Материалдар / Логоритмиканың балаға маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логоритмиканың балаға маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Логоритмика - бұл музыкамен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Ырғақты сезіну - адамның маңызды сезімдерінің бірі. Логоритмика осы параметрлер бойынша баланың ырғақты дамуынан құрылады.Ең жарқын ырғақты біз музыкадан естиміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2021
1020
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО әкімдігі білім басқармасы Казталов

ауданының «Психологиялық-педагогикалық

түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің музыкалық - ырғақ педагогі

Хасанов Жеңіс Ниетқалиұлы





Логоритмика - бұл музыкамен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі. Ырғақты сезіну - адамның маңызды сезімдерінің бірі. Логоритмика осы параметрлер бойынша баланың ырғақты дамуынан құрылады.Ең жарқын ырғақты біз музыкадан естиміз. Сондықтан балалардың ырғақты естуін, сөйлеудегі және қимылдардағы ырғақты сезінуін барынша ерте дамыту керек. Дұрыс, таза сөйлеуді уақытында игеру баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, ойлауын, коммуникативтік қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді. Ырғақ музыка бас миының жүйке жүйесінің шиеленісін басады. Сөйлеуінде бұзылулары бар балалармен түзету жұмыстарында логоритмиканың атқаратын маңызы зор, себебі музыка сабағына үнемі логоритмика элементтерін енгізу тілді, жалпы моториканы және үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді, жағымды эмоционалды көңіл күй қалыптастырады, құрдастарымен араласуға баулиды. Жалпы моториканың дамуымен баланың тілі де дамитыны ғылыми түрде дәлелденді. Логопедтік ритмика құралдары: әртүрлі бағыттарда жүру және марштау; тыныстауды дамытуға арналған жаттығулар; бұлшық ет тонусын реттейтін жаттығулар; зейінді белсендіруші жаттығулар; музыкалық көлем сезімін қалыптастырушы есептік жаттығулар; ритмикалық жаттығулар; ойын қызметі. Жоғарыда аталған қызмет түрлерінің бәрін құрудың негізгі қағидаты - қимылдың музыкамен тығыз байланысы және тілдік материалды енгізу. Сөз әртүрлі формаларда енгізіледі: әндердің, хороводтардың мәтіндері, ән айту арқылы драмалау, берілген тақырыпты сахналау, қимылды ойындарда жүргізушінің нұсқаулары. Сөзді енгізу музыкалық ырғақпен емес, керісінше өлең түріндегі ырғақпен бірқатар жаттығулар құруға мүмкіндік береді, олар бұл ретте қимылдардағы ырғақтылық қағидатын сақтауға ықпал етеді.

Логоритмикалық әсердің маңызды буынын тілді дамыту және тілдік бұзылуларды түзету құрайды. Бұл жүйе келесі бағыттар бойынша жұмыстардан құрылады: тыныс алу қарқыны мен ырғағын тәрбиелеу (қарқын мен ырғақ қимылды жаттығулар барысында алғашқыда сөзсіз, кейіннен сөзбен тәрбиеленеді); әртүрлі тілдік бұзылулары бар балалардың фонематикалық қабылдауын дамыту, себебі үндестілігі, дауыс қаттылығы, қарқыны мен ырғағы әртүрлі музыканы қабылдау фонематикалық үдерістерді жетілдіруге арналған негізді құрайды. Түзету жұмысы барынша жан - жақты және музыка қызметінің барлық түрлерінде әртүрлі бағыттарда өткізілуі керек.

Мен сөздік жаттығуларды, өлеңдерді балалардың қол, аяқтарының, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдаймын. Мұнда әуелі балаларға көрсету бойынша әрекет жасаймын, сосын қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе әндете отырып, өз беттерімен орындайды.

Мысалы:

Тіл кемістігі күрделі балалар мен логоритмика сабақтарын жүргізуде:

Балалардың қимыл - қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке үйренеді.Тыныс алуда, моториклық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын, бет мимикасын дамытады.

Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:

  • мұрынмен дем не ауа жұту - ауыз арқылы дем шығару,

  • қысқа терең дем алу - ақырындап дем шығару,

  • ақырын терең дем алу - қысқа шұғыл дем шығару

Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және сабақтың бастапқы сәтінде өткізген жөн. Балалар тұрып, қымсынбай - қысылмай орындаулары керек. Жаттығуларды орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, ал шығарғанда алдымен беске дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (сабақтан сабаққа, жаттығудан жаттығуға көшкенде) орындатамыз.


Мысалы:


Дауыс және тыныс алу жаттығулары:

 

1.Ма - ме - ми - мо - му

2. мия - мия - мия - мия - а - а - а - а - а

3. «Насос» ойыны


Балалар жаттығуларды орындау барысында дем алуларын реттеуге, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйренеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!