Материалдар / Логикалық есептер және кітап
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логикалық есептер және кітап

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық математика сабагына арналған есептер жинағы және тест тапсырмалары бойынша кітап оның ішінде ойындар, ауызша есептеу тәсілдері математикалық тесттер мен есептер бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
2169
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғы сөз


Адамның ерекше қасиеттерінің бірі-есепті дұрыс шеше білу. Біздің мақсатымыз-оқушының математикаға қызығушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.

Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ математикадан дайындығы әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған. Автор өзі жинақтаған материалдардың математиканы енді-енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін, бұрыннан математикамен айналысып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа қосымша құралдар арқылы дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик болғысы келетіндерге арналған.

Жинаққа енген тақырыптар әр түрлі. Оның ішінде математикалық ойындар, ауызша есептеу тәсілдері, математикалық тестер мен есептер бар. Ұсынылған материалдарды факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, сол сияқты математикалық кеш, викториналар өткізу үшін де пайдалануға болады.



















I бөлім. Логикалық есептер


  1. Үстел басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны өзара бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?

Жауабы: атасы, баласы, немересі

  1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы).

  1. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

(Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).

  1. Қ ай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?






(Әділет – Тайпақ, Еркін – Харкин, Ерлан – Мергеннен келген).

  1. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, - деді. Сонда әркім қандай баға алған?

(Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған).

  1. Есепте :



Жауабы: 2


  1. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?







Жауабы: сауысқан қардың үстіне құлады.

  1. Бір адамнан «Сіздің жасыңыз нешеде?» -деп сұрағанда, әлгі адам «Мен өзімнің кейбір туыстарымнан 600 есе үлкенмін,» -деп жауап қайтарды. Осылай болуы мүмкін бе? Егер мүмкін болса, сол адам неше жаста?








Шешуі: Туысының жасын 1 ай деп аламыз:

1 жыл-12ай
1 ай*600 ай=50
жас

Жауабы: Туысы 1 айда, ал өзі 50 жаста.


  1. Бір қарға оңтүстікке қарап отыр, екінші қарға солтүстікке қарап отыр. Сонда бірінші қарға "мен сені" көріп тұрмын депті, екінші қарға да "мен де сені көріп тұрмын" депті. Сонда бұл қалай болғаны?

Жауабы: екі қарға қарама-қарсы тұрған екі бұтақта бір-біріне

қарап отыр.


  1. Пропорциядағы х-тің мәнін тап.









Жауабы: 48

  1. Емен ағашында 6 бұтақ бар, әр бұтақта 5 алмадан бар. Емен ағашында барлығы неше алма бар?


Жауабы: емен ағашында алма өспейді.


  1. Қыз бен жігіт түнде бір жиыннан шығып келе жатса, алдарынан бір топ жігіттер шығып, қыздың жанындағы жігітке тиісе бастайды, сол кезде қыз жігітті құтқарып қалу үшін былай дейді: «Тиіспеңдер, бұл жігіттің шешесі менің шешемнің енесі» сонда қыз бен жігіт бір-біріне қалай жақын.


Жауабы: папасы мен кызы


  1. Менің әкем 31-де болғанда, менің жасым 8-де еді.Қазір менің әкемнің жасы менің жасымнан 2 есе үлкен.Қазір мен неше жастамын?

Шешуі:

31-8=23-әкесі мен баласының жастарының айырмашылығы Баласының жасын 23 деп алайық: 23-8=15-баласы сегіз жаста болғанынан бастап 23-ке толғанына дейін жылдар аралығы 31+15=46-әкесінің жасы Т/ру: 31-8=46-23 46/2=23

Жауабы: Баласының жасы-23, әкесінің жасы – 46.


  1. Аңшы бірден үйіне келгенде әйелі неше балық ауладың- деп сұрайды, сонда аңшы оған "8 жартысыз, 9 құйрықсыз, 6 бассыз" деп жауап берді. Аңшы қандай аң аулады және бұл қандай аңдар?

Жауабы: 10 балық

  1. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?


? – ?



Жауабы: 5 тауық, 10 қоян.


  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа неше минутта піседі.

Жауабы: 4 минутта

  1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды.Әрқайсысы неше сағаттан ойнайды?

Жауабы: 2 сағат


  1. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

Жауабы: бір асықты дорбамен алды.


  1. Бақтиярдың төрт ұлы,олардың әр қайсысы туған қарындасы бар.Бақтиярдың неше баласы бар?


Жауабы: 4-ұл, 1-қыз, 5-баласы бар.

  1. Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді.Оның әр аты неше шақырым жүрді?

Жауабы:25 шақырым

  1. Б ір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?






Жауабы: екеуі тең


  1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы: 5

  1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

Жауабы: 4 рет

  1. М ектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?




Жауабы: 5 бала

  1. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 4 сағат

  1. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады?

Жауабы: үтір

  1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?

Жауабы: 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам

  1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?

Жауабы: екеуі тең

  1. Кім барлық тілде сөйлейді?




Жауабы: жаңғырық


  1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?





Жауабы: құс жолымен

  1. 4 ұлда неше саусақ бар?





Жауабы: 80

  1. Есепте:


АВС АВС

+КРС - КРС

6 9 1 2 6 1


АВС -? Жауабы: 476

  1. К өктем келді. Қолымда бір-бірінен әдемі гүлдер алып серуендеп жүрмін. Қолымдағы екі гүлден басқалары – түймедегі (ромашка), екі гүлден басқалары – раушан (роза) және екі гүлден басқалары – қалампыр (гвоздика). Сонда менің қолымда қанша гүл бар?





Жауабы: 3 гүл-барлығынан бір-бірден.

Қожанасыр туралы есептер.

  1. Байдың мысқылы.

Қожанасыр бір ауылға келгенде ауқатты бір адам үйіне шақырып,ас беріп,одан кейін демалып отырғанда өзінің ақылдылығын көрсеткісі келіп:

-Е-ей, Қожеке, сені керемет есептегіш дейді ғой,ал енді мына есепті шығарып көрші: «Менің жасым 26-да, анау жүгіріп жүрген ұлымның жасы 6-да. Сонда неше жылдан кейін менің жасым ұлымнан 3 есе артық болады.»





Шешуі:

26+х=3(6+х) х = 44 жылдан кейін.


  1. Табадағы самсалар.

Қожанасыр табасы болмай көршісіне келді.Оның табасына бір ретте тек екі рет самса ғана салуға болады.Самсаның бір жағының пісуіне бір минут,екінші жағына бір минут,жиыны:екі минут уақыт жетеді.Қожада үш самса болды.Үй иесі тек үш минут уақыты бар екенін айтып табасын береді.Сонда Қожа үш самсаны үш минутта қалай пісірді?

Шешуі:

Табаға екі самса ғана сиятын болғандықтан,бірінші минутта екі самсаның бір жағын пісіріп алып,екінші минутта біреуін алып тастап, үшінші самсаны саламызда,екінші самсаны аударып салып, бір минут ұстаймыз. Сонда алғашқы самса пісіп болады да, үшінші самсаның бір жағы піседі. Ал үшінші минутта, үшіншісамса мен алып тастаған самсаның екінші жағын пісіреді.

  1. Ағаш кесу.

Қожанасыр бір байға жалданып ағаш кесті. Ол ағаш кесіп болғаннан кейін барлық кесілген бөренелерден 72 шөрке шыққанын байқады.Егер барлық бөренелер 53 рет кесілген болса,бөренелердің бастапқы саны қанша?


Шешуі:

72 шөркенің 74*2=144 ұшы болады. Ал 53 рет кескенде 53*2=106 жаңа ұштар пайда болады. Ескі ұш 144-106=38 Ал әр бөренеде екі ұш болғандықтан, санын бөренелердің табу үшін 38/2=19

Жауабы: 19 бөрене

  1. Осы алқалардың ішінен қайсысы екіден үші қара тастан тұрады?



(1)  (2)  (3)  (4)  (5) 

Жауабы: 3

  1. Тек қана «6» цифрын 3 рет пайдаланып (амал қолданып), 30 санын өрнектеңіздер.

Жауабы: (6*6)-6


  1. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді?

Жауабы: 4 сағатта жейді.

  1. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?








Жауабы: 12

  1. Қосындыны есепте:

Жауабы:

  1. Дәптердің құны 30 теңге және альбомнан 5 есе арзан. Бояу қарындаштары альбомнан 3 есе қымбат болса, олардың құны қандай?

Жауабы: 450 теңге


  1. Заттың бағасы алдымен 10 % -ке қымбаттады, ал соңынан

10 %-ке арзандады. Тауар бағасы қалай өзгерді?

Жауабы : өзгерген жоқ


  1. Әділ 3 дәптер мен 10 қалам алып, оның бәріне 206 теңге төледі. Еділ дәл сондай 3 дәптер және 5 қалам алып, 181 теңге төледі. 1 дәптер және 1 қаламның бағаларын тап.

Жауабы: дәптер – 5 теңге, қалам – 52 теңге


  1. Бірінші сан екіншісінен үш есе үлкен, ал ол сандардың айырмасы 43. Кіші санды тап.

Жауабы: 21,5







IІ бөлім. Логикалық тест тапсырмалары

1 Тест

  1. Берілген сандардың қайсысы жұп?

а) 2009

в) 2+0+0+9

с) 200-9

д)200*9

е)200+9

  1. Егер ∆+∆+6=∆+∆+∆+∆ болса, ∆ белгішесімен қандай цифр берілген?

а)2 в)3 с)4 д)5 е)6

  1. Кішкентай Кенгуру зоопаркпен мектептің арасындағы кездескен барлық гүлдердің санын есептейді. Төмендегі сандардың қайсысы оның есебінің нәтижесі болып шықпайды?

а) 9 в) 10 с) 11 д) 12 е) 13





  1. Сатының 21 баспалдағы бар. Ник және Майк осы баспалдақтарды санайды: біреуі төменнен жоғарыға, екіншісі жоғарыдан төменге дейін. Олар Никтің оныншы деп атаған баспалдағында кездеседі. Бұл баспалдаққа Майк қандай нөмір береді?

а)13 в)14 с)11 д)12 е)10

  1. 12323314 санынан, оңнан солға және солдан оңға қарай бірдей оқылатын сан жасау үшін, кем дегенде өшіру керек цифрлар саны

а)1 в)2 с)3 д)4 е)5

  1. Бір шыбынның 6 аяғы, ал бір өрмекшінің 8 аяғы бар. Үш өрмекшінің және екі шыбының аяқтарының қосындысы 10 құс пен қанша иттің аяқтарының қосындысы тең?

а)2 в)3 с)4 д)5 е)6

  1. Қорапта 7 бірдей тіктөртбұрышты тілімше бар. Тағы да сондай бір тілімшеге орын табу үшін, оларды ж ылжытуға мүмкіншілік бар. Ол үшін ең кем дегенде қанша тілімшені жылжыту керек?

а)1 в)2 с)3 д)4 е)5

  1. Бөлмеде бірнеше мысықтар мен иттер отыр. Бөлмеде мысық аяқтары ит мұрындарынан екі есе көп. Онда

а) иттер санынан екі есе көп

в)иттер санына тең

с) иттер санынан екі есе аз

д) иттер санынан төрт есе аз

е) иттер санынан төрт есе көп

  1. Үстел үстінде үш жәшік тұр: ақ, қызыл және жасыл. Біреуінде шоколадтар жатыр, екіншісінде – алмалар, ал үшіншісі бос. Егер шоколадтар не ақ, не қызыл жәшікте жатса, ал алмалар ақ жәшікте де, жасыл жәшікте де жатпаса, онда шоколадтар қайда жатуы мүмкін?

а) ақ жәшікте

в) қызыл жәшікте

с) жасыл жәшікте

д) қызыл немесе жасыл жәшікте

е) анықтау мүмкін емес

  1. Төмендегі өрнектердің қайсысы басқаларына тең емес?

а)20*10+20*10 в)20/10*20*10 с)20*10*20/10

д)20*10+10*20 е)20/10*20+10

2 Тест

  1. Мен бір сан таңдадым, оны 7-ге бөлдім, одан кейін 7-ні қостым, одан кейін 7-ге көбейттім. Нәтижесінде 777 саны шықты. Мен қандай сан таңдадым ?

а)7 в)111 с)722 д)567 е)728










  1. Төмендегі суреттің шаршыларына 1, 4, 7, 10 және 13 сандарын жазу керек. Тік үш шаршыға жазылған сандардың қосындысы көлденең үш шаршыға жазылған сандардың қосындысына тең болу керек. Бұл қосындының ең үлкен мәні қаншаға тең?

а)18 в)20 с)21 д)22 е)24

  1. 60 беттен тұратын газетті 15 пара

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!