Майдан жырлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Майдан жырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Майдан жырлары

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мәнерлеп оқу сайысы Ұлы Жеңіске 72жыл толуына байланысты «Майдан жырлары» деген атпен өткелі отыр. Олай болса сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын.

«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Жеңіс күні! Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Сайн, Талғат Бигелдинов, Мұсабек Сеңгірбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.

Жанын қиған сен үшін,

Тоқта достым, сабыр ет.

Үнсіз тұрып бір минут,

Басыңды иіп тәжім ет.

Ұлы Отан соғысында Отан үшін жанын қиып, елге оралмаған қандастарымызды есімізде тұтып, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Әдеби монтаж:

Төнгенде Отан басына,

Шын сыналар ауыр күн.

Қиды ол жас өмірді,

Еркіндігі үшін елімнің. Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ,

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.

Бүкіл жерді бүркеп тастап зұлымдық,

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық.

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.

Отанының бақыты үшін мерт болған,

Батырларды есіңде ұста құрметте.

Иә, содан бері 72 бейбіт жыл артта қалды. Сол жеңіске қаһармандығымен ат салысқан ата – апаларымызды, олардың жан қиярлық ерліктерін біз ешқашанда ұмытпаймыз.

Отан- Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.



Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде,

Жиырма миллион жұлдыз жоқкөк жүзінде.

Олар қалды Сталинград биігінде,

Олар қалды Курск иінінде.

Жиырма миллион бастарын тікті өлімге,

Қалды олар теңіздің түптерінде.

Алтын ошақ-көре алмай мекендерін

Олар қалды жерінде шетелдердің.

Жұтты соғыс оларды отты тілмен,

Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен.

Жиырма миллион Отанның солдаттары,

Анттай бізге қасиетті болды аттары.

Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке,

Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке.

Әділқазыларды сайлау.

Жүргізуші: 72 жыл. Сонау сұрапыл басталған шақта дүниеге келген сәбилер бұл күндері алпысты еңсерген ел ағалары. Әйтсе де сол қасіретті жылдар жыл сайын қайта жаңғырып өткенді еске салады. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20-25 миллионнан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айырылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.Ұлы Отан соғысында Қазақстаннан 1млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар – ошарсыз кетті.

Жүргізуші:

Иә, Жеңіс күн! Бірақ блокададағы Ленинград іргесіндегі қаланы кеудесімен қорғағандар үшін бұл күн әлі алыс еді. Осы уақытта «Жыр алыбы» атанған ақын Жамбыл атамыздың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі ұран болған. «Ленинградтық өренім» Ж. Жабаев.Көжебай М

1942 жылы күзде Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар жүріп жатты. Ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны Қазақстан даласын да шарпыды. 1942 жылдың күзі Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады.

Жүргізуші:

Жұлып жеп жер мен көкті от тұмсығы,

Долының ұстанғанда қояншығы.

Қанатын ақша бұлттар қанға малып,

Өртеніп күп-күрең боп таудың шыңы.

«Елге хат» Қ. Аманжолов. Мәдениетов Т 11-сынып

Жүргізуші:

Қазақстандықтар осы соғысқа қатысып, майданда жаппай ерлік көрсетті.518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды Соның 97-сі қазақ.Мыңдаған қазақстандықтар Кеңес өкіметінің орден, медальдарымен марапатталды.

«Мен қазақ» Рахимгалиев Б

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Беженица маңында тұлғасы тұр,

Дегендей: «ерлікке аттан, еңбекке аттан»

«Өсіп тұр бір қызыл гүл таста тірі» Жуманова С

Жүргізуші:

Беу, аяулы ару қыз, қыршын кеткен,

Жыр оқимын жүрегім дүрсілдеп мен.

Ерлігі қайталанбас қайсар қызды,

Ақындар жырға қосып жүрсін деп пе ең? Маутжанова Д

Жүргізуші:

Жаутаңдап қарап дала тұр, Кешікпей жарым келер деп

Көз жасын сүртіп жаңа бір Төрінен сайлап орынды.

Хабарсыз ұлын сұрауға Батысқа қарап елеңдеп,

Жолыңды тосып ана жүр. Ару жүр тосып жлыңды

Қаша үйдің ұрлап адамын Көтерді бәрін ауырдың,

Қанша үйде сөніп қалды оттар Азамат болып арды ақтар

Көрдің бе ұлын ананың Көрдің бе жарын арудың

Соғыстан қайтқан солдаттар. Соғыстан қайтқан солдаттар.

Харамбай А

Жүргізуші:

Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек.

Соғыстың құны – лаулаған орман,

Соғыстың құны – уланған арман

Соғыстың құны – өртенген аспан,

Соғыстың құны – төгілген жас қан. Оразханұлы А





Жүргізуші:

Біріктіріп үміті мен тілегін,

Біріктіріп барлық күшін жігерін.

Ана үшін, бала үшін, жер үшін,

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін. Құндызбаева Н

Жүргізуші:

Жеңіс күні! Адамзат аңсап күткен күн, Жеңістің туын тіккен 1418 тәулікке созылып, азаттық күрестің айбынды күнін әкелген Жеңіс күні. Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының мәңгі есінен кетер ме? Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.





Жеңдік қой жауды, арман не құрбым,

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.

Келетін қайтып, өлеңімді айтып,

Қайда екен, қайда, дариға сол қыз? Құмарова Д

Жүргізуші:

Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да сол аға – әпкелеріміздің, ата – бабаларымыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты, асыл қазынасы.Сондықтан осынау кең байтақ, әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету мына біздің қолымызда.

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан,

Менің байтақ Республикам таулары

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан. Серікқан Салтанат

Жүргізуші:

Иә, содан бері 72 бейбіт жыл артта қалды. Сол жеңіске қаһармандығымен ат салысқан ата – апаларымызды, олардың жан қиярлық ерліктерін біз ешқашанда ұмытпаймыз. Қарап отырсақ өткен ғасырда біздің ата – бабаларымыз Азамат соғысын, Ұлы Отан соғысын, одан кейін көптеген күйзелістерді бастан кешірді. 1991 жылы Тәуелсіздік алған күн. Ол да оңайшылықпен келген жоқ. Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е Сыпатаевалардың ерлігі ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса бермек.

Сөз әділқазыларға беріледі.

Халқымыздың аталы сөздерімен қарулана отырып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасын егемендіктің кілтін ұстар жарқын болашаққа апарар алтын сүрлеуі деді. Осы сүрлеуменбарар жолда егемен еліміздің шоқтығын биіктете беру үшін тер төгіп еңбек етуіміз қажет. Аға ұрпақтың жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы өздерің.

Сонымен бүгінгі 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған «Майдан жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды. Сіздерге көп рақмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2018
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі