«МАД топтарындағы оқытудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«МАД топтарындағы оқытудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында оқытудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану туралы педагогтар арасында өткізілген шебер сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы білім басқармасының

Көксу ауданы бойынша білім бөлімі ММ

«Жұлдыз» бөбекжай балабақшасы» КМҚК
















«МАД топтарындағы оқытудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдері»

/шебер сынып/























2023 жыл


«МАД топтарындағы оқытудың тиімді формалары мен әдіс-тәсілдері»

/шебер сынып/

Тәрбиеші: Кожахмет Асыл Темирхановна


Мақсаты: Мектепалды даярлық топтарында Н.Зайцев әдістемесінің тиімділігі мен ойын арқылы өткізу формасының тәжірибесімен бөлісу.

Күтілетін нәтижесі: Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту және тәрбиелеуде Н.Зайцев әдістемесінің ойындарын қолданудың тиімділігі туралы түсінік алады.

Спикер:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен бүгінгі шебер сыныпта Сіздерге Зайцев әдістемесін мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ҰІӘ-ті осы әдістеменің ойындарын қоданылу тиімділігі туралы түсінік беріп, өз тәжірбиеммен бөлісетін боламын.

-Құрметті әріптестер, бұл шебер сыныпты жүргізу үшін маған сіздердің көмектеріңіз қажет, ол үшін 9 немесе одан да көп педагогтерді ортаға шеңберге шақырамын.

Ойын: «Күлкілі сөздер»

Ойынның шарты: Мен қазір қолымда тұрған текшелерді еденге шашып жіберемін. Сіздер еденде шашылып жатқан текшелерден 4 немесе 5 текшені тез жинап, оларды біріктіре отырып паравоз құрастырасыздар. Құрастырылған паравоздағы «күлкілі» сөздерді мен оқып шығамын, сіздер сол «күлкілі» сөздерді қайталап айтасыздар.

Сұрақтар алаңы:

-Осы ойынды қандай іс-әрекетте қолдануға болады?

Топтасу:

- Ал, келесі ойынды ойнау үшін түсі ұнаған текшедегі үстелге барып жайғасыңыздар.

Үш үстелде сары, сұр, қоңыр түсті текшелер тұрады.

І топ: Ойын: «Сиқырлы текшелер» (3 мин.)

Ойынның шарты: Үстелдің үстінде берілген карточкалардағы сөздерді, текшелерді пайдалана отырып, отбасы мүшелерінің аттарын (ата, әже, әке, ана т\б) құрастырады. Үлгідегі сөздер тұр.

ІІ топ: ойын «Жел» (3 мин.)

Ойынның шарты: Түтікшелердің көмегімен ұсақ қиылған әріптерді ішке демді тарту арқылы, сөз жазылған ұяшықтарға орналастырады. Орналасқан дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратады, атайды.

/Бұл ойында сонымен қатар тыныс алу жаттығуы да іске асырылады, яғни физикалық дамуы қалыптасады/

ІІI топ: ойын «Ұяшықтар» (3 мин.)

Ойынның шарты: Бос ұяшықтардың санына сәйкес әріптер карточкаларын орналастырып, сөздер құрайды.

Құрметті әріптестер, ойын барысында мен текшені сылдырлатсам, сіздерге өзге топтың ойындары қызықты болып жатса сол топқа ауысып, ойнасаңыздар болады.

Ойын: «Караоке» (3 мин.)

Ойының шарты: Ғажайып қоржынның ішінен кез-келген текшелер көрсетіліп тұрады. Текшелерде көрсетілген дыбыс немесе қосарлы дыбыстарды халық әуеніне, той әуеніне, рэп стильдеріндегі әуенге салып орындайды.

Ойын: «Еркін микрофон» (3 мин.)

Ойынның шарты: Әр топтан бір педагог өз ойымен еркін бөліссін.

Қорытынды: Осы ойындар сөйлеуді дамыту, сауат ашу негіздері, қазақ тілі іс-әрекетері арқылы жүзеге асырылды.

Ойындардың мақсаты: Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: Фонематикалық естуді дамыту. Артикуляциялық жаттығуларды жасау. Балалардың сөздік қорларын байыту, сөздерді буынға бөлу, сөздерге дыбыстық талдау жасату, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

Күтілетін нәтиже: Балаларда Коммуникативті дағдылары дамиды.

Құрметті әріптестер шебер сыныпқа белсене қатысқандарыңызға алғысымды білдіремін.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2023
1004
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі