Мәдениетті сөйлей білу де өнер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәдениетті сөйлей білу де өнер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 10.10.18 ж.

Тобы: «Сұңқар»

Тәрбиеші: Қожақұлова. Н

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: Мәдениетті сөйлей білу де өнер

Мақсаты: Сөзді түсіне білу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. 
Тәрбиелігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу.
Түзету жұмысы: Көз жаттығуларын жасату

Әдісі: Ой бөлісу

Көрнекілігі: кітаптар, суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың қызығушылығын ояту.

ІІ. Кіріспе. Тәрбиеші: Әмір Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің өнерпаздарын шақыртып алып: «Осы шаһарда асқан бір сазгер бар дегенді үлкендерден естігенім бар еді», - дейді. «Ол – мына кісі», - деп, бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің өнеріне әбден риза болған патша одан: «Есімің кім болады?» - деп сұрайды. «Атым – Мемлекет (өзбекше Дәулет. - Ұ.А.)», - дейді сазгер. «Мемлекет те соқыр бола ма екен?» - дейді патша жымиып. Сонда зағип сазгер: «Егер мемлекет соқыр болса, ақсақты үйіне кіргізбес еді ғой!» - депті. Сазгердің тапқырлығына риза болған Темір оған көп сый –сыяпат беріп, шығарып салған екен. 
Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені айта алуы, ал 
келте ақылға, керісінше, көп сөйлеп, бірақ еш нәрсе айта алмаушылық тән. 
Ф.Ларошфуко. 
ІІІ. Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлесудің парқына мән берген. Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып, қорланып, келе жатқан ақыл –ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа – төк тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі – адамның өз қадірі, сөзі құпсыздың өзі құпсыз» 
1. Су анасы – бұлақ. 
2. Жол анасы – тұяқ. 
3. Сөз анасы – құлақ. 
Ұлы адамдардын нақыл сөздерін оқу, мағынасын түсіндіру. 
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз, 
Ой түбінде жатады. 
Асан Қайғы 
Білімдіден шыққан сөз, 
Талаптыға болсын кез, 
Нұрын, сырын, көруге, 
Көкірегіңде болсын көз. 
Абай 
Жақсы сөзді ел жаттар, 
Ел жаттар сөзде салмақ бар. 
Жамбыл 
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар 
Низами 
Орынды жерде сөйлесем 
Қызыл тілім дөңгелер 
Қашаған Күржіманұлы 

Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің? (Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері. 
• Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма. 
• Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме. 
• Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа. 
• Дастархан басында көп сөйлеме. 
• Жаман, бұзақы сөзден тыйыл. 
• Біреу бірдеңе сұраса, ойланып, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма. 
• Өзің білмегшеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба. 
• Әркімді бір кемележдеп, мұқатпа. 
• Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ. 
Сөзіңде тұр. 
ІV. Қорытынды: Сонымен қорыта келгенде, б
алалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Қысқаша айтатын болсақ:
1. Сөз 
2. Әділ, өтірік 
3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады 
4. Сөз өмірдің ұлы қаруы 
5. Өмір

1. Сөз 
2. Қасиетті, мағыналы. 
3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді 
4. Өтірік сөз өрге баспайды 
5. Өтірік

1. Сөз 
2. Есті, киелі 
3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді 
4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді 
5. Шынайы




Тексерілді: ___________________






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі