Материалдар / Мәдениеттану сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәдениеттану сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
10,11сынып оқушыларына мәдениеттану слайд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2021
314
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРС ИТЕТІ







«5В020400 – МӘДЕНИЕТТАНУ » мамандығы бойынша

ПӘНДЕРДІҢ ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА ЛАРЫ


* * *



ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММ Ы ДИСЦИПЛИН

по специальности «5В020400 – КУЛЬТУРОЛОГИЯ »


















Алматы 2017


Page 2

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРС ИТЕТІ





«5В020400 – МӘДЕНИЕТТАНУ » мамандығы бойынша


ПӘНДЕРДІҢ ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА ЛАРЫ


* * *



ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММ Ы ДИСЦИПЛИН

по специальности «5В020400 – КУЛЬТУРОЛОГИЯ »


















Алматы 2017


Page 3

2

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ
ҰСЫНҒАН.
2. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы №343
бұйрығы негізінде бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген (27
қосымша). ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 05 шілдедегі №425
бұйрығымен өзгертулер енгізілген.
3. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымындағы №2 мәжіліс хаттамасының
шешімімен БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы
типтік бағдарламаларын көбейтуге және таратуға болмайды.

1. РАЗРАБОТАНЫ и ВНЕСЕНЫ Казахским национальным университетом
им. аль-Фараби.
2. Типовая учебная программа разработана в соответствии с типовым
учебным планом, утвержденным приказом исполняющего обязанности
Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 августа 2013
года № 343 (Приложение 27). Внесены изменения приказом Министра
образования и науки РК от 5 июля 2016 № 425.
3.УТВЕРЖДЕНЫ протокольным решением №2 заседания Республиканского
учебно-методического совета высшего и послевузовского образования от 30
июня 2016 года.

Настоящие типовые учебные программы не могут быть тиражированы и
распространены без разрешения Министерства образования и науки
Республики Казахстан


@ КазНУ им.аль-Фараби, 2017


Page 4

3

KKT 2201 – КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Көлемі 2 кредит

Авторлар:
Иманқұлова С.М. – филология ғылымдарының кандидаты доцент
Егізбаева Н.Ж. – филология ғылымдарының кандидаты доцент
Исмағамбетова З.Н. – философия ғылымдарының докторы, дінтану
және мәдениеттану кафедрасының профессоры

Пікір жазғандар:
Қарабаева А. – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті
философия кафедрасының профессоры

Құрманғалиева Ғ. – философия ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі философия және
саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері


ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Қазіргі таңда қызмет етудің барлық саласында белгілі бір білімге,
шеберлік пен дағдыға, жеке адами қасиетке ие, өзінің кәсіби қызметін
жоғары деңгейде атқаратын, бәсекеге қабілетті білікті мамандарға сұраныс
артып келеді. Мұндай сұраныс жоғары кәсіби білім мақсатын анықтауға
себепші болды.
Қоғамдағы тілдік жағдай еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай
мамандардан тек қазақ тілінде сөйлеу дағдысын талап етіп қана қоймай,
таңдаған қызмет саласында табысты жұмыс істеп, жеке әлеуметтік
қасиеттерін (азаматтық, мақсатқа талпынушылық, ұйымдастырушылық,
еңбекқорлық, коммуникативтілік, төзімділік, әлеуметтік бейімделушілік)
қалыптастыру мен дамытуды мақсат етеді. Сондай-ақ алған тілдік білімін
қатысымда (іскерлік кездесулерде, қызмет барысында, мәжіліс, жиындарда
және т.б.) ұтымды пайдалана алу дағдысын да көздейді.
Бүгінгі студент – болашақ маман өзінің алға қойған мақсатына жетуі
үшін үнемі ізденіп, білімі мен біліктілігін арттырып, бірнеше тілді жетік
меңгеруге, әсіресе қызметіне қатысты кәсіби қазақ тілін үйренуге
қызығушылығы артады. Бұл өз кезегінде қазіргі студенттің кәсіби қазақ
тіліне деген сұранысының артуына ықпалын тигізіп, тілдік тұлғаның сөздік
қорын, кәсіби лексикасын дамытуға жол ашады
Студенттердің тілдік білімін, сөйлеу мәдениеті мен тілдік құзіреттілік
деңгейін жетілдіру «Кәсіби қазақ тілінің» жалпы білім беру
бағдарламасындағы оқу пәні ретінде маңызын арттырады.


Page 5

4

Кәсіби қазақ тілі оқу пәні ретінде төмендегідей сипатқа ие:
 пәнаралық (қазақ тіліндегі сөйлеу мазмұны түрлі білім
салаларынан: мәдениеттану, тарих, экономика, ақпараттану, химия, физика,
биология, география, математика, және т.б. хабар береді);
 сан салалы (бір жағынан – сан алуан тілдік құралдарды тілдің
түрлі аспектілерімен: фонетика, лексика, грамматикамен байланысты
меңгеру, екінші жағынан – сөйлеу әрекетінің төрт түрлі әрекетін (тыңдалым,
оқылым, жазылым, айтылым ) жетілдіру қажеттілігі;
 сан алуан қызметтілігі (оқыту мақсатында және түрлі білім
саласынан ақпарат алу құралы ретінде).
Кәсіби қазақ тілін меңгеру студентті шығармашылық ойлауға,
көзқарасын кеңейтуге, өзінің жеке қасиеттерін жан-жақты ашуға, яғни кәсіби
білімін дамытуға әсерін тигізеді. Студент өзіндік жұмыс орындаудың
дағдысын қалыптастырады, шығармашылық дербестікке қол жеткізеді, сол
арқылы тілдік түсініктерді, логиканың барлық түрлерін (талдау, синтездеу,
салыстыру, тұжырымдама жасау) жетілдіреді.
Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби білімді жетілдіруге әсерін
тигізетінін, жоғары білікті мамандарды даярлау міндетін шешудің
жолдарын көрсетеді.
Пәнді оқытудың міндеттері:
«Кәсіби қазақ тілі» пәні қазақ тілін меңгерудің негізгі В1 және В2
деңгейлері игерілген жағдайда жүзеге асырылады. Болашақ маманның тілдік
біліктілігін жетілдіріп, мемлекеттік тілді мамандық деңгейінде
коммуникация құралы ретінде қолдану дағдыларын қалыптастыруды
көздейді. Болашақ маманның кәсіби дағдыларды қолдану салаларына
байланысты арнаулы тілдік білім жиынтығы өте кең болуы керек. Себебі
кәсіби міндеттерді атқару барысында арнаулы терминдерді қолдану жиілігі
артады, осылайша кәсіби тілдік дағдысы дамиды, жетіледі.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқыту тіл үйренушілердің белгілі бір тілдік
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Кредиттік білім беру
бағдарламасы бойынша модульдік технологияға негізделген талаптарға сай
«бакалавр» төмендегідей құзыреттілік талаптарын меңгеруі тиіс:
А – құралдық құзырет: түрлі дереккөздерден алынған, ақпараттармен
жұмыс істей алу, алған мәліметтерді кеңейту; өз көзқарасын дәлелдеу
мақсатында немесе түрлі мәселелерді шешуде қолдана алу. Пайымдау
түрлерін логикалық тұрғыдан талдай алу, көпшілік ортада сөйлеу дағдысын
меңгеру, дәлелдер келтіру, пікірталас жүргізе білу.
В – тұлғааралық құзырет: жеке және ұжымда жұмыс істей алу
қабілеті, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай
білуге қабілеттілік.
С – жүйелілік құзырет: кәсіби қазақ тілін Қазақстандағы, әлемдегі
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, саяси жағдайлармен, ҚР
конституциялық-құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік.


Page 6

5

D – пәндік құзырет: қазақ тілінің даму тенденциясы мен қазіргі
жағдайын, Қазақстандағы тарихи-мәдени және тарихи-әдеби үдерісті
меңгеруге қабілеттілік; кәсіби бағдарлы қазақ тілінің жүйесін пысықтау,
қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуын халықтың тарихы мен
мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді
құрастырғанда берілген коммуникативтік жағдаяттарға байланысты іргелі
білімдерді қолдана алу қабілеті; жаңа терминдерді өз мамандығына бейімдеп
тиімді меңгеруге дайындық.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін оқытудағы құзыреттілік дағды төмендегідей
негізгі міндеттер бойынша анықталады:
лингвистикалық құзыретті қалыптастыру – тақырыпқа қатысты
лексикалық бірлікті дамыту дағдысы; негізгі терминдер мен ұғымдардан
тұратын пәрменді сөздіктердің дамуы; грамматикалық дағдыларды
жетілдіру;
прагматикалық құзыретті қалыптастыру – кәсіби мазмұндағы
мәтіндер негізіндегі сұқпаттық және монологтік айтылымдарды
қалыптастыру шеберлігі, жазылым дағдыларын жетілдіру, коммуникативтік
стратегияны өңдеу шеберлігі (белгілі бір сөйлесім жағдайына бейімделу);
когнитивтік құзыретті қалыптастыру – мәселелік тапсырмалар,
ойын тапсырмалары, мәтіндер бойынша: мәтінді біріздендіру дағдысы
(мазмұнның мәнін анықтау, сыни қабылдау, негізгі және қосымша
ақпараттарды айыра білу); мәтіннің мазмұнын ұғыну (сәйкестендіру,
түсіндіру, жинақтау) дағдысы; мәтіннің мазмұнын өзгерту (толықтыру, қайта
құру, қажетті мазмұнды таңдау);
ақпараттық құзыретті қалыптастыру – тілдік тұлғаның білім алу
шеңберіндегі, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу
дағдылары. Түрлі нысандар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және
ақпараттық технологиялар (бейне, электрондық почта, әлеуметтік желілер,
Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты
талдау, саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді.
Курс соңында студент:
1. Мәдениеттану мамандығы саласындағы белсенді қолданылатын
терминологияны білуі және оны кәсіби ортада тиімді қатынас жасау үшін
ұтымды қолдана алуы;
2. Кәсіби-іскери қарым-қатынас кезіндегі «маманданған» сөздерді
(ұйғару, мақұлдау, сенім білдіру, келіспеу, негіздеу, дерек келтіру, бағалау,
қорытынды) логикалық жүйемен құра білуі;
3. Мәдениеттанулық мәтіннен қажетті ақпаратты сұрыптап, оны кәсіби
мақсатта сипаттай, қорыта білуі;
4. Мәдениеттанулық мәтіннің түзілу тәртібіне көңіл аудару, оның
логикалық құрылымдық негізін құра білу.
5. Маманданған тақырыпқа сай өзіндік ой-пікір білдіре білу құзіретін
қалыптастыра білуі керек.


Page 7

6

Пәнді меңгерудің болжамды нәтижесіне жету үшін СТУДЕНТ
төмендегідей жүйелі, саналы және тұрақты білім, білік пен шеберлік
қалыптастыруы қажет:
 Негізгі кәсіби лексиканы білу (сағат санына байланысты оқу
бірлігі көлеміндегі жалпы және терминологиялық сипаттағы лексикалық
минимум) шеберлігі;
 Мәдениеттану мамандығына қатысты белсенді терминдердің
мағынасын білу және оны кәсіби мақсатта қолдана білу дағдысы;
 Мәдениеттану мамандығына қатысты тақырып бойынша өз ойын
дұрыс, жүйелі түрде жеткізе білу және мәтінге талдау жасай алу шеберлігі;
 мәдениеттану мамандығы, елтанымдық, жалпы мәдениет
саласына қатысты тақырып аясында, диалог пен монолог құрап
пікірсайыстарға қатыса алу дағдысы;
 құжаттардың жеке түрлерін (қызмет бабындағы хат-хабар, іскери
байланыс, келіссөздер, сұраныс жіберу, ұсыныс, сервистік қызмет көрсету,
тезис, хабарлама және т.б.) сауатты жаза алу дағдысы;
 түрлі жағдаяттық сұхбаттарға орынды араласа алу;
 қазақ тіліндегі дереккөздерден өз мамандығына қатысты
аутентикалық ақпараттарды алып, қызмет саласында ұтымды пайдалана білу
және т.б білік пен шеберлікті қалыптастыру.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с Тақырыптың атауы
1 «Мәдениеттану» мамандығы бойынша кәсіби лексика. Терминдік
норма
2 «Мәдениеттану» мамандығындағы бойынша кәсіби тілдің термин
жүйесі. Терминжасам
3 Кәсіби тілдегі грамматикалық нормалардың қолданысы
4 Мәдениеттану саласындағы кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік
ерекшеліктері.
5 «Мәдениеттану» мамандығының кәсіби саладағы іскери қарым-
қатынас. Диалог. Монолог
6 Мәтін – ауызша қарым-қатынас құзіретінің негізі. Жоспар құру
7 Мәдениеттану саласындағы тілдің функционалды -мағыналық
ерекшеліктері. Сипаттау. Хабарлау
8 Баяндау. Баяндаудың құрылымы және ерекшеліктері
9 Мәдениеттанулық мәтінді құрылымдық-мағыналық талдау негіздері.
Аннотация.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Пәннің мақсаты – студенттердің қатысымдық құзыреттілік деңгейін
көтеріп, қазақ тілін кәсіби (іскери және ғылыми) қызметте, сондай-ақ өз


Page 8

7

білімін жетілдіру мақсатында пайдалана алуына бағыттау. Болашақ маманды
таңдаған саласына қатысты терминдермен жұмыс істеуге, грамматикалық
құрылымдарды дұрыс қолдана білуге дайындау.
Бағдарламаның мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы
қажеттіліктерімен, қазақ тілін ғылыми салада қолдана алу мүмкіндіктерімен
анықталады. Тілді практикалық жағынан меңгерудегі коммуникативтік
мақсаттар пен міндеттер ең басты тұжырымдама болып табылады. Бакалавр
студенттері ғылыми ортаға байланысты жаңа тілдік дағды мен білімін
жетілдіре отырып, терең әрі сапалы тілдік білімін қалыптастырады.
Пәннің міндеті бірқатар қатысымдық (коммуникативтік) және
танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге
асырылады. Атап айтқанда:
 кәсіби мазмұндағы орта көлемді мәтіндерді, нұсқаулықтарды,
анықтамалықтарды, БАҚ өнімдерін жатық оқу;
 Аударма, кәсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
 кәсіби аяда жиі қолданылатын белсенді (актив) сөздер мен сөз
тіркестерін, кәсіби лексика, салалық ұғым, атаулар мен терминдердің мән-
мағынасын еркін түсіну;
 Әртүрлі стильде жазылған мәтін, өз мамандықтарына сәйкес
еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу
дағдысын қалыптастыру;
 кәсіби аяда ауызша монолог, диалог түрінде (хабарлама,
таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгіме
құру, сұхбат жүргізу;
 кәсіби аяда жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме,
жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, аннотация,
реферат және т.б.) орындау;
 кәсіби аяда қолданылатын қалыпты сөйлеу (этикет) үлгілерін
қолдану және белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық
міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
 Өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге,
ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру;
 Сонымен қатар, кәсіби бағыттағы тақырыптар бойынша тіл
үйренушіні қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге
және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды
жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктілікті жетілдіруші әрекеттерге
дағдыландыру.

Білім беру технологиясы
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің заманауи
үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері
басшылыққа алынады. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі,
тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б.
маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес белсенді оқыту әдісі, жеке-


Page 9

8

бағдарлы оқыту әдісі, сыни ойлау әдісі, жобалық оқыту әдісі, ақпараттық
әдіс, түсіндіру әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, іскери ойын
әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Мәдениеттану» мамандығы бойынша кәсіби лексика. Терминдік
норма
Кәсіби лексика – табысты жұмыс істеу кепілі. Кәсіби лексиканың
негізін анықтаудағы мәтіннің лексикалық құрамын сараптау. Кәсіби
лексиканы қолданудағы пікірталастар. Ғылыми тақырыпты құрастыру және
кәсіби лексиканы қолданудағы мәселелер. «Мәдениеттану» мамандығы,
Мәдениеттанулық тақырып саласында әңгімелесу, пікірлесу. Терминдік
норма. Оған тән белгілер. Термин қолдануға қойылатын нормативті талаптар.
Кәсіби лексика: жалпықолданыстағы сөздер, жалпығылыми және
терминологиялық лексикалар. Жалпыланған және дерексізденген
мағынадағы терминдерді қолдану. Өзге тілдерден енген сөздердің таралуы.
Жалпыланған және дерексізденген мағынадағы терминдермен жұмыс.
Терминологиялық және терминологиялық емес мағынадағы сөздердің
межесі. Мәдениеттану саласы бойынша кәсіби лексикаға тиесілі негізгі
терминдер бойынша мәтіндерді құрастыру.
Гуманитарлық бағытта жиі қолданылатын ғылыми ұғым атаулары мен
арнайы лексиканың қолданылу аясын, жазба нұсқаларын кәсіби мақсатта
игеріп, жұмсай білудің өзектілігі. «Ұғымдар тарихы» – тарихи және
мәдениеттанулық рефлексияның формасы. М әдениеттанулық
қайнаркөздердің қазақ тілінде ауызша және жазбаша түрде сапалы
жеткізілуін қамтамасыз ететін тәсілдерді меңгеру. Қазақ тіліндегі немесе
қазақ тілінде жеткізілуі тиіс мәдениеттану мәтіндерінің мазмұнын ашып,
талдай білу дағдыларын жетілдіруді ұйымдастыру. Кәсіби қазақ тілінің
мәдениеттану маманның коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырудағы
орны. Мәдениеттанулық ұғымдар мен түсініктердің қазақ тіліндегі кәсіби
баламаларының жаңа қолданысы. Қазіргі қазақ тіл білімінің ғылыми-іскери
лексикасы мен стилистикасын меңгерудің маңызы.
«Мәдениеттану» мамандығындағы бойынша кәсіби тілдің термин
жүйесі. Терминжасам
Терминдер мен олардың ерекшеліктері жайлы түсінік. Терминология
ғылыми стильдің негізгі белгісі ретінде. Мәдениеттанулық кәсіби салаға
қатысты терминжасам. Оның негізгі шарттары. Жасалу жолдары. Кәсіби тіл
сапасы. Ғылыми тіл лексикасы. Ғылыми тілдің лексикалық құрылымы:
терминология, жалқы, жалпы мәндес сөздер және т.б. Терминді қолданудағы
даулы мәселелер. Мәтіндегі латын және грек элементтері. Терминдер
құрамына енген халықаралық сөзжасамдық элементтермен жұмыс.
Халықаралық қолданыстағы терминдердің аударылу мәселесі. Тіл қызметінің
жалпы сипаттамасы. Ғылыми тіл ерекшеліктері.


Page 10

9

Мәдениеттанулық және жалпығылыми терминология. Терминдердің
бірмағыналығы. Мәдениеттанулық терминологиялық сөздіктер. Термин
анықтамасы. Лебіздік қызметтегі терминологиялық лексика туралы алынған
білімдердің қолдана алуды дамыту алынған білімге терминологиялық
лексиканы қолдана алуды дамыту. Мәтіндегі жалпығылыми және
мәдениеттанулық терминдерді табу, сараптау. Мәдениеттану бойынша
терминологиялық сөздіктерді құрастыру. Ақпарат қайнары, алу тәсілі, санын
сипаттаудағы құрастыру. Мәдениеттану бойынша мәтіндерді оқу.
Мәдениеттану бойынша терминдерді активті сөздікке енгізу, олардың
сөйлеудегі қолданылуы. Терминологиялық сөздіктермен жұмыс.
Мәдениеттану ғылымындағы қазақ терминографиясының қалыптасуы.
Мәдениеттану терминографиясының құрылымдық, жүйелік мәселесін талдау.
Мәтіндегі латын және грек элементтері. Терминдер құрамына енген
халықаралық сөзжасамдық элементтермен жұмыс. Халықаралық
қолданыстағы терминдердің аударылу мәселесі. Мәдени еттанулық
терминдердің қазақ тіліндегі қолдану деңгейі. Халықаралық
терминологиялық ұғымдардың мәдениеттанулық тарапынан тиімді
қолдануы.

Кәсіби тілдегі грамматикалық нормалардың қолданысы. Ғылыми
стильдің морфологиялық ерекшеліктері. Ғылыми лебіздің сипаттамаларына
қатысты морфологиялық тәсілдерді анықтау. Түйін сөздерді ескере отырып
мәтінді құрастыру. Ғылыми стильге, сөйлеудегі жүзеге асуына қатысты
морфологиялық бірліктерді сараптау. Кәсіби тілдегі грамматикалық
(морфологиялық, синтаксистік) нормадан ауытқу.

Мәдениеттану саласындағы кәсіби мәтіннің грамматикалық -
стильдік ерекшеліктері.
Мәдениеттану саласындағы кәсіби мәтіннің морфологиялық
құрылымы: атаулық сипаты, етістіктердің қолданылу ерекшеліктері. Ғылыми
стильдің синтаксистік ерекшеліктері. Ғылыми стильдің синтаксистік
ерекшеліктері сипаттамаларын шығару. Мағынасы бойынша жақын, бірақ
түрлі синтаксистік бірліктермен айтылған құрылымдар (параллель
синтаксистік құрылымдар). Оқыған мәтінінің негізінде ғылыми лебіздің
синтаксистік ерекшеліктерін қолдана отырып өзіндік монолог -
пайымдауларын құрастыру. «Мәдениеттану» мамандығының кәсіби
саласындағы іскери хат-хабар. Грамматикалық-стильдік ерекшеліктері.
Іскери хат-хабардағы тілдік құрылымдар. Іскери хат-хабарда жиі кездесетін
сөз орамдарының қызметі мен мағынасы.

«Мәдениеттану» мамандығының кәсіби саладағы іскери қарым -
қатынас. Диалог. Монолог
Ғылыми стиль жанрлары. Ғылыми лебіз қызметінің талаптары:
сұхбаттасудың ғылыми кеңістігі, жазба формаларының ауызшадан,


Page 11

10

монологияның диологиядан үстемдігі. Ғылыми стильдің негізгі белгілері:
қисындылық, нақтылық, қамту және тарта алу, терминдердің толықтығы.
Ғылыми мәтіндерде тілдік тәсілдерді ауызша және жазбаша қолдану.
Ғылыми стиль ерекшеліктерінің анықтамасы. Белгілерді, пәнді, құбылысты
сипаттаудағы құрастырушылық. Ғылыми стиль мәтіндеріне сараптама: оқу,
ғылыми стильдің негізгі белгілерін анықтайтын тәсілдерді анықтау
(қисындылық, анықтылық, қамту және тарта алу). Лебіздің ғылыми
жанрларымен танысу. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөлу, мәтіннің
мазмұны бойынша әңгімелесу.
Кәсіби саладағы диалогтік қатынастар. Қ арым-қатынас
жасаушылардың тіл табыса алу/алмауы. Диалог – сөздің коммуникативтік
сапасын айқындаудағы негізгі құрал. Ғылыми стиль жайлы әңгіме-полилог,
берілген философиялық тақырып бойынша микромәтін құрастыру, ғылыми
стильге жататын тілдік тәсілдерді қолдана отырып монолог пішінінде шағын
баяндама жасау. Монологтің оқырманға арналуы.

Кәсіби мәтіннің морфологиялық ерекшеліктері. Іскери хат-хабар.
Мәтін ерекше құрастыру заңдылығы мен ойлауды дамытудағы қатаң жүйе;
композициялық нақтылық, логикалық мазмұндамалар, ақпараттық ғылыми
мәтіннің белгісі ретінде. Мәтіннің негізгі белгілері. Мәтіннің құрылымы мен
мағынасы. Тақырып мәтінде қарастырылатын пән немесе құбылыс. Ғылыми-
оқу тақырыптар мәтіндегі тақырыптың сөйлемдері ретінде. Мәтіннің
коммуникативті тапсырмалары. Мағыналық-сөйлемдік жағдайлар. Мәтіннің
коммуникативті тапсырмалары мәтінді ашудағы автормен сұхбаттасу
мақсаты ретінде. Мәтіннің микротақырыбы. Микротақырып мағыналық
жағынан ортақ және мәтіннің коммуниктивті тапсырмаларының түрлі
тұстарын ашатын бір немесе бірнеше сөйлемдерден тұратын жалпы
тақырыптың бөлігі. Мәтіннің мәліметтері және жаңа ақпараттары. Мәтінді
мағыналық жағынан бөлу. Ойды әлдебір бастапқы, белгілі ақпараттан
белгісізге қарай дамыту. Мәліметтер мен жаңа ақпараттар ойды дамыту мен
мәтін байланыстарының элементтері ретінде. Күрделі синтаксистік тұтастық
мәтіннің негізгі құрамдас бөлігі. Мәтін сөздерін байланыстыру әдістері:
жалғаспалы және параллель байланыс. Мәтін арқылы автордың ұстанымын
анықтау.

Мәдениеттану саласындағы тілдің функционалды-мағыналық
ерекшеліктері. Сипаттау. Хабарлау. Сипаттау мен хабарлау тілдің
функционалды-мағыналық ерекшеліктері ретінде. Тілдік ерекшеліктері,
құрылымы. Қатынастың әр сатысындағы сипаттау. Қоғамдық байланыстағы
хабарлау. Ғылыми хабарлау ерек шеліктері. Сөйлеу мәдениетінің
анықтамасы. Кәсіби қазақ тілін меңгерудегі екі негізгі деңгей: 1) сөйлеу
ережелері, 2) сөйлеу шеберлігі. Тіл қалыптарының түрлері (міндетті) және
диспозитивті (нұсқалық) қалыптар. Жақсы (үлгілі сөйлеудің) сапасы.
Сөйлеудің дұрыстығы. Дұрыс сөздер мен сөз пішіндерін таңдауда. Сөз


Page 12

11

тазалығы. Канцеляризмдер, сөйлеудің мөрлері. Сөйлеудің қисындылығы.
Логика заңдары. Сөйлеудегі алогизмдерді алып тастау. Стилистикалық
қателер және сөйлеудің мәдени кемшіліктері. Тіл жүйесінің жекелей
бөлімдері бойынша қателіктер. Практикалық стилистиканы анықтау. Ой мен
қисынды сөздерді құрастыру үдерісіндегі сөздік бірліктерді таңдау
мәселелері.

Баяндау. Баяндаудың құрылымы және ерекшеліктері. Ауызша
лебіз адамның білімділігі мен мәдени көрсеткіші ретінде. Түсіндіру, баяндау,
оқығаны жайлы пікір алмасу, берілген тақырып бойынша пікірсайыс, кәсіби
шығармашылыққа қатысты белгілі бір коммуникативті жағдай жайлы
сұхбаттасу түріндегі лебіз жаттығулары. Лебіз әрекеттерінің этикасын
жетілдіру. Баяндаудың құрылымы және ерекшеліктері. Баяндау түрлері:
баяндау-түсіндіру, баяндау-дәлелдеу және баяндау-ойлау. Баяндаудың
логикалық құрылымы. Философиялық тұрғыда баяндаудың сипаты мен
ерекшеліктері. Қазақы ауызша мәдениет. Қазақ ойшылдарының баяндау
түрлері. Шешендік сөздердегі коммуникация жүйесі мен дүниетанымының
дәстүрлі ұлттық логикасы.
Мәдениеттанулық мәтінді құрылымдық -мағыналық талдау
негіздері. Аннотация. Мәтінді құрылымдық-мағыналық талдау негіздері.
Дінтану мамандығына сәйкес тақырыпты анықтау. Тақырып – мәтін негізі.
Тақырыптың түрлі септіктердегі зат есімдік мәні. Мәтін тақырыбын
есімдікпен немесе синоним сөздермен алмастыру. Ғылыми
тақырыпшалардың мәдениеттанулық мәтіннің мазмұнын ашудағы
орны.Дәйексөздерді рәсімдеудегі негізгі ережелер. Мәдениеттанулық
мәтіндерді аннотациялау. Тұтынушының ерекшелігіне қатысты аннотация
түрлері. Библиографиялық-анықтамалық көрсеткіш. Библиографиялық
көрсеткіштің құрылымы. Мәдениеттанулық мәтіндерге мазмұндама жазу.
Репродуктивті және продуктивті рефераттардың түрлерi. Ғылыми мәтінге
рецензия жазу. Ғылыми рецензияның құрылымы. Ғылыми жұмыс жайлы
пікір. Ғылыми пікір құрылымы. Аннотация -қорытындылар екінші
ақпараттық мәтін ретінде. Аннотация-қорытынды құрастырудағы тілдік
тәсілдерді таңдау.
Студенттің өзіндік жұмыстар түрі
Ұсынылған лексика-грамматикалық тақырыптар аясында төмендегідей
өзіндік жұмыс түрлерін ауызша және жазбаша орындауға болады:
 Сөздік
 Эссе
 Резюме
 Аннотация
 Жоспар
 Реферат
 Сөзжұмбақ
 Аударма жұмысы
 Сұрақ-жауап
 Тест тапсырмалары
 Сканворд
 Іскери ойындар
 Рөлдік ойындар
 Мақала
 Жарнама
 Пресс релиз


Page 13

12

 Анықтамалық
 Нұсқаулық
 Шолу
 Сұхбат
 Сауалнама
 Бейнебаян
 Таныстырылым
 Комментарий және
т.б.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы алған
білімдерін тереңдету мен кеңейту, оны практикалық тұрғыда қолдану
мақсатын көздейді:
 Болашақ мәдениеттанушы маманның жеке шығармашылық
қасиеттерін қалыптастырады;
 өзін-өзі дамыту, өз бетінше білім қорын жинау дағдысын
жетілдіреді;
 мәселені тұжырымдай алу, оның шешу жолдарын талдау, тиімді
нәтиже шығару, оның дұрыстығын дәлелдеу дағдысын қалыптастырады.

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тақырыптар

1. Тіл және оның негізгі ерекшеліктері. Әлем тілдері. Тілдің түрлері:
ауызша, жазбаша, монологикалық, диалогикалық, активті, ішкі және сыртқы.
2. Өзіндік монолог құру (ауызша, жазбаша). Мәдениеттану
мамандығына сәйкес сипаттау, хабарлау мәтіндерін даярлау.
3. Ауызша баяндама, тақырыпқа байланысты эссе жазу: «Мәдениеттану
саласының ғылыми тілі», «Көрнекті ғалымдар - ... », «Мәдениеттану ғылымы
саласындағы жетістіктер»,«Мәдениеттану тілінің өзіндік ерекшеліктері»,
«20-21 ғасырлардағы философиялық терминдердің дамуы мен қалыптасуы».
4. Мәдениеттану мамандығының тақырыбына сәйкес белгілі -бір
тақырыпқа құрылымдық-мағыналық талдау жасау.
5. Мәдениеттану ғылымы саласында дәйексөз келтіру. Дәйексөздерді
рәсімдеу ережелері.
6 Мәдениеттану ғылыми мәтіннің құрылымдық ерекшелігі.
Тақырыптың мәнін ашуға арналған жоспар. Мәтіннің қысқаша мәнін ашуға
арналған жоспар. Конспект жасау. Дәрісті конспектілеу – шығармашылық
үдеріс.
7. Мәдениеттану мамандығына сәйкес мәтінге түйіндеме жасау.
8. Мәдениеттану мамандығына сәйкес тақырыпқа реферат жасау:
рефератты презентациялау, таңдалған тақырыпты рефераттау-сипаттау.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:


Page 14

13

1. С.М. Иманқұлова. Кәсіби бағдарлы қазақ тілі: оқу құралы. –
Алматы:
Қазақ университеті, 2014. – 218 б.
2. А.Ж. Жұмағұлова. Кәсіби қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2011. – 227 б.
3. А.О. Тымболова. Кәсіби экономика тілі: оқу құралы. – Алматы:
Қазақ университеті, 2009. – 160 бет
4. Б.А. Омарова. Кәсіби қазақ тілі (тарих мамандығына арналған).
Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 153 б.
5. А.Т. Аширова. Кәсіби қазақ тілі (география факультетіне
арналған). Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 140 б.
6. Б. Ақбұзауова. Кәсіби қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, Қазақ
университеті, 2011. – 177 б.
7. Г.Т. Тұрсынова. Кәсіби қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы, 2011
8. Т.Х. Сматаев, Т.Д. Айтказина. Кәсіби қазақ тілі : оқу құралы
(биология, экология, география, туризм мамандықтарының студенттеріне
арналған) – Павлодар: Кереку, 2012. –102 б.
9. А.К. Ақжанова, К.Б. Утегенова. Кәсіби қазақ тілі: оқу құралы.
Астана, 2010. –128 б
10. А.А. Сейтбекова. Кәсіби қазақ тілі: оқу құралы («Заңтану»
мамандығына арналған ) – Алматы, 2015. –164 б.
11. Х. Ш. Қожабаева. Кәсіби қазақ тілі.: оқу құралы (автомобильді
жөндеу және оған қызмет көрсету мамандығына арналған) – Алматы, 2010. –
304 б.
12. Ұ. Шүленбаева, Г. Тұрсынова, Ә. Мұсаева. Кәсіби қазақ тілі:
оқулық. (тау-кен саласындағы мамандықтар үшін) – Алматы: Қазақ
университеті, 2008. –302 б.
13. Н.Қ. Мұхамадиева. Кәсіби қазақ тілі. І оқу кітабы, ІІ оқу кітабы. –
Алматы, 2013.
14. Габитов Т.Х., Муталипов Ж.М., Кулсариева А.Т. Культурология.
Алматы., 2007.
15. Масалимова А.Р. Введение в специальность. Алматы., 2009
16. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. Культурология: в новом ключе.
А., 2011
17. Barker, Ch. Cultural Studies. Theory and Practice. – London, SAGE
Publications, 2006. - 485 p.
18. Lull J. Media, Communication, Culture. A Global Approach. -New
York, Columbia University Press, 2000. - 308 p.
19. Күзекова З. Қазақ тілі. Астана, 2003 ж. -175 б.
20. Мәтін лингвистикасы : оқу құралы / Г.Н.Смағұлова ; Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2002. - 111 б.
21. Жақсылықова К.Б. Қазақ тілі пәні бойынша студенттердің оқу-
әдістемелік кешені. Алматы, 2004, 165 бет.


Page 15

14

22. Егізбаева Н., Есжанова Г., Әмірова М. Қазақ тілі. Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2003. - 141 б.

Қосымша:
1. С.Р. Тоқсанбай, Г.С. Тоқсанбай, А.С. Тоқсанбаев. Іскер адамдарға
арналған орысша-қазақша тілашар. – Алматы, 2007. – 160 б.
2. Б. Белғара, Б. Жүнісбеков, Ұ. Қаюпова, Г. Жүсіпова. Банк саласы
(есеп айырысу, төлемдер жасау) қызметкерлеріне арн. орысша-қазақша тілашар.
– Астана, 2010. – 254 б.
3. Б. Белғара, Б. Жүнісбеков, Г. Жүсіпова, А. Салықбаева. Кәсіпкерлік,
іскерлік қарым-қатынас салалары қызметкерлеріне арн. тілашар. – Астана, 2010.
– 266 б.
4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. –
Алматы, 2014. Т: 1-30.
5. Культурология: под ред. Н.Г. Багдасарьяна. 5-е изд. М., Высшая
школа, 2005
6. Тимошинов В.И. Культурология. Учебное пособие. М.2003.
7. Сапрыкин. Введение в культурологию.Уч.пособие. М.2005.
8. Durham, M.G., Kellner, D. M., eds. Media and Cultural Studies.
Keyworks. Oxford, Blackwell Publishing, 2000
9. Жұмағұлова А.Ж. Ғылыми стильді оқыту. ) - Алматы: Қазақ
университеті, 2010 – 92 б.
10. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.
Алматы : Сөздік, 2003.

Интернет - ресурстар:
terminkom.kz.
tilalemi.kz.
emle.kz.
atau.kz
www.sozdik.kz
www. soylem.kz
til.gov.kz
anatili.kz






Page 16

15

POIYa 2202– КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ШЕТ ТІЛІ

Көлемі 2 кредит

Авторлар:
Мәдиева Г.Б. – филология ғылымдарының докторы, профессор, жалпы
тіл білімі және еуропа тілдерікафедрасының меңгерушісі
Таева Р.М. – филология ғылымдарының кандидаты, шетел
филологиясы және аударма теориясы кафедрасыныңпрофессор м.а.
Исмайлова Н.А. – PhD докторы, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері
кафедрасының доцент
Исмагамбетова З.Н. – философия ғылымдарының докторы, дінтану
және мәдениеттану кафедрасының профессоры

Пікір жазғандар:
Раев Д.С., филос.ғ.д. – Абылайхан ат. ҚазХҚжӘТУ халықаралық
қатынастар факультетінің деканы профессор
Карабаева А.Г., филос.ғ.д. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті философия кафедрасының профессоры


ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Кәсіби шет тілі бойынша тілдік дайындық инновациялық үлгідегі
қазіргі заманғы ЖОО түлегінің кәсіби бағдарланған білім бағдарламасының
ажырамас компоненті болып табылады. Шет тілін білу – халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асырудың және ғылыми-зерттеу университетінің
даму принциптерімен сәйкес академиялық мобильділік аясындағы
біліктілікті арттырудың ең негізгі шарттарының бірі. Кәсіби-бағытталған шет
тілі студенттердің кәсіби білімдерін қолдануда және тілді жан-жақты игеруде
кәсіпке бағытталған материалды қолдану мен іріктеу арқылы көрініс табады.
Пәнді оқыту барысында басқа тілде қарым-қатынас жасаудың базалық
біліктілігін ары қарай жетілдірумен қатар тілді кәсіби қарым-қатынас
мақсатында қолдану үшін жүйелі, пәндік және тұлғааралық құзыреттердің
кәсіби бағдарлы деңгейіне қол жеткізіледі. Кәсіби-бағытталған тіл – жалпы
білім беретін мектеп бағдарламасында оқытылатын пәндерінің базалық
ағылшын тілі курсының жалғасы болып табылады. Релеванттық студентті
оқыту траекториясының жалпы кәсіби және мәдениаралық бағытталуының
күшеюін, болашақ мамандыққа, туған мәдениеттің семантикалық және
құндылықты қорын өзге мәдениетпен салыстырудағы феноменге шынайы
қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.Курстың оқу материалын
таныстыру кезінде қарым -қатынас аясының және оқытылатын
тақырыптардың мазмұнын анық көрсететін түпнұсқалық мәтіндерді, аудио
және бейне материалдарды, оқытылатын тіл елінің мемлекеттік


Page 17

16

құрылымымен және экономикасымен, мәдени-тарихи қауымдастығымен,
қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерімен, маңызды тарихи оқиғалармен
байланысты реалийлерді білдіретін тілдік бірліктерді қолдану
қарастырылады. Бағдарлама В2-С1 деңгейдегі тіл туралы білімді беруге;
мәдениаралық қарым-қатынас құзыреттілігін дамытуға; кәсіби ортада тілді
қолдану дағдасын қалыптастыруға бағытталған.
«Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнін оқу нәтижесінде студент келесі
құзыреттерге ие болуы қажет:
жүйелі құзыреттер:
білуі тиіс:
 ауызша және жазбаша кәсіби бағытталған мәтіндердің
функционалды ерекшеліктерін білу;
 кәсіби қарым-қатынаста қабылданған құжат жүргізудің
(бағдарлама аясында) негіздерін практикалық түрде білу;
 халықаралық кәсіби қарым -қатынас жағдайларындағы
(бағдарлама аясында) қарым-қатынасының жосықтардың стратегиясы мен
әдістерін білу;
пәндік құзыреттер:
жасай алуы тиіс:
 кәсіби тақырып аясында ауызша (монолог, диалог) сөздерді
түсіну;
 мамандыққа байланысты тақырыптарды талқылауға қатысу;
 кәсіби тақырыптарға ауызша хабарламаларды өз бетімен
дайындау, соның ішінде мультимедиялық технологияларды қолданып жасау;
 кәсіби-іскерлік қарым-қатынастың типтік жағдайларында түрлі
таңбалық жүйелерде (мәтін, кесте, график, диаграмма, аудиовизуалды қатар
және т.б.) қалыптасқан ағылшын тілді деректерден қажетті ақпараттарды алу;
 қажет болса сөздікті қолданып ана тілінен мамандық бойынша
мәтіннің негізгі мазмұнын ана тіліне аннотациялау, қысқаша мазмұндау және
баяндау;
дағдылану тиіс:
 кәсіби тақырыптарға хабарламалар, мақалалар, тезистер,
рефераттар жазу;
 ауызша және жазбаша пікір айтқанда кәсіби сөйлеуге тән негізгі
грамматикалық бірліктерді тану және қолдану;
 ауызша және жазбаша пікір айтқанда терминологиялық
сипаттағы белсенді және пассив лексикалық минимумды қамтыған өзінің кең
және тар мамандығының негізгі терминологиясын тану және қолдану;
 кәсіби қызметте коммуникативті міндеттерді орындауға қажетті
ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және ақпараттық дерек көздерін іріктеу;
 оқу және коммуникативті міндеттерге қойылған жетістікке жету
тәсілін өз бетінше анықтау.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттер:


Page 18

17

 меңгерілетін шет ел тілінің мәдениеті тұрғысында іс-әрекет
нормасына бағытталған сөйленіс әрекетін құрастыра алу қабілеттілігі;
 қазіргі маманның (іздеу сайттарымен, шетелдік ЖОО-дары мен
кәсіби қоғамдастықтардың беттерімен, электрондық энциклопедиялармен
және т.б. шет тіліндегі электрондық пошталармен жұмыс істеу) іскерлік
қарым-қатынас саласында кәсіби құзыретті қалыптастыратын маңызды құрал
ретінде ақпараттық технологияларының мүмкіндіктерін мақсатты және
белсенді қолдануда;
 жобалық қызметте, оқу және ғылыми -зерттеу жұмысын
ұйымдастыру мен жүргізуде (конференцияларда баянд ама жасау,
академиялық мобильділік және т.б. бағдарламалар бойынша гранттар мен
машықтануларға өтініштерді рәсімдеу).
Пререквизиттер:ЖОО-дағы«Шет тілі (ағылшын тілі)».
Постреквизиттер:Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі,
бакалавриаттың теориялық пәндері

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖО СПАРЫ



Тақырыптардың атауы
1 Қарым-қатынастың оқу-кәсіби аясы: кәсіби бағытталған шет тілі
(ағылшын) мәдениеттану мамандығына кіріспе. Мәдениеттану
саласының қазіргі жағдайындағы тексттерімен жұмыс жасау.
2 Мәдениеттану мамандығының аясында қолданылатын метатіл: қазақ
(орыс) және ағылшын тілдеріндегі сәйкестілігі. Терминжасамның
халықаралық қоры. Ағылшын тіліндегі терминжасам туралы түсінігі.
Шет тіліндегі (ағылшын) кәсіби бағытталған термин.
3 Ағылшын тіліндегі кәсіби бағытталған мәдениеттану мамандығының
пәндік аясы. Арнайы мәтіндермен жұмыс.
4 Бизнес-коммуникациядағы шет тілі (ағылшын). Іскерлік қатынас
хаттары (хаттар, факстар, баяндама жазбалары). Мәлімет, жазба,
есептеме.
5 Бизнес-коммуникациядағышет (ағылшын) тілі: Келіссөздер, кәсіби
дебаттар, презентациялар, конференциялар.
6 Мәдениаралық қарым-қатынас: ағылшын тіліндегі мәдениеттану
мамандығы бойынша дискурсивті тәжірибе.
7 Оқу үдерісіндегі академиялық қатынас (ағылшын тіліндегі кәсіби
бағытталған пәндер бойынша дәрістер және семинарлар)
8 Кәсіби құзыреттер: ағылшын тіліндегі арнайы мәтіндердің
бағдарлануы. Арнайы кәсіби бағытталған материалдар және олардың
кәсіби қарым-қатынаста ситуациялық тапсырмаларда қолдануы (эссе,
мақала, тезис, рефераттар жазу)
9 Мәдениеттану мамандығына бағытталған саладағы көрнекті ғалымдар
еңбектері (мәдениеттану ғылыми бағыттағы ғалымдар еңбектерін


Page 19

18

рефераттау)
10 Мәдениеттану мамандығына бағытталған пәндерінің кәсіби ағылшын
тілімен байланысы
11 Қазіргі әлемдегі шетел (ағылшын) тілінің ролі.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе
«Кәсіби бағытталған шет тілі» – оқытылатын шет (ағылшын) тілі
форматында мәдениеттану пәндік аясы туралы теориялық білім жиынтығын
ұсынуда студенттердің құзыретін қалыптастыратын оқу пәні.
«Кәсіби бағдарланған шет тілінің» нысаны мәдениеттану
мамандығының аясында оқылатын шет тілі ағылшын тілінің термині мен
түсінігінде білімнің негізгі бағыттарын, мәнін сипаттау.
Кәсіби бағдарланған шет тілі оқу пәнінің пәні кәсіби бағытталған шет
тілі кәсіби ағылшын тілінің арнайы ғылым ретіндегі метатілі болып
табылады.
Тілдік дайындықтың екінші кезеңі студенттерде мәдениаралық
деңгейде когнитивті және кәсіби құзыретті қалыптастырады, студент
тұлғасының зияткерлік және эмоциялық дамуын ынталандырады. Бұл
кезеңде студенттердің дамуы шешілетін проблемалық мәселе негізінде
коммуникативті-ойлау қызметіне дайындықты көрсетеді. Жазба сөз
саласында үйреншікті тіл материалы шегінде бейтарап және ресми сипаттағы
жазба сөздің өнімді үлгілерін жазу машығы мен іскерлігін қалыптастыру
қарастырылады.
Бағдарлама мәтіндік материалдарды тереңірек үйренуге: түсіндіру,
аудару, мәтінді айту, сондай-ақ студенттердің сөздік қорын молайтуға және
оқылатын лексикалық бірліктерді талдауға және шет тілін игерудің
жеткілікті әлеуметтік, жалпы білімдік деңгейін қалыптастыруды талап етуге
есептелген. Оқытудың бұл кезеңінде сөйлеу қызметінің төрт түрінде
коммуникативті машық пен шеберлік қалыптасады, ол қоғамдық өмірдің
түрлі салаларында тұлғарааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас
құралы ретінде шет тілін жеткілікті дәрежеде еркін қолдануды қамтамасыз
етеді.
Шет тілін оқытудың бұл курсы қызметтің төрт түрінде: тыңдау, сөйлеу,
оқу және жазуда коммуникативті-интермәдени құзырет негізін қамтиды. Бұл
көлем шеңберінде құзыреттің жалпыеуропалық шкаласы (ОЕК) В2 деңгейі –
базалық стандарттылық деңгейі меңгеріледі.
Пәнді оқыту мақсаты:
Үйренушілерде көпмәдениетті және көптілді орта жағдайында
әлеуметтік мәдени, академиялық және кәсіби салаларда тиімді, дербес
қатынас үшін басқа тілді коммуникативті құзырет қалыптастыру бұл
бағдарламаның стратегиялық мақсатыболып табылады.
Оның практикалық мақсаты күнделікті және академиялық қарым-


Page 20

19

қатынастағы шынайы жағдайларда, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынастағы
әдеттегі жағдайда ағылшын тілін қолдану шеберлігін қалыптастырудан
тұрады.
Оқу-танымдық мақсаты ретінде үйренушілердің танымдық
қызығушылығын ынталандыру, олардың когнитивтік қабілеттерін дамыту,
танымдық қызметтің стратегиясы мен әдістерін қалыптастыру, ағылшын
тілінде оқу жұмысының шеберлігі мен машығы ерекшеленед і.
Бағдарламаның білімдік мақсатын аталған мамандық бакалаврларының
жалпы мәдениет деңгейін көтеру мен ой-өрісін кеңейту құрайды.
Тиісінше, курстың міндетіне мыналар кіреді:
-студенттерді филология бойынша жалпы ғылыми, ғылыми-көпшілік
және арнайы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну мен талдауға үйрету;
-жалпы ғылыми және арнайы ауызша мәтіндердің жалпы мазмұнын
қоса алғанда ағылшын тіліндегі ауызекі тілді түсіну машығын қалыптастыру
мен дамыту, олардан кәсіби қызмет үшін қажет ақпараттар алу мен арнайы
ауызша мәтіндерді конспектілеуге машықтандыру;
-жалпы коммуникативті, академиялық және кәсіби талаптарға сай
жазбаша мәтіндерді құру машықтарын қалыптастыру мен дамыту;
-пікірталас жүргізу, ақпараттарды ұсыну мен сұрау, ережелерді/тезисті
және өз көзқарасын дәлелдеуді қоса алғанда жалпы коммуникативті және
кәсіби міндетті шешу үшін қажет сөйлеу машығын дамыту;
-аталған жалпы коммуникативті және кәсіби міндетті шешу
үшінстуденттерге қажетті грамматиканы білу және лексикалық қорды
қалыптастыру мен дамыту;
-тілдік мәселелерді өз бетінше шешу машығын дамыту;
-үйренетін тілдің бір тілді сөздігін қоса алғанда сөздікпен,
анықтамалықтармен, мультимедиялық және интернет-ресурстармен жұмыс
жасау машығын қалыптастыру мен дамыту;
- күнделікті және кәсіби саладағы көпмәдениетті қарым-қатынас
жағдайында шет тілін тиімді қолдану мақсатында мәдениетаралық құзыретті
қалыптастыру мен дамыту.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындау түпкі мақсатқа – кәсіби
бағдарланған басқа тілді коммуникативті құзыретті қалыптастырудың
тұрақты жүйесін жасауға алып келеді, ол үйренушілердің білімін
жалғастыруда, сондай-ақ еңбек нарығында білім мобильділігін іске асыруда
бәсекелі басымдықты қамтамасыз етеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қарым-қатынастың оқу-кәсіби аясы: кәсіби бағытталған шет тілі
(ағылшын) мәдениеттану мамандығына кіріспе. Мәдениеттану
саласының қазіргі жағдайындағы текстермен жұмыс жасау
Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы: баяндамалар,
берілген тақырыпқа хабарлама жасау. Мәдениеттану мамандығының кәсіби


Page 21

20

саласындағы әртүрлі мәселелерге арналған мақалаларға аннотация және
баяндама жасау: «білім беру» түсінігі. Адам өміріндегі білімнің рөлі. Білімді
маман қалыптастырудағы шет тілін (ағылшын) білуі. Қарым-қатынас түсінігі.
Кәсіби қарым-қатынас – арнайы сала. Адам өміріндегі кәсіби қарым-
қатынастың рөлі мен ұғымы. Кәсіби қарым-қатынас тілі. Кәсіби қарым-
қатынас стилі. Кәсіби қарым-қатынастағы тілді қолданудың ресми және
бейресми түрлері мен формалары. Кәсіби қарым-қатынастағы шет тілінің
(ағылшын) рөлі. Кәсіби пәнді оқытудағы шет тілінің (ағылшын) рөлі.

Мәдениеттану мамандығының аясында қолданылатын метатіл:
қазақ (орыс) және ағылшын тілдеріндегі сәйкестілігі.
Метатіл ұғымы. Метатілдің құрылымы. Мәдениеттану саласындағы
арнайы бағыттардың метатіл корпусы. Ағылшын тілі мамандығының
терминжүйенің метатілдік негіздері. Мәдениеттану мамандығының жалпы
термин парадигмаларының түсініктері. Терминология – ұлттық тілдің
құрамдас бөлігі. Терминология мәдениеттану мамандығы аясындағы арнайы
теорияларының тілдік моделі. Кәсіби бағытталған шет тіліндегі (ағылшын)
терминология. Арнайы білім саласындағы терминжүйенің қалыптасуындаы
негізгі дереккөздер. Кірмеленген шетел терминдері (латын, грек, ағылшын),
интернационалдық қор (ағылшын тілі негізіндегі терминжасам).
Терминологиялық сөздіктер (Бір тілдік және екі тілдік кәсіби сөздіктер. Шет
тіліндегі (дәстүрлі және on-line) лексикографиялық дереккөздер жұмыс).
Ағылшын, қазақ/орыс тілдеріндегі кәсіби сөздіктердегі сөзтізбелерді
салғастыру. Ақпараттық іздеу (шетелдік базалық деректер, Интернет
ресурстар).

Ағылшын тіліндегі кәсіби бағытталған Мәдениеттану
мамандығының пәндік аясы. Арнайы мәтіндермен жұмыс. Бағытталған
ғылым туралы ақпарат. Арнайы ғылымның қысқаша тарихы. Ғылыми
аймақтың ішкі құрылымы. Мамандықтың негізгі қызметтері. Кәсіби аймақ
және мәдениет. Мамандықтың шет тіліндегі (ағылшын) пәндік аясы.
Бағытталған мамандық және оның білім жүйесіндегі орны. Бағытталған
мамандық – кәсіби пәндердің жиынтығы. Арнайы ғылымның әртүрлі
бөлімдерінің пәні мен нысаны. Арнайы пәндердің негізгі теориялық
мәселелері. Арнайы ғылымның көрнекті ғалымдары. Кәсіби ғылымның
(бағыт бойынша) қазіргі құрылымы.

Бизнес-коммуникациядағы шет тілі (ағылшын). Іскерлік қатынас
хаттары (хаттар, факстар, баяндама жазбалары). Мәлімет, Жазба,
Есептеме: құрылымы, клише тіркестер, сөз тіркестер. Ағылшын тіліндегі
іскери қатынас жазбаларындағы негізгі терминологиялық тілдің шағын
қабаты. Іскери жазба хаттарындағы алғашқы ұғымдар мен жиілік терминдері
және олардың ағылшын тіліндегі дефинициялары.


Page 22

21

Бизнес-коммуникациядағы шет тілі (ағ ылшын). Келіссөздер,
кәсіби дебаттар, презентациялар, конференциялар. Осы түсініктердің
айырым белгілері. Келіссөз институты: жүргізудің ережелері, түрлері,
қызметтері және динамикасы. Кәсіби дебаттар (шешендік өнер) шешендік
өнердің жоғарғы пилотажы ретінде. Дебат базасы: кәсіби дебаттарға
арналған дәлел мен кейстер базасы. Кәсіби тақырыптар бойынша
презентация дайындау. Белгіленген тақырыпта конференция өткізу.
Конференцияға шағын баяндама дайындау. Кәсіби сөйленіс құрылымы.

Мәдениаралық қарым -қатынас: ағылшын тілінде мамандық
бойынша дискурсивті тәжірибе.
Кәсіби ортада мәдениаралық қарым-қатынасты дамыту бойынша
тренинг. Әртүрлі мәдениеттер кездесетін ситуацияларды ұтылуы. Тіл –
мәдениарлық қатынас ретінде. Қазіргі әлемдегі шетел тілінің рөлі. Тіл және
мәдениаралық қарым-қатынас. Ағылшын тіліндегі мәдениаралық қарым-
қатынастағы тілдік көрінісінің таптаурын формасы. Мәдениаралық қарым-
қатынастың түрлері. Аударма және мәдениаралық қарым -қатынас.
Тұлғааралық қарым-қатынас. Өзге мәдениет өкілдерінің қарым -
қатынасындағы негізгі мәдениаралық ерекшеліктермен танысу.

Оқу үдерісіндегі академиялық қатынас (ағылшын тіліндегі кәсіби
бағытталған пәндер бойынша дәрістер мен семинарлар)
Академиялық қарым-қатынастың параметрлері мен спецификасы.
Академиялық қарым-қатынастың және сөйленіс әрекетінің ұлттық-мәдени
спецификасы. Академиялық оқу қарым-қатынасы (дәрістер мен семинарлар).
Академиялық оқу қарым-қатынасындағы (ағылшын тілінде) сөйлеу
мәдениеті. Академиялық оқу (ағылшын тілінде ақпараттың негізінде
бағытталған пәндердің мәтіндер типологиясы). Академиялық қарым -
қатынастың ауызша формасы (презентация, ғылыми хабарлама, баяндама,
талқылау, пікірталас). Шет тіліндегі сабақтарды ұйымдастырудың дәрістік
формасы. Тақырыптың негізгі түсініктерін ашу; шет тілінде нақты
тәжірибелік мысалдар мен теориялық материалдарды үйлестіру. Шет
тіліндегі семинар сабақтары оқу үдерісіндегі ұйымдастырудағы негізгі
формасы ретінде.

Кәсіби құзыреттер: ағылшын тіліндегі арнайы мәтіндердің
бағдарлануы. Академиялық хаттар (эссе, реферат, аннотация, тезис, мақала,
баяндама, курстық, дипломдық жұмыстар, диссертация). Арнайы кәсіби-
бағытталған материал және оның кәсіби қатынастағы тапсырылған
жағдайларда қолданылуы: құрылымы, композиция (эссе, мақала, тезис,
рефераттар жазу).

Мәдениеттану мамандығына бағытталған саладағы көрнекті
ғалымдар еңбектері


Page 23

22

Мамандық саласындағы қазіргі әлемдегі негізгі ғылыми
парадигмалары. Көрнекті ғалымдар еңбектеріндегі кәсіби саладағы жалпы
және жиі қойылатын сұрақтар. Қазіргі қазақстандық ғылыми білімнің
өкілдері. Кәсіби сала бағытындағы отандық және шетелдік негізгі үрдістер.
Кәсіби мектептер мен концепциялар. Мамандық пәндерінің оқу-әдістемелік
көмекші құралдары бойынша мамандық саласындағы танымал ғалымдар
еңбектерінен мәтіндер алу (шет тілінде (ағылшын) оқу, аударма және түсінік
айту).

Мәдениеттану мамандығына бағытталған пәндердің кәсіби шет
тілімен (ағылшын) байланысы.
Осы құрылымға енетін мамандық құрылымдары мен пән
ерекшеліктері. Кәсіби шет тілінің (ағылшын) бакалавриаттың негізгі
пәндерімен байланысы: «Мамандыққа кіріспе» және т.б. Арнайы кәсіби-
бағытталған материалдар және олардың тапсырылған жағдайларда, яғни
кәсіби қарым-қатынаста қолданылуы. Кәсіби құзыреттер: шет тіліндегі
(ағылшын) арнайы мәтіндерге бағыттау. Кәсіби-бағытталған ағылшын
тілінде мамандық бойынша оқу, тыңдалым, мәтіндерге түсінік беру.
Мамандыққа арналған мәселелерді шет тілінде конспектілеу, баяндама
жасау.

Қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлі. Ағылшын тілі – дүние
жүзінеең кең таралған тіл. Қазіргі заман ағылшын тілін талап
етуде.Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Ағылшын тілі –БҰҰ-ның алты тілінің
бірі. Ағылшын тілі қоғамдық құбылыстың бір формасы.Елбасы «Қазақстан –
2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс
жасауымыз керек деген тұжырымдар. «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы.


СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР
ҮЛГІСІ

1. «Кәсіби-бағытталған шет тілі» курсының маңызы және міндеттері.
2. Таңдаған мамандық – ғылыми сала.
3. Ағылшын және қазақ/орыс тілдеріндегі лингвистикалық және
әдебиеттану ғылымдары сөздіктерінің сөзтізбелерін салыстыру.
4. Мамандық саласындағы негізгі ғылыми мектептер мен жаңа
жетістіктері.
5. Терминжасаудың халықаралық қоры. Тіл және қоғам.
6. Іскери қатынас жазбалары. Іскери құжаттар мәтіндерінің
ерекшеліктері
7. Оқулық мәтіндерінің жазбаша композициялары мен құрылымдары
(эссе, реферат, мақала).


Page 24

23

8. Тіл – мәдениет. Тіл – мәдениаралық қарым-қатынастың құралы.

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ НА
ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
(ағылшын тілінде баяндау )

1. Сөйлеу мәдениеті. Тілдің функционалды стильдері (ғылыми стиль).
2. Тілдің функционалды стильдері (ресми/бейресми стиль): жалпы
түсініктер.
3. Шет тіліндегі сөйлеу әрекетін ұйымдастыру: кіріспе, негізгі бөлім
және қорытынды
4. Құжаттық түрлері: хат, эссе
5. Сөздік түрлері: Электронды сөздіктер
6. Ақапараттық іздеу (шетелдік мәліметтер базасы, Интернет-
ресурстар)
7. Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің мәдени -ұлттық
ерекшеліктері.
8. Кәсіби аясында мәдени-аралық қарым-қатынас.
9. Кәсіби аясында ресми және бейресми стильдердің ерекшеліктері.
10. Ғылыми метатіл: белгілері, ерекшеліктері.
11. Ағылшын тілі - халықаралық тіл.
12. «Үштұғырлы тіл мәдени жобасы».


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН
ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
(ағылшын тілінде баяндау )

1. Бакалавр мамандануымен байланысты филология саласындағы
қазіргі бағыттар.
2. Білім беру жүйесіндегі Интернеттің рөлі.
3. Кәсіби бағытталған тақырыпқа эссе жазуға өзіндік дайындығы.
4. Кәсіби бағытталған тақырыпқа реферат жазуға өзіндік
дайындығы.
5. Кәсіби бағытталған тақырыпқа ғылыми мақала жазуға өзіндік
дайындығы.
6. Екінші/шет тілін оқыту тиімділігін арттырудың заманауи
ақпараттық технологиялары.
7. Қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлі. Ағылшың тілі – жаһандық
тіл (пікірталас).
8. Тіл және ұлттық сипат.
9. Қазақстандағы үштілділік мәселелері (дөңгелек үстел).
10. Оқытылатын тіл елінің белгілі қаламгерлерінің шығармашылығы.
Реферат


Page 25

24

11. Қазақстанның танымал қаламгерлерінің шығармашылығы (шет
тілінде). Реферат
12. Алам және қршаған орта. Эссе
13. Білім берудің интернационалдануы. Болашақтағы білім беру
саласы. Эссе
14. Әлемдегі көптілділікті сақтау мәселелері. Реферат

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕ Р ТІЗІМІ

Негізгі:
1. Кунанбаева С.С, Кармысова М.К. и др. Концепция развития
иноязычного образования Республики Казахстан. Алматы, 2010.
2. Кунанбаева C.C. Теория и практика современного иноязычного
образования. Алматы, 2010.
3. Introductory Guide to the Common European Framework of Reference
(CEFR) for English Language Teachers. CambridgeUniversity Press. - 2013.
4. Harding К. English for Specific Purposes. OxfordUniversity Press. -
2009.
5. Anthony Manning. English for Language and Linguistics. Garnet
education. – 2008.
6. Christina Latham-Koenig and Clive Oxenden. English File. From
Intermediate to Upper-Intermediate. Third edition. – OxfordUniversity Press. -
2013.
7. Фрейдина Е.Л. Основы публичной речи. LearningtoSpeakinPublic :
учебное пособие для вузов / Е.Л. Фрейдина. – М. : Владос, 2007. – 134 с.
8. Кристалл Д. «English as a Global Language». – Cambridge, New York,
Melbourne, Madrid, Cape Town, Singapore, São Paulo, 2003
9. Religion in Public: Locke’s Political Theology (Cultural Memory in the
Present) Elizabeth Pritchard. Publisher Stanford University Press, 2013
10. Nabeel Qureshi. No God but One: Allah or Jesus?: A Former Muslim
Investigates the Evidence for Islam and Christianity. 2016
11. Michael Molloy. Experiencing the World's Religions: Tradition,
Challenge, and Change, 6th EditionNov 14, 2012
. Габитов Т.Х., Муталипов Ж.М., Кулсариева А.Т. Культурология.
Алматы., 2007.
10. Масалимова А.Р. Введение в специальность. Алматы., 2009
11. Нуржанов Б.Г., Ержанова А.М. Культурология: в новом ключе. А.,
2011
12. Barker, Ch. Cultural Studies. Theory and Practice. – London, SAGE
Publications, 2006. - 485 p.
13. Lull J. Media, Communication, Culture. A Global Approach. -New
York, Columbia University Press, 2000. - 308 p.


Page 26

25

Қосымша:
1. Марузо Ж. Словарь лингвистических терминов. С указателями
языковедческих терминов на французском, немецком, английском и
итальянском языках. – М: УРСС, 2004.
2. R. Harrison, S. Philpot, L. Curnick. New Headway Academic Skills.
Reading, Writing, and Study Skills. OxfordUniversity Press. - 2009.
3. ArlineBurgmeier, Lawrence J. Zwier, Bruce Rubin, Kent Richmond.
Inside Reading. The Academic Word List in Context. Pre-Intermediate to
Advanced. Oxford. - 2009.
4. Elizabeth Sharman. Across Cultures. Culture, literature, music, language.
Longman. – 2004.
5. J. Lyons. Introduction to Theoretical Linguistics. CambridgeUniversity
Press. - 1999.
6. Murphy Raymond. Essential Grammar in Use. Intermediate.
CambridgeUniversityPress. – 2010.
7. British Nationa l Corpus: http://www.natcorp.ox.ac.uk
8. The Corpus of Contemporary American English (COCA):
http://www.americancorpus.org
9. Jeffrey Brodd and Layne Little. Invitation to World Religions. Jun 26,
2015.
10. Isabella Sandwell. Religious Identity in Late Antiquity: Greeks, Jews
and Christians in Antioch. Cambridge University Press, 2013.
11. W. Draper and Kent P. Jackson. A. Missionary’s Story, 2015
12. Культурология: под ред. Н.Г. Багдасарьяна. 5-е изд. М., Высшая
школа, 2005.
13. Тимошинов В.И. Культурология. Учебное пособие. М. 2003.
14. Сапрыкин. Введение в культурологию. 877Уч.пособие. М. 2005.
15. Durham, M.G., Kellner, D. M., eds. Media and Cultural Studies.
Keyworks. Oxford, Blackwell Publishing, 2000.


Ескерту: Жоғары оқу орны пәннің жұмыс бағдарламасының
әдебиеттер тізімін керекті оқулықтар мен оқу құралдарымен толықтыра
алады.



Page 27

26

Eti 1203 – ЭТИКА

Көлемі 3 кредит

Автор:
Көбекова Б.К. – Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға
оқутышысы

Пікір жазғандар:
СағикызыА. – философия ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ ҒК
философия, саясаттану және дінтану институтының доценті
Әбдіғалиева Г.Қ. – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану
факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының
профессоры


ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

«Этика» пәні бойынша Типтік оқу бағдарлама 5В020400 –
Мәдениеттану мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамда белгілі бір «құндылықтарды қайта
бағалау» жүзеге асырылуда. Шынайы жалпы адамзаттық моральдық
құндылықтармен қатар, жалған «құндылықсымақтар» да енгізіле бастаған
уақытта бұл үдерістер қайшылыққа ұшырайды. Халықтың бір бөлігінің
мораль мен дінге назары ауып тұрған шақта, қылмыс, нигилизм, діни
экстремизм мен терроризм де өрши түседі. Қоғамда қара күшті қуаттайтын,
антиқұндылықтық, «асқан адам», мистика мен аморализмді негіздейтін әр
түрлі ілімдер тарала бастайды.Сондықтан мораль мен дін туралы іргелі
ғылыми білімді игеру өте маңызды. Құйылып жатқан ақпаратты дұрыс
бағалау үшін, әлі де өмірлік тәжірибе жинақтамаған жастарға бұл аса қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстан шаруашылық этиканың өзіндік адамгершілік
нормалары бар жаһандық экономикаға кірігіп, әлемдік нарыққа аяқ басуда.
Және де Қазақстан толыққанды және сыйлы серіктес болғысы келсе, адам
қызметінің барлық саласында жалпы қабылданған адамгершілік үрдістерді
ұстануы қажет. Сонымен қатар, әрбір мамандықтың өзінің адамгершілік
ерекшеліктері бар, оларды игеру және ұстану кәсіби табысқа жеткізеді.
Алайда, кәсіби этиканың нормаларын ұстану үшін оларды білу және дұрыс
бағалау қажет.
Компетенцияның негізгі формалары:
Студент білуі қажет:
- этиканың пайда болуының теориялық және әлеуметтік негіздері;
- этика тарихы мен теориясының негіздері;
- этиканың негізгі бағыттары мен ағымдары;


Page 28

27

- этикалық ойдың негізгі теоретиктерін,өкілдерін білу.
Студент игеруі қажет:
- мәдениеттанулық білім пәні ретінде этиканың ерекшелігін анықтау;
- тарихи ретроспективадағы этиканың негізгі түсінік, анықтама,
категорияларын білу;
- мораль табиғаты мен пайда болуының әдістемелік және теориялық
мәселелерін білу;
- сана мен практикалық қызмет саласы ретінде мораль құрылымы мен
мазмұнын талдау;
- этикалық теория мен корпоративтік этика мәселелері бойынша жоба,
ғылыми баяндама, курстық жұмыс, эссе дайындау.
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, әлем тарихы, ежелгі дәуір
мәдениеті, философия тарихы, антика мәдениеті, ортағасыр мәдениеті, қайта
өрлеу мәдениеті.
Постреквизиттер: Мәдениет теориясы, қазақ мәдениетінің тарихы,
заманауи мәдениет, бұқаралық мәдениет теориялары, постмодернизм
мәдениеті.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ Тақырыптың атауы
Кіріспе.
1. Этика пәні
2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері
3. Антика этикасы.
4. Ортағасырлық діни, теологиялық этика.
5. Қайта Өрлеу және Жаңа заман этикасы
6. Моральдық таңдау және моральдық ережелер.
7. Моральдық міндет және категориялық императив.
8. Дәстүрлі қазақ этикасының ерекшеліктері.
9. Заманауи этикалық ұғымдар.
10. Жеке тұлғалық құндылықтар және индивидтің әлеуметтік тәртібінің
типологиясы.
11. Моральдық бостандық және тұлғаның өнегелік жауапкершілігі.
12. Қоғамдық және жеке-дара бағалау.
13. Моральдық пайымдау логикасы. Деонтикалық этика.
14. Өнегеліктің гуманисттік тәбиғаты.
15. Заманауи этикалық теориялар.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Этиканың пәні мен мағынасы. «Этика» терминінің этимологиясы.
Этика – мораль және өнегелік туралы ғылым ретінде. Мораль деген не?


Page 29

28

Адамзат қоғамындағы моральдың функциялары. Этиканың әлеуметтік-
философиялық, аксиологиялық, методологиялық, дүниетанымдық
аспектілері. Этика және психология. Мораль және құқық. Мораль және өнер.
Мораль және саясат. Мораль және бизнес. Этиканың негізгі даму кезеңдері.
Моральдық таңдау және моральдық ережелер. Этиканың тарихи дамуы.
Курсты оқытудың мақсатымен міндеттері: этикада адамның өмірін
арнауға тұратын адамгершілік өмірі, оның құндылықтары мен асқақ
сезімдері арнайы оқу пәні ретінде алынады. Этика бастабында «практикалық
философия» ретінде қалыптасады, оның басты міндеті болмыстың құрылымы
мен оны тану шарттары емес, адамды қоршаған әлем және өз-өзімен дұрыс,
яғни, «игілікті», әділетті, лайықты үйлесімділікте өмір сүруге үйрету болып
табылады. Этика тарихы мен теориясын қарастыру адам мәдениетіндегі
моральдықтың орны мен рөлін түсінуге, тұлғаның жалпы және кәсіби
мәдениетін жоғарылатуға, адамның бойында адамгершіліктік құндылықтарға
саналы қатынас жасауды үйренуге, өзбетіндік және жауапкершілікті өмірлік
таңдау жасау қабілетін игеруге, сол арқылы теория мен практикада мықты
гуманистік ұстанымдарға қол жеткізуге көмектеседі.
Пәні: этиканың пәні мораль, өнегелік, моральдың функциялары мен
құрылымы болып табылады.
Объектісі: моральдың әртүрлі қоқамдық қатынастар жүйесіндегі
алатын орны, өнегеліктің пайда болуы және тарихи дамуы.
«Этика» терминін философия аясында тұңғыш еңгізген әрі осы
тақырыпта қаламын көсілте жазған адамзаттың ұлы ұстаздарының бірі –
Аристотель еді. Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін
ғылымды айтады. Бұл тұста еске сала кететін бір жай- Аристотельдің
ізгіліктер туралы ілімінің негізгі қағидалары. Ол бойынша, адам бойындағы
ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер
этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса,
дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниелер.Сөйтіп,
Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық,
шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Нақты өмірдегі адамгершілік құлықты, сол адамгершілік құлықты
қалыптастырушы принциптер жиынтығы – моральды зерттейтін
философиялық ғылымды біз «этика» деп атаймыз

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері
Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін. Ол адм өмірінің мәнін не
біржақты қызық қуып, ләззат алудан да (гедонизмнен), не біржолата өмірден
безінген, тәнін азаптаушы тақуалықтан да (аскетизмнен) таппайды. Өмірдегі
ең биік мұратты нирванадан, яғни бүткіл дүние әсерлеріне бейтарап,
транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп, өмірдің
төрт анығы, ақиқаты туралы айтады. Төрт анық мына төмендегілер:


Page 30

29

- өмір дегеніміз азап;
- азаптың себебі бар, ал азаптың көзі – адамның қалау-тілеуінде,
ниетінде;
- азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі теңдескен
бақытты күйін «нирвана» деп атайды;
- азаптан құтылу жолы бар, ол жол – «ортадағы тура жол» деп аталады
да оның мәні адам қалауын тәрк етуде болып табылады. Оған жету жолын
арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз.
Сегіз қырлы шартараптың мазмұнына мыналар тиеселі: саф сенім, ақ
ниет; шыншыл сөз, дұрыс амал-әрекет, салауатты өмір салты, қажырлы
қайрат, таза жады, адал зейін – жалпы, иманды тіршілік.
Конфуцийшылдық - әлеуметтік этикалық жүйе. Ең маңызды нәрсе –
рәсімділік. Конфуций іліміндегі «жень» ұғымы адамсүйгіштік, адам
бойындағы шынайы адамдық қасиеттің айғағы болып табылатын
адамгершілік дегенді білдіреді. «Женьмен» тығыз байланыста, тіпті
ажыратылмайтын байланыста қарастырылатын тағы бір орталық ұғым –
«ли»-рәсім. Яғни рәсімділік адамсүйгіштікке негізделуі керек, ал
адамгершілік құлық рәсімді қадағалау арқылы жүзеге асады.
Конфуцийдің ұлы уағыздарының басты өмірлік қағидасы – ата-
аналарды құрметтеу мен өзіңнен үлкендерге ізет көрсете білу. Ұлы
парызкердің басты құндылығы мен ерекшелігі – оның Шығыс елдеріне тән
рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздарды бір-бірімен ұштастыра
білуінде болып саналады.

Антика этикасы
Антика ойшылдарының этикалық көзқарастары: Сократ, Платон,
Аристотель. Софистер, эпикурейшілдер, стоиктердің философия-этикалық
ілімдері. Сенека, Марк Аврелий, Эпиктет және т.б.

Ортағасырлық діни, теологиялық этика
Өнегелік туралы христиандық ілім. Аврелий Августин, Фома
Аквинский, Эразм Роттердамский, Мартин Лютер және т.б. этикалық
көзқарастары. Христиан дінінде Христос өнегеліктің және моральдың идеалы
ретінде.

Қайта Өрлеу және Жаңа заман этикасы
Қайта Өрлеу дәуіріндегі гуманиз идеалдарын жариялау. Ұлы
гуманисттердің ілімдері: Дж. Пико дела Мирандола, Ф. Петрарка, Л. Вала. Т.
Гоббс, Б. Спинозаның этикалық ілімдері. Гегельдің этика-философиялық
көзқарасы.

Моральдық таңдау және моральдық ережелер
Өнегелік істің құрамы мен мазмұны. Моральдық тәжрибе және
моральдық сана. Өнегеліктің ұғымы және өнегелік қақтығыстардың түрлері.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!