Материалдар / Майя: технологиялық жетістіктер және әлеуметтік-мәдени даму
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Майя: технологиялық жетістіктер және әлеуметтік-мәдени даму

Материал туралы қысқаша түсінік
Майя тайпасының тарихы мәдениет және технологиялық жетістіктері баяандалған.
Авторы:
27 Сәуір 2024
229
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала авторы: Рахымбай Асылхан

Ғылыми жетекшісі: Нұрмұхан Еңлік



Мақала тақырыбы: Майя: технологиялық жетістіктер және әлеуметтік-мәдени даму



Жоспар



1. Кіріспе



Майя тайпасы



2. Негізгі бөлімі:



1.Тарихы



2.Технологиялық жетістіктер



3.Әлеуметтік-мәдени дамуы





Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер













Майя — майя тілінде сөйлейтін үндіс халықтарының тобы. Олар негізінен Мексиканың шығыс және оңтүстік штаттарында (Табаско мен Чьяпастың шығысында және Юкатан түбегінде шамамен 2 миллион адам), Гватамелада (3,7 миллион адам),Белиздің оңтүстігі мен солтүстігінде (30 мың) тұрады. Гундурас пен Сальвадордын батысында тропиктік ормандар мен таулы жазықтарды мекендейді (шамамен 30 мың адам). Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінеді.



Тарихы

Майяның арғы аталары шамамен б.з.б. 4—3-мыңжылдықта Мексика шығанағының солтүстік жағалауынан Чьяпас пен Гватемаланың таулы аудандарына қарай қоныс аударған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңында Веракрус пен Табаскада Майя тілдес ольмектер Орталық Америкада алғашқы мәдениеттің негізін қалады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында олардың мекеніне басқа тайпалардың (тотонак, ацтек, михе-сохе, т.б.) баса-көктеп кіруінің нәтижесінде ольмектер мәдениеті құлдырады. Б.з. бастапқы кезеңінде Майя қала-мемлекет мәдениеттері қалыптаса бастады. 7—9 ғасырларда Майя қалаларын тольтектер мен оған одақтас тайпалар бағындырғанымен, Юкатан мен таулы Гватемалада науалардың елеулі ықпалына ұшыраған Майя мәдениеті одан әрі дами берді.

21 ғасырдың басында бұл аймақта жеті миллион майялар өмір сүрген деп есептеледі. Гватемала, Мексиканың оңтүстігі және Юкатан түбегі, Белиз, Сальвадор және батыс Гондурас ежелгі мәдени мұраларының көптеген қалдықтарын сақтай алды. Кейбіреулер өздері тұратын елдердің испан тілді метистердің мәдениетінің көпшілігімен біріктірілген, ал басқалары дәстүрлі, мәдени тұрғыдан бөлек өмірлерін жалғастырады.





Діні

Майя діні - римдік католицизм, ол байырғы майя дінімен біріктірілген бірегей синкреттік дінді құрайды, ол бүкіл елде кең таралған және 2010-шы жылдарға дейін ауылдық жерлерде сақталған «православия». Дегенмен, 1960-шы жылдарға дейін протестантизм Гватемалада және басқа қалалық орталықтарда басым дін ретінде пайда болды, ал 2010 жылдардың аяғында бұл Батыс Гватемаланың бірнеше ауылдық жерлерінде болды. Батыс Гватемаланың ауылдық жерлері негізінен католицизммен, ал шағын және орта қалаларда 2013 жылдан бастап христиан дінін баяу қабылдай бастады





Тілі

Үндістердің пенути тіл шоғырының жеке тобын құрайтын, туыстас майя және киче тілдерінде сөйлейді. Испан тілінде де сөйлейді.





Кәсібі

Ауылдық жерлердегі қазіргі майялар америка үндістеріне тән дәстүрлі мәдениетті сақтайды. Негізгі дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатынг егіншілік.Қарапайым ауылшаруашылық құралдары сақталған (тұқым салатын шұңқырлар жасайтын үшкір таяқ, ағаштарды кесуге арналған балта). Соқа қала маңындағы суармалы егістіктерге таралады. Дәстүрлі омарта шаруашылығы (әсіресе Юкатанда), құс шаруашылығы (түйкетауық, испандар жаулап алғаннан кейін – тауық), аңшылық (шалғайдағы ауылдарда құстар мен маймылдарды аулау, бұғыларды топтасып аулау), терушілік (бал, жаңғақтар, жемістер, ұлулар), балық аулау т.б. Сондай-ақ тауда сиыр, шошқа, жылқы, ешкі, қашыр, есек, қой өсіреді. Дәстүрлі қолөнерден керамика, кесте тігу, тоқымашылық, ағаш өңдеу, ағаш ою, тауда – қол тоқыма станоктарында өрнекті тоқу, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, қайық жасау дамыған. Олар кофе плантацияларында жалдамалы жұмыс істейді, тұз өндірумен, әктас өндірумен, балық аулаумен және орман шаруашылығымен, қызмет көрсету саласында және өнеркәсіпте айналысады.





Тұрмыс салты

Әлеуметтік ұйымдарында діни-азаматтық иерархия, ғұрыптық қатынастар орныққан. Қауымның негізін әкімшілік, діни және сауда орталығы — пуэблоның айналасына қоныстанған шағын елді мекендер халқы құрайды. Оқшауланған аудандарда үлкен және кеңейтілген патрилиналдық отбасылар, қауымдық эндогамия сақталған, көп әйелдік, уақытша матрилокалды неке, немере ағайындық неке және қалыңдықтың қалың малын жұмыспен өтеу жүйесі қалыптасқан. Тұрғын үйлері сырықтардан, құрақтардан, сабаннан құрастырылып, екі немесе төрт жақты, сабанмен немесе пальма жапырақтарымен жабылған биік шатырлы болып келеді. Шағын ауылдардағы үйлер, негізінен, саз кірпіштерден салынады. Сопақ пішінді көне тұрғын үйлер де кездеседі. Әр үйде су құятын үлкен қыш ыдыс, тас дән үгіткіш, аласа орындықтар, сәкі, бұрышта үш тас негізінде ошақ, ішкі аулада ас ішетін орын мен астық сақтайтын қойма болады.

Ерлердің негізгі киімі таңғыш жамылғы (эш) болды - ол белге бірнеше рет оралған, содан кейін ұштары алдына және артына ілініп тұратындай етіп аяқтың арасына өтетін мата жолағынан тұрды. Әйелдер киімі екі негізгі заттан тұрды: кеудеден жоғары басталып, иықты жалаңаш қалдыратын ұзын көйлек (куб) немесе (мысалы, Юкатандағы сияқты) қолдар мен бастарға арналған саңылаулары бар төртбұрышты материал, және белдемше болды. Көйлек пен белдемшені бірге немесе бөлек киюге болады, Сыртқы киім, ұзынырақ жамылғы шекпен болды, киімнің барлық элементтері түрлі-түсті өрнектермен безендірілген. Ер адамдар тапир немесе бұғы терісінен жасалған сандалдар киген. Әйелдер негізінен жалаң аяқ жүрді.
Қазіргі майя әйелдерінің костюмі тобыққа дейін жететін ұзын белдемшеден тұрады - корте. Бұл жай ғана жолақ немесе кішкентай кесте өрнектермен безендірілген тікбұрышты мата. Белдемше өрнекті белдікпен бекітіледі, оның ұзындығы мен ені әйелдің жасына және қоғамдағы орнына байланысты. Әйелдер киімінің екінші құрамдас бөлігі - бос блузка (уипили). Ол әдетте иыққа ілініп киіледі, ол сондай-ақ жүкті тасымалдауға, баланы орап алуға немесе суық мезгілде өзінің орануына болады.
Ерлер костюмдері түрлі-түсті. Әдетте өте кең және қысқа (ұзындығы балтырдың ортасына дейін). Түсті жолақты жейделер шалбарға тығылып, белге түрлі-түсті белбеу оралған. Қосымша иыққа тағылатын немесе белбеуге байланған үлкен кенеп сөмке. Бас киімдері түрлі-түсті ленталармен безендірілген жалпақ жиектері бар панама қалпақтарынан өте тар жиектері бар дөңгелек тар қалпақтарға дейін.

Дәстүрлі ауыз әдебиеті үлгілері, көне әндер, ертегілер мен аңыздар, билер сақталған.

Майялардың негiзiнен атақонысы болып саналатын жер — Мексиканың Гватемаланың, Белиз бен Гондурастың, Сальвадордың шалғай қалың орманды өлкелерi едi. Ал, бүгiнде ол аймақта соңғы бiр-екi ғасырда көшiп барған ұлты мен тегi алуан түрлі америкаланған жұрттар мекен етуде.

Әрине, майялар өз атамекенiн тастамаған. Бiрақ оларды ығыстырып шығарды, қарсылық көрсеткендерiн атып, асып, бұл ұлысты тарих бетiнен жоғалтуға ұмтылыс жасаған американдық саясат өз дегенiне жеттi. Бұл зерттеу жүргiзiлмеудiң бiр себебi.

Екiншiден, олардың бiзге жеткен тастағы жазбалары мүлдем түсiнiксiз болды. Қаншама ғалым көз майын тауысқанымен оқылуы мүмкiн болмады. Ал, 1990 жылдан бергi уақытта ғана жанкештiлiкпен жазбаға үңiлген зерттеушiлер тастағы мәтiннiң бiрен-саранын ғана оқуға мүмкiндiк алып, Гватемала джунглилерiндегi археологиялық жаңалықты үндiстер ұлысының арқауы болған ежелгi мәдениет пен руханият деп баға бердi.

Ал, бұған дейінгi зерттеулерге қарасақ, осыған дейiн Чичен-Ица Копан, Ушмаль, Тикаль тәрiздi қалалары ашылған. Және мұның үндiстердiң ежелгi мәдениетi мен тарихы және жылнамаларынан хабар беретiн мүмкiндiк тудырған. Осы қалалардың бiрiне жақын зираттан, атап айтсақ, Гватемаланың солтүстiк-батысында орналасқан Вака атты ежелгi қаладан табылған бұдан 1200 жыл бұрынғы әмiршi әйелдiң қабiрi екенiне көз жеткiзiлген. Оның жерлеу рәсiмiндегi шараларына қарап майялар өркениетiне қатысты бiршама деректi ұшырастыруға болады.















Өйткенi, ол жауынгерлiк дулыға кигiзiлiп жерленген. Соған қарап ғалымдар бұл әйел әскери адам болған деген де пiкiр айтуда. Жорамалға сенсек, мұндай мәртебеге ие болған әйел жоғарғы шендi қолбасшы, немесе әскер басы болуы тиiстi.

Зиратта сонымен қатар теңiз мысығының сүйектерi де табылыпты. Ежелгi түркi өркениетiнде өлген адамға деген құрмет үшiн жылқы малын көрге бiрге көмсе, бұл халықтарда да құрбандық шалу риторикасы болса керек. Жалпы, зерттеушiлердiң пiкiрiнше, осы Майя жұрты мен Түркi халықтарының арасында ұқсастық өте көп. Майялардың Ушмаль қаласының аты "Үш рет қайта салынған" дегенді білдіреді.

Майя өркениетiнде құрбандық шалу — екi түрлi болған. Бiрi құдайға шалатын құрбандық, екiншiсi өлген адамға құрмет көрсету үшiн шалынатын құрбандық.

Көз жұмған кiсiге деген құрбандықты мал мен аң атқарса, құдайға деген құлшылықтарында қолға түскен жаудың тұтқындарын шалатын болған. Әсiресе, дiни мейрамдар қарсаңында арнайы сақталған тұтқындарын өлiм жазасына кесiп, құдай алдындағы мiндетiн өтейтiн болған.

Мәдени даму Майя халықтарында да болған. Бұдан шамамен 2000 жыл бұрын өмiр сүрген Сиваль қаласының орнын зерттегенде қазба жұмысын зерттеушiлер бұл жердегi мұрағаттарға қарап, қала классикалық дәуiрдi бастан кешкен деген тоқтамға келген.

Сәулет құрылыстары мен сарай салу өнерi осындай тоқтамға келтiредi екен. Көлемi бес-алты метрден асатын сарай қабырғалары мен алып мүсiндер сонымен қатар күрделi жазбалармен де өрнектелген. Бiрақ осынау жазбалардың оқылмай келген де себебi бар.

Әлем кiтап оқуға бет бұрған кездiң басы саналатын ХVII ғасырда Еуропада шiркеу мен дiн басылар тарапынан мұндай түсiнiксiз және мистикалық құдiретке ие жазуларды оқуға мүлдем тиым салынды. Сондай кедергiлердiң салдарынан Сиваль қаласындағы жазбаларды оқуға мүмкiндiк 1950 жылдарда ғана туды.

Мұның нәтижесiнде Майя халықтарының тек жауынгерлiктi ғана баптап қоймай, дәрiгерлiкпен, iсмерлiкпен, қолөнермен, сондай-ақ, астрономиямен шұғылданғанын байқаған.

Майялардың iшiндегi жиi-жиi болатын шабуыл — олардың даму мүмкiндiгiне де кедергi келтiрдi. Зерттеушiлер тiптi Майя халықтарының ыдырап кету себебiн ең бiрiншi соғысқұмарлығына қатысты сабақтастырады.

Олардың соғысқұмар болғандығының тағы бір дәлелі, зираттар мен қазба жұмыстарында табылған соғыс құралдарымен қатар, тiптi, мүсiн және архитектуралық заттарының өзiнен қиналып өлгелi жатқан тұтқындардың бейнесiн жасағаны дәлелдейдi.

Майя жұлдызшылары бүгiнге жеткен Григориан күнтiзбесiнен бұрын уақытты дәлме-дәл есептейтiн грек пен римдiктердiң ойына да келмеген уақыт санауды ашқаны соңғы кездерде белгiлi болып жатыр.

Мұның бiр мысалы, iнжiр ағашының қабығынан жасалған қағаздардағы жазбалары үлкен ойшылдықты айқындайды. Дегенмен бұл жазбалар толық жетпеген. Майя өркениетiнен бiзге жеткен бiр таңсық нәрсе — ол ас үй.

Бұршақ пен какаоны пайдалану нәтижесiнде жасаған көбiктi шокаладтарын қазба жұмыстары дәлелдесе, олардың табиғи каучуктен жасалған доптарына қарап, қазiргi заманғы футбол ойыны майялықтарға тән деген де жорамал айтылуда. Салмағы 3,5 келi болатын ауыр доппен ойнау тек қана ойын емес, ер жiгiттердi сынау да болыпты. Осының нәтижесiнде талай адам жараланып, жеңiлiс тапқандарды өлтiру де кездескен.

Жалпы зерттеушiлер бұл өркениет жайында көп пiкiр айтады. Құрып кетуiнiң себептерi ретінде — 1)халық саны көбейiп, өздi-өзi соғысу түбiне жеткен, 2) ұзаққа созылған құрғақшылық, 3) Америка құрлығының ашылу кезеңi т.б. да атайды









Майя жұртының өздеріне тән технологиялары болған

Майялықтарда екі бірдей қазіргі күнге тән технология кездеседі: дөңгелек және металдан жасалған аспаптар.

Археологтардың қазба жұмысы кезінде тапқан жәдігерлеріне қарасаңыз, майялықтардың цементті қалай құю керектігін білгенін көруге болады. Одан бөлек олар өте күрделі оталарды жасай білген. Мәселен жанартау атқылау кезінде қалған қалдық тастар арқылы адам денесіне ота жасаған. Ал ғалымдарды таңдандырып отырғаны, сол кездегі құралдардың қазіргі кездегі үлгісінің болуы.

Суда жүзуді де білген

Майя өркениетіне үңілсек, бұл халық су астында да, үстінде де жүзіп білген. Жай жүзу емес, теңізге шығып, географиялық негізді қалау үшін Азиядан Америка құрлығына барған деген деректер де бар.

Майялықтарда ғарыш кемесі болған жоқ, бірақ байланыс болған

Бұл қалай? Иә, өркениетті Майяның ғарышқа баратын кемесі болмаған. Бұл кейінгі қаншама мыңжылдақтан кейінгі жаңа технологияның жемісі ғой. Бірақ ең қызығы олардың ғарышпен байланысы болған. Яғни зерттеу орталықтары мен сарайлары салынған. Себебі өркениетті жұрт астрономия ғылымын жетік меңгеруге ұмтылған. Ал бұл сөзімізге куә болатын зерттеу орталығы, Юкатан аралында орналасқан ғимаратқа тән. «Эль-Караколь» деп аталатын ғимаратты ғалымдар «ғарышқа байланысқа түкен обсерватория» деп атайды. Ғимараттың биіктігі 15 метр Ғимарат Венера орбитасына негізделіп құрастырылған. Олар үшін Венераның рөлі ерекше. Күнтізбелері мен адамды құрбандыққа шалатын мерекелерінің бәрін осы ғарыштық түсінік арқылы қалыптастырып отырған.

Майялықтар уақыттың не бастау не аяқталу нүктесі еместігін адамзаттан бұрын білген

Өркениетті Майя жұрты үш бірдей күнтізбе пайдаланған: азаматтық күнтізбе, Хааб күнтізбесі, Цолькин күнтізбесі.

Хааб күнтізбесі 18 ай 20 күнмен есептелген. Онда 360 күн жылына айналып отырған. Ал Цолькин күнтізбесі бойынша 20 ай 13 күн болса, онда жылына 260 күн бар деп түсіндірілген. Олардың күнтізбесі бойынша уақыт еш жерден басталмаған, еш жерден аяқталмаған. Мәңгі бір айналымда айналып, қайталанып отырған.

Майя жұрты әлі де бар

Зерттеушілердің көбі бұл тайпаны жерден жойылып кеткен деп есептейді. Ал шындығында олар арамызда бар. Солтүстік Америкада олардың өмір сүру ортасы бар. Тіпті сандары да белгілі болған. Алты миллион майялықтар жер бетінде әлі де болсын өмір сүреді. Бірақ бұл тайпаны заманға ерген жаңа майялықтар деп атауға болады. Ең қызығы, олар ата-бабалары жайында қандай естелік айтар екен...



Өкінішке орай, үнді тайпаларының мәдениеті, тарихы, діні туралы тек сақталған архитектуралық және мәдени материалдық құндылықтардан білуге ​​болады. Ежелгі үндістердің мәдени мұрасының көп бөлігін жойған испандық жаулап алушылардың айуандық көзқарасына байланысты ұрпақтар үшін осы ұлы өркениеттің шығу тегі, дамуы және құлдырау себептері туралы білім алу үшін өте аз дереккөздер бар!

Дамыған жазба тіліне ие болған майялар өздерінің гүлдену кезінде өздері туралы көптеген мәліметтер қалдырды. Алайда, тарихи мұраның көп бөлігін отарлау кезінде Орталық Американың үндістерінің арасына христиан дінін отырғызған испандық діни қызметкерлер қиратты.

Тек тас тақталардағы жазулар ғана сақталған. Бірақ жазбаны шешудің кілті шешілмей қалды. Белгілердің үштен бір бөлігі ғана заманауи ғалымдардың түсінігіне қол жетімді.

  • Архитектура:Майя өзінің ұлылығымен таң қалдыратын тас қалаларды тұрғызды. Қалалардың ортасында храмдар мен сарайлар салынды. Пирамидалар керемет. Металл құралдарсыз ежелгі үндістер керемет түрде әйгілі мысырлықтардан кем түспейтін пирамидаларды жасады. Пирамидалар әр 52 жыл сайын салынуы керек еді. Бұл діни ережелерге байланысты. Бұл пирамидалардың ерекшелігі - бұрыннан бар пирамиданың айналасында жаңасының құрылысы басталды.

  • Өнер:тас құрылыстардың қабырғаларында кескіндеме іздері және негізінен діни сипаттағы тас мүсіндер бүгінгі күнге дейін сақталған.

  • Өмір:ежелгі үндістер терімшілікпен, аңшылықпен, егіншілікпен, бұршақ, жүгері, какао, мақта өсірумен айналысқан. Суару жүйесі кеңінен қолданылды. Кейбір тайпалар тұзды өндірді, кейін оны басқа тауарларға айырбастады, бұл айырбас сипатында болған сауданың дамуы болды. Зембілдер немесе қайықтар тауарларды, жүктерді тасымалдау үшін және өзендердің бойымен жүру үшін пайдаланылды.

  • Дін:Майя пұтқа табынушы болған. Діни қызметкерлер ай мен күннің тұтылуын болжайтын математика және астрономия саласында білімге ие болды. Діни ғұрыптарда өзін-өзі өлтіру рәсімдері болды.

  • Ғылым:Үнділер жазуды дамытқан, математика саласында білімі болған және жоғарыда атап өткендей, астрономия саласында таңғажайып білімге ие болған.



айя өркениетінің басталуы біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Мәдениеттің гүлденген кезеңі бірінші мыңжылдықтың аяғына – 200-900 жылдарға келді. BC. Ең маңызды жетістіктерге мыналар жатады:

  • Жыл мезгілдерінің өзгеруін дәл көрсететін толық жобаланған күнтізбе;

  • Ғалымдар әлі толық ашпаған иероглифтік жазу;

  • Ежелгі дүниенің басқа озық өркениеттерінде болмаған нөл ұғымының математикада қолданылуы;

  • Санау жүйесін қолдану;

  • Астрономия мен математика саласындағы жаңалықтар – майя ғалымдары өз замандастарынан жүздеген жылдар алда болды. Олардың ашқан жаңалықтары сол кезде өмір сүрген еуропалықтардың барлық жетістіктерінен асып түсті.

Жаңа дүние өркениеті құмыра доңғалағын, доңғалақты ойлап табу, темір мен болат балқыту, үй жануарларын ауыл шаруашылығында пайдалану сияқты маңызды техникалық жетістіктерсіз және басқа елдердің дамуына серпін берген басқа жетістіктерсіз шыңына жетті. халықтар.

10 ғасырдан кейін Майя өркениеті жойылды.

Қазіргі ғалымдар ежелгі дәуірдегі ең ұлы халықтардың бірінің құлдырауының себебін әлі атай алмайды.

Бар ұлы өркениеттің жойылу себептері туралы бірнеше нұсқалар. Олардың ең ықтималын қарастырыңыз:

Ұлты бір-бірімен жиі соғысатын әр түрлі қала-мемлекеттер тобы болды. Араздықтың себебі топырақтың бірте-бірте азаюы, егіншіліктің құлдырауы болды. Билер билігін сақтап қалу үшін басып алу және жою саясатын жүргізді. Сегізінші ғасырдың аяғынан сақталған суреттер өзара соғыстардың көбейгенін айтады. Көптеген қалаларда экономикалық дағдарыс дамыды. Қираудың ауқымы соншалық, ол ең ұлы өркениеттің құлдырауына және одан әрі жойылуына әкелді.





ҚОРЫТЫНДЫ



Бүгінде олар Гватемала, Мексика, Гондурас және Белиздің кейбір аймақтарында тұрады. Орталық Американың джунглилерінде ең көне және ең жұмбақ өркениет өкілдерінің негізін қалаған ондаған қалалар сақталған. Олардан тек қирандылар ғана қалды, бірақ олар бізге Майя мәдениетінің қандай болғаны туралы көп айтуға мүмкіндік береді. Дүние жүзіндегі мұражайлар бүгінде бір кездері оларға тиесілі көптеген керамикалық бұйымдарды, зергерлік бұйымдарды, мүсіншелерді сақтауда. Соңғы уақытқа дейін бұл халықтың мәдениеті туралы өте аз мәлімет болған. Қалалардың аттары, суретшілер мен діни қызметкерлердің есімдері ашылмаған жұмбақ болды.













Пайдаланылған әдебиеттер



  • Галленкамы Ч., Майя. Загадка исчезнувшей цивилизации, М., 1966;

  • Кузьмищев В.А., Тайна жрецов майя, М., 1968;

  • Соди Д., Великие культуры Мезоамерики, М., 1985.

  • Народы мира, историко-этнографический справочник, М., 1988.



Shape1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!