Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access программасында жұмыс жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Топ: ПД-127

Пән: Информатика

Тақырыбы: Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Сабақ мақсаты: а) Деректер базасы ұғымымен таныстыру. Негізгі ұғымдар мен қолданылу мақсатын түсіндіру.

Б) Деректер базасымен жұмыс жасауды Microsoft Access қолданбасы негізінде оқыту.

В) Оқушылардың күрделі мәліметтермен жүйелі түрде реттеу арқылы жұмыстануына үйрету.


Сабақ көрнекілігі: Microsoft Access қолданбасы

Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау, практикалық жұмыс

Сабақ типі: аралас

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа білімді бекіту

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

1.Ұйымдастыру кезеңі (отырғызу, түгендеу)

2.Үй тапсырмасын тексеру

-Электрондық кесте дегеніміз не?

-Объектілері?

-Кестелік қпаратпен жұмыс жасау ерекшеліктері?, т.б


3. Жаңа сабақ түсіндіру


Мәліметтер қоры дегеніміз, мєліметтерді, берілімдерді сипаттау, саќтау жєне µњдеудіњ жалпы принциптерін ескеретін белгілі бір ережелер бойынша ќ±рылѓан µзара байланысќан, мєліметтер жиынтыѓы.

Мәліметтер қорлары реляциялыќ емес бір кестелік және реляциялыќ көп кестелі болады.

Реляциялыќ мәліметтер қорында берілімдер өз ара байланысқан екі өлшемді кестелерде сақталады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) орысша система управления базами данных (СУБД) – мәліметтер қорын құруға, оны берілімдермен толтыруға, өңдеуге, сақтауға, пайдаланушының сұранысы бойынша информацияны кез келген түрінде алуға арналған жүйелі программалау жүйелері.

Қазіргі заманда қолданылатын МҚБЖ: арнайы мәліметтер қорымен жұмыс жасау технологиясын программалауға арналған Foxpro 2.5/2.6, Visual Foxpro 5.0, 6.0, 8.0, MS Access, т.б. –программалық жүйелер жатады.

MS Access мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған MS OFFICE –ң құрамына жататын программалық құрал, программалау тілі Visual Basic болып табылады.

Мәліметтер қорын құру:  Пуск Программы Microsoft Access Новая база данных

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі мәліметтер қорының – файлының кеңейтілуі . MDB болады.

Құрылым – ол, қорды құру пішімі, оның архитектурасы.

(Access. Мәліметтер қорының құрылымы 8 қосымшада)

Электрондық мәліметтер қорының құрылымдық бөлшектері:

Кестелер (таблицы) берілімдерді сақтауға арналған, информацияны көрсетудің ең бір кең тараған пішіні, мәліметтер қорының негізгі компоненті. Кестенің бағаналары өріс, ал жолдары жазба деп аталады.

Жазба (запись) берілімдермен толтырылған кестеніњ жолдары. Жол – әр түрлі типті берілімдерден тұрады.

Өріс (поле) – берілімдермен толтырылған кестеніњ баѓаналары. Әр өріс тек бір типті информациямен толтырылады.

Ө¤рістің қасиеттері – ол, сол бағанада тұрған берілімдердің типі, сол өрістің символдық ұзындығы (длина), уникалды аты және подпись (қолтаңба), яғни кестенің бағанасының тақырыбында тұрған информация.

Пішіндер (формы) – пайдаланушыға кестелерді толтыруды, түзетуді оңайлату үшін дайындалған құрал. Оларды, нақты құжаттардың пішіндердіне жақындатылған, информацияны енгізуге араналған өрістері бар бланк деуге болады.

Сұраныстар (запросы) – қорды басқаруға арналған тапсырыстар. Сұраныстардың көмегімен берілімдерді іріктеуге, сүзуге, таңдап алуға, өзгертуге, біріктіруге, есептеуге және солардан жаңа нәтижелік кестені қалыптастыруға болады.

Демек, сұраныстар пайдаланушыға арналған, алдын ала сценарий бойынша дайындалған берілімдерге қатынасу құралдары. Олардың қарапайым іріктеуден, күрделі әр түрлі критериймен іріктеуге арналған түрлері болады.

Есептер (отчеты) – сұраныстардың нәтижесін пайдаланушыға көрнекі және ыңғайлы түрде сұраптап принтерге шығаруға арналған. Яғни, есептердің жұмысының нәтижесі қағаздағы құжат болады.

Өрістің типтері

  • Мәтіндік – символдық информациялар үшін (255 символға дейін). Үндемегенде – 50 символ.

  • Сандық – бүтін және нақты сандар үшін. Сандық өрістің әр түрлі өлшемі және диапозоны болады. Байт: 0-ден 255-ке дейінгі бүтін сандар үшін; Бүтін сан:  32767; Ұзын бүтін сан:  2 147 483 648 ; Жылжымалы нүктелі саны (4 байт):  3.4*1038; Жылжымалы нүктелі саны (8 байт):  1.7*10308.

  • Күн/уақыт – дата үшін. Әр түрлі форматтары бар (Полный, Краткий, ..).

  • Логикалық – логикалық мәндерді: Истина, Ложь енгізу үшін.

  • Қаржылық – валютаны жазу үшін: тенге-тиын, рубль-копейкалар т. б.

  • Сануыштар – жазбаларды нөмірлеу үшін (2 млрд. дейін).

  • OLE – өріс-ұяшық видеожазбаларды, музыкалық клипті, суреттерді сақтау үшін.

  • МЕМО өрісі – 65 535 символға дейін ұзын мәтінді сақтау үшін.


4. Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма орындау

Компьютерде Практикалық жұмыс №1 орындау

5.Үйге тапсырма

6.Сабақты қорытындылау

  • Мәліметтер қоры

  • Реляциялыќ мәліметтер қорында

  • MS Access

  • Электрондық мәліметтер қорының құрылымдық бөлшектері:

  • Өрістің типтері























Практикалық жұмыс №1

Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Қызметкерлер тізімінің мәліметтер базасын келесі түрде қалыптастыр


Тегі

Аты

Туған жылы

Жалақы

Тұрмыста(үйленген)

Толтыру күні

1

Айдаубай

Индира

1988

10000

Иә


2

Аленова

Анара

1987

15000

Жоқ


3

Ахметова

Қымбат

1989

22000

Жоқ


4

Базылова

Алия

1985

25000

Иә


5

Куанышбаева

Салтанат

1986

23000

Жоқ


6

Мейрамхан

Серик

1979

30000

Иә


7

Нажекенова

Айнур

1984

15000

Жоқ


8

Рашатбекова

Айгүл

1980

8000

иа



Жұмысты орындау тәртібі

-MS Access жаңа мәліметтер қорын ашу үшін Пуск-Программы- MS Access -Новая база данных -Ок командаларын таңда

- Пайда болған терезеде латын әрпімен файл атын енгіз (Sotrud), создать батырмасын бас

- Новая таблица терезесінде Конструктор режимін таңдау керек

-Жоғарыдағы кестені қолдана отырып, өріс аттары мен типтерін енгіз

Өріс аты

Берілімдер типі

Оқушы коды

Санауыш

Тегі

Мәтіндік

Аты

Мәтіндік

Туған жылы

Күн/уақыт

Жалақы

Қаржылық/сандық

Тұрмыста(үйленген)

Логикалық

Толтыру күні

Күн/уақыт

-Кестенің Толтыру күні өрісінде Маска ввода жолында көп нүктелі белгіге басып, Краткий формат даты/дд.мм.гггг. Готово батырмасын бас

-Вид батырмасын басу арқылы конструктор режимінен Таблицы режиміне ауыс

- Жасалған жұмысты өз бумаңда сақта


Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Практикалық жұмыс

Қызметкерлер тізімінің мәліметтер базасын келесі түрде қалыптастыр


Тегі

Аты

Туған жылы

Жалақы

Тұрмыста(үйленген)

Толтыру күні

1

Айдаубай

Индира

1988

10000

Иә


2

Аленова

Анара

1987

15000

Жоқ


3

Ахметова

Қымбат

1989

22000

Жоқ


4

Базылова

Алия

1985

25000

Иә


5

Куанышбаева

Салтанат

1986

23000

Жоқ


6

Мейрамхан

Серик

1979

30000

Иә


7

Нажекенова

Айнур

1984

15000

Жоқ


8

Рашатбекова

Айгүл

1980

8000

иа



Жұмысты орындау тәртібі

-MS Access жаңа мәліметтер қорын ашу үшін Пуск-Программы- MS Access -Новая база данных -Ок командаларын таңда

- Пайда болған терезеде латын әрпімен файл атын енгіз (Sotrud), создать батырмасын бас

- Новая таблица терезесінде Конструктор режимін таңдау керек

-Жоғарыдағы кестені қолдана отырып, өріс аттары мен типтерін енгіз

Өріс аты

Берілімдер типі

Оқушы коды

Санауыш

Тегі

Мәтіндік

Аты

Мәтіндік

Туған жылы

Күн/уақыт

Жалақы

Қаржылық/сандық

Тұрмыста(үйленген)

Логикалық

Толтыру күні

Күн/уақыт

-Кестенің Толтыру күні өрісінде Маска ввода жолында көп нүктелі белгіге басып, Краткий формат даты/дд.мм.гггг. Готово батырмасын бас

-Вид батырмасын басу арқылы конструктор режимінен Таблицы режиміне ауыс

- Жасалған жұмысты өз бумаңда сақта

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.02.2018
1663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі