Материалдар / "Логоритмика арқылы [С]-[Ш] дыбыстарын ажырату"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Логоритмика арқылы [С]-[Ш] дыбыстарын ажырату"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға "с", "ш" дыбыстарын ажырату, айту дағдысын қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
816
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

Тасқала ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалім-логопеді

Ергалиева Эльвира Айбулатовна


Тақырыбы: Логоритмика арқылы [С]-[Ш] дыбыстарын ажырату.

Мақсаты:

Білімділік: [С]-[Ш] дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде бір-бірінен ажыратып, анық айтуға үйрету. [С]-[Ш] дыбыстары туралы түсініктерін кеңейту. Артикуляциялық аппараттарының қимыл қозғалысын қалпын түсіндіру, сөздік қорын молайту. Музыкалық ырғақты ажыратуға үйрету.

Түзетушілік: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, кеңістікте бағдарлауын, есте сақтауын, көріп қабылдауын, ойлау қабілетін дамыту. Ұсақ қол моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін - өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөздерде анық, таза айтуға үйрету.Саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын арттыру.

Көрнекіліктер: Ақпараттық комуникативтивтік логопедке арналған құрал «Игры-тигры» ойындары, қыс,көктем, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, [С]-[Ш] дыбыстары бар суреттер, доп, пазл, «ойнаймыз да оқимыз» инесіз тігу ойыны,баулар.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Музыкалық сәлемдесу (музыка ырғағымен құшақтап қол беріп,қол бұлғап,иықпен)

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар:

-Балалар артикуляциялық жаттығуларды сабақта (шар үру, түтікше, бақа күлкісі, піл, сағат, күрекше, ат шауып келеді жаттығуларын). айнаға қарап орындап жүрміз, бүгінгі сабақта жаттығуларды музыкамен қимылмен орындаймыз.Кане тұрып бірге орындайық.

IIІ. Жаңа сабақ.

[С]-[Ш] дыбыстарының артикуляциясы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі дұрыс. Балалар мына суретке қараймыз қыста сырғанақта төбешіктен шанамен сырғанаған кезде қандай дыбыс шығады?

-СССссссс Бірге айтамыз.

«С» дыбысының артикуляциясымен танысайық

«С» дыбысын айтқанда ерніміз, аузымыз қандай қалыпта болады? («С» дыбысын айтқанда еріндерге күлкі үйіріледі, тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп тұрады, салқын ауа пайда болады.)

-Балалар қыс мезгілінен кейін қай мезгіл?

-Көктем. Көктем мезгілінде күн жылынады жылғалардан су ағады. Самал жел соғады.Жел тұрған кезде қандай дыбыс шығады?

-ШШШшшшшш Бірге айтамыз.

«Ш» дыбысының артикуляциясы.

- «Ш» дыбысын айтқанда ерніміз, аузымыз қандай қалыпта болады? («Ш» дыбысын айтқанда тіліміз кесе жаттығуы сияқты жоғары көтеріледі,бірақ таңдайға тірелмейді, еріндерге күлкі үйіріледі, ауа ағыны жылы болады)

Доппен ойын С дыбысын айтқанда тіл төменге түседі допты төмен түсіреміз

Ш дыбысын айтқанда тіл жоғары көтеріледі допты жоғары көтереміз.Бірге қайталаймыз.

[С]-[Ш] дыбыстарын музыка ырғағымен,қимылмен орындау

(Екі алақанды қосып,оңға солға жоғары төмен,оңға солға түсіріп, артқа алға шапалақтап дыбыстарды айтамыз)

Буындарды қимылмен айтып орындау

СА буынын айтқан кезде қолымызды екі жаққа қарай ашамыз.

СО буынын айтқан кезде екі саусақтарды біріктіреміз.

СУ буынын айтқан кезде саусақтарымызды біріктіріп төменге қарай сәл еңкейіп түсіреміз.

СЫ буынын айтқан кезде керілеміз.

ША ШО ШУ ШЫ буындарын да дәл солай орындаймыз.

-Балалар буындарды қимылмен айтып орындадық, жарайсыңдар енді әуенмен қосылып орындаймыз.

Логоырғақты әуен

IV. Сергіту сәті

  • Аяқ ұшымен жүру,өкшемен жүру.

  • Пингвин жүріс

Мұз, мұз.

Тайғақ мұз.

Келе жатыр пингвин.

Қорықпайды ол мұздан

  • Мінекей күн де шықты,

Жоғары, жоғары, жоғары.

Батып барады күн енді,

Төмен, төмен ,төмен. ( жүрелеп отыру)

  • Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүлдей жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз .

V. Тыныс алу жаттығулары

Мұрынмен дем алу - мұрынмен дем шығару (2 рет) «Бойымызды өсіреміз»

Ауызбен дам алу - ауызбен дем шығару (2 рет) «Шаңғы тебуші»

Мұрынмен дем алу- ауызбен дем шығару (2 рет) «Қолымызды жылытамыз»

Жолбарыс ойындарындағы (Игры тигры) Үру жаттығулары

- Көктем мезгілінде жылғалардан аққан судан көлшіктер пайда болады. Сол көлшіктердегі қағаз қайықтарымызға мұрынмен дем алып ауыздан дем шығарып үрлейміз сол кезде қайықтар жүзеді.

-Балалар кезектесіп микрофонға жақында мұрынмен дем алып,ауыздан дем шығарып үрлейміз.Егер де дұрыс тыныс алып, үрлесеңіз қайық суда жүзеді. Диірмен айналады,бақбақтар жан -жаққа ұшады. батпырауық жоғары қарай аспанға көтеріледі.

VI [С]-[Ш] дыбыстарына қатысты пазл құрастыру

[С] дыбысына қатысты сөздерді [С][әріпінің үстіне, [Ш] дыбысына қатысты сөздерді [Ш] әріпінің үстіне қоюларың қажет.

VIІ Қол моторикасына арналған баулармен ойындар

VІІІ. Сабақты бекіту.

Сонымен біз бүгін қай дыбыстармен жұмыс жасадық? («Ш−С» дыбыстары)

«Ш−С» дыбыстарына қатысты сөздерді бірге айтайық. Қыс мезгілінде көп қолданатын сөздерді бірге қайталайықшы. Шана, шаңғы, шырша, сырғанақ, Көктем мезгілінде жылғалардан суағады ,самал жел соғады, ақпан айынан кейін көктемнің екінші айы сәуір айы болады.

-Барлығыңыз бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.

Жарайсыңдар!

ІX. Үй тапсырмасы.

Жаттап келу!

Тілді төмен са-са-са – би билейді жараса!

Тілді жоғары ша-ша-ша – біздің шана тамаша!

X. Бағалау

Қорытынды:

Тіл кемістігі күрделі балалар мен логоритмика сабақтарын жүргізуде:

Балалардың қимыл - қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке үйренеді.
Тыныс алуда, моторикалық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын, бет мимикасын дамытады. Дыбыстарды анық дұрыс айтуға үйренеді.
Сөздік қорлары молаяды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!