Материалдар / МАД тобы ата-анамен жұмыс жоспары

МАД тобы ата-анамен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярық тобы ата-аналарымен жүргізілген ата-анамен жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2023
1102
26 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін ______________

«Ақжан Балапан» балабақша

меңгерушісі Л.Аязбаева






2021-2022 оқу жылында

ата-аналармен жүргізілетін

жұмыс жоспары

«Ботақан» МАД тобы









Тәрбиеші: Өткелбай Алтынай

















Қызылорда қаласы

Ата- аналармен өткізілетін жылдық жұмыс жоспары

Ай аттары

Іс-шаралар

Түрі

Жауапты

Қыркүйек

1Ата-аналар жиналысын өткізу;


2. Ата-аналар комитетін сайлау


3. Келісім шартпен таныстыру


Жиналыс




Топ тәрбиешілері

Қазан

«Мен және менің отбасым»



«Тұмау және ЖРВИ алдын алу»

Тренинг



Кеңес

Топ тәрбиешілері



Медбике

Қараша

Дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтары

Кеңес

Топ тәрбиешілері


Желтоқсан


Сіз қандай ата- анасыз?


Сауалнама алу


Топ тәрбиешілері

Қаңтар

Баланың үрейі ,оны жою жолдары


Кеңес

Топ тәрбиешілері

Ақпан

Денсаулығы сәбидің- қуанышы әр үйдің


Кеңес

Топ тәрбиешілері

Наурыз

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып,ұлт тәрбиелейміз.  

Дөңгелек үстел

Топ тәрбиешілері

Сәуір

Табиғатты аялайық

Көгалдандыру жұмысы

Топ тәрбиешілері

Мамыр

Ата-аналар жиналысы(жыл бойы жүргізілген жұмыстың қорытындысы)



Ата-аналар жиналысы


Топ тәрбиешілері






«Ақжан Балапан» балабақшасы











«Мен және менің отбасым»



Тренинг

Тобы: «Ботақан» МАД тобы

Тәрбиеші: Өткелбай Алтынай





















2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.

Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, ата - аналар мен бала арасында жақындық қалыптастыру, қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Күтілетін нәтиже: тренинг барысында ата - аналар баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым - қатынаста бір - бірін түсіне білу.

Тренинг ережесі:

  1. Сөзді бөлмеу

  2. Бір-біріне кедергі жасамау

  3. Бірігіп жұмыс жасау

  4. Күлімсіреу

Тренинг жоспары:

1. Кіріспе

2. «Таныстыру» тренингі

3. «Мен түсінемін» тренингі

4. «Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?» жаттығуы.

5. «Біз бақытты жанұямыз!» ойыны

6. «Қолынан танып біл!», «Менің анамның үні» жаттығуы

7. "Ой толғау"

8. Қорытынды

Тренинг барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Кіріспе.

Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі тренингтің маңызы орасан зор.

2. «Танысу» тенингі (жіппен)

Қатысушылар шеңбер бойымен бір-бірін таныстырып шығады. Ата-анасы өзінің есіміне баласының есімін жалғайды, ал баласы өзінің есіміне ата-анасының есімін жалғастырады.

  • Өз есіміңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыз?

Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір-бірімізге қарап сөйлегенде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық.

3. «Мен түсінемін» тренингі.

Мұнда ата - аналар өз балалары туралы айтады. Яғни, оның ата - анасын қуантатын және ренжітетін жағдайларды параққа түсіреді және қорғайды.

1) Мені балам қуантады...

2) Мені балам ренжітеді...

Талдау:

- қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ме, әлде ренжітетін сәттері ме?

- неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?

- Оның көп болуына ата - ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?

4. «Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?» жаттығуы.

Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.

Сұрақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Бүгін сабактан қандай баға алды?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Жақсы көретін мұғалімі

Психолог:

Балаңды жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

  1. «Біз бақытты жанұямыз!» («Ана мен бала» әні жүріп тұрады)

Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, анасы (әкесі) жалғастырады және екінші суретті анасы бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек. 

Талдау: 

1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма? 

2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма? 

3. Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз? 

4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге? 

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі. 

6. «Қолынан танып біл!». 

Көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек. 

Талдау: 

1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті? 

2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз? 

«Менің анамның үні». 

Баланың көзі байланып, аналар кезекпен оның есімін атап шақыруы керек. Баласы анасын дауысы арқылы табу керек. 

7. "Ой толғау" видео-ролик көрсету

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. 

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. 

- Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. 

8. Қорытынды.

Қатысушылар «Айналайын» әнін хормен орындайды. (психолог қатысқан отбасыларға алғыс хат тапсырады).






«Ақжан Балапан» балабақшасы











«Тұмау және ЖРВИ алдын алу»

Кеңес

Тобы: «Ботақан» МАД тобы

Тәрбиеші: Өткелбай Алтынай



















2021-2022 оқу жылы

Тұмау және ЖРВИ алдын алу жөнінде  кеңестер :

Ата аналардың назарына Тұмау ауруы күзгі қолайсыз ауа райы мен қысқы
салқынның ажырамас бөлігі іспетті. Осы кезеңде адамдарда тұмаурату мен жөтел,
жалпы әлсіздік пен қызудың көтерілуі байқалады. Тұмау және басқа ЖРВИ (жіті
респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ
жоғарғы тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының
зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі
кездеседі, себебі олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық
қалыптаспаған. Тұмау және басқа ЖРВИ сырқаттану балалар арасында ересек
адамдарға қарағанда жыл сайын 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа
дейінгі балалар арасында тұмау және ЖРВИ ауыр ағымда өтіп, асқынулар туындауы
мүмкін. Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар
мекемесіне және мектепке баратын балалар арасында жоғары, себебі үлкен
ұжымдарда инфекция тез таралады
.

 Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен
сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген,
түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі.

Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы, дене қызуының
көтерілуі, бас ауруы , сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам
еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр- түріне
бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10күнге дейін  созылып қайта өрбіп  асқынып
кетуі мүмкін. Асқынған  ауру  бактериалды инфекциялармен қозып
(отит,гайморит) ауруларына айналады.

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ