Материалдар / MACROMEDIA FLASH БАҒДАРЛАМАСЫНДА АНИМАЦИЯ ҚҰРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

MACROMEDIA FLASH БАҒДАРЛАМАСЫНДА АНИМАЦИЯ ҚҰРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға керек, соған қарап жансыз суреттерді анимация арқылы жан бітіруге болады. Мысал ретінде қолданса қуаныштымыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
1174
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақдәулетқызы Айман

5В011100-Информатика

3-курс студент

ҚазМемҚызПУ

Ғылыми жетекшісі: оқытушы Өмірбек Г.Ө.


MACROMEDIA FLASH БАҒДАРЛАМАСЫНДА АНИМАЦИЯ ҚҰРУ


Macromedia компаниясының Флеш технологиясы тоқсаныншы жылдардың соңында кең тарала бастады. Сол уақыттан және қазіргі таңға дейін бұл технология ғаламторда анимация құру үшін ең икемді құрал болып табылады. Әрқашан осы технологияға қызыққан қарсыластары мен қолдаушылары болған. Мақалада Macromedia Flash бағдарламасында анимация құруды сипаттаймыз.

Flash-та жұмыс жасай отырып, сырттан әкелінген графикадан немесе өздігінен сурет салу арқылы фильм құруға болады. Анимация жасалған соң оған интерактивті эффектілерді қосып, фильмге кірушілердің іс-әрекетіне сәйкес жауап беруін қамтамасыз етуге болады. Құрылған фильмді Flash Player үшін немесе Flash-тың автономдық проекторында көру үшін экспорттау керек.[1.63 б.].

Flash-те анимация құрудың екі типі бар: қадамдалған және кадрлық. Қадамдалған анимация үшін әрбір кадр жеке-жеке құрылуы қажет. Ал кадрлық анимация үшін бастапқы және соңғы кадрларды құрамыз, қалған ортасын Flash автоматты түрде өзі санайды.

Бұл қарастырылып отырған жұмысымызда кадрлық анимация жасау жолын көрсетеміз.

  1. Macromedia Flash 8 бағдарламасының ашу жолы. Macromedia Flash таңдаймыз.

  2. Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады

  3. New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады


Пайда болған құжат бетінде анимация құрамыз. Анимация ретінде балықтардың жүзіп жүрген жолын көрсетеміз.

  1. Фильмнің ұзақтығы 10 секунд.

  2. Ол үшін біз 120 кілттік кадр құруымыз қажет. Егер біз кадрлық анимация құратын болсақ, онда 120 кілттік кадрды қолдан құруға тура келеді. Сондай-ақ бірқалыпты қозғалысты шығару үшін, әрбір кадрдағы объектінің дәл ығысуын жасауға тура келеді. Бірақ бұл мүмкін емес. Ал автоматты түрдегі анимацияны пайдалана отырып, біз объектіні бастапқы және соңғы жағдайын көрсетсек, ал барлық аралық кадрларды программа өзі құрады.

  3. Балықтың суретін қолдан саламыз немесе импорттап дайын балықтың суретін жұмыс үстелімізге әкелеміз. Бастапқы жағдайда балық кадрдан тыс орналасады. Тұрақты жылдамдықпен қозғала отырып, біздің көз алдымыздан жүзіп өту арқылы кадрдан шығып кетеді.

  1. 120-шы кадрды тышқанның оң жақ батырмасымен белгілеп контекстік менюден Insert Keyframe (Кілттік кадрды қою; Вставить ключевой кадр) командасын таңдаймыз. Уақыт шкаласында кілттік кадрдың белгісі пайда болады, 1- кадрмен 120-кадрдың аралығы ашық сұр түспен толтырылып, 119-шы кадрдың белгісі түріне ауысады. Бұл 1 кадрмен 120-шы кадрлар аралығы бірінші кадрдың көшірмесімен толтырылғанын көрсетеді.

  2. Ерекшелеу сайманының көмегімен балықтың суретін қозғалыстың соңғы орны 120-шы кадрға орналастырамыз

  1. Уақыт шкаласындағы 1-ші кадрдың белгісін тышқанның оң жақ батырмасымен белгілеп, ашылған контекстік менюден Сreat Motion Tween (Қозғалыстың аралық кадрларын құру; Создать промежуточные кадры движения) командасын таңдаймыз. Сондай-ақ бұл команданы Insert - Great Motion Tween (Қозғалыстың аралық кадрлдарын құру; Создать промежуточные кадры движения) командасымен де орындауға болады. Уақыт шкаласындағы 1-ші кадрмен 120-шы кадрлардың аралығы ашық жұпаргүл түске боялып, осы кадрларды біріктіретін бағыттауыш пайда болады

  1. Great Motion Tween командасы объектінің бастапқы жағдайын көрсететін кадр мен оның соңғы жағдайын көрсететін кадрлар арасындағы барлық аралық кадрларды құрады. Егер ағымдағы кадрдың көрсеткішін қандай да бір аралық кадрға әкелсек, онда осы кадрға сәйкес қозғалыстың бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы объектінің жағдайын көруге болады. Great Motion Tween командасының орнына объектілер инспектірінің опцияларын пайдалануға болады.

Суретте жұмыстың толық нұсқасы көрсетілген.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Халықова Г.З. Кеңесбаев С.М., Мафухаева Р.М. Macromedia Flash МХ технологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Казақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2006.

  2. Т.М.Герчикова. Как создать мультимедийные приложений на ПК. М-2005

  3. Мухамбетова Ғ.Г. „Macromedia Flash прогмаммасы құралдары көмегімен анимациялық эффект жасау” , Орал,БҚМУ баспа орталығы, 2007 ж.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!