Материалдар / Мағжан Жұмабаев. "Толқынмен толқын сырласып..." ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаев. "Толқынмен толқын сырласып..." ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылымии жоба арқылы Мағжан өлеңдеріне талдау жасап, көркемдегіш құралдарын мол қолданғандығын таныту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
1442
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі









Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«ТОЛҚЫН МЕН ТОЛҚЫН СЫРЛАСЫП...»

(Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған)

Оқушының аты – жөні: Зеркен Мархаббат













Бағыты: Қазақ әдебиеті

Жетекшісі: Елеукешова Нұргүл Ертайқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.













Егіндібұлақ ауылы, 2018 жыл

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы

Зеркен Мархаббат

«ТОЛҚЫН МЕН ТОЛҚЫН СЫРЛАСЫП...»

(Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған)

тақырыбындағы зерттеу жұмысына



ПІКІР

Зерттеу жұмысының авторы Зеркен Мархаббат бұл тақырыпқа мейлінше мол дайындықпен келген. Өйткені Мағжан Жұмабаевтың зерттеу жұмысында талдауға алған «Толқын» өлеңін «Сең» өлеңімен ұштастырып талдап, . Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез, жүректің қобызын шерте білетіндігін, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері, өзгенің жүрегіне тәтті у себетіндігін осы зерттеу жұмысының басты назарына алған. Автор жұмыстың басты мақсатын жете түсініп, тақырыпты аша білген. Атап айтқанда, сөз зергері, Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың поэзиялық шығармаларын жете талдап түсіндірген. Мағжан рухымен сырласа отырып, шығармашыл жас ақынның рухани мұрасын талдаған. Зерттеу жұмысының авторы Мағжанның тілдік суреткерлік шеберлігін, ақын поэзиясының символдық бейнелерін талдаған.

Сұңғыла суреткер ақын Мағжан Жұмабаевтың әлем әдебиетінде алатын орнына баға беруге ұмтылған Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Зеркен Мархаббат бұл жұмысты жазудағы басты мақсатына жеткен.



Жетекшісі: Н.Е.Елеукешова








-2-

МАЗМҰНЫ






ПІКІР

2


МАЗМҰНЫ

3

І

КІРІСПЕ

5

ІІ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:


2.1

Мағжан поэзиясында танылатын жалпы адамзаттық және рухани құндылықтар.


6-7

2.2

«Толқын» өлеңінің құрылысы мен көркемдегіш құралдары.

7-12

2.3

Ақын поэзиясындағы символдық бейне

12-13

ІІІ

ҚОРЫТЫНДЫ

13-14







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

15













-3-

Зерттеу жұмысының мақсаты. Мағжан-поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы дүниесін кейінгі ұрпаққа өлеңін талдау арқылы насихаттау:



Тақырыптың өзектілігі: Ақын туындылары уақыт сынына төтеп берерлік тіл құнарлығы мен ой тереңдігі, сөз қолдану шеберлігі мен көркемдігі. Тәңірдің талантының, дарын табиғатының көрінісі мен оның осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінетіндігі.

Зерттеу жұмысы төмендегідей міндеттерді нақтылады:

* Мағжан Жұмабаевтың кім екендігі;

* Мағжан поэзиясында танылатын жалпы адамзаттық және рухани

құндылықтар.

* Ақынның тілдік, суреткерлік шеберлігі

* Ақын поэзиясындағы символдық бейне



Болжам: Егер біз Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» мен «Сең» өлеңін ұштастыра талдасақ, екеуінің де астарында адам өмірі жатыр. Сол себепті адам баласы өз өмірін халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білетініне кәміл сенеміз.


Зерттеу жұмысының пәні – қазақ әдебиеті, нысанасы – Мағжан Жұмабаев лирикасы.


Зерттеу әдістері. Жұмысты жазуда негізінен салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері қолданылады.


Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспе, негізгі, қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.








-4-

І.Кіріспе бөлім:

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев – қазақ әдебиетінде ойып алар өзіндік орны бар, елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылады деп армандаған аяулы ақын. Кешегі культ қаһарына ілігіп талай жылдар бойы қара тақтаға жазылып келген Мағжан аты біз үшін үнемі Алатау шыңдарының аппақ шаңқан басындай кіршіксіз,асқақ көрінетін де тұратын. Қаршадайынан зерек,Шығыс,Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ поэзиясына болғын шағында-ақ ерекше,аса талантты

болмысымен келді.Қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп

шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті.Мағжан- ұлтын тереңнен сүйген ақын.“Адам, -дейді ол,-шын адам боламын десе, халық ісі,халық пайдасы жолында құрбан бола білсін”.Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың құрбаны болды. ”Қазақ тілі”,”Мен кім?”,”Мен жастарға сенемін”сияқты азаматтық лирикаға жататын қуатты жырларды мол жазды. [1]

Қазіргі жаһандану жағдайында әдебиетті,тарихымызды зерттеп, әлемтану адамзаттану,елтанудың керемет үлгісін көрсеткен ұлылар хақында сөз қозғап, олардың өнегесіне қайта-қайта ден қоймасаң болмайды. Бірте-бірте тарихқа айналып бара жатқан 19-20 ғасырдың қазақы бейнесін әлем жадында қалыптастырған Абай,Ахмет,Міржақып Дулатов есімдерімен қатар тұрған Мағжан Жұмабаевтың еңбектері туралы айтуды жөн көрдім.

Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың мініп тұлпарын

Әр қияға салған шақ,-

деп Ұлы Абай айтқандай, өткен ғасырдың 19-20 жылдарында Мағжан ақын қазақ әдебиетіне өз жаңалығымен келген еді. Мағжан Жұмабаевтың творчестволық жолы – ақынның өз өмірі тәріздес бұралаңы болса да, буырқанған шабытты ізденістері мол, нағыз поэзия биігіне самғаған, оның нелер асқақ асуларынан асқан жомарт жемісті жол. Өлмейтұғын өлең жазғандар халық жүрегінде мәңгі сақталмақ. Бұл заңдылық Мағжанға да қатысты. Мағжан поэзиясы жарты ғасырдан аса ел көзінен таса жерде ұсталды. Тіпті Қазақстаннан да әрі ұзатылып жіберілді. Алайда кітаптары елінен жыраққа кетсе де, ақын поэзиясы, әлгінде айтқанымыздай халқымен бірге болды. Туған әдебиетінің төрінен амалсыз кетсе де,көңілінің төрінен кеткен жоқ. Мағжан поэзиясының жалынды насихатшысы профессор Хайролла Махмудов айтқандай, «Мағжанның поэтикалық мәдениеті, оның асқан шеберлігі қазақ поэзиясына ғана емес,басқа түркі халықтарының белгілі ақындарының творчествосына игі әсерін тигізді».

-5-



IІ Негізгі бөлім.

2.1 Мағжан поэзиясында танылатын жалпы адамзаттық және рухани құндылықтар.

Мағжан Жұмабаев-халқымыздың от жалынды, зор таланттарының бірі, аспан құлап, жер сілкінгендей аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген, ауыр тағдырды басынан кешкен. Ол –поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын. Мағжан Жұмабаев -өнімді шығармашылық өнердің адамы. Өлмейтұғын өлең жазғандар халық жүрегінде мәңгі сақталмақ.

ХХ ғасыр алып тұлғаларының шығармашылық тағдырын зерттеуші, академик Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу- маржаны махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп-жұмыр жауһар дүние». Өлеңдерінде жеке адамдардың тұтас тағдыры көзден жас, жүректен қан, тілден у ағызған сырлар болып төгіледі. Оның поэзиясында көкжал толқын, көгала ағыстың бірі-өмір мен өлім, тіршілік пен ажал шайқасы екеуінің бетпе-бет келуі. Мағжан өз поэзиясының зеңгір көкпен, тәңір пайғамбармен, мәңгілікпентілдескен заңғар шыңындай болып таза ақындықты сақтады. Бір тақырыптың, бір кезеңнің, бір халықтың, тіпті, бір таптың жаршысы болып кетпей өлмес туындылар берген ұлттық ақын, ғажайып суреткер болып қала береді. Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар — Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.[5]

Бала жасынан зерек болып өскен, Мағжан «табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін. Соны білуді, үйренуді армандады. Мөлдіріне ұзақ қарап, көл жағасындағы ақ маржан тастарды уыстап алып, иіскеп, көзін жұмып, рақаттанып тұрғаны да шындық (апасы Күләндәм, қызы Күлзипаның естеліктерінен).[1] «Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем шығар» - деп айтып кеткен Жүсіпбек  Аймауытов сөзінде үлкен мән бар. Ақынның табиғат лирикасына арналған бірнеше өлеңі бар. Олар: «Жазғытұрым», «Жазғытұры», «Жазғы таң», «Күз», «Жаз келеді»,

-6-

«Күзді күні», «Қысқы жолда» және  «Жазғы жолда».«Жазғы таң» өлеңінде ақын таңның баяу атып келе жатқанын, мүлгіген тыныштықты шынайы жеткізе білген. Табиғаттың сұлулығын, әсемдігін, жүрекке жылы тиер шуағын нәзік қылмен шертеді. Сонымен қатар, 1912 жылы шыққан тұңғыш «Шолпан» атты жинағында жарық көрген бұл өлең өңінде ағартушылық сарын бар екенін де байқауға болады. Мағжан өз қатарларының алды әрі сол замандағы ең оқыған, көзі ашық ақын болған. Ол Ресей, Еуропа поэзиясымен таныс болғандықтан, қазақ өлеңіне түрлік жағынан жаңалықтар енгізді. Мағжан атақты Александр Блокты оқу арқылы орыс поэзиясындағы символизмді үйренген. Сол арқылы қазақтың дәстүрлі 11 буынды өлеңіне символикалық дәстүрлерді алып келген. Мағжан – поэзияға түрлік жаңалықпен бірге мазмұндық және ішкі ырғақ жағынан тосын мінезбен келген ақын. Оның өлеңдерінде Блок поэзиясының элементтері – тұмандылық, астарлылық көп. Сондықтан Мағжанды бір-ақ рет оқып қоюға болмайды. Оған қайтып оралып отыру керек. Өйткені Мағжан поэзиясындағы көпқырлылық оны қарапайым оқырманға тұманды етіп көрсетеді. Ахмет Байтұрсыновтың кезінде «Абай өлеңдерін түсінбейміз» деген оқырмандар болған. Неге? Себебі ол кезде оқырман деңгейі Абай, Мағжан поэзиясының деңгейіне жете қоймаған еді. Ауыз әдебиетімен ауызданып өскен халық, ұлт үшін Абай мен Мағжан өлеңдері күңгірт, түсініксіз көрінген. Менің қабылдауымда, Мағжан ең алдымен символист ақын. Бірақ оны қарапайым оқырман түсіне бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, Мағжан өте күрделі ақын. Ол Еуропа, орыс поэзиясынан бойына сіңірген дәстүрлерді қазақыландырып, қазаққа беруші жаңашыл ақын. Мұқағали тілімен айтсақ, Мағжан – «күпі киген Еуропа поэзиясын шекпен жауып қазаққа берген» ақын. [5]

Мағжан ағамыздың қазақ поэзия­сына қосқан жаңалығы туралы көп айтуға болады. Бірақ қалай айтсақ та, кім айтса да, Мұхтар Әуезовтен артық айта алмайды. Мұхаң Абайға ыстық ықыласын білдіре келіп, «Бұдан соң мен Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі» деген. Расымен, Мағжан өлеңдерінің мәдениеті оның ақындық қасиетін, поэзиясының құндылығын жоғары деңгейге көтерген.[2]







-7-

2.2 «Толқын» өлеңінің құрылысы мен көркемдегіш құралдары.

Мағжан қазақ поэзиясының ырғақтық-интоноциялық байлығын молынан пайдалана білді. Мағжан Жұмабаев поэзиясында ең көп қолданылатын өлең өлшемдері – жеті, төрт буынды өлең өлшемдері. Мысалы:

Сүмбіл шашы,
Сылқым жасы,
Отағасы
Кәріге.
Мағжан Жұмабаев шығармаларының құрылымы аса бай. Ұйқас кестелері күрделі, Мағжаннын өлең өрнегін өрудегі тағы бір өзіндік ерекшелігі –
адам өз ойын, көңіл-күйін, эмоциясын тіл арқылы жеткізеді.Біз қарастырғалы отырған Мағжан поэзиясындағы қайталамалар көркемдеу құралдарының тілдік ерекшеліктері әсем өрнектелген. Мағжан поэзиясындағы қайталамалар өлеңнің көркемдігін, эмоциялық-эстетикалық әсерлігін арттыруға ықпал етеді. Қайталауларды қолданудағы ақынның мақсатын төмендегідей мағыналық топтарға бөлеміз: Қайталау арқылы оқырман назарын ерекше, айрықша аударғысы келген құбылыс; Бірнеше мәртебе қайталап, ұқтырар ұғымға қайта-қайта сіңіру үшін; Айтылар ойдың көркемдігін, әсерлігін арттыру, эмоцияға әсер ету үшін; Белгілі нәрсені хабарлай отырып, санамалап көрсету үшін; Айтпақшы ойдағы негізгі сөздің мағынасын келесі сөйлемде аша түсу. Бір сөйлемді қайталап бүкіл өлеңнің салмағын сол сөйлемнің төңірегінде өзінің айтқан пікірін растау, мақұлдау мақсатында;
Ойды қорытындылау, тұжырымдау мақсатында ақын қайталамаларды белгілі ретпен өзіне зер салдыру үшін пайдаланды. Өлең өрнегінің әсерлі, сәтті шығуына мақсатында. Мағжанда дыбыстық қайталаулар әсем де әсерлі үйлесімділікке құрылады. [3]

«Толқын»

4 шумақты, 6 тармақты, 7,8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқас

  /Тол/қын/нан // тол/қын  ту/а/ды, //                            а, 8 буынды,

/Тол/қын/ды //  тол/қын  қу/а/ды, //                             а, 8 буынды

                     /Тол/қын/мен  тол/қын//  жа/ры/сад.//      б, 8 буынды

/Кү/ңі/ре/ні/сіп//  ке/ңес/пен,/                                           в, 8 буынды

/Біт/пей/тін бір// е/гес/пен//                                              в, 7 буынды

                      /Жа/ры/сып жар/ға //ба/ры/сад. /              б, 8 буынды

-8-

/Тол/қын/ мен тол/қын// сыр/ла/сып,//

/Сырар/ын/ еп/пен// ұр/ла/сып,//

     / Тол/қын/ға/ тол/қын //ер/ке/леп, //

/Меруерт көбікке оранып,

Жыландай жүзге бұралып,

                          Жарға жетер ентелеп.

Ерке бала былдырлап,

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

                          Толқынды толқын қуады.

Күміс кәусар суымен,

Суының алтын буымен

                            Жарының бетін жуады.

  Мөлдіретіп көз жасын,

Жасымен жуып жартасын,

                             Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Жылағаны – күлгені,

Күлгені оның – өлгені,

                             Жылай, күле өледі.

  Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Бірінің сырын бірі ұрлап,

                             Толқынды толқын қуады.

Жарына бал береді,

Береді де өледі,

                       Өледі толқын, тынады.

Сөз құдіретінің сырын ашып, өз өлеңдерінде көркемдегіш құралдарды орынды да, ұтымды пайдаланып, сөз саптау шеберлігін танытқан ақын





-9-

«Әрбір ірі жазушының шеберлігінің өзгешелігі көбіне-көп оның шығармасынан көрінеді». «Көркемдік дегеніміз әрбір сөздің орынды қолданылуының ғана емес, өте қажеттілікпен, зәрулікпен қолданудың белгісі және сөз дегенің мүмкін болғанша аз жұмсалуы керек». Мағжанның шығармаларындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туып, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарасыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, көркемдік жасап үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері боласыз. Әсіресе көркем шығармада қолданылатын көркемдегіш құралдың бірі, заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөз– эпитетті пайдаланудағы шеберлігі оқырман көңілін еріксіз баурап әкетеді.[1] Мысалы «Толқын» өлеңіндегі

Меруерт көбікке оранып..

Күміс кәусар суымен,

Суының алтын буымен,-деген тұстары соның дәлелі.

Сыршыл Мағжан табиғат құбылыстарын жандандырып адам кейпінде суреттеу, яғни тілдің көркемдегіш тәсілдеріне жататын құбылту – троптың кейіптеу тәсілін де шебер таңдаған.

Әркім дүниені әрқилы көреді. Өз жүрегімен таниды. Бірақ сол дүниенің көңілге түскен әсерін бәріміз бірдей қалыбында шыншылдықпен көркем кестесіне түсіріп бере алмаймыз. Ол хас таланттың қолынан ғана келмек.

Мағжан толқынға жан бітірген. Толқын жылан болып бүктетіледі,не балаша былдырлайды. Тағы бірде ғашық жардың қылығына көшеді. Жарын құшып өліп те кетеді. Өбеді,сүйеді. Ал «Толқын», «Сең» өлеңі тұтастай керемет әсер етеді. Көз алдымызға үлкен айдын орнатады. Мың құбылған сезімге бөлейді. Жансыз дүниеге «жан бітіріп» кейіптеудегі Мағжан жеткен өрені тағы да бір үлкен ақынымыз Әбділдә Тәжібаев ақындықтың биік мәдениетіне балайды. Нағыз ақын жолдары қанған жазылса да ескірмек емес. Бүгін оқысаң – бүгінгінің, ертең оқысаң – ертеңгінің сырын айтуға жарайды. Әбекеңнің Мағжанды «өзі бір жанып тұрған жарық сияқты» деуі осындай ойлардан да туса керек. «Толқын» өлеңінде,- деп жазады Ә.Тәжібаев,- «Ақын өзен,тұнған теңіз дүниесі де ақын өмірінің бір шындығы секілді. Судағы қуаныштың қалай басталып, қалай аякталғаны алты жолдық өлеңді ұзақ хикаяға айналдырып жібергендей.Қайталау.Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.




-10-

DrawObject1

Көркемдегіш құралдар

«Сең»

«Толқын»

Өлең құрылысы:

7 шумақты, 4 тармақты. 6 буынды, екі бунақты, шалыс ұйқаспен жазылған

4 шумақты, 6 тармақты, 7,8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқас

Кейіптеу:

Аязды сүйген жар, қайрылмай кетті, мұз жылады, жел сипады, күн күлді, қалың мұз кәрленіп, еруге арланып, антұрған аптықты.

Толқыннан толқын туады, толқынмен толқын сырласып, толқынға толқын еркелеп, өледі толқын, тынады.

Эпитет:

Сары аяз, қалың мұз, сүйген жар, қара көк түс

Меруерт көбікке оранып, ерке бала, күміс кәусар суы.

Метафора:

Сары аяз-сүйген жар. Мұз теңіз-анасы


Аллитерация

Қайырылмай кеткен соң,

Қайратсыз қалың қар,т.б


Қайталау:

Соң, қалың деген сөздер бірнеше рет қайталанады.


Символ:

Астарында адам өмірі жатыр: туады, өседі, өледі.

Астарында адам өмірі жатыр: туады, өседі, өледі.

Антитеза


Жылағаны-күлгені . Күлгені оның-өлгені

Теңеу


Жыландай жүзге бұралып.

Анафора


Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад,

Еспе қайталау


Толқыннан толқын туады,
Толқынды
толқын қуады,
Толқынмен
толқын жарысад,



Қуандық Мәшһүр-Жүсіп «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» монографиясында Мағжанның табиғат лирикасы туралы былай дейді: «Табиғатты бейнелегенде де, белгілі бір алқаптың нақты бір көрінісін алудан безіну, – яғни сол кездегі қазақ даласының, өзен-көлі, теңізінің көшірмесін жасаумен шектелмеу, қайта сол арқылы сездірілген жұмбағы мол лирикалық қаһарман жан дүниесін әспеттеу талабы жүзеге асады», – деп, мұның дәлелі ретінде «Толқын», «Сең» өлеңіне талдау барысында көре аламыз. [1]











-11-

2.3 Ақын поэзиясындағы символдық бейне.

«Мағжан-культурасы зор ақын. Сыртқы кестесінің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай», - деген еді Мұхтар Әуезов. Өз замандастарынан тума таланты мен білім деңгейі жағынан, жарты ғасыр алға жылжып кеткендіктен, оның сырға толы астарлы ойларын түсінуге төңірегіндегі шала сауаттылар қауқарсыз болды. Бұдан Мағжан қолданған әдеби әдіс тек Европа мен орыс әдебиетіне ғана тән жетістіктер екен, ол қазақ топырағына жат болған деген пікір тумауы тиіс. Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту қазақтағы шешендік ділмарлық өнердің ежелден келе жатқан кәнігі тәсілі болған. Мағжан қазақтың шешендік өнерін әлем әдебиетіндегі озық үлгілермен толықтырып, жетілдіріп, жаңа әдеби тәсілдерді енгізді. [4]
       ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік бейнешілдік стилімен дараланған, Мағжанның жаңашылдығы әлем әдебиетіндегі символизмнің пайда болуымен де байланысты.
       Символизм алғаш әлем әдебиетінде романтизммен бірге болды. Кейін романтикалық сарын өршіл және кері тартпа болып екіге бөлінгенде, ойды бейнелеп жеткізуде шындық пен жалғандықтың ара салмағын өлшеп көрсететін әдеби құралға айналып, ХІХ-шы ғасырдың ортасында әдебиетте романтикалық сарын мен реалистік шындыққа қосымша - жаңа әдеби әдіс болып, Европа және орыс әдебиетінде қалыптасады.
Сарыарқаның ызғарлы көктемінің арасынан басын көтерген бәйшешектей болды.. Себебі, осы кезеңде 1906 және 1914 жылдарды қамтыған орыс революциясының ызғары, қазақ даласына да сезіліп, өз өктемдігін жүргізе бастаған. Сол кездегі қоғамдық қысым оның символистік шеберлігін шыңдап, бейнешіл ақын болып қалыптасуына септігін тигізді.
Қоғамдағы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, бірде күшейіп, бірде жоғалып отырады. Оны пайдаланушылардың да көзқарастары әр түрлі болады. Өмірдің шындығын шығармада ашып жазудың қажеті жоқ, оқыған адам қалай қабылдаса солай болуы керек дегендер, сөз сиқыры арқылы айтпақ образды ойларын оқырман санасына сендіру арқылы жеткізіп, қайғыртып, қуантып, түрлі көңіл күйге бөлеуі керек деушілер де табылды. Сиволизмге: «Оқырман мен суреткерді жақын табыстыратын тәсіл», - деп А.Толстой жоғары баға береді. «Толқын» деген өлеңінде:

Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
-12-

Толқынмен толқын жарысад,
Күңіренісіп кеңеспен,
Бітпейтін бір егеспен
Жарысып жарға барысад.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын, тынады

- деп, толқынға адамша жан бітіреді. «Толқынның да өмірі мәңгі емес, олда өледі» деген пікір айтады. Өлеңнің ішкі сырына үңілсек толқын өлімі мәңгілікке жалғасқан өлім, жарына бал беріп, рахат тапқан өлім, ол мың қайталанып, мәңгілікке жалғасып жатар тіршілік.[3] Мағжанның «махабатты жүрекке қуат берер, нәр берер асыл сезім деп бағалауы» азаттық оймен астасып кеткен өзгеше бір түйін берсе, «Сең» өлеңінде де адам өмірге келеді. Ол сең өзен жағасына жетуге асықса, адам өз арман-мақсатына жетуге асығатындығы, сеңдегі мұз ерісе, адам да өзінің өмірі мәңгі емес, өлімнің барына сену керек екендігі туралы айтылады.



















-13-

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Қорыта айтар болсақ тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар. Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Бір кездері бес арыстың бірі - Жүсіпбек Аймауытов М. Жұмабаев туралы былай деп ой толғаған екен: «Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуен қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Суретті, кестелі, көркем сөз Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға болады. Мағжанды Пушкинге теңеуге ауыз барады. ... ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан».
















-14-

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. «Аңыз адам» № 1 саны 2012ж
2. Қазақ әдебиеті 8-сынып.
«Мектеп» баспасы. 2012ж
3. Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра
4. Егемен Қазақстан №43 2014ж
5. Президент және Халық №50 2013ж









































-15-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!