Материалдар / М.Әлімбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Әлімбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңес одағы кезінде де солақай саясаттың қаһарына ұшып кетермін деп именбей болашақ қазақ жастарын тәрбиелеуде дана халқымыздың тәлімдік тағылымдары туралы батыл ойлар айтқан заманымыздың заңғар ақыны, жазушысы Мұзафар Әлімбаев.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
76
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Әлімбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар


Кеңес одағы кезінде де солақай саясаттың қаһарына ұшып кетермін деп именбей болашақ қазақ жастарын тәрбиелеуде дана халқымыздың тәлімдік тағылымдары туралы батыл ойлар айтқан заманымыздың заңғар ақыны, жазушысы Мұзафар Әлімбаев.

Ақын өз шығармаларында халқымыздың асыл қазыналары мақал-мәтелдерді, жұмбақ-жаңылтпаштарды терең зерттеп, олардағы тәлім-тәрбиелік ойларды бала тәрбиесінің кәдесіне жарату мәселелерін жан-жақты талқылаған. Ол өзінің «Ескі бұғы», «Түлкі мен жолбарыс», «Түлкі мен қоян», «Еріншектер елінің Ертеңбайы туралы ертегі» шығармаларында балаларды, жастарды жақсылыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ақылды болуға шақырады. Мысалы: «Екі бұғы» ертегісінде тату-тәтті жайлауда жайылып жүрген екі бұғы күтпеген жерде шөпке таласып, мүйіздесіп қалады. Екеуінің биік мүйіздері бір-біріне шатасып, ажырамай қалады. Екеуі де шаршап қалған кезде аңшылардың құрығына ілінеді. Бұл шығарма арқылы автор «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халық даналығын арқау етіп, жанжал жақсылыққа әкелмейтінін нақтылы мысалдармен дәлелдейді.

М.Әлімбаев көлемі шағын өлеңдерінде балалар үшін тәлім-тәрбиелік мәні бар шығармалар жазып, оларды татулыққа, шыдамдылыққа, ынтымақ пен бірлікке, достыққа шақырады. Ақын 1996 жылдың басында бата-өлеңдердің тәрбиелік жақтары туралы «Батаменен ел көгерер» атты жинағын баспадан шығарды. [4]

М.Әлімбаевтың шығармаларындағы сөз мәйегі – нақыл сөздер. Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, ақын аға екі мың бес жүздей нақыл сөзді баспасөз бетінде жариялайды. Қазақтың мақал-мәтедері жинағына терген нақыл сөздерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор.

«Бұрып сөйлеген емес – мығым сөйлеген ұтады» деп айтылатын сөзге мән беру керектігін, дұрыс сөйлеудің маңызын ашып, сөз өрнегімен жеткізеді. Ақын ағамыздың аз сөзге көп мағына сыйғызған нақыл сөздерінің тәрбиелік маңызы зор.Нақыл сөздермен қатар халық фольклорының ежелден келе жатқан рухани қазыналарының бірі – жұмбақтарға да қалам тартқан ақын бірнеше шығармаларын арнайды. Мәселен: «Бұл қай кезде болады?», «Бұл не?», «Адас атаулар», «Адасқан әріптер» атты өлең жырлары жұмбаққа құрылған шығармалар.

Бала тәрбиесіндегі ойындардың, әсіресе, ұлттық ойындарымыздың маңызды орын алатынын ескеріп, «ойнап өспеген бала ойлап өспейді» деп ой түйеді. Бұл тұрғыдан жырлары «Он саусақ», «Санамақ» деп аталады. [4] Балалар әдебиеті. Алматы, 2012 ж.

М.Әлімбаев балалар әдебиетінің қалыптасып, дамуына өзінің әр жастағы баланың ой-өрісіне сай лайықтанған азаматтығы асқақ, мұраты асыл, тілі шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан әр алуына ойлы туындылары бала психологиясының нәзік сырына жетік білгірлігін танытады. Өлеңдерін оқып тілі шыққан бүлдіршіндеріміз қазақ халқының бойындағы асыл қасиетерін, қазақ сөздерінің ғажайып нәрін Мұзафар ағадан үйреніп келді.

Ақын «Ана тілі» өлеңінде:

Таудағы тас бұлақтың мөлдіріндей,

Даламның қызыл-жасыл өңіріндей.

Бәйекбоп бауырына алған бөбек жанын,

Анамның мейірбанды көңіліндей – деген шумағында тіл тазалығын көрсетіп, дүниеге келген әрбір бала өз тілін құрметтеу керектігін ақын былайша тұжырымдайды:

Күйіндей тәтті толқын Тәттімбеттің,

Талындай он өрілген тал жібектің.

Гаухардың от шарпыған ұшқынындай,

Өлшеусіз кеңдігіндей жер мен көктің.

Аяулы, абыройлы, ана тілім!

Өстім мен саясында қанатыңның.

Кетіпті ғазиз анам сені сыйлап,

Жыр болып көкірегімде жанатұғын, - деп, тіл мәртебесін көтеріп, оған деген құрмет пен сыйластықты жақсы теңеулермен келтіреді.

 Еңбек тақырыбына арналған тағы бір шағын өлеңді мысалға келтіре кетсек:

Кіп – кішкентай күрекпін,

Күнде саған керекпін.

Күре қарын ауланың,

Қопсыт түбін теректің..

Еңбек сүйгіш күрекпін,

Елгезекке керекпін [5]

«Күректің жыры» өлеңі еңбек сүйгіш күректің монологы түрінде жазылған шағын өлең. Автор күрекке жан бітіре суреттей отырып, оны үнемі тынымсыз еңбек үстінде көрсетеді. Өзінің еңбек сүйгіш, елгезек балалармен ған дос екендігін айтады.

[5] Балалар әдебиеті. Алматы, 2012 ж.

Аталмыш өлеңі арқылы ақын бүлдіршіндерді шама – шарқынша еңбектенуге үндейді.

Бүлдіршіндердің өмірін ойыншықсыз көзге елестету мүмкін емес! Енді кезекті ойыншықтар туралы өлеңіне тоқталайық. Бала дамуындағы ойынның аса маңыздылығын танытып, кішкене кезден еңбекке баулуды көздейді.

«Менің ойыншықтарым»

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қапсың, құлыншақ.

Ашытпайды көзіңді,

Шомыла ғой, балақай!

Қарашы енді өзіңе,

Аппақ болдың, алақай!

Түймең қалды үзіліп,

Неге қадап алмайсың?

Тұр ғой, әне, ине-жіп,

Неге ұқыпты болмайсың?

«Біздің балабақша» өлеңі де бала бақша бөбектеріне арналып жазылған.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл – екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз - осы үйдің гүліміз,

Біз – осы үйдің сәніміз.

М. Әлімбаев шығармалары бастауыш сынып оқулықтарына мықтап енген. Адам бойындағы асыл қасиет – жомарттық туралы «Кім жомарт? Не жомарт? атты өлеңінде келтіреді. Бұл өлең 2 сынып әдебиеттік оқу оқулығында бар.

  - Кім жомарт?

- Ебасы жомарт

Бар халықты басқарған.

- Не жомарт?

- Ай мен жұлдыз жомарт

 Қараңғыдан сақтаған.

- Кім жомарт?

- Ата-ана жомарт

Бар баласын асыраған.

- Не жомарт?

- Көктем жомарт

Табиғатты оятқан.

- Кім жомарт?

- Ұстаз жомарт

Бар шәкіртке мейірім төккен.

«Көктем келді» өлеңі 2 сынып дүниетану оқулығында бар.

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!» деп.

3-сыныпта он саусақ өлеңі берілген. [6]

Әлемдегі қай ел болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын-жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше.«Бесік жырынан» басталатын балғындар өлеңінің әйтеуір бір құдіреті бар.

Мұзафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ олақ», «Шынықсаң шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балаларын тәрбиелеуде үлесі зор. Оның «Балдәурен, шіркін, балалық» деген бір томдық кітабына жас жеткіншектерге арналып жазылған таңдаулы өлеңдері мен поэмалары, жұмбақтары мен жаңылтпаштары енген. Өйткені ол барлық жырдың нәрі іспеттес.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!