Материалдар / Майтабандық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Майтабандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2018
909
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МайтабандықМайтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен. Бұл аяқтың амортизациялық қабілетін нашарлатады. Аяқ тез шаршап, табанда ауырсынулар байқалады. Табан күмбездерінің деформациялануына қарай майтабандықтың екі түрі анықталған: бойлық және көлденең. Пайда болуына қарай майтабандықтың төменгідей түрлері болады:
  • туабітті пайда болатын майтабандық – құрсақ ішіндегі даму ауытқуының салдарынан болады. Жалпы, туабітті майтабандық өте сирек кездеседі;
  • рахитттік (мешелдік) майтабандық – бір жасында рахитпен ауырған балаларда кездеседі. Рахиттің салдарынан өзгеріске ұшыраған сүйектер мен буынды сіңірлерге баланың дене салмағы түсуі салдарынан болады. Дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеуі де себеп болуы мүмкін; жарақаттанудан кейін пайда болатын майтабандық – толарсақ, өкше және тобық сүйектернің сынуынан кейін қалыптасады;
  • паралич (сал ауруы) салдарынан болатын майтабандық. Екі немесе бір аяқтың ортан жілік бұлшық еттері мен қысқа бұлшық еттерінің сал ауруының нәтижесінде, орталық және шеткі жүйке жүйесінің бұзылыстарынан пайда болады;
  • статикалық майтабандық – табан деформациясының ең көп тараған түрі. Ұзақ уақыт бойы түрегеп тұрып істелетін жұмыстың, артық салмақтың, эндокринді бұзылыстар салдарынан болады.
Туабітті пайда болатын майтабандықты ертерек анықтау үшін сәбиді бір айлығында ортопед дәрігерге міндетті түрде көрсету керек. Бұл сәбидің туабітті қаңқа аурулары мен ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Кейде майтабандық перзентханада да анықталып жатады. Бұл жағдайда шұғыл шаралар қолданылып, сәбидің аяғына гипстен жасалған арнайы қалыптар кигізіледі. Ал 3 жасында ортопед сәбидің аяқ-қолының ұзындығын өлшеп, табан күмбездерінің жағдайын бақылайды. Осы жастан бастап майтабандық белгілерін назардан тыс қалдырмай, ортопед дәрігерге жыл сайын қаралған дұрыс. Көбінде сәбилерде бойлық майтабандық байқалады. Бұл туа біткен және жүре пайда болған түрде болады. Майтабандық деген нақты диагнозды сәбилерге 5–6 жасында қоюға болады. Одан ертерек, шамамен 3 жасында белгілерін байқауға болады. Барлық сәбилердің табаны үш жасына дейін жалпақ болып келеді. Яғни, бұл жастағы сәбилердің тері асты майы өте көп мөлшерде болады. Сондықтан майтабандықтың бар-жоқтығын анықтау мүмкін емес. Айлайда, уақыт өтісімен табандағы май біртіндеп ысылып, сіңірлер мен бұлшықеттер жиырылып, қатая бастайды. Майтабандықтың салдарынан балаларда төмендегідей қиындықтар туындауы мүмкін. Табанның аса маңызды қызметі – амортизация қабілеті – бұзылады. Нәтижесінде жүріп, жүгіру кезіндегі дене тербелісі сирақ, ұршық буындары мен омыртқаға беріледі. Буындарға ұзақ уақыт салмақ түскендіктен қабынулар нәтижесі артрозға алып келуі мүмкін. Майтабандықтың омыртқаға тигізетін әсерінен омыртқа қисайып, сколиоздың дамуы мүмкін. Ал аяқтың шаршап ауырсынуы, бас ауыруы болашақта баланың сабағының нашарлауына септігін тигізеді. Майтабандықтың бар екенін дәрігерге бармай тұрып қалай анықтауға болады? Негізі майтабандықты ортопед дәрігер анықтайды, алайда үй жағдайында қарапайым тест арқылы сіз балаңызда майтабандылықтың бар-жоқтығына көз жеткізе аласыз. Тестті жасау (плантография) үшін баланың табанына өсімдік майын жағып, таза парақтың бетін басқызасыз. Нәтижесінде бала табанының ізі алынады. Осы іздің түріне қарай майтабандық анықталады. Егер де із жалпақ, яғни табанның бүкіл беті із болып түссе – балаңызда майтабандық бар деген сөз. Майтабандылығы жоқ адамның ізінде табанның ортаңғы ойығы оның енінің 2/3 бөлігін алды. Майтабан адамда ондай ойық мүлдем болмайды. Жүре пайда болатын майтабандылыққа әсер етуші факторлар:
  • Баланың артық салмағы.Сапасы төмен аяқ киім кию (тым жұмсақ немесе қатты табанды аяқ киім, резеңке аяқ киім, өкшесі тым биік немесе өкшесі жоқ аяқ киім).
  • Баладағы мешел ауруы және кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы.
  • Теріс бітіп кеткен сыну.
  • Ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт төсек тартып қалу.
  • Буындардың тым көп қимылдауы.
  • Ауыр көтеру (мысалы: бала кезінде өзінен кейінгі іні қарындастарын көтеру).
  • Балетпен тым ұзақ уақыт шұғылдану.
  • Балаға аяқ киімді қалай таңдау керек?
Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқкиімнің сапасы өте маңызыды. Сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы тақасы (каблук) жарты сантиметрден кем немесе көп болмауы керек. Сонымен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болу керек. Балаға аяқ киімді қалай таңдау керек? Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқкиымның сапасы өте маңызыды. сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы тақасы (кәблук) жарты сәнтиметрден кем немесе көп болмауы керек. сөнімен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болу керек.Адамның табан сүйегі мен бұлшық еті дұрыс жетілуіне аса мән берген жөн. Ол үшін мынадай ережелерді есте ұстаған дұрыс: - балаға басқалардан қалған аяқ киімді кигізбеген жөн; - аяқ киім тар болмауы тиіс; - аяқ киім ұшы тым сүйір болмасын; - саусақ ұштары мен аяқ киім ұшының арасы кем дегенде 1 сантиметрдей қашық болуы керек; - балаға өкшесіз, жіңішке өкшелі аяқ киім кигізбеуге тырысыңыз; - жасөспірімдерге өкшесінің биіктігі үш-төрт сантиметрден асатын аяқ киімді көп киюге болмайды; - ортопедиялық кебістерді майтабандыққа бейім балалардан басқаларға киюге тиым салынған. ...Сонымен, балаңызды майтабан болудан сақтаңыз. Майтабандықтың алдын-алуға болады екен. Ол үшін бала табанының дұрыс өсіп-жетілуіне жағдай жасаңыз.Майтабандықты емдеу Бұл ауруды емдеудің негізігі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды жою, аяқтың бұлшықеттері мен сіңірлерін күшейту және табанның қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар: хирургиялық жолмен (операция) және керітартпа жолмен. Керітартпа жолмен емделу тәсілі: емдік гимнастиканы, массаж, аяқ ванналары, физиотерапия, дұрыс ортопедиялық жолмен жасалған аяқ киім немесе ұлтарақ кию. Майтабан болудан сақтаныңыз! Баланың табан сүйегі мен бұлшық еті дұрыс жетілуіне аса мән берген жөн. Ол үшін мынадай ережелерді есте ұстаған дұрыс:-балаға басқалардан қалған аяқ киімді кигізбеген жөн;-аяқ киім тар болмауы тиіс;-аяқ киім ұшы тым сүйір болмасын;-саусақ ұштары мен аяқ киім ұшының арасы кем дегенде 1 сантиметрдей қашық болуы керек;-балаға өкшесіз, жіңішке өкшелі аяқ киім кигізбеуге тырысыңыз;-жасөспірімдерге өкшесінің биіктігі үш-төрт сантиметрден асатын аяқ киімді көп киюге болмайды;-ортопедиялық кебістерді майтабандыққа бейім балалардан басқаларға киюге тиым салынған....Сонымен, балаңызды майтабан болудан сақтаңыз. Майтабандықтың алдын-алуға болады екен. Ол үшін бала табанының дұрыс өсіп-жетілуіне жағдай жасаңыз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!