Материалдар / Логопедия нег3здері. "Тіл кемістіктері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логопедия нег3здері. "Тіл кемістіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедия негіздері пәні бойынша "Тіл кемістіктері" тақырыбы баяндалды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

No 7 тақырып. Сөз артикуляциясындағы ауытқу және оның себептері. Ауытқулар жіктемесі

  1. Мектепке дейінгі балаларда сөйлеу патологиясының негізгі себептері.

  2. Сөйлеудің табиғи және функционалдық ауытқулары

  3. Дислалия, ринолалия, дисартрия, кекештену, брацилалия, дисфония. Олардың балаларда пайда болу себептері.



  1. Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:

1.Әртүрлі ішқұрсақ патологиясы ілтегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының аяғы ауыр кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін;

2.Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі);

3. Өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;

4.Бас сүйегінің жарақаттануы;

5.Тұқымқуалаушылық факторлар;

6.Әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.



  1. Барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады:

1.Табиғи тіл кемістіктері;

2.Функционалды тіл кемістіктері.
Дислалия- сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Пайдаболу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.


Сөйлеу тілінің сыртқы жағының бұзылуына а) дауыстың пайда болуының бұзылуы; б) сөйлеу тілі жылдамдылық және ырғықтылық жағының бұзылуы; в) мәнерлеп, екпенді сөйлеудің бұзылуы; г) тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы жатады. Мұндай ауытқулар өз бетінше немесе бір-бірімен үйлесіп жатуы байқалады. Соған байланысты олар логопедияда келесі терминдерімен белгіленеді:

Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің иннервациясы дұрыс сақталғанына қарамастан кездесетін тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарының айтылу кемістігі, фонетикалық кемістік.

Ринолалия - сөйлеу тілі аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыс әуесіздігі мен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Синонимдер мұрнынан сөйлеу, палатолалия.

Дизартрия - жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына (иннервацияның жеткіліксіз болғандығы) байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады, бұндай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіндігінен мүлдем айырылады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз. Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбнесе ол бала тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.

Брадилалия – сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс баяулауы. Синоним: брадифразия. Бұндай жағдайда адамның сөйлеуі созылмалы, екпінсіз, әлсіз болады.

Тахилалия - сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс арттыруы. Бұндай жағдайда адамның сөйлеуі тым асығыс, қарқынды болады. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлем құрастырғанда қателер жіберледі. Кейбір жағдайларда мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп есептеліп, мынандай терминдермен аталады: баттаризм, парафразия. Шапшан сөйлеген кезде өздігінен кідіріп, мүдіріп, тоқтап қалу – полтерн деген терминмен белгіленеді.

Дисфония (афония) - дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығарудың бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, вокалды бұзылу. Бұл кемістігінің әр түрлі белгілері болады: фонацияның мүлдем болмауы; дауыс күшінің, әуезділігінің, биіктігінің бузылуы; дауыстың шаршауы, оның қырылдап, сырылдап, бәсен шығуы.

Сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуына алалия мен афазия жатады. Бұларды сөйлеу тілінің жүйелі кемістіктері деп санайды.

Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының жастайынан зақымданудың әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, даму афазиясы, мылқау.

Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазия жағдайында ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырлады. Егер мұндай бұзылу үш жасқа дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды.

Жазбаша тілінің бұзылуы екі түрлі тіл кемістіктері жатады: дислексия және дисграфия.

Дислексия – оқу процесінің жартылай ерекше бұзылуы. Мұнда бала әріптерді дұрыс танып, ажыратуында, әріптерді буынға, буындарды сөздерге біріктіруде қиындық көреді, сол себептен сөздің дыбыстық формасы бұзылады, сөйленің байланыстары дұрыс болмайды, жалпы оқығаннын түсінуі қиындайды.

Дисграфия – жазу процесінің жартылай ерекше бұзылуы. Дисграфия баланың жазу кезінде әріптерді немесе буындарды жатастыру, алмастыру, орнын ауыстыру сияқты қателерінде, сөйлем ішінде сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырмауында қөрінеді. Оқыту барысында жазу дағдысының мүлдем қалыптаспауы аграфия деп аталады.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:

Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер.

Ротацизм - «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік.

Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік.

Каппацизм «к» дыбысы;

Гаммацизм - «г» дыбысы;

Хитизм «х» дыбысы;

Йотацизм – «й» дыбысы.


Тіл кемістігін емдеу тәсілдері.

А)операция жасау;

Б)Протездеу;

В)Жақ сүйегін түзету және тістерді реттеу;

Г)Дәрі дәрмекпен емдеу;

Д)Физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!