Материалдар / Мағжанның педагогика жолымен (эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжанның педагогика жолымен (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" кітабін оқыған соң,қалыптасқан өзіндік ой.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектеп

















Эссе тақырыбы:

Мағжанның педагогика жолымен





Тарих пәнінің мұғалімі Долқын Құрманбек















Талғар -2020



Мағжаннның педагогика жолымен

Жол. Ұзыннан ұзаққа созылған соқпақ жолдар мен күре жолдар. Күре жолдардан өзінше сүрлеу тапқан аша жолдар. Қалай десек те жолдар мақсатқа жетелейді.

XX ғасырдың басында отарлықтың қамытын киген елдердің ұлттық буржуазиясы өздерінің даму жолдарын саралады. Олар елге танымал көсемдердің төңірегіне зиялы қауымды топтастыра білді. Үндістанда Ганди, Түркияда Кемал. Ал бізде Әлихан бастаған Алаш зиялылары ұлтты сүттей ұйытатын, өрге жетелейтін , көркейтетін ұлттық идеяны бізге мұраға қалтырып кетті. Ең қызығарлығы, Алаш зиялыларының арасында жұмыс бөлінісі болғандай зиялылар саясатта, өнерде, ғылым саласында елеулі еңбек етті. Солардың бірі, бірі емес бірегей і- Мағжан Жұмабаев еді. Әдетте Мағжан десе сүбелі жырларымен елең еткізетін ақындығы еске түсері хақ. Дейтұрғанмен, Мағжанның ақындығы бір төбе, педагогтігі бір төбе. Мен Мағжанның «Пидагогика» (1923 жылғы баслуында осылай берілген ) атты еңбегі негізінде, Мағжан ойларын бүгінгімен сабақтастырып көрейін.

Мұғалім,мұғалім мәртебесі бүгінгі күндегі өзекті проблемалардың бірі.

«алты алаштың баласы бас қоса, қадірлі орын мұғалімдікі» деген Мағжан ның дана сөзін,дара сөзін үкімет пен парламенттің мәжіліс залына батпандай қылып қоярма еді,шіркін! Таяқтың екі үшы бар дегендей,кейбір мұғалімдердің біліктілігінің төмендігі де қасиетті мамандықтың қадірін кетіріп алғаны шындық. Ол үшін не істеу керек? Жауапты тағы да «Педагогикадан» іздеп көрейік. «Мұғалімдер бірге оқыса,бірге оқытса» дейді Мағжан. «Бірге оқыса» дегені қазіргі күндегі интербелсенді оқыту әдісі ,ал «бірге оқытсақ» дегені Lesson study емес пе?!

«Пидагогикада» тәрбиеге баса мән берген. Дұрыс ау.Фараби бабамыз «тәрбиесіз берідген білім - адамзаттың хас жауы деген ». Мағжан тәрбиеге,әсіресе мекетеп жасына дейінгі балардың тәрбиесіне баса мән берген. Ол педагогиканы дене тәрбиесі,ақыл тәрбиесі,сұлулық тәрбиесі,құлық тәрбиесі деп жіктеген. Бала туылғаннан бастап ,ат жалын тартып мінгенше берілетін тәрбиені ыждағатпен баяндаған. Ең қарапайымы баланың бөлмесінің оңтүстікке,оңтүстік шығысқа қарауы, оның тазалығы,жарықтығы туралы баяндайды. Бұл бейне Америкалық ғалым Маслоудың қажеттілік ирехиясымен сәкес келдеі. Сөзіміздің дәлелі ретінде ұлы Мағжан бабамыздың «Тәрбиедегі мақсұт адамды һәм сол адамның ұлтын ,асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу.Ұлт мүшесі- әрбір адам бақытты болса,адамзат дүниесі бақытты.Қысқасын айтқанда,тәрбиеден мақсұт адам деген атты құр жала қылып жапсырмай,шын мағынасымен адам қылып шығару» деп терең ой айтқан болатын. Мағжанның тәрбие туралы ойлары Абай ақынның «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген аталы сөзімен үндес.

«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында » білім беруді дамытуды іске асырудың жолдарын көрсетіп берді. «Жаңа формация мұғалімі- ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол ,белсенді,жасампаз,жан –жақты дамыған шығармашыл тұлға, рефлекцияға қабілеті басым маман» деп көрсетілген.Құзырлылығы жоғары ондай мұғалім ұлтжанды болу керек.Сонда оны «Жаңа тұрпатты ұлтжанды мұғалім » ұғымымен сипаттауға болады .Мағжан Жұмабаевша айтқанда «әрбір тәрбиеші сөз жоқ ,ұлт тәрбиесімен таныс брлуы тиіс». Ендеше, халқымыздың ұлттық құндылыұтарын оқу мен оқытуда пайдаланған жөн.

Жолдар,соқпақ жолдар мен күре жолдар.... «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол»деген еді Мағжан ұстаз. «Қазақтың тағдыры,келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Ендеше, XXI ғасырда әлемдік педагогика жетістіктерін өзіміздің ұлттық құндылықтарымызбен ұштастыра отырып,өзіміге сай келетін тәрбие мен білім беру жолын табу аса маңызды .

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!