Материалдар / Логопедтік жаттығулардағы іс-әрекеттік сауаттылықты қалыптастыру

Логопедтік жаттығулардағы іс-әрекеттік сауаттылықты қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарына арналған әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
801
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Логопедтік артикуляциялық жаттығулардағы іс-әрекеттік сауаттылықты қалыптастыру»






















Тіл кемістігі және оның себептері:Тіл кемістігі деп –сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуы. Қатынас теориясының көзқарасында тіл кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып табылады.

Сөйлеу тілінің бұзылуы

  1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді.

  2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді.

  3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді.

  4. Баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсерін жиі тигізеді.

  5. Тіл білмейтіндік-дислектизм-тіл кемістігі болып саналмайды.

  6. Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен байланысты.

Логопедияда «сөйлеу тілінің жетілмеуі», «сөйлеу тілінің бұзылуы», «тіл кемістігі» деген ұғымдар кездеседі.

Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады. Сөйлеу тілі құрамының әртүрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылысының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым-қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұрып айтуы немесе мүлде айта алмауы мүмкін. Мысалы: «қарға-қааға», «қарға-қалға». Мұндай жағдайда тіл өзінің негізгі функциясын жоғалтпайды, дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Жеңіл тіл кемістіктері бар адамдар актер, диктор, мұғалім т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеуіне бөгет келтіреді.

Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зияндық факторлардың немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі делінеді.

Баланың сөйлеу тілі потологиясының негізгі себептері:

  1. Әртүрлі ішқұрсақ потологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына аналық екіқабат кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринезі аурулар, жарақаттар, резус – фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін.

  2. Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі оттегінің жетіспеуі.

  3. Өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар

  4. Бас сүйегінің жарақаттануы

  5. Тұқым қуалаушылық факторлар

  6. Әлеуметтік тұрмастық жағдайларының қолайсыздығы


Артикуляциялық жаттығулардың маңызы: Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығуларды не себепті жасау керек?

1. Артикуляциялық  және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.

2. Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.

3.  Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.

4.  Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.

Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері:

1. Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.

2. Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.

3. Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы.  Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді.

4. Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.

5. Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз. Тапсырмаларға шығармашылықпен қараңыз.



Ескерту:Жаттығу жасай бастағанда тіл бұлшық еттерінің тартылуы байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе бұлшық еттерінің тартылуы босап, қимыл-қозғалыстар қиындықсыз және икемді бола бастайды.

 Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиынтығы.

Артикуляциялық жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың дайындық кезеңі болып табылады.

Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.

 

Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:

1. Балада дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасу үшін артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.

2. Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан орындаған жөн.

3. Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.

4. Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады (қимыл-қозғалысты өзгертпей ұстап тұру).

5. Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу кезінде қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуларға өту керек. Балаңыз белгілі-бір жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ. Жасай алмай жатқан жаттығуды орындату үшін жаңа ойындар ойлап табуыңыз абзал.

6. Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаған абзал, себебі отырғанда баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын бос ұстайды.

7. Бала үлкеннің және өзінің бетін айқын көруі тиіс, себебі жасап жатқан жаттығудың сапасын өзі бақылай алуы керек. Сондықтан жаттығуларды жасап жатқанда үлкен және бала қабырғадағы айна алдында болуы керек. Сонымен қатар, баланың қолында кішкентай айна болуы мүмкін (9х12 см), бірақ ондай жағдайда үлкен балаға қарама-қарсы, бетпе-бет отыруы тиіс







































С, З, Ц дыбыстарына арналған артикуляциялық жаттығулар

«Бегемот (сусиыр)» жаттығуы

Аш аузыңды балақай,

Сусиырдың аузындай.

Жабуға ауызды болмайды,

Санағанша 5 санын


Сипаттамасы: ауызды айқара ашып, 5 ке дейін санаймыз, сосын жабамыз.

Осылай 3-4 рет қайталау








«Бақа» жаттығуы



Езуді біз тартайық,

Көрсетеміз жалықпай

Көрсетіп біз тістерді,

Бақаға біз ұқсайық.


Сипаттамасы:күлімдеу,тістерімізді көрсетеміз. Осылай 5-ке дейін ұстап, қайтадан орнына келтіреміз. Осылай 3-4 рет қайталау.












«Піл» жаттығуы


Піл тұмсығын көрсетсем,

Ернімді алға созамын.

Жіберіп өз еркіне,

Қайта орнына қоямын.


Сипаттамасы: ернімізді алға қарай созамыз, қайта орнына әкелеміз

Осылай 5-6 рет қайталау








«Тіс тазалау» жаттығуы


Тісімді мен таңертеңде кешке де,

Тазалаймын жалықпаймын күнде мен.

Мен секілді боласың ба балақай,

Тісіңді тазалап жүр күнде сен.


Сипаттамасы: күлімдеу, ауызды ашу, тілдің ұшымен төменгі тісті (оңға-солға), сосын жоғарғы тісті тазалау.Осылай 8-10 рет қайталау










«Құймақ» жаттығуы

Тәтті құймақ пісіріп,

Жедік оны сүйсініп.

Келеді оны жей бергің,

Кетсең де сен тойынып.


Сипаттамасы:

Күлімдеу, ауызды ашу, тілімізді жақпақ күйінде төменгі ерінге қойып ұстаймыз.

Осылай 5-10 рет қайталау








«Қамырды жаю» жаттығуы



Илеп алып қамырды,

Оқтауменен жаямыз.

Қызған пешке саламыз,

Нан пісіріп аламыз


Сипаттамасы: күлімдеу, ауызды ашып, тіспен тілімізді ұстаймыз.

Та-та-та, тілімізбен ернімізді соғамыз пя-пя-пя, тілімізді тісімізбен тістеп және оны тістің арасынан шығарып қозғаймыз.









«Әткеншек» жаттығуы


Әткеншекпен ойнаймыз,

Тербетіле жоғары.

Алға –артқа тербеліп

Ойынға біз тоймаймыз



Сипаттамасы: ауыз ашық күйде, жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға, біресе иекке созу.

Осылай 5-10 рет қайталау керек






«Сағат» жаттығуы


Тілді сағат секілді,

Оңға-солға қозғайық.

Тоқтамайық, қалмайық,

Кезек-кезек соғайық.


Сипаттамасы: ауызды ашық күйде, тілді ауыз қуысынан шығарып оңға –солға қозғау.

5-10 рет қайталау.







«Күркетауық» жаттығуы


Ашулы күркетауық

Аулада жүр,

Тезірек жалтақтамай

Үйіңе кір.


Сипаттамасы: ауызды аздап  ашып, тілді жоғарғы ерінге, қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек. Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.  Осылай 5-6 рет қайталау.







«Ашуланған мысық» жаттығуы


Ашуланса мысығым,

Арқасын ол күржитер.

Сипа одан да арқасын,

Жақсы көріп сүйсінер.


Сипаттамасы: ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.















Ш,Ж,Щ,Ч дыбыстарынана арналған артикуляциялық жаттығулар


«Сылақшы» жаттығуы





Сылақшы сырлайды,

Әртүрлі сырменен.

Ертегі елінде,

Жүргендей күн кешем.


Сипаттамасы: күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілдің ұшымен тістен тамаққа қарай бағытын өзгерте отырып, жұмсақ таңдайды сылаймыз.



«Тіс тазалау» жаттығуы



Тісімді мен таңертеңде кешке де,

Тазалаймын жалықпаймын күнде мен.

Мен секілді боласың ба балақай,

Тісіңді тазалап жүр күнде сен.


Сипаттамасы: күлімдеу, ауызды ашу, тілдің ұшымен төменгі тісті (оңға-солға), сосын жоғарғы тісті тазалау.Осылай 8-10 рет қайталау









«Желкен» жаттығуы


Әдемі желкенімен,

Қайық жылжиды.

Қыдыртады біздерді,

Тербеліп суменен.


Сип

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ