СЫНЫП: | Күні: 27.11.2017 Мұғалімнің аты-жөні: |
Сабақтың тақырыбы: | Мағынасы жуық сөздер |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Сыныптағы оқушылардың 80% сабақта 5-жаттығу орындай отырып, мағынасы жуық сөздерді ажырата алады. |
Сабақ нәтижесі:
| 1) Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру2) Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.3 ) Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийі | Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу | Сөз мағынасын ажырата білу. |
Сабақ барысы |
|
Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Басталуы5 минут | Ұйымдастыру кезеңі«Шаттық шеңбері» арқылы атмосфералық ахуалды орнатып аламын.Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.Топтастыру кезеңіОқушыларды топтастыру барысында «Қима қағаздар» әдісімен топтастырамын. Әдемі, көркем, сұлу, көрікті, әсем, шырайлы. ( 1-топ)Жақсы, жаман, ақ, қара,жарық,қараңғы. ( 2-топ)Жақ, көз, бас,ат, қас, жаз. ( 3-топ)Сабырлы, ұстамды,төзімді, салмақты, байсалды, байыпты. ( 4-топ) | Оқушылар шаттық шеңберін жасап тұрып, бір-біріне жымиып жақсы атмосфера құрып алады.
1-топ:Синонимдер2-топ: Антонимдер3-топ:Омонимдер4-топ: Сөз мағынасы |
Үй тапсырмасын сұрау5 минут
| «Жеміс ағашы» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында, сұрақ-жауап қоямын.Сұрақтар:1.Синонимдер дегеніміз не? Мысал келтіріп, дәлелде.2.Антонимдер дегеніміз не? Мысал келтіріп, дәлелде.3.Омонимдер дегеніміз не? Мысал келтіріп, дәлелде.4.Қыстырма сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріп, дәлелде.5.Жай сөйлемге екі мысал келтіріп, сөйлем мүшесіне талда.6.Құрмалас сөйлемге екі мысал келтіріп, сөйлем мүшесіне талда.7.Тосын сый.8. Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтіріп, дәлелде.
| Оқушылар үй тапсырмасын оқып береді. Жеміс ағашынан алманы алып,артында жасырылған сұрақтарға жауап береді. |
Жаңа білім15 минут
| Синонимдер – мағынасы жуық сөздер. Мысалы: Сабырлы, ұстамды,төзімді, салмақты, байсалды, байыпты.
15-жаттығуӘр қатардағы сөздердің мағынасын салыстыр.Не байқадың? Мұндай сөздерді сөйлегенде, жазғанда бірінің орнына бірін қолдануға болатынын, болмайтынын байқа.16-жаттығуСөйлемдерді оқы, қарамен жазылған сөздердің орнына мәндес сөздерді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Биік – бойшаң, ұзын, зәулім.Шапшаң – тез, жылдам, жедел.Зер салып – көңіл қойып, ынта қойып, ықыласпен.Аз – шамалы, мардымсыз, болар-болмас.Әдептілік – ізеттілік, ибалылық, сыпайылық, инабаттылық.17-жаттығуМәндес сөздерді оқы. Бұлардың мәндес сөздер екенін оң жақта берілген түсіндірме арқылы дәлелде.18-жаттығуБерілген сөздерге мәндес сөздер тауып жаз.Атамекен, туған жер.Бағалы, қымбат.Қабілетті, ынталы.Аялдау, тоқтау.19-жаттығуЕртегіні түсініп оқып, ішінен мағынасы жуық сөздерді тап.Тәтті, шырынды. Жақсы, керемет.
|
Оқулықпен жұмыс жасайды.Жаттығуларды орындайды.
|
Сергіту сәті5 минут
| «Суреттер сөйлейді» әдісі.Әр топқа бір суреттен беремін. Суреттерге мәтін құрау керек. Мәтіннің ішінде синонимдер, антонимдер, омонимдер кездесу керек.
| Мәтін құрастыру арқылы, суреттерді сөйлетеді. |
Аяқталуы Сабақты бекіту5 минут | «Ыстық бауырсақ» әдісі. Ыстық бауырсақты әр топтан бір балаға ұсынып, бүгінгі сабақтан өткен тақырыпқа байланысты мысал келтіруңн сұраймын. | Ыстық бауырсақты алып, бүгінгі өткен сабаққа мысал құрастыру арқылы түсінгендіктерін дәлелдейді. |
Бағалау
2 минут
Кері байланыс3 минут |
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?Сабақта қандай қиындықтар туындады?Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
|
Бағалау парақшасындағы баллды есептеу арқылы бағаланады.
Өз пікірлерін білдіреді, сұраққа жауап бере отырып. |
Үй тапсырмасы | 20-жаттығу | Күнделіктеріне жазады. |