Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"LS зерттеу сабағы мектебіміздегі өзгеше оқыту әдістемесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"LS зерттеу сабағы мектебіміздегі өзгеше оқыту әдістемесі" атты мақала. Зерттеу тобының сыныпты бірлесе саралаудағы жұмысы. Оқыту мен оқу үдерісінде Lesson Study әдісін қолдану-мұғалім тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады. LS-сабақты жоспарлауды,сабақ жоспарын талқылауды,сабақты бақылауды, өтілген сабақтан кейінгі талқылауды қамтитын мұғалімнің іс-тәжірибесін дамытудың,сабақтың сапасын жақсартудың ерекше әдісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

LS зерттеу сабағы мектебіміздегі өзгеше оқыту әдістемесі

Оқыту мен оқу үдерісінде Lesson Study әдісін қолдану-мұғалім тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады.

LS-сабақты жоспарлауды,сабақ жоспарын талқылауды,сабақты бақылауды,

өтілген сабақтан кейінгі талқылауды қамтитын мұғалімнің іс-тәжірибесін дамытудың,сабақтың сапасын жақсартудың ерекше әдісі.

Мектебімізде 2021-2022 оқу жылында LS топтары құрылып,өз жұмыстарымызды жасау үстіндеміз.Бақылауды,ерекше назар аударуды қажет ететін 8 «Ә» сыныбы нысанға алынды.Осы сынып бойынша үш тілден және тарих пәнінен сабақ беретін әріптестер біріктіріліп,топ құрылды.Топқа Бірлік атауы беріліп,тәжірибелі ұстаз С.Д.Төлеуова жетекші болып тағайындалды. Топ құрамында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнұр Әжібаева,ағылшын тілі пәні мұғалімі Куатова Гульжахан,тарих пәнінің мұғалімі Тулеубаева Жайна,орыс тілі мен әдебиеті Жаксыгулова Гульназ апай бар. Жоспарлау кезеңінде оқушылардың ұзақ мерзімді мақсаттарын,академиялық,әлеуметтік,этикалық дамуын талқыладық.Одан әрі оқытылатын тақырып пен тарауды таңдау;тақырып пен тарауға,сабаққа арналған оқу мақсаттарын талқыладық.Ең соңында ұзақ мерзімді мақсатқа және оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған сабақты жоспарладық.




8Ә сыныбындағы алғашқы зерттеу сабағы тарих пәнінен өткізілді.3 деңгейде қарастырылатын,бақылауға алынған 3 оқушының ойлау,оқу әрекеттері,мінез-құлқы және т.б зерделенді.

Сабақтан соң оқушылардан сұхбат алынып,сабақ құрылымы мектеп теледидарынан көрсетілді.


Жалпы сабақты зерттеу үдерісіндегі басты ескерер жәйт, Lesson Study үдерісі оқушының сабақ барысындағы белсенділігін,іс-әрекетін және оның не үйренгенін зерделеуге,қадағалауға бағытталған,мұғалімнің оқыту тәсілдерін,іс-әрекетін,мінез-құлқын қадағалауға бағытталмаған.



Сабақты талқылау барысында оқушылардың берген жауаптары,неге?не үшін? ол оқушы сол сұраққа осылай жауап берді деген секілді тереңінен зерделеу жұмыстары жүргізілуі керек.

Қазіргі таңдағы басты мақсат ол-педагогтердің мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында және аудан мен географиялық жақын орналасқан мектептер арасында тәжірибе алмасу.

Осы орайда желілік қоғамдастықты құрудағы жетекші мектеп жоспары құрылып,ол арқылы серіктес мектептердегі әріптестермен тәжірибе алмасу,оларға көмек беру,мәселелерді шешу жолында жұмыстар атқарып келеміз.

Shape1 Shape2

Желілік қоғамдастықтың міндеттері:

  • Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру;

  • Мектепаралық әдістемелік байланыс орнату;

  • Зерттеу сабақтарына қатысу арқылы,білім мен біліктілік дағдыларымызды дамыту;





Күтілетін нәтиже:

  • Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды;

  • Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады;

  • Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12