Материалдар / Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін" сыныптан тыс іс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін" сыныптан тыс іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" өлеңінің тақырыбын,мағынасын,мазмұнын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2019
4444
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 12.04 19ж Сыныптар: 5 «Б,Ж»

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын  жан-жақты меңгерту. «Мен жастарға сенемін» өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің  мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.

Дамытушылық.Түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру. Ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге баулу. Еңбексүйгіш, адами қасиеттерін тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: сыныптан тыс іс- шара (сайыс сабақ)

Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,түрлі тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,ақын портреті,мақал -мәтелдер ,нақыл сөздер жазылған плакаттар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу

(Оқушылар екі топқа бөлінеді)

5 «Б» Білімділер, 5 «Ж» Тапқырлар»

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бәрімізге белгілі қазақ поэзиясында лирикасының сыршылдығымен әдебиет әлеміне өшпес мұра қалдырған ұлы ақын – Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Мен жастарға сенемін » атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастаймыз.

Ал,балалар, келесі кезекте осы аталған ақынымыз туралы,оның шығармалары туралы бейнетаспа көрсек.

Жүргізуші: Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Сасықкөл мекенінде дүниеге келген. Мағжанды әкесі ауыл мұғаліміне ертерек беріп,хат танытады. 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, 1910 жылы осы медресені жақсы үлгеріммен бітіреді.

Мағжан жеті жасында «Қисасул – әнбиа» атты кітапты түгелдей оқып шығып,күллі пайғамбарлардың өмірлерін жаттап алған көрінеді.Бұдан кейінгі жылдары әртүрлі қалаларда жоғары оқу орындарында оқып шығады.

1913 жылы Қазан қаласында М.Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.

Жиырма жасар Мағжан ақындығымен жұртшылық назарына түсті.Әсіресе қазақ жастарының арасына Мағжанның атағы кең жайылды.Олар ақынның қасында болды. Мағжан Омбы қаласында « Бірлік» деген қолжазба журналына редактор болды.Ақынның өлеңдері сол кездегі «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жиі жарияланып тұрды.

1927 жылы М.Жұмабаев еліне оралады. Оқытушылық қызметпен айналысады,жаңа өлеңдер жазады.Бірақ өмір ақынға ауыр тағдыр сыйлады. Мәскеуде оқып жүргенде, Мағжан «Алқа»деген әдеби үйірме ұйымдастырған болатын.Бұл 1925 жыл еді.Содан төрт жыл өткен соң, «ол ұйым – революцияға қарсы ұйым» деген жаламен Мағжанды он жылға концлагерьге айдады.Одан 1936 жылы босанып шығып,бір жылдан кейін,1937 жылы озбыр топтың қолына қайта түсіп, 1938 жылы 19 наурыз күні атылады.Жалынды ақынға «халық жауы» деген қара таңба басады.Ақынмен бірге оның шығармалары да қараланады.Тек содан кейін,жарты ғасыр – 50 жылдан кейін ғана ақын аты елімен, жерімен,ұрпақтарымен қайта қауышты.

Мұғалім сөзі: Балалар,біз Мағжан атамыздың өмірбаянымен танысып болсақ, енді бүгінгі сыныптан тыс іс - шарамызға арқау болып отырған «Мен жастарға сенемін» өлеңінің мағынасын айқындайық. Ақын өзінің « Мен жастарға сенемін» өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды.Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махабатты көреді. Соған мақтанады.Осы аталған өлеңді сабағымыздың барысында тыңдай аласыздар.

Жүргізуші : Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сайысымыз алты кезеңнен тұрады:

1-кезең.Әр топ өз топтарының атымен,ұранымен таныстырып өтеді.

Бірінші топ: «Білімділер»

Ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»

Екінші топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Пайда ойлама,ар ойла,

Талап қыл артық білуге»

2-кезең. Екі топтың оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқиды.

Адастым
Артымда қазақ қалың ел,
Тақтақ жалғыз қара жол,
Кетіп бара жатыр ем.
Бейнетті, бітпес ұзын жол,
Отсыз, сусыз бетпақ шөл,
Мың мехнатқа батып ем.
Жұбаныш - жол біреу-ақ,
Үмітім алтын айдан да ақ,
Сонымен ойды жоюшы ем...
Далаға өлік жан салып,
Әлсін-әлсін ән салып,
Өлеңдетіп қоюшы ем...
Әлдеқайдан шу шықты,
Қып-қызыл қан-ту шықты,
Жердің жүзін түн басты.

Ана

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошьшып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады.

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

Сүйемін

Күлдей күңгірт шашы бар,

Тоқсан бесте жасы бар,

Көз дегенің – сұп-сұр көр.

Тасбиқ санап бүгіліп,

Жерге қарап үңіліп,

Көрше ауыр күрсінер,

Менің бір қарт анам бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол анамды сүйемін!

Көзінде көк нұры жоқ,

Аузында жұмақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз құшағы,

Иірілмейді жыландай,

Сөзі де жоқ құрандай,

Білгені – қазан-ошағы.

Жабайы ғана жарым бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол жарымды сүйемін!

Ұйқы басқан қабағын,

Бастыра киген тымағын,

Жалқаулықты жар көрген.

Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен,

Бірге жусап, бірге өрген,

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол елімді сүйемін!

Сағымы сайран құрады,

Бораны ұлып тұрады,

Қыс – ақ кебін, жаз – сары.

Орманы жоқ, шуы жоқ,

Тауы да жоқ, суы жоқ,

Мәңгі өлік сахарасы.

Сарыарқа деген жерім бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол Арқамды сүйемін!

Түркістан

Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Киелі Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер өткен.

Арыстан елге отан болған Тұран,
Тұран да қазағым да хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолы Қасым ханы,
Тұранның талай жерін билеп тұрған.

Бұл Тұран – ежелден-ақ Алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған Алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан,
Алаштың арыстаны – Абылай ері.

Қазақ тілі

Күш кемiдi, айбынды ту құлады,

Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.

Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,

Күндей күштi күркiреген ел тынды.

Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,

Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!

Туған жер

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,

Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер.

Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде

Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.

Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.

Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.

Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес,

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,

Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..

Балақ түрiп, қозы қуып, жарысып,

Батпағыңда тең құрбымен алысып.

Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндiз

Үйретем деп асау тайға жабысып.

"Адам басы - алла добы" деген рас,

Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.

Кiм бiледi, мен де шетке кетермiн,

Туған жерiм,сенi тастап басым жас.

3-кезең «Cен білесің бе?» деп аталады.Әр топ бір- бірлеріне сұрақтар қойып, тез және нақты жауап берулері керек.

Бірінші топтың сұрақтары: «Білімділер» тобына

М. Жұмабаев кім?

М.Жұмабаев қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

Қазақстан қандай мемлекет?

ҚР-ның мемлекеттік тілі?

ҚР-ның рәміздері

Тіл туралы заңы қашан қабылданды?

Қазақша жыл басы қалай аталады?

Наурызда пісірілетін басты тағам қандай?

Қазақ тілінде дыбыстар неше түрге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?

Қазақ тілінде неше жалғау бар?

Септік,көптік жалғаулары қалай жасалады?

Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?

Екінші топтың сұрақтары: «Тапқырлар» тобына

М.Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Мен жастарға сенемін» кімдерге арнап жазылған?

Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

Ұлы Жеңіске неше жыл толды?

Қазақтың билері кімдер?

Қазақстанның астанасы қалай аталады?

Әнұранның әнінің авторы кім?

Әнұранның сөзін жазған кімдер?

Тудың авторы кім?

Елтаңбаның авторы кім?

Дауыссыз дыбыстар қалай жасалады?

Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

Жіктік,тәуелдік жалғаулары қалай жасалады?

Буын неше түрге бөлінеді?

Сөз таптары неше түрге бөлінеді?

4-кезең «Кім жылдам?» Синоним сөздерді табуға екі топ та атсалысады.

Ертеде...................(баяғыда ,бұрынғы кезде,ілгеріде)

Алыс..........................(шалғай,ұзақ)

Үлкен......................(дәу,орасан)

Кішкентай....................(ұсақ,майда,шағын)

Сұлу.............................(әдемі,көрікті,шырайлы)

Тамақ ...............................(дәм,ас)

Қорқақ.........................(қоянжүрек,сужүрек)

Ұзын........................(биік)

Батыр...............(ержүрек)

Күшті..................(мықты)

5-кезең «Тіл-өнер» Мен ұнатқан үш пән. Полиглот. Берілген мақал-мәтелдердегі жасырын тұрған сөзді тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару. Екі топтың оқушылары да қатыстырылады.

Бірлігі жарасқан............бұзылмас.(ел,страна,country)

Татулық-табылмас.......................(бақыт,счастье,happiness)

.........-ұлы қару(сөз,слова,speech)

Адамды...............үйретеді.(өмір,жизнь,live)

Тіл............жарады(тас,камень,stone)

Тас жармаса.............жарады(бас,голова, head)

Өнер алды-...........тіл(қызыл,красный,red)

6-кезең «Топтастыру» Диаграмманы толтыр. Топтық жұмыс.

Мағжан Жұмабаев кім?

Құрметті оқушылар,бүгінгі сайысымызға белсенді қатысқандарыңызға алғыс білдіремін! Қадірлі ұстаздар ,көріп, тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз!

Рефлексия

М.Жұмабаевтың туылғанына 125 жыл толуына байланысты

5 «б,ж» сыныптары арасында «Мен жастарға сенемін» атты тақырыбында сыныптан тыс іс – шара (сайыс сабақ) өткіздік.

Сыныптан тыс іс - шараға арнайы сценарий бойынша жоспар құрдық. Жоспарда сабақтың мақсаты, ұйымдастыру кезеңдері, сценарийі, топқа бөліну қамтылды. Топтардың аттары «Білімділер», «Тапқырлар» деп аталды.Сценарий алты кезеңді қамтыды.

  1. кезең. Оқушылар өз топтарының атауларымен,ұрандарымен таныстырып өттті.

2- кезең.Әр топ оқушылары ақын М.Жұмабаевтың өлеңдерінен үзінділер оқып берді.

  1. кезең. «Сен білесің бе? Атты кезеңінде екі топтың оқушыларына осы сыныптан тыс іс- шараға байланысты,өілген материалдарына байланысты сұрақтар қойылды.

4-кезең. «Кім жылдам» кезеңінде екі топтың оқушылары берілген сөздердің синоимдерін табуға атсалысады.

5-кезең «Тіл – өнер» кезеңінде оқушылар мақал - мәтелдердің жасырынған сөздерін тауып, сол сөзді үш тілде айтып беруд шапшаңдық танытып отырды.

6- кезең. Бұл кезеңде оқушылар өз ойларын толықтырып, М.Жұмабаевтың кім? екендігін топтастыру әдісі бойынша постер қорғап береді.

Қорытындылып айтатын болсақ,аталған тақырыптағы сыныпан тыс іс- шарамыз , яғни сайыс сабағымыз талапқа сай өткізілді деп,атап өтуге болады.















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!