің жолы» |
||
19. |
Логикалық ізденіс тапсырмалары |
1 |
|
Нәтиже дұрыс болатындай амалдардың таңбаларын қою.Ұқсас фигураларды меңзермен қосу. |
Ойын сабақ |
Алгоритмдік,жинақтау |
«Графикалық диктант» |
||
20. |
Заңдылықты іздеуге үйрету |
1 |
|
Заттың қажеттілігін анықтау, сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.Қосынды тура болатындай үш санды табу. |
Жаңа сабақ |
Көрнекілік, талдау |
«Артық моншақты тап» |
||
21. |
Заңдылықты іздеуге үйрету |
1 |
|
Сөздердің жүйелелігін көрсетіп цифрмен белгілеу, байланысын анықтау. |
Аралас сабақ |
Жинақтау, сұрақ-жауап |
«Графикалфқ диктант» |
||
22. |
Заңдылықты іздей білуге жаттықтыру |
1 |
|
Заңдылығын анықтау және дәлелдеп айту. |
Жаңа сабақ |
Көрнекілік, Сұрақ- жауап |
«Сөз құра» |
||
23. |
Қиялды жетілдіру |
1 |
|
Фигураларды заттарға ұқсату,сандардан сөздер құрастыру |
Ойын сабақ |
Ассоцация, топтау |
«Сөз құра, тез құра» |
||
24. |
Ойша көз алдына елестету |
1 |
|
Суретпен жұмыс жасай отырып, өз ойларын пайымдап беру. |
Жаңа сабақ |
Топтастыру, талдау,әңгімелеу |
Қандай әріптер? |
||
25. |
Елестетуді жетілдіру |
1 |
|
Шартты белгілердің қайда кездесетітін елестету.Таңдауын дәлелді пікірлермен жеткізу. |
Аралас сабақ |
Әңгімелеу, сұрақ-жауап |
Сөзжұмбақтар шешу |
||
26. |
Ширату |
1 |
|
Дәлелді сөздермен және өз ойын ашық айту.Берілген суреттерді толықтыру.Сипаттама бойынша сурет салу. |
Ойын сабақ |
Әңгімелеу, талдау |
Заңдылығын анықта |
||
IV тоқсан - 8 сағат |
|||||||||
27. |
Кеңістікте қиялды дамыту |
1 |
|
Суреттегі заттардың атауларын жазу,заттарды салыстырып, ортақ белгісіне назар аудару. |
Жаңа сабақ |
Сұрақ- жауап, әңгімелеу |
«Графикалық диктант» |
||
28. |
Ширату |
1 |
|
Геометриялық пішіндерді дұрыс қолдана отырып, жетіспей тұрған бөлшектерді сала білуге үйрету. |
Ойын сабақ |
Жинақтау,талдау. |
«Өз орныңды тап» |
||
29. |
Кеңістікте қиялды дамыту |
1 |
|
Меңзердің көрсеткен жолымен мақалдарды оқу, жазу.Сөздерді суретімен орналастыра отырып, салу. |
Жаңа сабақ |
Талдау, әңгімелеу |
«Кімнің және ненің ізі» |
||
30. |
Кеңістікте заттардың орналасуын анықтау |
1 |
|
Фигураларды теңдей бөлу.Кодталған сөздерді шешу. |
Аралас сабақ |
Алгоритмдік, талдау |
«Сөйлемді толықтыр» |
||
31. |
Кеңістікте заттардың орналасуын анықтауды жетілдіру |
1 |
|
Суреттерді топтастыру және оларға ортақ ат қою.Теңдіктегі түсіп қалған санды табу. |
Жаңа сабақ |
Сұрақ- жауап, әңгімелеу |
«Ойлан! Құрастыр!» |
||
32. |
Қайталау |
1 |
|
Суреттердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу, саны мен орналасуын есте сақтау.Код кестесі арқылы жасырын сөді табу. |
Ойын сабақ |
Талдау, жинақтау |
«Жазуды жалғастыр» |
||
33 |
Қайталау |
1 |
|
Өзіндік пікір қалыптастыру және оны қолдана білуге үйрету. |
Жаңа сабақ |
Сұрақ- жауап, әңгімелеу |
Диктант |
||
34 |
Білімдарлар сайысы |
1 |
|
Оқушылардың білімдерін қорытындылау |
Ойын сабақ |
Өз бетімен жұмыс |
«Не түйдік?» |
Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі бастауыш класс мұғалімдері
Б. Б. Булебаева, С. Ж. Қожан, Р.Е. Каршагина, Г. Б. Өтеуова, Ж. Т. Казтаева
«Логика әлемі» арнаулы курс бағдарламасына
Пікір
Бастауыш білім –жалпы орта білім алудың негізгі базасы. Сондықтан бастауыш білім берудегі негізгі мақсаттың бірі - оқыта және дамыта отырып, балаларды өз бетінще білім алуға үйрету. Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен математикадан танымдық тапсырмалар арқылы оқушының интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып, бір жүйеге келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды. Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін бір жүйеге келтіру қажет.Осыған орай,бұл пән- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады,ақыл –ой деңгейін қалыптастырады. Ұсынылған бағдарламамен жұмыс жасау кезінде баланың бойындағы қорқыныш пен «қате жасап қоямын ау»деген мазасыз ой төмендейді де сенімділік пен тұрақтылық дамиды.
Бағдарламаның өзектілігі: оқушыларды математика пәні бойынша жаттығулар мен есептер шығаруда тиімді ойлау қабілетін дамытып, проблемалық жағдайларда шығармашылықпен шешім қабылдауға, жүйелі әрі жылдам есептеуге үйретеді.
Бағдарламаның мақсаты: есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту. Жалпы оқу икемі мен дағдыны қалыптастыру. Жаңа шешімдерді іздеу және қажетті нәтижеге жетудің ерекше тәсілдерін табу.
Мұғалімдер осы негізгі мақсатты ескере отырып, төмендегідей міндеттерді басшылыққа алған:
-
Баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
-
Бағдарламаның көздеген мақсатына жету үшін өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру.
-
Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету.
-
Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.
-
Өз пікірін айту және дәлелдеу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
-
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.
«Логика әлемі» бағдарламасы 3-класс оқушыларының білімін тереңдетуіне жол ашады, өз бетімен ізденуге, тапқырлыққа,байқағыштыққа,ойын дәлелдеуге үйретеді. Бағдарлама 34 сағатқа құрылған.
Бағдарламаның өзге бағдарламадан айырмашылығы, оқушылардың танымдық қызығушылығына жағдай жасай отырып, балаларды ізденімпаздыққа, өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелейді. Сана – сезімін және өзін өзі бақылай білуін қалыптастырады. Ойын түрінде берілген тапсырмалардың пайымдауға, шығармашылық тұрғыдан ойлауға, өз беттерінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға, сыни тұрғыдан жеке тұлғаның қалыптасуына қосар үлесі зор деп есептеймін.
Пікір беруші : А.К. Дуйсенбаев , п.ғ.к.,доцент
Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі бастауыш класс мұғалімдері
Б. Б. Булебаева, С. Ж. Қожан, Р.Е. Каршагина, Г. Б. Өтеуова, Ж. Т. Казтаева
«Логика әлемі» арнаулы курс бағдарламасына
Пікір
«Логика әлемі» арнаулы курсбағдарламасы оқушылардың математикадан алған білімдерін практикамен ұштастыру, олардың қызығушылығы мен ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында құрылған.
Мұғалімдер осы негізгі мақсатты ескере отырып, төмендегі міндеттерді басшылыққа алған:
-
Оқушы білімді жалғастыруға,күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті нақты
математикалық білімді меңгеру.
-
Баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
-
Бағдарламаның көздеген мақсатына жету үшін өз бетінше іздену әрекеттерін
қалыптастыру.
-
Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету.
-
Қиялдау, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.
-
Өз пікірін айту және дәлелдеу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
7 Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.
Математика пәнінің қоғамдық процесс үшін маңыздылығы жоғары деңгейде көрсетілген.
Бағдарламадағы тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған.Сол себепті логикалық тапсырмалар, жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды.Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретеді және оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері: Ж. Шалабаева