Сабақ
жоспары
Топ:
Пән: Информатика
Тақырыбы: МҚБЖ Access-те мәліметтерді бейнелеу
Сабақтың
мақсаты: Мәліметтер қорын
құру, оны мәліметтермен толтыру, оның мазмұнын редакциялау, оларды
реттеу, формасын безендіру және баспаға
шығару;
Сабақтың міндеттері:
а)
білімділік: MS Access мәліметтер базасында кесте құру тәсілдерін,
айырмашылықтарын үйрету арқылы теориялық білімдерін практикалық
жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.
ә)
дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін
дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, білім алушылардың теориялық
білімдерін практикада тиімді қолдану дағдыларын
дамыту.
б)
тәрбиелік: Жылдамдыққа және жеке жұмыс жасауға баулу. Алған білімдерін
еркін қолдана білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Microsoft Access терезелері, таратпа
тапсырмалар, слайд.
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау,
практикалық жұмыс
Сабақ типі: аралас
Сабақ
барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй
тапсырмасын тексеру
Жаңа
сабақ түсіндіру
Жаңа білімді бекіту
Үйге
тапсырма
Сабақты
қорытындылау
1.Ұйымдастыру кезеңі (отырғызу, түгендеу)
2.Үй
тапсырмасын тексеру
3. Жаңа
сабақ түсіндіру
Басылымдар кестедегі мәліметтерді қағаздағы нәтижелік құжаттар
түрінде басып шығаруға арналған.
Access бірнеше кестелерден немесе сұраныстардан өзара
байланысқан мәліметтерді қағазға шығаруды қамтамасыз ететін күрделі
құрылымды басылымдар құрастыруға мүмкіндік береді. Құрастыру
кезінде басылым бөлімдерінің құрамы мен мазмұны, сонымен қатар МҚ
кестелері өрістерінен шығарылатын мәндердің осында қалай орналасу
керектігі қалыптасады. Сондай-ақ тақырыптар, басылымдар
реквизиттері жасалып, есептелінетін реквизиттердің де орналасуы
қарастырылады. Мәліметтер деңгейлер бойынша топтастырылып, осы
деңгейлердің әрқайсысы үшін қорытынды есептеулер жүргізілуі мүмкін,
әр топқа арналып жеке тақырыптар мен ескертпелер де жасала
береді.
Басылым құру үшін «Басылымдар»
(«Отчеты») парағына
көшіп, Жасау
(Создать)батырмасын шерту
керек немесе Жаңа объект (Новый объект) батырмалар тізіміндеАвтобасылым (Автоотчет) не Жаңа басылым (Новый
отчет) элементтерін қолдану қажет. Бірінші тәсілде 1-суретте
көрсетілген басылым құру режимін таңдау терезесі пайда
болады.
1 сурет. Басылым құру режимін таңдау
терезесі
Басылымды алдын ала көруді Басылым көрінісі (Представление отчета) батырмасын шертіп,
немесе «Басылымдар» («Отчеты»)
парағында Қарап шығу (Просмотр) батырмасын басу
арқылы, немесе Файл/Алдын ала
көру (Файл/Предварительный просмотр) командасы арқылы жүзеге
асыруға болады. Саймандар
тақтасындағы Баспа (Печать) батырмасы басылымдарды
қағазға басып шығаруды қамтамасыз етеді. Меню
қатарындағы Файл/Бет
жобасы (Файл/Макет страницы) командасы көмегімен
принтер түрін таңдауға, қағаз форматын, өрістер мөлшерін, жолдар
арасындағы аралықты, қағаздың берілу бағытын, т.б. өзгертуге
болады. Ал меню қатарындағы Файл/Баспа (Файл /
Печать) командасы баспаға
басылымның жеке беттерін немесе белгіленіп алынған жазбаларды
шығаруға, көшірмелердің санын беруге және басылымды файлға жазуға
мүмкіндік береді. Басылымды сақтау үшінФайл
/Сақтау (Файл /Сохранить) командасы
орындалады.
Басылымдар
шебері режимінде басылымдар
жасау
Басылымдар
шебері (Мастер отчетов) режимі
таңдап алынған өрістер негізінде шебер көмегімен жаңа басылымдар
жасау үшін қолданылады, мұнда стиль таңдауға және байланысқан
кестелердің өрістерін пайдалануға болады. Сондай-ақ, мәліметтерді
топтастыру мүмкіндігі бар, мысалы, уақытқа байланысты
ақпараттардағы күн-ай мерзімі өрісі үшін жылдар, тоқсандар, күндер,
немесе басқа да уақыт аралықтары бойынша мәліметтерді топтастыра
аламыз. Өрістердің сандық және қаржылық типтері
үшін Толық мәні бойынша (По полному
значению) немесе Аралық
(Интервал) (10, 50 және т.б.) мәндер бойынша да
топтастырылу жүргізіледі. Мәтіндік өрістерді толық мәні, бірінші
символы немесе алғашқы бірнеше символдары бойынша топтастыруға
болады. Сұрыптау жүргізіп (ең көп дегенде 4 өріс бойынша), әрбір
топ үшін есептеліп шығарылатын қорытындылық нәтиже алуға (жалпы
қосындысы, орташа, максимум, минимум мәндері) да мүмкіндік бар.
Парақтарға альбомдық немесе кітаптық бағытта мәтіндер басып,
өрістердің де қажетті енін тағайындауға болады. басылымды басқаша
етіп те құруға болады. Мысалы, басылымдарға бірнеше кестелер мен
сұраныстардан алынған өрістер енгізуге, топтастыру ісін
жүргізбеуге, топтастыру жүргізілгенде, оның әртүрлі аралықтарын
таңдауға, топ ішінде сұрыптау жүргізу үшін бір немесе бірнеше
өрістерді таңдап алуға мүмкіндіктер бар. Бұларға қосымша қорытынды
нәтижелер есептеу үшін бір немесе бірнеше өрістер тағайындап,
сондай-ақ, тек нәтижелерден ғана тұратын басылымдар да жасауға,
яғни басылымдардың түрі мен стилін таңдауға
болады.
2 сурет. Басылым
үшін кестелер мен өрістер таңдау
3 сурет. Жазбаларды топтастыру үшін
өрістер таңдау
4 сурет. Топтастыру
кезіндегі аралықтарды тағайындау
5 сурет. Сұрыптау
өрісін таңдау
6 сурет. Нәтижелерді шығару тәсілін
беру
4. Жаңа
сабақты бекітуге практикалық тапсырма орындау
Компьютерде тапсырма орындау
5.Үйге тапсырма