Материалдар / Мад тобына тамыз циклограммасы

Мад тобына тамыз циклограммасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мад тобына арналған тамыз айының циклограммасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Тамыз 2024
303
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАМЫЗ АЙЫ - 1 апта

«Ас атасы нан»


Апта күндері

Дүйсенбі

күні 05.08

Сейсенбі

күні 06.08

Сәрсенбі

күні 07.08

Бейсенбі

күні 08.08

Жұма

күні 09.08


Таңертеңгі

Қабылдау


Таңғы гимнастика


Таңғы асқа дайындық

Таңғы ас


Балалабақшаға көңілді келу, дидарласу. Тәрбиешіден көмекке мұқтаждығын сұрау, көмектесу. Таңғы асқа дейін өзінің қалауы бойынша пайдалы іс -әрекеттерді орындау, ойнау. Достарымен әңгіме дүкен құру


Таңғы гимнастика 1-2 апта комплексі


Тамақтану алдында ескертусіз қолын жуу. Үстел басында дұрыс отырып, мәдени гигиеналық талаптарды орындап тамақтану.


Тәрбиеші мен балалардың еркін әрекеті:



Дәндер патшалығына саяхат: суреттер мен альбомдар қарау.

көркем шығарма оқып беру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтқызу;

ыдыстағы дәндерді түрлеріне қарап ажыратып әр ыдысқа бөлу; бөлінген дәндерді санау;

табиғи материалдармен, ермексазбен жұмыс «Дәндер патшалығы»

«Нан - дастархан байлығы» әңгімелесу; шығарма оқып беру, тыңдалған шығарманың мазмұнын айтқызу;

нан қиқымымен ауладағы құстарды қоректендіру және оларды сыртынан бақылау;

нанның суретін салу, ермексаздан мүсіндеу.


Балалар ұнататын мультфилімін көрсету, мазмұнын әңгімелету.


Күн әсері мен шуағына бақылау жасату, әңгімелету. Құмнан төбешіктер жасату

«Алқапта не өседі?» әңгімелесу, шығарма оқып беру;


«Жемістер мен көкөністер» фестивалі;

Жұмбақтар мен тақпақтар сайысы;

Жапсыру «Менің дәмді достарым»;


Серуенге дайындық


Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ауладағы ойын құрылғыларын дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Үйдегі, балабақша тобындағы міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінуге және ажырата білуге үйрету.

Балалардың ретімен (ауа-райы жағдайына байланысты) дұрыс киінуін бақылау (Қарым-қатынас және еңбек әрекеті, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуенге шықанда қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.


Күндізгі серуен



дәстүрлі емес сурет салу техникасымен салынған суреттер байқауын ұйымдастыру.


Ирек жолмен тепе теңдік сақтап жүру жаттығулары, қимылды ойындар

Көркем шығарма оқып беру.

Аквариумдағы балықтарды бақылату, жем бергізу.


Ұлттық ойындарды ойнату: «Түйілген орамал», «Арқан тартыс»,


«Ғажайып дәндер» ұжымдық жұмыс: дайын суретті дәндермен безендіру


Нанды қолдан пісіруден анасы мен баласының, әжесі мен немересінің бірлескен әрекетінен алдын-ала дайындалған челлендж материалдарын қарау;


Ауладағы өсімдіктер мен шөптерге күтім жасауда қарапайым тапсырмалардыорындату;


Күн әсері мен шуағына бақылау жасату, әңгімелету. Құмнан төбешіктер жасату


Балалар ұнататын мультфилімін көрсету, мазмұнын әңгімелету.


«Кім күшті?» жемістер мен көкөністерді сумен жуып, жеуден сайыс ұйымдастыру.


Аула гүлдерін тану, атын атау, су құйып күтім жасату

Балабақша ауласын тазартуда көмек беру, су шашу.

«Бағбан» сюжеттік-рөлдік ойынын ойнату.


Серуеннен оралу


Серуеннен кейін беті қолын мойнын, беліне дейін салқын сумен жуу. Жуыну кезінде тәртіп сақтап, өзін- өзі ұстау дағдысын дамыту.


Гигиеналық

шаралар,


Түскі асқа дайындық,

Түскі ас



Күндізгі ұйқы


Топта ағын сумен қолын сабындап таза жуу, бетін жуғанда ұқыптылық танытып суды шашпай жуыну. Сүлгіні тиімді, дұрыс пайдалану.


Дастарханды дайындауда кезекші болу. Кезекші болудың ережесі мен міндеттерін түсініп, оны сақтауды қалыптастыру. Тамақтардың ыдыстарын тани білу. Астың дәмді болуын тілеу. Тамақтарды мәдениетін пысықтау. Тамақтан соң ауызды сумен шаю.


Жүйелі түрде өз орындығына киімдерін шешу. Киімдерін ретпен шешіп, тақтап іліп қою. Өзінің төсек орнына түскі ұйқыға ескертусіз жату. Түскі ұйқының мағыздылығын түсіндіру.


Ұйқыдан ояну

шынығу,





Бесін ас


Ұйқыдан оянып өз бетінше керілу жаттығулар жасау. Төсектерін ұыпты жинап, әр түрлі (түймелер, моншақтар, тастар және т.б) кілемшелер үстімен жүре отырып жаттығулар жасау арқылы денсаулығын сауықтыру


Киімдерін асықпай ретімен кию. Достарының киіміндегі кемшіліктерді жөндеп, көмек көрсету. Киімдерінің үйлесімділігіне назар аудару. Қыз балалар шаштарын әр түрлі қылып жинап алу, достарының шаштарын жинауға көмектесу.


Тамақтану алдында және қолы кір болған кезде тәрбиешінің нұсқауынсызақ өз бетінше қолды сабындап жуу. Таза және ұқыпты тамақтану, тамақтану кезінде әдептілік таныту.

Тәрбиеші мен баланың еркін әрекеті


«Алқапта не өседі?» әңгімелесу, шығарма оқып беру



Қазақстанның «Қызыл кітабымен» таныстыру, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды танып сақтауға тәрбиелеу

Наубайхана жұмысымен таныстыру;

«Аспазшы» сюжетті рөлдік ойынын ойнату;

тақырыпқа сәйкес ата-аналармен бірге ән байқауын ұйымдастыру.

Жапсыру «Менің дәмді достарым»

«Жемістер мен көкөністер» фестивалі;

Серуенге дайындық


Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектестіру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуендеу


Жеке бас еркін ойындары мен сумен ойын. Ойын арқылы мейірімділік, ынтымақтастық сезімдерін тәрбиелеу, ұқыптылықты қалыптастыру.

«Тез орныңа жет» қ/о

Жеміс ағаштарын тамашалау жемісін теру, жеміс бермейтін ағаштармен салыстыру әңгімелеу

«Біз көңілді баламыз»қ/о


«Құрлар»қ/о

Ауладағы өсімдіктер мен шөптерге күтім жасауда қарапайым тапсырмаларды орындату

«Фигура жасап шық»қ/о


Құммен сумен еркін ойындар


«Тракторшылар» қ/о

Балабақша ауласындағы тазалық жұмыстары. дүйсенбі күнге дейін жинап кету, еңбек әрекетін ұйымдастыру

Үйге қайту

Ата-анаға кеңес

Жазғы ойындардың балалар денсаулығына пайдасы туралы кеңес беру.


ТАМЫЗ АЙЫ - 2 апта

«Мен және қоршаған орта»


Апта күндері

Дүйсенбі

күні 12.08

Сейсенбі

күні 13.08

Сәрсенбі

күні 14.08

Бейсенбі

күні 15.08

Жұма

күні16.08


Таңертеңгі

Қабылдау


Таңғы гимнастика


Таңғы асқа дайындық

Таңғы ас


Балалабақшаға көңілді келу, дидарласу. Тәрбиешіден көмекке мұқтаждығын сұрау, көмектесу. Таңғы асқа дейін өзінің қалауы бойынша пайдалы іс -әрекеттерді орындау, ойнау. Достарымен әңгіме дүкен құру


Таңғы гимнастика 1-2 апта комплексі


Тамақтану алдында ескертусіз қолын жуу. Үстел басында дұрыс отырып, мәдени гигиеналық талаптарды орындап тамақтану.


Тәрбиеші мен балалардың еркін әрекеті:



Гүлдер, оларға қамқорлық жасау туралы әңгімелесу, шығарма оқып беру;


Ит, мысық, балықтар немесе үй жануарлары туралы шығарма оқып беру, оқылған шығарманы талдау шығармашылық шеберханасы: сурет салудың дәстүрден тыс түрі жүннен, мақтадан, түймелерден және т.б. өзінің достарының бейнесін қағазға жапсырып жасау;


Қоршаған орта туралы сұрақ-жауап ұйымдастыру;


Отбасылық биден әзірленген челлендж материалдарын қарау;

балаларды өздері таңдаған әуендеріне билету.

Ұлттық ойындар туралы шығарма, өлең оқып беру;

Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеу;


Мамандық түрлері олардың атқаратын қызметі туралы әңгімелесу;

үрлі мамандық туралы өлең оқып беру және оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;


Серуенге дайындық



Киімдерін ұқыпты реттілікпен кию, өз өзіне қызмет ету дағдысын жетілдіру. Достарына көмектесіп, бірлескен әрекеттер жасауына талпындыру. Серуенге қызығушылық туғызу.

Жеке бас еркін ойындары мен сумен ойын. Ойын арқылы мейірімділік, ынтымақтастық сезімдерін тәрбиелеу, ұқыптылықты қалыптастыру.


Күндізгі серуен



- түрлі-түсті қағаздан гүлдер жасау (қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін квиллинг әдісін қолдану);

- ұжымдық шығармашылық жұмыс: дайын және жасалған гүлдерді жолаққа орналастырып жапсыру, ауладағы өз тобының ойын алаңын безендіру;

Әр түрлі әдістермен жүгіруден жарыс ұйымдастыру

Таза ауада ұлттық ойындарды ойнату: «Аударыспақ», «Соқыр теке», «Айгөлек», «Күш сынаспақ».

Cүйікіті ертегі айдарымен үстел үсті театры, кейіпкерлерді алып, рөлді орындауды үйрету.

Достық туралы ән тыңдату, бірге айтуын ұйымдастыру.

«Досыма сыйлық» жапсыру жұмысын жасату

Асықтарды дайын бояулармен бояу, безендіру;

ұлттық қимылды ойындардан сайыс ұйымдастыру


«Бауда ма, әлде бақшада ма?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру

Табиғи материалдардан құрастыру, мүсіндеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Балаларды өздері таңдаған әуендеріне билету

Серуеннен оралу

Серуенде бет орамалдарын уақытылы ауыстырып,үстін, шашын ретке келтіріп жүрді дағдыландыру

Серуеннен кейін беті қолын мойнын, беліне дейін салқын сумен жуу. Жуыну кезінде тәртіп сақтап, өзін- өзі ұстау дағдысын дамыту

Гигиеналық шаралар,

Түскі асқа дайындық,


Түскі ас




Күндізгі ұйқы


Топта ағын сумен қолын сабындап таза жуу, бетін жуғанда ұқыптылық танытып суды шашпай жуыну. Сүлгіні тиімді, дұрыс пайдалану.


Дастарханды дайындауда кезекші болу. Кезекші болудың ережесі мен міндеттерін түсініп, оны сақтауды қалыптастыру. Тамақтардың ыдыстарын тани білу. Астың дәмді болуын тілеу. Тамақтарды мәдениетін пысықтау. Тамақтан соң ауызды сумен шаю.


Жүйелі түрде өз орындығына киімдерін шешу. Киімдерін ретпен шешіп, тақтап, іліп қою. Өзінің төсек орнына түскі ұйқыға ескертусіз жату. Түскі ұйқының мағыздылығын түсіндіру.


Ұйқыдан ояну

шынығу,





Бесін ас


Ұйқыдан оянып өз бетінше керілу жаттығулар жасау. Төсектерін ұыпты жинап, әр түрлі (түймелер, моншақтар, тастар және т.б) кілемшелер үстімен жүре отырып жаттығулар жасау арқылы денсаулығын сауықтыру

Киімдерін асықпай ретімен кию. Достарының киіміндегі кемшіліктерді жөндеп, көмек көрсету. Киімдерінің үйлесімділігіне назар аудару. Қыз балалар шаштарын әр түрлі қылып жинап алу, достарының шаштарын жинауға көмектесу.

Тамақтану алдында және қолы кір болған кезде тәрбиешінің нұсқауынсызақ өз бетінше қолды сабындап жуу. Таза және ұқыпты тамақтану, тамақтану кезінде әдептілік таныту.

Тәрбиеші мен баланың еркін әрекеті


Балалардың қалауы бойынша кітап оқып беру. Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеу.


Сүйікті достарына арнап тілектерін айтқызу.


Жүзім жайлы суреттерді тамашалау бақша өнімдерімен салыстыру

Дидактикалық ойын «Досыма достық лебізім»

Ұлттық ойындарда киетін киімдерді суреттер арқылы таныстыру

Мамандықтар туралы еркін тақырыпта сурет салу, мүсіндеу;

сюжетті-рөлдік ойындар ойнату: «Дәрігер», «Мейрамхана», «Ұшақта» және т.б.


Серуенге дайындық


Серуенге шығу. Балалардың өз шкафтарынан киімдерін киіну, шкафтарын жинастыру және достарының киінуіне көмектесу дағдыларын бақылау



Серуендеу


Еңбек әрекеті: жыртылған кітаптарды желімдеп ретке келтіру, қағаздан ұшақ жасатып ойнату .

«Не жедіп тауып айт» қ/о


«Аюлар мен аралар»қ/о

Бақша өнімдерінің дәмін тату, қалай өсетінін тамашалау.


Балабақшадағы көріністер суретін құмда салуды ұсыну.

«Хан талапай»қ/о


«Орамал тастамақ» ұлттық қ/о


Өз ойынан құрастыру «Лего» құрастыру ойыншығымен ойындар.

«Аққу қаздар» қ/о


Үйге қайту

Ата-анаға кеңес

Еркін ойындар

Балабақшадағы іс шаралардың нәтижелерімен таныстыру.






ТАМЫЗ АЙЫ - 3 апта

«Өнер көзі халықта»


Апта күндері

Дүйсенбі

күні 19.08

Сейсенбі

күні 20.08

Сәрсенбі

күні 21.08

Бейсенбі

күні 22.08

Жұма

күні 23.08


Таңертеңгі

қабылдау

Таңғы гимнастика


Таңғы асқа дайындық

Таңғы ас


Балалабақшаға көңілді келу, дидарласу. Тәрбиешіден көмекке мұқтаждығын сұрау, көмектесу. Таңғы асқа дейін өзінің қалауы бойынша пайдалы іс -әрекеттерді орындау, ойнау. Достарымен әңгіме дүкен құру


Таңғы гимнастика 3-4 апта комплексі


Тамақтану алдында ескертусіз қолын жуу. Үстел басында дұрыс отырып, мәдени гигиеналық талаптарды орындап тамақтану.


Тәрбиеші мен балалардың еркін әрекеті:



Көңілді билер. Әр түрлі ұлттардың ұлттық биін билету.

  • «Әжелер мектебі» жұмысын жандандыру, алдын-ала әзірленген

«Ерте, ерте, ертеде ... » әжемнің ертегісін тыңдайық челленджі бейнематериалдарын тамашалау;


«Менің сүйікті кейіпкерім», ермексаздан мүсіндеу, суретін салу;

Өзі қолдан жасаған кейіпкерінің образына еніп оның даусымен дыбыстау, сөйлеуді дамыту;

ертегі тыңдату, ондағы кейіпкерлер туралы өз ойларын айтқызу.

Ата-аналармен бірлескен әрекетте алдын-ала үйде әзірленген ұлттық оюлардың көрмесін қарастыру және жасалған бұйымдар туралы әңгімелесу;

Тақырыпқа сәйкес жұмбақтар шешкізу;

бұрыннан білетін әндерді айтқызу, билерді билету.

Педагогтар мен балалардың бірлескен театрландырылған қойылымдар байқауын ұйымдастыру:

Театрландырылған қойылымдар қою үшін атрибуттарды орналастыру;

Қойылым желісін ойластыру;

Рөлдерді ортақ келісіммен бірге таңдау;

қойылымды қою.

Серуенге дайындық


Серуенге шығу барысында балалардың киімдерін дұрыс киіп шығуын қадағалау.

Күндізгі серуен



Көңілді билер. Әр түрлі ұлттардың ұлттық биін билету.


Көлеңкелі қуыршақ, театр қойылымын тамашалау, көрген қойылымның желісі менондағы кейіпкерлер туралы әңгімелесу;

Тақырыпқа сәйкес сюжетті-рөлдік ойын ойнату;

«Ертегілер әлеміне саяхат» сүйікті ертегілерді айтқызу;

«Мен бастаймын, сен жалғастыр», дидактикалық ойын



Мамандық түрлері олардың атқаратын қызметі туралы әңгімелесу;

- түрлі мамандық туралы өлең оқып беру және оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

- мамандықтар туралы еркін тақырыпта сурет салу, мүсіндеу;

Жылдамдыққа жүгіру. Балалардың қалауы бойынша қиымылды ойындар ойнату

Топ ауласына ұшып келген құстарды бақылату, олар немен көректенеді (құмырсқа, қоңыз,өрмекші), олар жайлы білетін әңгімелерін айтқызу

Серуеннен оралу


Серуенде бет орамалдарын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын ретке келтіріп жүруді дағдыландыру

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуін, реттілікпен шкафтарына салуын бақылау және достарына көмек көрсетуге тәрбиелу


Гигиеналық

шаралар,



Түскі асқа дайындық,

Түскі ас



Күндізгі ұйқы


Серуеннен кейін беті қолын мойнын, беліне дейін салқын сумен жуу. Жуыну кезінде тәртіп сақтап, өзін- өзі ұстау дағдысын дамыту.
Топта ағын сумен қолын сабындап таза жуу, бетін жуғанда ұқыптылық танытып суды шашпай жуыну. Сүлгіні тиімді, дұрыс пайдалану.


Дастарханды дайындауда кезекші болу. Кезекші болудың ережесі мен міндеттерін түсініп, оны сақтауды қалыптастыру. Тамақтардың ыдыстарын тани білу. Астың дәмді болуын тілеу. Тамақтарды мәдениетін пысықтау. Тамақтан соң ауызды сумен шаю.



Жүйелі түрде өз орындығына киімдерін шешу. Киімдерін ретпен шешіп, жинап н\е іліп қою. Өзінің төсек орнына түскі ұйқыға ескертусіз жату. Түскі ұйқының мағыздылығын түсіндіру.

Ұйқыдан ояну

шынығу,



Бесін ас


Ұйқыдан оянып өз бетінше керілу жаттығулар жасау. Төсектерін ұқыпты жинап, әр түрлі (түймелер, моншақтар, тастар және т.б) кілемшелер үстімен жүре отырып жаттығулар жасау арқылы денсаулығын сауықтыру

Киімдерін асықпай ретімен кию. Достарының киіміндегі кемшіліктерді жөндеп, көмек көрсету. Киімдерінің үйлесімділігіне назар аудару. Қыз балалар шаштарын әр түрлі қылып жинап алу, достарының шаштарын жинауға көмектесу.

Тамақтану алдында және қолы кір болған кезде тәрбиешінің нұсқауынсыз-ақ өз бетінше қолды сабындап жуу. Таза және ұқыпты тамақтану, тамақтану кезінде әдептілік таныту.


Тәрбиеші мен баланың еркін әрекеті


«Менің сүйікті достарым» ертегі кейіпкерлерінің костюмдерінің элементтерін қағаздан жасап, дайын кейіпкер бейнесіне жапсыру;


«Жеті атасын білу тектіліктің белгісі» жеті атаны жатқа айтудан сайыс ұйымдастыру;

«Ханталапай» ұлттық асық ойынын ойнату

«Осылай жасайық»қ/о

асықтар тізілген қолғаппен бір-біріне массаж жасату.


Адалдық, достық, тәртіп туралы әңгімелесу

Серуенге дайындық


Серуенге шығу барысында балалардың киімдерін дұрыс киіп шығуын қадағалау

Еркін ойындар


Серуендеу


«Жеті лақ» ертегісі үстел үсті театры. «Ақсерек көксерек» қ/о

Жеке бас еркін ойындары мен сумен ойын.

Ауладағы гүлдерді салыстыру.

«Біз билеуді ұнатамыз» атты би жарысын ұйымдастыру.

«Белбеу тастау»қ/о


Түйе, бота, бура, нарды таныстыру. «Тышқан ұстаушы»қ/о

Ойын арқылы мейірімділік, ынтымақтастық сезімдерін тәрбиелеу, ұқыптылықты қалыптастыру.


Ауладағы гүлдердің топрағын қопсыту.

«Кім жылдам?» қ/о


Жаңбыр қалай жауады, бұлттар түрлерін салыстыру.

Құрастыру ойыншықтарымен еркін ойындар.

Үйге қайту

Ата-анаға кеңес

Жарыс қорытындысы туралы ата аналарға ақпарат беру.






ТАМЫЗ АЙЫ - 4 апта

«Ғажайыптар әлемінде»


Апта күндері

Дүйсенбі

күні 26.08

Сейсенбі

күні 27.08

Сәрсенбі

күні 28.08

Бейсенбі

күні 29.08

Жұма

күні 30.08



Таңертеңгі

қабылдау

Таңғы гимнастика



Таңғы асқа дайындық

Таңғы ас


Балалабақшаға көңілді келу, дидарласу. Тәрбиешіден көмекке мұқтаждығын сұрау, көмектесу. Таңғы асқа дейін өзінің қалауы бойынша пайдалы іс -әрекеттерді орындау, ойнау. Достарымен әңгіме дүкен құру


Таңғы гимнастика 3-4 апта комплексі


Тамақтану алдында ескертусіз қолын жуу. Үстел басында дұрыс отырып, мәдени гигиеналық талаптарды орындап тамақтану.


Тәрбиеші мен балалардың еркін әрекеті:



«Менің балабақшам», жазғы сауықтыру кезеңінде алған әсерлері туралы балалармен серуенде әңгімелесу;


Дене шынықтырудың пайдасы туралы әңгімелесу;

Балалардың өздеріне ұнайтын жаттығуларды жасата отырып, спорттық ойындардыбірлесіп таңдатып, ойнату

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, туған өлкенің көрікті жерлері мен табиғаты туралы әңгімелесу;


Байрақтың дайын бейнесін жұмсақ қағаз қиындыларымен безендіру;




Серуенге дайындық



Серуенге өз бетінше жиналу.

Серуенде бет орамалдарын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын ретке келтіріп жүруді дағдыландыру


Күндізгі серуен



Тақырыпқа сәйкес асфальтқа ұжымдық сурет салуға жұмылдыру, салған суреттері бойынша өз ойларын айтқызу;

тәрбиеші, медбике, тәрбиеші көмекшісі, музыка жетекшісі, дене шынықтыру жетекшісі, аспазшы және т.б. рөлдерінде бөлініп, рөлдерді өздігінен таңдап, ойнауға мүмкіндік беру

Серуен кезінде аулада қарапайым еңбекке баулу, бірге еңбектену;

«Бәйге» ұлттық ойынын ойнату

Бұрыннан білетін әндерді айтқызу, билерді билету


Жүріп келіп биіктікке секіру.


Қимылды ойындар

«Айбары асқақ Ата заң» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастыру.

Қош бол балабақшам іс шарасы



Серуеннен оралу


Серуеннен өз бетінше қатарға тұрып топқа оралу. Серуеннен кейін беті қолын мойнын, беліне дейін салқын сумен жуу. Жуыну кезінде тәртіп сақтап, өзін- өзі ұстау дағдысын дамыту. Киімдерін ұқыптылықпен шкафтарына жинау.


Гигиеналық

шаралар,


Түскі асқа дайындық,

Түскі ас


Күндізгі ұйқы


Топта ағын сумен қолын сабындап таза жуу, бетін жуғанда ұқыптылық танытып суды шашпай жуыну. Сүлгіні тиімді, дұрыс пайдалану.


Дастарханды дайындауда кезекші болу. Кезекші болудың ережесі мен міндеттерін түсініп, оны сақтауды қалыптастыру. Тамақтардың ыдыстарын тани білу. Астың дәмді болуын тілеу. Тамақтарды мәдениетін пысықтау. Тамақтан соң ауызды сумен шаю.


Жүйелі түрде өз орындығына киімдерін шешу. Киімдерін ретпен шешіп, жинап н\е іліп қою. Өзінің төсек орнына түскі ұйқыға ескертусіз жату. Түскі ұйқының мағыздылығын түсіндіру.


Ұйқыдан ояну

шынығу,



Бесін ас


Ұйқыдан оянып өз бетінше керілу жаттығулар жасау. Төсектерін ұқыпты жинап, әр түрлі (түймелер, моншақтар, тастар және т.б) кілемшелер үстімен жүре отырып жаттығулар жасау арқылы денсаулығын сауықтыру

Киімдерін асықпай ретімен кию. Достарының киіміндегі кемшіліктерді жөндеп, көмек көрсету. Киімдерінің үйлесімділігіне назар аудару. Қыз балалар шаштарын әр түрлі қылып жинап алу, достарының шаштарын жинауға көмектесу.

Тамақтану алдында және қолы кір болған кезде тәрбиешінің нұсқауынсыз-ақ өз бетінше қолды сабындап жуу. Таза және ұқыпты тамақтану, тамақтану кезінде әдептілік таныту.


Тәрбиеші мен баланың еркін әрекеті


Куыршақ, көлеңкелі театр қойылымын тамашалау, көрген қойылымның желісі мен ондағы кейіпкерлер туралы әңгімелесу

Бөлме гүлдері мен ауладағы гүлдерді салыстыру.

«Елім менің» тақырыбында «Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны арқылы алдын- ала әзірленген ата-аналар мен балалардың оқыған өлеңдерінің видеоматериалдарын көрсету, сол материалдардың ішінен ұнағандарын бірлесіп таңдату.

«Бестемше» ойыны


Сюжетті-рөлдік ойындар ойнату: «Ұшақта»

бұрыннан білетін әндерді айтқызу, билерді билету

.


Серуенге дайындық


Киімдерін асықпай ретімен кию. Қатарды бұзбай жүру.

Серуендеу


«Тышқан ұстаушы»қ/о

«Белбеу тастау»қ/о

«Бәйге» ұлттық ойынын ойнату

«Біз билеуді ұнатамыз» атты би жарысын ұйымдастыру. Ойын арқылы мейірімділік, ынтымақтастық сезімдерін тәрбиелеу, ұқыптылықты қалыптастыру.


Қазақстан Республикасының көрікті жерлері мен табиғаты туралы әңгімелесу

Жеке бас еркін ойындары мен сумен ойын.

Серуен кезінде аулада қарапайым еңбекке баулу, бірге еңбектену



Үйге қайту

Ата-анаға кеңес

Мектепке дайындық жөнінде кеңес







ТАҢЕРТЕҢГІ ЖАТТЫҒУЛАР ЖИЫНТЫҒЫ


Маусым айы кешені 1-2апта:

1. Колоннада бір қатармен жүру, жылдам басып жүру, кібіртіктеп жүру.

2. Жеңіл жүру, Аяқ ұшымен жүгіру. Шашырап жүгіру.

3. Звеноға бөліну.

4. Б.қ, қолына жанын түсіріп тұру, қолды алға-артқа төрбеу, 4-5 р,к, тербеген соң қолды жанынан жоғары көтеру, қол ұшына қарау. Қолды жайлап түсіру, б.қ. келу. 6-8 р.қ.

5. Б.қ. қолды жанда түсіріп тұру, аяқ арасын ашып ұстау. Алға еңкею, қолды оңға-солға сермеп тербету, тік тұру, б.қ. келу 6-8 р.қ.

6. Б.қ. аяқ арасын ашып тұру, қолды кеуде тұста ұстау, он жаққа иілу, сол қолды шынтақтан бүгіп төмен түсіру, б.қ.ю келу. Сол жаққа иілу 6-8 р.қ.

7. Б.қ. аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды төмен түсіру, тұру, қолды алға созу. Оң аяқты оң қолға, сол аяқты сол қолға тигізу, б.қ. келу 6-8 рет қайталау.

8. Б.қ. шалқасынан жату, аяқты созып жату, қол жанда, аяқты жоғары көтеру, тізені бүгіп, велосипед айдап келеміз деп аяқты қимылдату, б.қ. келу 6-8 рет.

9. Б.қ. қолды белде ұстау, аяқты қосып тұру, доптар секіруде екі аяқпен бір орында тұрып секектеу.

10. Колоннада бір қатармен жүру.


Маусым айы кешені 3-4 апта:


1. Колоннада бір қатармен жүру және жүгіру.

2. Звеноға бөлініп тұру.

3. Б.қ. аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанға түсіріп тұру, оң қолда доп. Оң қолды жоғары көтеру, сол қолды жоғары көтеру, допты оңнан солға, сол қолдан оң қолға ауыстырып, б.қ. келу 6-8 р.қ.

4. Б.қ.аяқты қосып қолды төмен түсіріп тұру. Оң аяқты жанға қою, оңға бұрылу, допты оң жақ еденге үрып, қос қолмен қағып алу, б.қ. оралу, сол жақта орындау 6-8 р.қ.

5. Б.қ. арасы ашық доп оң қолда. Алға-төмен еңкею, оң қолдағы допты сол қолға, сол аяқ артымен беру. Б.қ. келу, сол келесі жақта қайталау 6-8 рет.

6. Аяқты алшақ ашып тұру, доп оң қолда, отыру допты жерге ұрып қағып алу, тұру, б.қ. келу. Сол жақта қайталау 6-8рет.қайталау.

7. Б.қ. тізерлеп өкше үстіне отыру, доп оң қолда, оңға еңкею допты өзінен түзу домалату, б.қ. келу, сол жақта қайталау 4 рет.

8. Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып допты жерге қойып тұру. Доп жанында, қос аяқтап секіру.

9. Жүру, жүгіру.


Шілде айы кешені 1-2апта:

1. Бір тізбекте жүру, аяқ ұшымен өкшемен аяқтың ішкі қырымен жүру.

2. Тізені жоғары көтеріп жүгіру.

3. Звеноға бөлініп тұру.

4. Б.қ. өкшені қосып, аяқ үшын ашып тұру, қолды белге ұстау, оңға қарай бір қадам жасау, қолды жанынан жоғары көтеру, б.қ. келу, осылай сол жақта қайталау, әр жақта 3-4 р.қ.

5. Б.қ. аяқ арасын алшақ ұстап қолды белде ұстап тұру.

6. Б.қ. өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды белде ұстау, отыру, қолды алда ұстау, б.қ. келу, 6-8 р.қ.

7. Б.қ. аяқты қосып отыру, қолды артта ұстап тіреп отыру.

8. Б.қ. тізерлеп қолды белден ұстап тұру, кеудені бұру, оң қолмен сол өкшені ұстау, б.қ. келу, келесі жақта қайталау 3-4 рет.

9. Б.қ. шалқасынан жату, қолды бастан жоғары ұстау, оң аяқты көтеру аяқ үшын тигізу сол жақта қайталау, 8 рет.

10. Б.қ. қолды белде ұстап тұру. Бір аяқпен секіру екі аяқты алмастырып секіру, қос аяқтап секіру.



Шілде айы кешені 3-4апта:


1. Колоннада қатармен жүру, заттар арасынан (кубиктер арасынан) жүру, аяқ үшымен жүру, жүгіру.

2. Звеноға бөліну.

3. Б.қ. аяқты алшақ ұстап тұру, қолдағы таяқшаның екі жақ шетінен ұстап төмен түсіріп тұру.

4. Б.қ. аяқты ашып тұру, таяқшаны кеудеде шынтақты бүгіп ұстау, қолды алға созу, таяқшамен жанға иілу, алға созу, б.қ. келу. Сол жақта қайталау 6-8 рет.

5. Б.қ. аяқ арасын ашып, таяқшаны төмен түсіріп тұру, таяқшаны алға созу, еңкейіп аяқ ұшына тигізу, б.қ. келу, 6-8 рет қайталау.

6. Б.қ. таяқшаны тік қойып бір басын еденге екінші басын қолмен ұстап тұру. Өкшені қосып аяқ ұшына ашып тұру. Таяқшағы сүйеніп отыру, тұру, б.қ. келу. 6-8 рет.

7. Б.қ. таяқшаны жерге қою, аяқты қосып қолды белде ұстап тұру Таяқшадан секіріп алға, артқа қос аяқтап отыру,

8. Б.қ- таяқшаны тік қойып оң қолымен таяқшаның жоғары жағынан ұстап, таяқшаны айнала жүгіру сол жақта қайталау 6-8 рет.

9. Колоннада жүру, жай жүру, алшақ қадым жасап жүру.


Шілде айы кешені 5 апта:

1.Кубиктер арасынан жүру, жүгіру.

2.Звеноға бөліну.

3.Б.қ.өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру.Таяқшаны төменде ұстау.Таяқшаны жоғары көтеру.

4.Б.қ аяқ арасын ашып тұру, таяқшаны төмен түсіріп тұру.Таяқшаны жоғары көтеру, оңға бұрылу, қолды тік ұстау б.қ келу сол жақта қайталау.

5.Б.қ. өкшені қосып, аяқ ұшын ашып тұру, тақшаны төмен түсіріп тұру, таяқшаны алға созып отыру, б.қ келу, 6-8 рет.қайталау.

6.Б.қ таяқшаны артта түсіріп ұстап тұру.Аяқ өкшесін қосылған, аяқ ұшы ашық.Алға еңкею, таяқшаны артқа, жоғары көтеру, б.қ. келу,5-6 рет қайталау.

7.Б.қ. аяқты ашып отыру, таяқшаны желкеге қою, таяқшаны жоғары көтеру, алға еңкею, таяқшаны аяқ ұшына тигізу, б.қ оралу, 5-6 р.қ.

8.Б.қ. аяқты қосып тұру, таяқшаны түсіріп тұру. Секіріп аяқты ашу, таяқшаны жоғары көтеру. Таяқшаны төмен түсіру, секіріп аяқты қосу.

9.Б..қ. таяқшаны кеудеге ұстау.Оң аяқ ұшын жанға қою. Таяқшаны жоғары көтеру, б.қ келу, сол жақта қайталау.

10.Колоннада жүру.

Тамыз айы кешені 1-2апта:


1. Бір қатарда жүру, шашырап жүгіру.

2. Звеноға бөлініп орындық үстіне отыру.

3. Б.қ. тізені бүгіп орындық үстінде, қолды белге қойып отыру. Қолды жанға созу, жоғары көтеру, қолды жанға, б.қ. келу 6-8 р.қ.

4. Б.қ.3-тегідей қолды жанға созу оң жанға иілу, қолмен еденге аяқ ұшын ұстау,б.қ. келу, сол жақта қайталау 6-8 р.қ.

5. Б.қ. орындық үстіне отырып, аяқты алға созып, қолды желкеде ұстап отыру, қолды жанға созу, оңға, жанға, алға еңкею б.қ. келу сол жақта орындау 6-8 р.қ.

6. Б.қ. орындық алдында тұру. Оң аяқты орындық үстіне қою, сол аяқты скамейка үстіне қою. Оң аяқпен орындықтан түсу, 6-8 рет қайталау.

7. Орындыққа арқасын беріп отыру. Орындықтың үстіңгі жағынан ұстап отыру, аяқты тік алға, жоғары көтеру. Б.қ. келу.

8. Орындыққа жанымен тұру, қолды жанға түсіріп тұру. Орындық жанында секіру. Алға жүріп секіру, артқа жүріп секіру.

9. Бір қатарда орындықты айналып жүру, жүгіру.


Тамыз айы кешені 3-4 апта:


1. Жұптасып тізбекте жүру, жүгіру.

2. Звеноға бөлініп тұру.

3. Б.қ. аяқ ұшын ашып, өкшені қосып тұру. Қолды жанынан жоғары оң қолға кішкентай допты ұстап тұру.

Қолды жанынан жоғары көтеру, оң қолдан сол қолға допты алмастыру. Қолды жанынан төмен түсіру. 6-8 р.қ.

4. Б.қ. аяқ арасын алшақ ашып тұру, доп оң қолда. Оң аяқты тізеден бүгіп көтеру, аяқ астынан допты оң қолдан сол қолға алмастыру. Б.қ. келу, сол жақта орындау 6 р.қ.

5. Б.қ. аяқты алшақ ашып тұру, доп оң қолда, қолды алға созып отыру, бір қолдан екінші қолға алмастыру,5-6 р.қ.

6. Б.қ. тізерлеп өкшеге отыру, доп оң қолда. Допты жермен өзінен ары қарай домалату, б. қ.келу, 6-8 р.қ.

7. Б.қ. аяқты қосып созып жіберіп отыру. Доп аяқ арасында қысылып ұсталған, қолды артқа тіреп ұстау, түзу аяқта допты түсіріп алмай жоғары көтеру, б.қ. келу, 6-8 р.қ.

8. Аяқты қосып, допты қос қолмен төмен ұстап тұру, жоғары лақтырып қағып алу. 6-8 р.қ.

9. Б.қ. доп оң қолда. Аяқты қосып тұру. Оң және сол аяқпен секіру оңға солға тәрбиешінің санауымен бұрылып секіру.

10. Жүру. Майда қадамдап жүру.


ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР

Пятнашкалар (доп ойынының бір түрі)

Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әр жерінде тұрады. Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алған пятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып, алаңның ортасында тұрады.

Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін барлық бала алаңмен жан-жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған

қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолын тигізген бала бір жаққа шығып тұрады. Пятнашка 3-4 ойыншыны ұстанғанда ғана ойын аяқталады.

Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егер пятнашка 30-40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса, онда тәрбиеші басқа басқарушыны тағайындайды.

Аққу-қаздар

Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол – қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да жауап береді:

Га, га,га

Бақташы: Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп суын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп суын ішеміз.

Бақташы: – Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: – Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы: – Олай болса қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді. .

Ескерту. Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.

Мысық пен тышқан

Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.

Васька әппақ қарасақ,

Құйрығы сүр тамаша-ақ.

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады.

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Васька есітсе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады.

қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар Тышқан мысықтан тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді.



Біз көңілді балалармыз...

Балалар алаңның немесе бөлме қабырғасының бір жағында тұрады. Олардың алдында сызық сызылады. Сондай-ақ, алаңның қарама-қарсы жағынан -да сызық сызылады. Балалардың жанына шамамен екі сызық аралығында тәрбиеші белгіленген немесе балалар тағайындаған ұстаушы тұрады. Балалар мәтінді дауыстап айтады.

Біз көңілді баламыз

Жүгіріп, ойнап барамыз,.

Қуып жетіп қараңыз,

Бір, екі, үш –ал ұста!

Балалар «Ұста!» деген сөзден кейін алаңның екінші жағына жүгіреді, ал ұстаушы оларды қуады. Ең алдымен ойнаушы сызықты аттағанша, ұстаушы оны ұстап алса, ол ұстаған болып есептеледі де, ұстаушының қасына отырады.

Екі-үш жүгірістен кейін ұсталған баланың неше рет ұсталғанын есептеп шығарады да, жаңа ұстаушыны сайлайды, Егер ұстаушы ешкімді ұстамаса да, бәрібір жаңа ұстаушы сайланады.

Тәрбиеші балалардың мәтінді мәнерлемей, оны анықтап айтуын қадағалайды.


Әткеншек (Карусель)

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады: Әрең-әрең әлдиледі, Әткеншегім ән биледі. Тербеткенде ойнадым ғой, Жүгіруді қоймадым ғой.

Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында жүгіреді.

Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.

Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.

Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:

Жаймен ғана тербетіңдер,

Әткеншекпен ер жетіңдер!

Бір, екі, бір, екі,

Ойын бітті мінеки!

Әткеншек қимылды бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуға басталғанға дейін күтіп тұра береді.

Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастыруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.


Тышқан ұстаушы

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.

Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:

Әй, тышқандар, мазаны алып,

Кеттіңдер ғой көбейіп.

Кемірумен жазаладың,

Сазайыңды берейік.

Сақтаныңдар, сақ болыңдар,

Сендерге де жетеміз.

Құрған торға тап болыңдар,

Сендерді қор етерміз!

Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі).

Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақтақты айқын, айқайламай айтуын әрбір

буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Табан балық және шортан

Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екі бөлінеді: олардың бір тобы – ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы – табан балық, олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.

Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.

Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.

Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі. Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.



Жүгіріп өтуге үлгер

Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (оның ұзындығы 3-4м) ұстап, оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады. Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет. Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге «Жүр!» деген белгі береді.

Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде, жүгіріп өтуге тырысулары керек.

Кімнің тобы тез жинаңталады?

Балалар ойнаушыларының саны бірдей 3-4 топқа бір қандай да болмасын түсті жалаушалар беріледі. Алаңның ең шетінен немесе бір жақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3-4 жалаушалар қойылады. Әрбір топ өз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына барып колоннаға тұрады.

Ойнаушылар сапқа тұрған кезде, тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, жүгіреді, секіреді. Тәрбиенің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады.

«Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады. Тәрбиеші қай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді.

Ойынды 2-3 қайталаған соң, балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәтте тәрбиеші «Тоқта!» дейді. Осы белгі бойынша барлық ойнаушылар тоқтайдыда, көзін жұмады. Осы кезде тәрбиеші жалаулардың орнын өзгертеді де: «Орындарыңа тұрыңдар!»-дейді. Балалар көзін ашады да, өз жалауларының алдына тізбекте тұруға асығады. Қай колоннаның бірінші тұрғанын атап өтеді.



Қу түлкі

Ойнаушылар бір-бірінен бір қадым қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сүрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да, сол бала қу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.

Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.

Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды. Ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.


Кім тезірек?

Балалар қолдарындағы секіргішпен алаңның бір жағына, бір-біріне бөгет жасамай сапқа тұрады. Олардан 15-20 қадым қашықтықта сызық сызылады немесе жалаушалар байланған жіп тартылады.


Жіптен секіру

Екі бала жуан жіпті, бауды немесе ұзын секіргішті арқанды ұстап тұрады: біреуі – бір шетін, екіншісі екінші шетін ұстайды. Олар оны жайлап, әрі бірқалыпты балалардың б9рған жағына қарай айналдыра бастайды, ал олар кезекпен жіптен, оған тиіп кетпей, секіруге тырысады. Тиіп кеткені жіпті айналып тұрған баланың біреуін ауыстырады.

Ойында балаларға белгілі бір тапсырмаларды, мысалы «Кім 5-10 рет қатесіз жіптен секіреді?» дегенді беруге болады.


Соқыр қойшы

Алаңның бір жағында гимнастика орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.

Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы, қойшы, маған қанша қадым бересің?» деп сұрайды.

Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадымды санайды да тоқтайды.

Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің қойларым қайда, қайда?» деп сұрайды. Барлық қой: «Мә-мә-мә...» деп дауыстайды, Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады. Қойшы орнынан тұрып, біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кім?» дейді. Ал қой: «Мә, мә, мә» деп жауап қайтарады.

Қойшы оның кім екенін шешуі керек. Егер қойшы қателессе, барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуі қойшыны қой қораға қарай алып барады, ал өзі орнына қайта оралады.

Қойшы: «Менің қоларым қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді, Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.


Еденде (жерде) қалма

Алаңның (бөлменің) әр жерінде, оның шекарасына жақын 25-30см. биіктікте заттар орналастырылған: баспалдақтары бар тақтай басқыштар, биіктетіп қойылған тақталар, аласа жәшіктер, орындықтар, дөңгелек ағаштар (диаметрі 25см.-ден кем емес). Ұстаушы тағайындалады. Оның қолын байлайды. Балалар алаңның әр жеріндегі аспаптарға орналастырылады.

Дабыл соғысымен балалар секіреді, жүгіреді немесе тәрбиеші берген ырғаққа, темпке байланысты алаңмен секіреді. Ұстаушы жалпы қимылға қатысады. Тәрбиешінің «ұста!» деген белгісі бойынша барлық балалар тағы да қойылған заттарға (биіктегі) тырмысып шығады. Ұстаушы биікке шығып үлгермегендерді ұстайды. Ұсталғандар бір «жаққа барып отырады.

Ойын 2-3 рет қайталанғаннан кейін ұсталғандардың саны есепке алынады, жаңадан ұстаушы белгіленеді, ойын қайталанады.

Тәрбиеші биіктіктен балалардың екі аяғы мен тізесін бүгіп және жайлап қана жерге секіруін қадағалайды, сондай-ақ балалар алаңның бүкіл бойына өздері шығуға тиісті заттарды аулақ жүгіріп жүруден да қадағалайды.


Қармақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Шеңбердің ортасында – тәрбиеші. Ол бір шетіне құм салынған қапшық байланған жіпті ұстап тұр. Тәрбиеші шеңбер бойына қапшық байлаған жіпті жер бетімен айналдырады да, ал балалар қапшыққа аяқтарын тигізбеуге тырысып, жоғары секіреді.Тәрбиеші алдын ала балаларға секірудің қажет екенін көрсетеді және түсіндіреді: қатты ырғу және аяқты жинап алу. Біраз уақыт балаларды дем алдырып, кідіріс жасап отырған жөн.


Қарлы шеңбер

Балалар әрқайсысы 4-5 адамнан тең екі топқа бөлінеді. Дуалға бекітілген екі жалпақ фанердің бетіне дөңгелектер диаметрі 50-60см. нысаналар сызылады, Нысанадан 3м. қашықтыққа сызық жүргізіледі. Әр топ сызықтың арғы жағында өзінің нысанасына қарсы can түзеп тұрады, сызықтан аттауға болмайды.

Әр ойнаушыда 6-3-тен кесек қар бар. Тәрбиешінің «бастаңдар!» деген белгісі бойынша әрбір топ қолындағы кесек қарды лақтырып, өз шеңберлеріне, мүмкіндігінше тезірек жабыстыруға тырысады. Егер балаларда кесек қарлар таусылып қалса, олар оны сол жерде-ақ сығымдап жабыстырып алады. Дөңгелекті кесек қарлармен қай топ бұрын толтырса, сол топ жеңіп шығады.


Доп мектебі

Ойын үшін кішкене доп беріледі. Балалар біреуден, екеуден және шағын топ болып ойнайды. Ойын барысында бала қате жібере қалса, допты басқа балаға береді. Ойынды жалғастырған кезде ол қате жіберген қимылдан бастайды.

Қимыл түрлері:

1. Допты жоғары лақтырып, оны екі қолымен ұстап алу. Допты жоғары лақтырып, ол өрлеп бара жатқан кезде қолдарын алдына ұстап, алақанын соғу.

2. Допты жерге соғып, оны екі қолымен қағып алу. Допты жерге соғып, бірден қолдарын алға созып, алақанын соғу және допты екі қолымен қағып алу.

3. Екі-үш қадым алыс жерден қабырғаға қарап тұру, оған допты соғу және оны екі қолымен ұстап алу.

4. Допты қабырғаға лақтыру, оның жерге соғылуына мүмкіндік беру, қабырғадан алыстап барып, одан соң допты қағып алу.

5. Допты жерге оң қолымен бес, сол қолымен бес рет соғу.


Кегли

Бір-бірінен 3-5м қашықтықта кегли қатар-қатар қойылады. 1,5-3м қашықтықта сызық – «кон» сызылады. Ойнайтын балалар (3-4адам) кезекшілік тәртіппен (кезекшілікті балалардың өздері шешеді) белгіленген кон сызығына шығады да, кеглиді соғуға тырысып, күшпен шарды домалатады. Кеглиді жоғары ұшырып түсірген баланың тағы соғуға құқы бар. Соғылған кеглилер жиналып алынады. Шардың шартты санына қарай кім кеглиді көп соғып түсірсе, сол жеңген болып есептелінеді. Кеглилердің арасындағы, сондай-ақ, кеглиден кон сызығына дейінгі қашықтық бірте-бірте ұлғайтыла беріледі. Кегли ойынын бөлмеде де, учаскеде де ойнауға болады.



Секіріп жүріп допты ұстау

Ересек балалар топтарында сюжетті, сондай-ақ сюжетсіз сақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: әртүрлі формадағы тағандардың үстіне қазықша орнатылады. Балалар қашықтығы (1,5-2,5м.) жерден сақина тастайды. Ойынды балалар тобымен (4-6 адаммен) өткізуге болады. Балалар үш сақинадан алып, оны кезекпен лақтырып кез-келген қазықшаға кигізуге тырысады.

Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады.

Ойын варианты: Балалар шартты түрде келіскен үпайлар санына (6-10) ие болғанша, кезекпен екі-үш сақинадан лақтыра береді. Дәл кигізілгенін дауыстап санауға немесе тастар, бүршіктер және басқа да заттар арқылы белгілеп қоюға болады.

Жүгіріп өту

Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5-6м екінші сызық сызылады, оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлай үйлерге перпендикуляр тағы бір сызық жүргізіледі.

Ойнаушылар екі топқа – екі отрядқа (әрқайсысында 6-8 адамнан артық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез-келген үйдің жанындағы сызыққа сапқа тұрады. Екінші отряд жанындағы сызық бойына орналасады. Әрбір баланың аяғы жанында екі-екіден қар кесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші отряд бір үйден екінші үйге жүгіріп өтеді.

Екінші отряд балалары бір-бірден қар кесегін алып, оны жүгірушілерге лақтырады. Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығып тұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өту кері қарай болады; бүйір жақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші рет қар кесегін лақтырады. Сондай-ақ, бұл ретте кесек қар тигендер бір жағына шығып тұрады.

Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек, батылдырақ мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннан уақытша шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Ескерту:

1. Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жерге үйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойын басталар алдында бірден-ақ шиыршықтап алуға болады, белгіленеді.

2. Кезекшілікті тағайындау үшін отрядтар (қай отрядқа бірінші жүгіру, ал

қайсысына кесек қарды лақтыру) санамақтарды пайдалана алады.

Аюлар мен аралар

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Біреулері (шамамен балалардың үштен бірі) – аюлар, қалғандары – аралар болады. Мұнарадан 3-5м қашықтықта орман сызықпен қоршалады, ал 8-10м қашықтықта қарама-қарсы жақта – шабындық. Аралар мүнараға немесе гимнастикалық қабырғаға (араның ұясына) орналасады. Тәрбиешінің белгісі бойынша аралар шабындыққа бал жеуге ұшып барып, ызылдайды. Барлық аралар ұшып кетісімен, аюлар мұнараға – ара ұясына шығып бал жеп рахаттанады. Тәрбиешінің «Аралар ұшып» деген белгісі бойынша орманға қашып үлгере алмаған аюларды (оларға қолын созып жеткізіп) шағады. Содан соң аралар мұнараға қайта оралады, ойын қайталанады. Денесін шағып алған аю бал жеуге бір рет шықпай қояды. Ойын 2-3 рет өткізілгеннен соң, балалар рөлдерімен ауыстырылады. Тәрбиеші мұнараның (гимнастикалық қабырғаның) жанында болуға тиіс, қажет болған жағдайда ойнаушыларға көмек көрсеткен жөн.


Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?

Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6 қадым қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі.

Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадым қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.

Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір, екі, үш – жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.

Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бұрын көтергенін белгілеп қоядыСодан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.

Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру ұсынылады: жалаушаға баратын жолға 60см биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді.

Ормандағы ақ тиіндер

Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.

Басқарушы – аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте – үйде тұрады. Қалған ойнаушылар – ақ тиіндер, ағаштар аспаптарға орналастырылады.

«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда – барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан

ырғиды, басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды – оларға қолын тигізеді.

Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.

Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рүқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.


Өрт сөндірушілер

Ойнайтын балалар 5-6 адамнан 2-3 отрядқа бөлінеді де, қашықтығы 4-5м гимнастикалық қабырғаға қарсы колоннаға тұрады. Бұл өрт сөндірушілер, олар сатымен тез көтерілуді білуі керек. Әрбір отрядтың қарсысындағы гимнастикалық қабырғаның жоғары рейкасына қоңырау ілініп қойылады.

Тәрбиешінің белгісі (сөз немесе дабыл қағуы) бойынша балалар, бірінші колоннада тұрғандар, гимнастикалық қабырғаға қарай жүгіреді де, онымен көтеріледі, қоңырауды соғады онан түседі де, колоннаның соңына барып тұрады.

Тәрбиеші қайтадан белгі береді: енді келесі екі бала немесе үш бала және тағы басқалары жүгіреді. Тәрбиеші ойынның соңында өрт сөндірушілердің саты бойымен тез шығатындарын, ептіректерін атап өтеді.

Бұдан кейін ойын қайталанады.

Тәрбиеші ойын барысында гимнастикалық қабырғаның қасында тұруға тиіс, өйткені балалар сатымен өрмелеу кезінде, саты баспалдақтарын аттап кетпеуін және секіріп түспеуін бақылау қажет (бұл жайында ол балалармен.ойын басталғанға дейін келісіп алады).


Осылай жасайық

Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.

Әдемі шеңберде,

Билейік кең жерде.

Қолдармен ұстасып,

Бәріміз жұптасып.

Бірігіп достасып, .

Бір орында ұстасып,

Осылай етіп істейік.

Мәтінді айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.

Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.



Қалпақ және кішкене таяқша

Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.

Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес – кішкене таяқша тықылдайтын болады» – дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.

Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады.


Фигура жасап шық

Ойнаушылардың арасынан бастаушы таңдалып алынады. Ол шеткірек тұрады. Балалардың қалғандары жүгіреді, бір аяғымен екінші аяғымен шалыс баса бүкіл бөлмеге немесе алаңға секіреді. Тәрбиешінің белгісі дабыл қағу немесе «тоқта» деген сөзден кейін барлығы қандай да болмасын бір қалыпта орындарына тұрады және қозғалмайды. Басқарушы барлық «фигураларды» айналып шығып, оған бәрінен де көбірек ұнайтынын таңдап алады. Ол бала басқарушы баға беруші болып саналады, ал алдыңғы басқарушы қалған балаларға қосылады да, ойын қайталанады.


Тез орындарыңа жет

Балалар екі жағына қолдарын созып, бір-бірінен біраз қашықтап шеңберде тұрады. Әрбір ойнаушының орнын қандай болса да бір затпен белгілеп қояды, мысалы еденге қойылатын текшемен белгілеп қояды.

Тәрбиешінің «жүгіріңдер» деген сөзі немесе дабыл қағуы бойынша балалар шеңберден шығады да, жүреді, жүгіреді немесе бүкіл алаң (бөлме) бойынша секіреді. Осы кезде тәрбиеші заттың ішінен біреуін алып қояды, сонда бір баланың орны болмай қалады. Дабыл қаққанда немесе «орындарыңа» деген сөзден кейін барлық балалар шеңберге жүгіреді де, кез-келген орынды алады. Орынсыз қалған балалар хормен:

Орал, Орал. Айша,

Тез орын ал, тұр былай, – дейді.

Ойын соңғы рет жүргізілген кезде барлық баланың орны болуы үшін тәрбиеші текшені қайта орнына қояды.


Құрлар

Ойнаушының екеуі құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Балалардың қалғаны (6-8 адам) бөлменің ортасында, бірінің қолынан

бірі ұстап шеңбер құрып тұрады. Бұл – шыны аяқтағы ірімшік. Мәтінді хормен дауыстап айтады, жаңылтпаш ырғағымен жүресінен аздап отырады.

Біздің жерде, көгалда,

Сүзбе тұрса тек алда.

Ұшып келді

Екі құр,

Шоқып кетті,

Қайта кетті.

Үшінші және төртінші шумақты айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп-секіріп шыны ірімшікке қарай жақындайды. Бесінші және алтыншы шумақты құрлар, шыны аяқтың қасына екі аяғымен секіреді, шеңбердің ішіне басын жайлап еңкейтеді (шоқиды).

Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар бейнелеуші балалар қолын жоғары көтеріп: «Шу-у» деп құрларды қорқытқан болып дауыстайды, құрлар да өз бұрыштарына ұшып кетеді, балалар оларды ұстайды. Құрлар өзін ұстаған баламен орындарын ауыстырады. Ойынды қайталап жүргізе береді.




Тракторшылар

Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады.

Бесінші қатысушы тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан келеді.

Тара-тара-тара-ра,

Колхоздық бұл қораға.

Кіріп келді трактор:

«Бұл бос келді демеңіз,

Егінді жерге егеміз,

Нанға толып қырат-қыр,

Тойғызып біз балаларды

Береміз қалаш нандарды!»

Балалар ырғақпен басуды үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.


Кім заттарды көбірек жинайды?

Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар.

Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады, оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі.

«Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек

жинағағнын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.

Доп кімде?

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады.

Тәрбиеші допты (диаметрі 15см-ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол: «Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді. Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды.

Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.


Таяқша ілінген сақина

Картон немесе фанерден (диаметрі - 15см, жиегінің ені 3-4см) сақина ояды. Сақинаға жіп байлайды да, оны шамамен екінші ұшынан ұзындығы 30см-дей таяқшаға байлайды.

Ойнаушылар кезек-кезек сақинаны лақтырады да, оны таяқшамен қағып алады. Ойнаушының әрқайсысы үш реттен лақтыруға құқылы, қанша рет сақинаны таяқшаға іліп ұстағанын есептеп шығарады. Одан соң ол таяқшаны сақинасымен келесі біреуіне береді. Балалардың біреуі келісілген ұпай санын бітіргенде, ойын бітеді. Ойынды 3-5 бала ойнай алады.


Бүрге

Бұл халық ойыны балалардың саусақтары қимылының үйлесімділігін көзбен мөлшерлеуді және зейінін дамытады. Ойыншылар қолдарына қорап алады, оның ішінде диаметрі 12-16мм түрлі-түсті пластмассадан жасалған дөңгелек (бүрге) пен қалыңдығы 1-1,5мм және диаметрі 20-22мм 4 сақа жатады.

Ойынға 4 адам (сақаның санына қарай) қатыса алады. Әрқайсысы қораптан 5 дөңгелек және белгілі бір түсті сақа алады. Қорапты столдың ортасына қояды да, одан аса қашық емес кон сызығын жүргізеді.Стол жұмсақ бірдеңемен (мысалы дастарқанмен) жабылады.

Ойнаушылар кезегімен өздерінің бүргелерін кон сызығына қояды да, сақаның шетінен қысып ұстап, бүргенің шетіне шиырады, ол бүргені жоғары ұшырады да, корапқа түсіреді. Өзінің бес бүргесін қім бірінші болып қорапқа түсірсе, сол жеңіп шығады. Әртүрлі күшпен сақаны бүргеге ширата лақтырып, оның лақтыру ұзақтығын реттеуге болады.


Айгөлек

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.

Ойын шарты: Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы – 15-20 метрдей жер.

Ойынның мақсаты қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Мұнда сізге кім керек?

Қарсы топ (Ә) жауап қатады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Бізге тек Қамбар керек.

Немесе:

А тобы: – Құрсауды үзіңдер!

Ә тобы: – Кім керек?

А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды. Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады. Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.


Арқан тарту

Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8метр жіп немесе арқан.

Ойынның тәртібі: ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады


Асық ойыны

Негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жаздыкүні тақыр жерге ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алты атар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған. Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір-бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үш табаннан артықтау жерге жіберу керек. Үш табаннан кем, не болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады.





Белбеу тастау

Көбіне ер балалар ойнайтын ойын. Далада, ашық алаңқайда немесе кең бөлмеде ойнауға болады. Қатысушылар саны шектелмейді.

Ойынның шарты: ойын ойнаушылар шеңбер құрай дөңгелене отырады. Ойын бастаушы ортаға біреуді шақырады. Ойынға алдын-ала белбеу не есілген сүлгі даярланады. Артына қолын жасырған ойыншылар белбеуді бірінен соң біріне өткізе бастайды.

Сөйтіп, белбеу әр бағытта қолдан қолға өтеді. Мұның өзі ортада тұрған кісінің зейінін басқаға аудару мақсатында жасалады. Ыңғайы келген сәтте ойнаушылардың бірі ортадағы кісінің арқасынан ұрып қалып, белбеуді көрсетпей басқа біреуге бере қоюы тиіс. Егер ортадағы ойыншы белбеуді қағып қалса, екі ойыншы алмасады, ал ұстай алмай қалса ойын әрі қарай жалғаса береді.


Кетті-кетті

Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойын қыста үйде, жазда таза ауада ойналады. Ойын қажетіне орамал, қолғап, басқа да ұсақ бұйымдар жарай береді.

Ойын шарты: Ойыншылар тізесін сәл көтеріп бір-біріне жақын айнала отырады. Бастаушының белгісі бойынша ойнаушының бірі орамалды көрсетпей екінші біреуіне береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойнаушылардың сырт жағында ескен сүлгі не жіп ұстап тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс. Оның зейінін басқа нәрсеге аударып, жаңылдыру үшін ойыншылар «әне кетті, міне кетті» деп шуылдап отырады. Егер ойын жүргізуші орамалды ұстаған адамды дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі орын алмасады. Ал, егер қателессе ойыннан шығып қалады немесе бастаушының яки кез келген ойын мүшесінің тілегін орындайтын болады.


Орамал тастау

Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады.

Ойынның әділ қазысы келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады. Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады.

Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі)тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.


«Не жедім, тауып ал»

Дәм сезу анализаторы арқылы шешімін табу.
Көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екенін анықтау.Тәрбиеші әр түрлі дәмдегі көкөністер мен жемістерді алу. Оларды жуу. Тазалағаннан кейін ұсақ бөлшектерге бөлу. Салыстыруға балалардың үстелдеріне қою.
Көкөністермен жемістерді бір балаға дәмін таттырып көзін жұмғызып «жақсылап шайнап қандай жеміс көкөніс екенін тауып айт». Балалар орындағаннан кейін тәрбиеші жемістермен сый көрсетеді.

«Хан талапай»
Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін алып қызыл түске бояңдар. Осы асық «хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.


Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.


Қыз –қуу
Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Түйілген орамал.


Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.


Соқыр теке.


Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.


Сақина жасыру


Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.


Жаз мезгіліне арналған шынықтыру шаралары.


«Ригалық әдіс»

Барлық жас ерекшеліктеріне сай шынықтырудың «Ригалық әдіс» атауы да бар. Мұның негізгі айырмашылығы сол жаяу , бірақ тұзды жолмен жүру. Бұл шынықтыруда 1,5-2 метрлік жұмсақ сүлгіні 10 % тұз ерітіндісімен сулап (100гр тұзды литр суға) балаға оның үстімен жүруді ұсынады. Сосын таза сумен аяқты жуады.


А.А. Уманскийдың нүктелі үгуі.

Бірінші аудан аймағы (төс сүйегі), бұл кезде оның қан түзілу қызметі жақсартады. Төс сүйегі қан айналымы интервациясы жақсартады,өкпе, өңеш, кеңірдек қан айналымы жақсарады.

Екінші аудан аймағы тері асты безі. Төс асты бездің (тимус) иммундық жауапты орны ерекше. Ауруға қарсы ағзаның өсу процесі мен дамуын қамтамасыз етеді.

Үшінші аудан аймағы синокаротидті қалқанша мен қалқанша жанындағы бездері қанның химиялық құрамы мен ағзаның эндокриндік реттеушілікті қадағалайды.

Төртінші және бесінші аудан аймағы мойын вегативті ганглиясы (жүйе түйіндері) олар қан тамырларды (бас, эндокриндік бездер, жүрек, асқазан, ішек) реттейді.

Алтыншы, жетінші, сегізінші аудан аймақтары бас сүйек-ми нервтері, олар , гипофиз құрылымдарымен, көру,есту вегативтік қызметтермен байланысты .

Тоғызыншы аудан аймағы бұл жүйелілік ерекшелігі. Оған әсер ету мидың жүйелі түрде жұмыс істеуі мен барлық ағзаны белсендіреді. Үгуді бірінші аудан аймағынан бастап белгіленген сандық реті бойынша жасалынады. Сұқ немесе ортаңғы саусақпен алғаш рет сағат тілі бойынша, сосын қарама- қарсы 3-4 секунд біртіндеп қысып, басып, айналмалы қозғалыспен белгілі аумаққа жан-жағынан жақындайды.

Үшінші және төртінші аудан аймағы бойынша саусақ пен мойынның артынан алға қарай сипалау арқылы жасалынады. Симметриялық аймақты бір мезгілде екі қолмен де жасауға болады.

Вирусты жұқпалы тыныс алу жолдарымен аурулармен жиі ауыратын балаларға арналған сақтандыру мен емдеудің іс шаралары.



Жалпақ табандылықтың алдын алу жұмыстары


Гимнастикалық орындықта,еденде отырып аяқты алға созып, қол аяқ үстінде, арқаны түзу ұстайды.

1. «Сәлеметсіз бе - сау болыңыз»

Табанмен әрі және бері қимыл жасау. (5-6 рет)

2. «Иіліп сәлем бер»

Аяқтың бармақтарын иілдіру және шалқайту. (8-10 рет)

3. «Үлкен бармақ өзінің кіші ағайындарымен ұрсып қалды»

Үлкен бармақты өзіне қарай қалған бармақтарды әрі қозғау. Егер қиын болса қолдың көмегімен жасау керек.

4. «Саусақтар ұрсып қалды -татуласты»

Аяқ ұшын жан-жаққа қарату, сосын бір-біріне жинастыру. (3-4 рет)

5. «Өкше ұрсып қалды да татуласты»

Өкшелерді алшақ ұстау, сосын жинастыру. (3-4 рет)

6. «Қаз серуенге шықты»

Табан еденде , бармақтарды бүгіп табанмен алға жүру . (2-3 рет)

7. «Шеңберлер»

Аяқ созылған. Табанды ішке созып сыртқа дөңгелете қозғалту. (5-6 рет)

8. «Кірпі»

Үгу добына табанды тіреп отыру. Допты қатты басып өкшеден аяқ ұшына және кері жылжыту. (8-10 рет)




Омыртқа қисаюуынан сақтандыратын жаттығулар.


1.Қолды қозғалтып жүру, аяқтың ұшымен жүру.

2.Ақырындап қолды көтеріп дем алу,түсіріп, дем шығару.

3.Қол белде , аяқты көтеріп, ішке тарту, бастапқы қалыпқа келу.( 3-4 рет).

4.Қол кеуде алдында. Қолды жан-жаққа созып - дем алу, бастапқы қалыпқа келіп дем шығару (3-4 рет).

5.Арқаға жату, қол дене бойында . Аяқпен «велосипед» тебу (1-2 минут)

6.Ішпен жату, аяқ саусақтарын созып, қолды жоғары созу- дем алу- денені босаңсыту- дем шығару. (2-4 рет)

7.Арқамен жату. Қол дене бойында, аяқтары бір-бірімен түйіскен . Барлық денемен оңға қисаю аяқ-қол солға қалыпты жағдайға келу- дем шығару. Басқа жағымен соны істеу (3-4 рет).

8.Гимнастикалық қабырғаға бетімен қарап тұрып рейканы иықтың деңгейінде ұстап, тізерлеп отыру, қайтадан қалыпқа келу. (3-4 рет)

9.Тұру, қол жан-жақта, баста құм салынған қалташа. Аяқтың ұшымен жүру.

10.Шеңбер болып тұру. Қолдарын ұстап қолда бәрімен бірге жоғары көтеру, төмен түсіру, дем алу – дем шығару. (3-4 рет)

11.Қолдармен шеңбер жасап тұру. Арқаны тік ұстап, тізерлеп отыру (3-4 рет)



Мүсін бұзылудың алдын-алу. Кешенді жаттығулар.

1. Доппен жаттығулар.

а) «Тұзу мүсін»

Допқа отырып, табаныды жерге тіреп, қолды шынатақтан бүккен күйде, арқаны тік үстау.

Орындалуы: осы қалыпты сақтап, басты түсірмей отыру.(15 секунд)

б) «Спорттық жүріс»

Орындалуы: табан қимылы (алма-кезек), аяқ ұшын жерден алмай оң сосын сол өкшемен, алма кезек көтеру.

в) «Иілу және созылу».

Қолды арқаға қойып, допқа отыру.

Орындалуы: 1- оңға бұрылу (солға), сол қолды жоғары ,созылу,2 бастапқы күйге келу (4 рет).

г) «Атқа қарау».

Доп үстіне жату (арқамен). Қолды бос жіберу, аяқты тізеден бүгу.

Орындалуы: 1- қолды көтеру, атқа қарау;2- бастапқы қалпына келу. ( 8-рет)

д) «Сайқымазақ».

Допта отырған күйі, қол белде.

Орындалуы: 1- Аяқты өкшеге қойып созу.Қолдары жан-жақта, бармақтарды бір-бірінен барынша ажырату. (7 рет)

е) «Сақина»

Ішпен доп алдында жату, саусақтар допта. Орындалуы: 1- аяқты бүгіп иілу аяқ ұштарын басқа дейін жеткізу. 2 – Бастапқы қалпына келу. (6 рет)

ж) «Доптар»

Допта отырып қолды жіберу.Өткізілуі: Допта отырып жеңіл секіру қолды жан-жаққа жоғары көтеріп алақанмен шапалақтау, алма-кезек тізені көтеру. 2 – бастапқы қалыпқа келу. (30 секунд)

  1. Тұрып денені босаңсыту жаттығулары:

а) ақырын қолды көтеру, саусақтарды айналдырып «лақтырып» төмен түсіру.

б) Жан-жаққа жайымен босаңсыған қолдың көмегімен бұрылу.

2. Жатқандағы босаңсыту жаттығулары.

а) Қолдарды сілку.

б) Аяқты өзін және өзіне қарай қозғалту.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ