"Мамандығым - мақтанышым"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығым - мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет. Бұл-жәй күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Жүсіпбек Аймауытов
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым мақтанышым



Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ

мұның кез- келгеніне икемділік қажет.

Бұл-жәй күнелту, тамақ асыраудың

ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор

шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Жүсіпбек Аймауытов


Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген әр бір адам баласы қолынан келгенінше кірісіп істей берсе, ұлт жұмысының алға басқаны емес пе?Қазіргі таңда, арман болған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес.Жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау- жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау деп есептеймін. «…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…»-дегендей, мен өзім армандаған арманыма қол жеткіздім.Себебі, бала күнгі арманым-ұстаздық мамандығы болатын. Мен-ұстазбын!. Мен өз мамандығымды бала күнімде таңдағам.Мектептің жаны –мұғалім.Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы.Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектеппен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика,методикадан хабардар,оқыта білетін мұғалім» деген Ахмет Байтұрсынұлы мұғалімнің қызметін ерекше дәріптейді. Меніңше, «Ұлтқа қызмет ету біліммен емес, мінезден» –деп Әлихан Бөкейханов айтқандай,  ұстаз бүгінге емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді.Ол заман дамуынан қалып қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытып, білімін күнбе-күн жетілдіріп отыруға тиіс.Себебі, жастарға үлкен міндет артылып отыр. Өйткені болашақ-жастардың қолында. Сол жастарымызға: «Іс істейік бір болып, ашылмасын саламыз!» деген ұран тастағым келеді.Жастар алдыға талпынып, білуге асықса, алынбас қамал жоқ. «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүреді» демекші, алдыңдағы ұл-қыздарды жақсылап тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, еріп кетеді деп ойлаймын. Мейірімге бөленіп өскен бала айналасына қамқор, бауырмал болады. Ал нағыз ұстаз-сол-баланың бойындағы өнерді танып,аша білу қабілетімен бағытын көрсетуге үлесін қосады.. «Мұғалім өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен,тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген екен Мәлік Ғабдуллин. Ізімізді басар шәкірт болсын десек, өзімізді жөндейік! Сөзіміз бен ісіміз бір жерде тоғысып, тыңдаушысын тапса, еңбегіміздің ақталғаны. Балаларды оқыту жолында Ыбырай атамызша айтсақ, қойға шапқан аш қасқырдай кірісуіміз керек.Өйткені, әр ұстаз шәкіртінің жетістігімен мақтанады.Өзгенің баласының тілеуін тілеп, түн ұйқысын төрт бөліп, алдағы күнен үміт күтеді.

Ұстаз ұлағаты бала бойындағы адамгершілік қасиетпен өлшенеді.Әл-Фараби бабамыздың: «Тәрбие болмаған жерде-білім де болмайды» деген сөзін әр ұстаз жадында ұстауы керек. Біз балаға тәрбие мен білімді қатар сіңіруіміз керек. Сонда ғана толық адам қалыптастырамыз.Сабағымды өттім болды демей, бүгін мен балаға не бердім?!-деген сауалды әр күнімізге мақсатты қоя білейік! Баланы жақын тартып, бар жылу мен сүйіспеншілігіңді балаға арнасаң, емен де иіледі. Олай болса, мамандығымның мақтанышыма айналғаны деп білемін.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2023
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі