"Логикалық есептер шешу" тақырыбындағы қолданбалы курс жоспары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Логикалық есептер шешу" тақырыбындағы қолданбалы курс жоспары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Әдістемелік бірлестік отырысында «Мойынқұм шағын орталықты орта мектебі» қаралды. Хаттама №1 ___________

коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетекші: _________ Жидебаев М. А.

Келісемін.

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

___________ Аусатов Б. П.

__________________________


Бекітемін.

Мектеп директоры:

___________ Жанпейсов Ғ. М.

__________________________










Мойынқұм шағын орталықты орта мектебінің 2020-2021 о. ж. 7 сынып оқушыларымен жүргізілетін математика пәнінен «Логикалық есептер шешу» тақырыбы бойынша

қолданбалы курс жоспары















Математика пәні мұғалімі: Жадрасинов Қ. Қ.








Мойынқұм ауылы.

І. Түсінік хат

 «Логикалық есептер шешу» қолданбалы курсын жүргізу арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, олардың математикаға деген ынта жігерін арттырып, математикалық қабілетін одан әрі қарай дамыту мақсатын көздейді.

           Математика  сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі логикалық ойын есептері.

Логикалық есептердің көпшілігі жас талғамайды, мағынасы қарапайым және белгілі бір білімді қажет етпейді. Негізгі жаттығулар ауызша және мектеп бағдарламасында үйрететін стандартты әдістерден тыс жолдармен орындалады. Ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң есептеу дағдыларын қалыптастыруға итермелейді.


Бағдарламаның мақсаты:

    Оқушылардың ауызша ойлау қабілетін арттырып, тез есептеу жолдарын үйрету. Ойындар ойнау арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

Бағдарламаның міндеті:

1. Оқушыларға тез есептеу әдістерін үйрету

2. Ойын есептерін шешу жолдарын меңгерту

3. Ақыл – ойын және ерік сезім белсенділігін арттыру.

4. Математикалық сөйлеу машығын қалыптастыру

5. Қиялдарын ұштау, шығармашылық зерде үрдістерін жоғарылату

6. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету.

Күтілетін нәтиже

        Оқушылар ауызша ойлау қабілетін арттырады, тез есептеу жолдарын үйренеді. Ойындар ойнау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

«Логикалық есептер шешу» факультатив курсы

Курс тақырыбы

Сыныбы

Оқытылу реті

Оқыту формасы

Сағат саны

1

Логикалық есептер шешу

7 қазақ

Аптасына

1 сағат

Сабақ кестесі бойынша

34


Оқыту әдісі: іздену, зерттеу, ойлану.



Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


«Математика 5 сынып» Т. А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов.

«Тапқырлық баспалдақтары» Р. Омаров. «Өлке» баспасы,2011

«Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар» Р. Омаров. «Өлке» баспасы,2012



ІІ. Тұрақтылау бөлімі немесе мазмұндық бөлім


1. Танграм -1сағат

2. Танграм -1 сағат

3. Судоку -1 сағат

4. Бір жүрген жерді қайталамай. -1 сағат

5. Геометриялық бақылағыштық – 1 сағат

6. Кеңістік кескіндері – 1 сағат

7. Жіп, арқан, шынжыр, байлау түрлері–2 сағат

8. Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер–2 сағат

9. Таразы, өлшеу, сұйықтар-3 сағат

10. Бірге жетеміз-1сағат

11. Тең бөліктер-3 сағат

12. Көлеңкеден көріністер -2 сағат

13. Күнделікті өмірдегі логика-2 сағат

14. Өткелдер. Өткелдермен өткендер.-1 сағат

15. Жоспарлау-1сағат

16. Таяқшалар-3 сағат

17. Ғажайып шаршы-2 сағат

18. Сандық ребустар-3 сағат

19. Қағаз құрастырғыш -2 сағат

20. Құрастырғыш таяқшалар -1 сағат.


Оқушылар курс барысында дүниетанымдық, бағалаушылық, танымдық қызмет қабылдау және т. б. білім түрлерін алады. Курсты меңгеру үрдісінде оқушылар өзіндік және шығармашылық жұмыстарды орындағанда қосымша әдебиеттерді пайдалануы қажет. Сонда оқушылардың дүниетанымдық, адамгершілік-этикалық мәселелерге қызығушылықтарын қалыпқа келтіріп функционалдық сауаттылығын қалыптастырамыз.


Пәнаралық байланыс: Физика, математика, геометрия, әдебиет.


Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


«Математика 5 сынып» Т. А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов.

«Тапқырлық баспалдақтары» Р. Омаров. «Өлке» баспасы,2011

«Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар» Р. Омаров. «Өлке» баспасы,2012


ІІІ. Нормативті бөлім


Оқушылар білуі тиіс:

  1. Ауызша есептеу жолдарын

  2. Тез есептеу әдістерін

  3. Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін

  4. Логикалық есептерді әр түрлі тәсілдермен түрлендіре шешу  әдістерін


Оқушылар меңгеруге тиіс:

  1. Логикалық есептерді шешу тәсілдерін

  2. Математикалық тілде сөйлеу машығын

  3. Геометриялық фигураларды ажырату

  4. Математика туралы және онда қолданылатын ойын әдістерін.


Оқушылар жасауға тиіс:

  1. Тарихи  мағлұматтар жинақтауға;

  2. Логикалық есептерді аналитикалық, графиктік әдістермен шешуді;

  3. Математикалық ойын есептерді шығару тәсілдерін игеруді.

  4.  Сандардың бөлінгіштік қасиеттерін білуді.


Оқушылар көрсете білу тиіс:

  1. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін

  2. Логикалық есептерді шешу

  3. Сандардың бөлінгіштік белгілерін білу.


Пәнаралық байланыс:

  1. Математиканың тарихпен байланысуы

  2. Жұмбақ есептердің әдебиетпен байланысуы

  3. Шырпымен басқатырғыштардың геометриямен байланысы


IV. Ақпараттық бөлім


Оқушылардың шығармашылық сипаттағы білімдерін бағалауға, оқушылардың жеке тұл-ғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін келесі бақылау құралдары есепке алынады:

  • Мәлімдеме (реферат)

  • Хабарлама;

  • Портфолио.




Тақырып

Сағат саны

Мерзімі

1

Танграм

1

8.ІХ

2

Танграм

1

15. ІХ

3

Судоку

1

22. ІХ

4

Бір жүрген жерді қайталамай.

1

29. ІХ

5

Геометриялық бақылағыштық

1

6. Х

6

Кеңістік кескіндері

1

13. Х

7

Жіп, арқан, шынжыр, байлау түрлері

2

20, 27. Х

8

Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер

2

10, 17. ХІ

9

Таразы, өлшеу, сұйықтар

3

24, 8. 8.ХІІ

10

Бірге жетеміз

1

15. ХІІ

11

Тең бөліктер

3

22, 12, 19. І

12

Көлеңкеден көріністер

2

26. І, 2.ІІ

13

Күнделікті өмірдегі логика

2

9,16.ІІ

14

Өткелдер. Өткелдермен өткендер.

1

23.ІІ

15

Жоспарлау

1

2. ІІІ

16

Таяқшалар

3

9, 16, 6.ІV

17

Ғажайып шаршы

2

13, 20. ІV

18

Сандық ребустар

3

27, 4, 11. V

19

Қағаз құрастырғыш

2

18, 18. V

20

Құрастырғыш таяқшалар

1

24. V


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2020
917
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі