Материалдар / Мәдени танымдық туризмнің білім саласындағы рөльі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәдени танымдық туризмнің білім саласындағы рөльі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2023
432
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ МЕН БАҒЫТТАРЫ



Қособаев Қ. М. география пәні мұғалімі: «Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ

Пікір

Бұл мақалада мәдени-танымдық туризмнің білім саласындағы рөлі сипатталған. Балалар туризмі - оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және отансүйгіштік тәрбие беруде таптырмас құралы екендігі нақты мысалдырмен келтірілген. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бағдарлама үлгісі берілген.

Аннотация

В данной статье раскрыта роль культурно-позновательного туризма в сфере образования. Развития школьного туризма направляет качественно использовать свободное время и развивает патриотические чувство у школьников.

Қазіргі қоғамда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жалпы білім беретін мектептердегі педагог- ұстаздардың алатын орны ерекше. Осы орайда оқушы бойына туған жерге деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында немесе салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жастар арасында белең алып отырған келеңсіз жайттардан бойын аулақ ұстату барысында сабақты бір ізді емес, қоғамның кең түрде дамыған салаларымен тығыз байланыстыра оқыту, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін ұштай түседі. Осы ретте мектеп партасында отырған оқушының жан-дүниесін қоғамдағы болып жатқан орынсыз жайттардан құтқарар, яғни білім саласымен тәжірибе алмастырудың мықты құралы әрине, туризм екені белгілі.

Бұл бағытта туған өлке табиғатына елітіп өскен, құтты мекенннің саф ауасы мен мөлдір суын бойына сіңіре жұтқан ұрпақ тазалық пен адалдыққа, әсемдік пен сұлулыққа іңкәр болып өсері хақ [1]. .

Мәдени-танымдық туризм арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекетттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және отансүйгіштік тәрбие беруде таптырмас құрал. Туған өлкеге жасалатын экскурсиялар мен туристік жорықтар, экспедициялар мынадай педагогикалық мақсаттарды шешетіндігі ғылыми түрде дәлелденген:

  • азаматық негіздерге және қазақстандық отансүйгіштікке, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу;

  • балалар мен жасөспірімдерге туристік-өлкетану және экология бағытында қосымша білім мен тәрбие беру;

  • туған өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштерін, жергілікті халықтардың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оқып-зерттеу;

  • олардың денсаулығын сауықтыру;

  • кәсіптік бағдар беру;

  • әлеуметтік тұрғыда өмір дағдыларына бейімдеу.

Мәдени-танымдық туризм оқушыларды тек өзінің туған жерін оқып қана қоймай мәдени деңгейлерін көтеруге тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын көтеруге баули отырып, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, ғылыми-ізденімпаздыққа бастап, таным кеңістігі мен ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін арттыра отырып іс-тәжірибе жинақтауға, білімділік пен зияткерлік негіз қалыптастыруға, алдағы уақытта өзі сүйетін мамандықты дәл таңдауға көмектеседі [2].

Мектептегі мәдени-танымдық туризмді тарихи, этнографиялық, географиялық биологиялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Тарихи мәдени-танымдық туризм - өлкенің тарихын, тарихи оқиғалардың мән-мағынасын ашуды зерттейді. Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Тарихи мәдени-танымдық жұмыстарын жүргізу үшін тарихи деректердің түрі мен жұмыстанудың әдістерін білу маңызды.

Д.С.Лихачев «туризм кез келген мектепте міндетті пән ретінде енгізіліп, жергілікті мұражайларға, тұрғылықты жердің табиғатына саяхат жасаумен жалғасын табуы тиіс» деп дұрыс тұжырымдаған.

Мәдени-танымдық туризмнің бірнеше бағыттары бар: географиялық, экологиялық, өлкетанушылық. Әр бір бағыт жастар мен жасөспірімдердің дұрыс тәлім-тәрбие беруге мақсат пен міндеттерді алдына қойып отыр.

Мәдени-танымдық туризм Н.Ф.Реймерсн, П.Сидельковскийдің пікірлерінше, мына міндеттерді қамтиды:

  • мәдени-танымдық туризм бойынша білім, білік, дағдыларын оқу материалдарын тереңірек меңгеруге және оқу-тәрбие үдерісін жандандыруды пайдалану;

  • оқушылардың тұрғылықты жерін жан-жақты зерттеуі және өлкетану материалдарын жинақтауы;

  • бағдарламадан тыс мәдени-танымдық туризмнің мазмұны мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрылуы.

Мәдени-танымдық туризмнің материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мәдени-танымдық туризмнің ерекшеліктері:

-педагогика құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мәдени-танымдық туризм жетекші фактор болып табылады;

- мәдени-танымдық туризм экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология географиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;

- мәдени-танымдық туризмнің ерекшелігі табиғат аясында таным-жорық, оқу-танымдық-соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысты;

- мәдени-танымдық туризм барысында экологиялық ақпараттарды жинау барысында оқушылар өзінің тұрып жатқан жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі,олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын пайдаланумен ерекшеленеді [3].

Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды:

Танымдық компоненті жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдері арқылы туризм білімінің жүйелі түрде қалыптасуындағы, халықтың рационалды және иррационалды білімдері бойынша түсініктерін меңгерудегі тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады;

Эмоционалды компоненті экологиялық білімдерге қызығушылығы, мәдени-танымдық туризм жұмыстарының маңыздылығын мойындаумен, туған жерінің табиғатына, сұлулығына тамсанып сезінуі және оны аялай алуымен анықталады .

Қазіргі таңда оқушылардың басым көпшілігі туризм материалдарын саралай алмайды; олардың қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына деген қызығушылығы төмен екендігі байқалады. Мұғалімдер мәдени-танымдық туризм негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аса көңіл бөлмейді, сабақ барысында педагогика құралдарын аз пайдаланады. Осы мақсатта мәдени-танымдық туризм арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың бағдарламасын ұсынамын.

1 кесте Мәдени-танымдық туризм арқылы оқушылардың экологиялық

мәдениетін қалыптастырудың бағдарламасы

Шара атауы

Мақсаты

Формасы

Негізгі әдісі

1

«Жас турист»

Еліміздің қазынасын сақтап, қасиетті айнала қоршаған ортаны қорғаудағы азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту

Үйірме жұмысының мазмұны-оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған.















Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

22

«Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың!»

Педагогикалық процесте оқушылардың экологиялық оқу танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырып, іске асыру.

Оқу-танымдық экологиялық мәдени апталықтар, өз бетімен орындайтын тапсырмаларды жүзеге асырады



3

«Туған өлкенің табиғатын аялау-жас ұрпақтың негізгі мақсатты»

Қоршаған ортаны бақылай отырып, табиғатты аялауға тәрибелеу. Өлкедегі флора, фаунасымен таныстыру және табиғаттағы жеке мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Экологиялық соқпақ, табиғатты аялауға бағытталған.



Осы міндеттерді негізге ала отырып жылдық бағдарламаның тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру шаралары бойынша «Туған өлкенің табиғатын аялау-жас ұрпақтың негізгі мақсатты» атты экологиялық соқпақ орта сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.

Соқпақ-табиғи ортаға жаяу жүретін жол. Біздің шартты түрде алған соқпағымыз Күршім өзенінің жағалауы. Бұл табиғи соқпаққа негізінен орта сынып оқушылары қатыстырылуы қажет.

Соқпақтың мақсаты: Қоршаған ортаны бақылай отырып, табиғатты аялауға тәрибелеу. Пән аралық байланысты көрсету (география, биология, экология пәндерінің байланысын көрсете білу). Таңдалған соқпақтың өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен өзен жағалауының ерекшелігімен таныстыру.

Соқпақ жұмысын ұйымдастыру барысында оқушыларға мынадай тапсырмалар берілді:

  • жүретін соқпақтың жол картасын жасау, шартты белгілерін қою;

  • соқпақта кездескен өсімдіктер мен жануарлар жайлы мәліметтер жинау;

  • жиналған мәліметтер бойынша баяндама жасау;

Маршруты: Күршім өзенінің жағалауы: шалғын, көл, жайылма орман мен бұлақ.

Ұзақтығы: 1,5 километр.

Экскурсводттар: 7 сынып оқушылары

Соқпақпен жүре отырып жер бедерінің әртүрлі формаларын кездестіруге болады мысалы, тау бөктерін, жылғалар алқабын, геологиялық ашылымдарды.

Маршруттың сипаттамасы

  • бірінші аялдама- соқпақтың басталуы. Экологиялық соқпақтың тарихы, рөлі мен қызметі жайлы ақпарат беру және де табиғатта өзін ұстау ережелерімен таныстыру.

  • екінші аялдама шалғында кездесетін өсімдіктер дүниесімен таныстыру. Шалғында әр түрлі дәнді өсімдіктер, әр түрлі шөптер, бұталар және орман өсімдіктері таралған.

  • үшінші аялдама «Таудың көркі бұлақ». Бұлақтар, судың маңызы мен қасиеті туралы ақпарат және табиғи бұлақтарды сақтап қалудың қажеттіліктері жайлы мәлімет беру. Балалар өз күштерімен бұлақтың маңайын тазалады.

  • төртінші аялдама «Орман- біздің байлығымыз» (Жайылма орман)

Жайылма орман табиғаттың керемет туындысы, біздің мақтанышымыз! Орманды қастерлеңдер және сақтаңдар! Орман әлеміне экскурсия.

  • Орманның жануарлар әлемімен танысу. Орманда тіршілік ететін жануарлар түрлерімен танысу (омыртқасыздармен, құрт-құмысқалармен, құстармен, сүтқоректілермен). Орманда олардың алатын ролі жайлы сұқбаттасу жағымды және жағымсыз жақтары бойынша.

  • алтыншы аялдама ауылшаруашылықты. Күршім өзенінің жағалауытұрғындарының саяжай бөлігі. Саяжайлар бөлігінің кейбір жерлері бос қалып, арам шөп басқан. Осының салдарынан табиғи жүйеде құрамдас бөліктердің тепе-теңдігі бұзылады. Арам шөптермен зиянкестердің көбеюінен табиғаттың микроклиматы өзгереді.

  • жетінші соңғы аялдама.

Эскурсияның қорытындысы. Қоршаған ортаны қорғаудың маңызы. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға шақыру.

Соқпаққа жорық жасаудың маңызы мынадай:

  • оқушылардың табиғи ортада мінез-құлығы, саналы көзқарасы қалыптасады

  • бұлақты тазалау жұмысын жүргізу барысында оқушылар табиғат байлығына ұқыпты қарауға ынталандырады.

  • өздері жинаған материалдарды баяндау нәтижесінде табиғи ортаны зерттеуге қызығушылықтары пайда болады.

Қорытынды жасау барысында, оқушылар баяндамалар жазып, өздерінің соқпақта алған әсерлерін баяндайды.

Осындай өткізілетін соқпақтар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында « .....білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, мәдени-танымдық туризм жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады [4].



ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абулхаиров А.З. Туристік- өлкетану қызметі қосымша білім берудің негізігі құраушы бөлігі ретінде / А.З. Абулхаиров.- СП-б.:Алматы -2001. - Б. 39-44.

  2. Жиздебаев Т.К. Қазақстан Республикасындағы туризм және өлкетану / Т.К. Жиздебаев.- .- СП-б.:- Алматы- 2001. –Б. 165-169.

  3. Рутковский О.О. Оқушылардың туристік саяхаттары / О.О: Рутковский.- СП-б.: Алма-Ата -1959.- Б.263-268.

  4. Омар Е. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің даму кезеңдері мәселелері. // Е. Омар Ізденіс. – 2013. № 4. – Б.50-56.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!