400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым –тым ыстық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым –тым ыстық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым тым ыстық!

Асабаева Бижамал Қуандыққызы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«Балдырған» санаторлық бөбекжай

бақшасының тәрбиешісі



«Ел есінде бір жыл қалғың келсе -ас бер, он жыл қалғың келсе -ағаш отырғыз,ал мәңгі қалғың келсе -бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Мен үшін ең қастерлі де ,қасиетті мамандық ол -тәрбиешілік»

Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым -қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Қиыны мен қызығы,талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін.Өйткені, бұл мамандық- менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң,ешқашан басқа жаққа кете алмайсың. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері,мөлдір көздері,сыңғырлаған күлкілері бір сергітіп,серпілдіріп күні бойы бірге жүруге құлшыныс арта түседі, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге жетелейді. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де,әдемі,байсалды да ақылды жүздерін көрсем,әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты,сұраулы жанарларынан байқаймын.Олардың меннен күтетіндері өте көп....

Мен өзім еңбек етіп жүрген бөбекжай бақшамның әрдайым биіктен көрініп,тәрбие ,білім саласында айтулы жетістіктерге жетіп,сәбилердің қуанышты мекеніне айналуын қалаймын. Білім қазынасын осы бөбекжай -бақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп,олардың болашақтарына игі ықпал ету - негізгі міндетіміз.Бүгінгі жас ұрпақ болашағының іргетасының берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім мен тәрбиенің негізін дұрыс қалыптастыру өз қолымызда.Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Балабақша табалдырығын аттаған сәби алты жасқа толып алтын ұя мектепке қанат қағады.Осы аралықтағы білім ,тәрбие беру жұмысы балабақша тәрбиешілеріне үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Сол міндетті орындау үшін,алдымен тәрбиеші білімді,жанжақты,иман жүзді,мейірімді болуы тиіс.Алдында отырған сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару -оны өсіру әрбір тәрбиешінің өмірлік мұраты.Тәрбиеші баланың жүрегін ризашылыққа,қуанышқа кенелтеді,қиялына «үлкен азамат болсам деген «қанат бітіреді, еліне,туған жеріне, отбасына,достарына қайырымдылық,

мейірімділік сезімдерін оятады,болашаққа,орындалар арманына деген сезімін бекітеді.

Халық «Ағаш түзу өсу үшін,оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»-деп бекер айтпаған.Осындайда балалық шақтан қамқорлай қарап, бойындағы ең ізгі қасиеттерін бүлдіршіндерге арнаған,уақыты мен жігерін бала үшін аямаған,тәрбие ісінің шебері,ұлағатты бағбан бола білген жөн. Тәрбиешінің күштілігінің сыры оның үлкен жүректігінде, балаға деген көңілінің адалдығында, оның қажымас еңбекқорлығында.

Осы уақыттардың ішінде қаншама жас бүлдіршіндер алдымнан өтіп жатса да,алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру,содан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым балаларға жақсы көңіл -күй сыйлай отырып саналы тәрбие,сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметі үстінде балаларға бағыт беруші,жол сілтеуші роліне қоямын. Бұл балалардың өзіне деен сенімін арттырып,оқу қызметіне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады

Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші өз мамандығын сүйетін,патриот,өз ісінің шебері,ізденімпаз, жаңашыл, терең ойлы болуы тиіс. Мен мамандығымды мақтан ете отырып,жан дүниемнің балаларға, мамандығыма деген сезімімді осы өлең жолдарымен аяқтаймын.

Тәрбиеші болу- бір бақыт,

Жүрекке сәби тіл қатып.

Есімде сыңғыр сөздері,

Көздері шын жақұт.

Тән емес бізге тыныштық,

Бала деп іздеп тырыстық

Баламен күнде қауыштық,

Мамандығым -тым ыстық!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.05.2018
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі