Семинардың тақырыбы:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
үйірмелердің оқушы тұлғасын қалыптастырудағы
рөлі.
Тақырыбы: «Мәнерлеп оқу»
үйірмесі
-
Құрметті әріптестер! Бүгінгі
таңда баршамыз да Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
аясында жұмыс жасаудамыз. «Приурал мектеп-балабақша» кешенінде
2017-2018 оқу жылында «Мәнерлеп оқу» үйірмесі ашылған болатын.
Жетекшісі мен – Жапаева Толкын Кенесовна. Сіздермен 1 жыл
көлеміндегі жұмыстарыммен, әдіс-тәсілдеріммен бөліскім
келеді.
Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс
уақытта шығармашылық ізденістерін өзіндік қабілеттерін және
қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау жинақтау,
жұмыста шапшаңдық танытыу, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге
машықтандыру.
Міндеттері:
-
Оқушылардың оқу-тәрбие
үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап,
қабілеттерін шыңдау;
-
Көркем әдебиет жанырына
байланысты өлең, шығарма жазу дағдыларын
қалыптастыру;
-
Оқушылардың қоғамдық
белсенділігін дамыту.
Үйірмеге 3-7 сынып аралығында,
15 оқушы қатысады. Аптасына – 4 сағат. Жылдық – 136 сағатты
құрайды.
Оқушылардың кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру мақсатында әр түрлі тәсілдерді
пайдаланамын. Соның ішінде дамыта оқыту технологиясын пайдаланамын.
Мыс: топтастыру, автор орындығы, галереяға саяхат, төрт жолды өлең
т.б.
Күтілетін нәтиже: оқушылар
ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге,
кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қабілеттерді сыйпаттауға
ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға
үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары
артады.
Сабақтың тақырыбы: Мұзафар
Әлімбаев шығармалары
Сабақтың
мақсаты: Ақын жайлы ізденістерін ортаға
салу. Ақынның шығармаларын мәнерлеп оқуға төсілдіру. Ой-өрістерін,
қызығушылықтарын дамыту. Оқушыларға ақын өмірін үлгі ету. Білімді,
ақылды, ізденімпаз жас ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: қара жәшік, суреттер,
ақынның шығармалары.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі. Адамның күлкісі – әлемдегі
ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да,
қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол
ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір-
біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше
сабағымызды бастайық.
ІІ. Өткенді
қайталау:
«Суреттер сөйлейді»
ойыны.
Мақсаты: оқушылар өткен
ақын-жазушылардың туған жылдарын суретке қарау арқылы
табады.
А. Құнанбаев – 1845
ж
М. Мақатаев – 1931
ж
М. Өтемісұлы – 1804
ж
Қ. Мырзалиев – 1935
ж
Т. Айбергенов – 1937
ж
Қ. Жұмағалиев – 1937
ж
Ш. Құдайбердіұлы –
1858ж
М. Әлімбаев – 1923
ж
Т
оптастыру:
М.
Әлімбаев
Ол – 1923 жылы 29-қазанда
Повладар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген.
ҚазМУ бітірген. Алғашқы өлеңі 15 жасында облыстық «Қызыл ту»
газетінде жарық көрген. 1948 жылы армиядан оралған соң «Пионер»
журналында поэзия бөлімін басқарған. 1956-1958 жылдары «Қазақ
әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1958 жылы «Балдырған»
журналы ашылған күннен бастап, 1986 жылға дейін журналдың бас
редакторы болды.
ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет
қайраткері, Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың
иегері, ҚР-ның Әнұран авторларының бірі.
Поэзия
минуты: (жәй әуен жүріп тұрады.
Балалар ақынның бірнеше рет өздері оқып шығып, дауыстап, мәнерлеп
оқиды)
Жұмбақ
шешу:
Ешбір тіреусіз
күмбез,
Ешбір сүйеусіз
күмбез
Ешкім көтере алмайтын
күмбез
Ешкім төңкере алмайтын
күмбез.
(аспан-небо-
Кең әлемді
кернейді,
Көзің бірақ
көрмейді.
(ауа-воздух-
Өзі кірден
арылмас,
Ізінен кір
табылмас.
(сыпырғыш-веник-
Өзі көзі, көзі
өзі.
(күн-солнце-
Лақтырып бөркін
басынан,
Бүйірі қысса
тасыған.
(құман-чайник-
Қорытынды: Әр сабақта әр түрлі
әдіс-тәсілдерді, әр түрлі ақпарат құралдарын пайдалану
арқылыоқушылар бірталай жетістіктерге жетті. Айтар болсақ
мектепшілік іс-шараларға белсене қатысады, аудандық жарыстарға
қатысып, бір оқушым Амангельдиева Аружан 3 орынға ие болды. Бұл тек
бір жылдағы жетістіктер. Алдағы уақытта балалардың әдеби кітаптарды
оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар
атқарамын.