Материалдар / Махаббат қызық мол жылдар

Махаббат қызық мол жылдар

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1873
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ САБАҚМақсаты: «100 кітап» жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» тарихи романын оқушылар арасында насихаттау, жазушы өмірімен мәліметтер беру, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын таныту, ой – өрістерін, тіл байлықтарын дамыту. Өткізілу формасы: конференцияКөрнекілігі: слайд, бейнебаян, шығармалары туралы көрме.Жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі1.Сынып оқушыларын топқа бөлу. Топ: «Махаббат», «Қызық», «Мол жылдар»ІІ. Эстафеталық оқу (оқушылар өздері оқыған көркем шығармалары жөнінде таныстырылым жасайды)ІІІ. Ой шақыруІҮ. Буктрейлер («Махаббат қызық мол жылдар» тарихи романы жайында)Ү. Кім? Қашан? Қайда?ҮІ. ҚорытындыБарысы:Тәрбиеші: Құрметті оқушылар! Жалпы баршамызға белгілі биылғы оқу жылының тәрбие саласы бойынша басым бағыттардың бірі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы аясындағы әлеуметтік жобалары аясында жұмыс жасау. Біз бүгінгі сабағымызды «100 кітап» жобасы бойынша өткізгенді жөн көріп отырмын. Олай болса, конференцияның бірінші бөлімі бойынша оқушыларға сөз кезегін беруді жөн көріп тұрмын. (оқушылар өздері оқыған көркем шығармалары жөнінде таныстырылым жасайды)Тәрбиеші: Ия, балалар, сонымен қатар Әзілхан Нұршайықовтың өмірімен және тарихи шығармаларымен танысқан болатынбыз. Олай болса, «Ой шақыру» сұрақтары арқылы Ә. Нұршайықовтың шығармашылығын еске түсіріп алайық.
  • Әзілхан Нұршайықов қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1992 жылы, 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген)
  • Қай оқу орнын бітірді, қай салада қызмет атқарды?
  • Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семей қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.
  • Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949 ж)
  • 1953 – 1979 жылдары – «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушсі, «Социолистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары.
  • 1953 – 1956 жылдары – Павлодар облысы «Қызыл ту» газетінің редакторы.
  • 1961 – 1963 жылдары – республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.
  • Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстанға Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.
  • Кімдердің шығармаларына аударма жасады? (И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың «Адам тағдыры», П.Павленконың «Жарияланбаған хат» әңгімелерін, А.Якобсонның «Қорқау» пьесасын, т.б туындыларды қазақ тіліне аударды)
  • Ә.Нұршайықовтың қандай шығармалары мен еңбектері жарық көрді?
  • Тоғыз толғау 1977 жыл
  • Автопортрет 1997 жыл
  • Жамбылға хат: Әскери естеліктер 1996 жыл
  • Қаламгер және оның достары 2000 жыл
  • Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер 2000 жыл
  • Махаббат қызық мол жылдар 2002 жыл
  • Ақиқат пен аңыз 2004 жыл
  • Махаббат жырлары 2005 жыл
  • Мәңгілік махаббат жыры 2005 жыл
  • Таңдаулы шығармалар жинағы 2005 жыл


Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі конференциямызға «100 кітап» жобасы аясында арқау болып отырған Ә.Нұршайықовтың өмірі мен «Махаббат қызық мол жылдар» тарихи шығармасы бойынша буктрейлер дайындалған болатын, соны тамашалаңыздар. Тәрбиеші: Міне, балалар, біз бүгін Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» тарихи романын талқыламақпыз. (Роман жайында қысқаша түсінік беру)
  • Олай болса келесі Кім? Қашан? Қайда? Кезеңіміз бойынша шығармадан үзінді оқимын. Сіздер қай кейіпкердің қашан, қай жерде айтқанын табасыздар.
«Махаббат» тобына:
  • Осы дәрігердің бір салауаты бар. Үйде қанша ыңқыл – сыңқыл болып ауырып жүрсем де, құдайдың құдіреті, дәрігер алдында барғанда жазыламын да кетемін. Бүгін де сөйттім. Бағана түсте берген дәрісін ішіп, ағыл – тегіл терлеп едім. Енді міне мүлде жазылып кеттім. (Майраның анасы Мейірбан апаның сөзі)
  • Жұрт қалаға жете алмай жүрсе, сен Алматыдан облысқа, облыстан ауылға шапқылап жүргенің қызық екен. «Сары иттің басын сары табаққа салса шошып түседі» деген осы –ау. (Колхоз председатеьі Бүркітбайдың сөзі)
  • Соғыстан кімдер тірі қалды? Ербол аман оралды ма? Көрсең менен көп – көп сәлем айт. Әдіресімді бер. Бұл кімнің хаты, хат қай жылы жазылған? (1946 жылы 15 қыркүйекте жазылған Заманның хатына үзінді)
«Қызық» тобына:
  • Ой тілеуіңді бергір. Ой бір жақсы келіншек алып, көсегең көгерер! (Бибіш апайдың батасы)
  • Біз арбаға қайта отырдық. Тағы да «қош – қош!» деген дауыстар естілді. Жиендерім, жеңгелерім жылады. Апайым жаулығының шетімен тағы да орнынан әрең қозғалды. Мен енді қарашекеге қарамадым. Адал достың ауыр қасіретін көргім келмеді. (Ерболдың адал досы, яғни иті қарашекемен қоштасуы)
  • –жоқ, қалған жоқ. Ол бізбен бірге! Туған жер мына кітаптың ішінде. (Мұхит Әуеновтың «Ақын» романы жайында зеңбірік көздеушісі Құсайынов Айтқалидың пікірі)


«Мол жылдар» тобына:
  • Бір күні октябрьдің аяқ кезінде, Жомартбек екеуміз сабақтан қайтып жатақханаға жаңа ғана кірген едік. Жомартбек дереу шай әкелуге кетті. Оның артынан іле – шала ентіге жүгіріп бөлмеге Тана келді. Терезе алдында тұрған иенің қасыма әзер жетті де, еңіріп жылап қоя берді. ( Танадан досы Заманның тірі екенін естіген кезі)
  • Төртінші күні түсте ( жүгіріп келіп, таныс терезенің түбінен «Меңтай» деп дауыстадым. Терезе алдына ешкім келмеді. Тағы да «Меңтай!» деп айқаладым. Осы кезде іштен ақ халат киген қартаң сестра жүгіріп шықты) Осы кезеңде Меңтайдың күтпеген жерден өмірден озуы жөнінде хабар алды.
  • «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы кейіпкерлерден кімдер есіңізде қалды? (Ербол, Меңтай, Зайкүл, Жомартбек, Қанипа, Майра, Бүркітбай, Сәния, Сәлима, Мұхит, Айтқали, Шалдуар, Тана, Заманай, Төлеубек, Переш, Тұмажан)


Топтық жұмыс «Шығармашылық шыңы»Тәрбиеші: Жалпы бұл кезеңде топтар өз шығармашылықтармен жұмыс жасаулары қажет. Топтарға арнайы тапсырмалар беріледі.

Қорытынды: Өзінің шығармаларына зор рухани дүниені сыйдырған дарын иесі Ә.Нұршайықов – қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасымен келген қаламгер. Автор шығармалары тіл көркемдігімен, образдардың бейнелігімен, оқиғалардың тартымдылығымен, суреттеудің тартымдылығымен оқырмандарын баурайды. Бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз. Білім мен біліктілігімізді, тәлім мен тәрбиелігімізді арттыратын кітап екені даусыз. Ендеше баршамызға рухани азық беруші кітап оқуға шаұырамын. Кітап көрмесін таныстыру.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ