4.02.21
ж
МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІН
АШАМЫЗ
«МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІН АШАМЫЗ»
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ТАНЫМДЫҚ
САБАҚ
Мақсаты:Оқушылардың болашақ мамандығын айқын
да сенімді таңдауға бағыт беру; Мамандыққа байланысты термин
сөздердің жалпы мағнасын аша білу; Қоғамға бір пайдасы тиетін
мамандық иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, «Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық
ойындар, тренингтер.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-
оқушылармен амандасу;
-
оқушылардың сабаққа назарын аудару.
ІІ.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: Бүгін біз «Мамандық әлемін ашамыз»
деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Тұңғыш Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің
келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды
тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге
жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз
жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ
ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген
жоқ.
СЕРГІТУ СӘТІ
Ойын: Жүргізуші топтарға бір әріп жазылған
қағаздарды үлестіреді, оқушылар аталған әріпке мамандықтарды
жазады, бірақ келесі топқа ыммен түсіндіреді . Ең көп және көп
кездеспейтін мамандық атауларын атаған және дұрыс түсіндіре білген
топ жеңіске жетеді.
Мен мамандық
әлемінде
Web-программист, web-дизайнер – ғаламтор желісінде сайттар құру
мамандары.
Аудитор - әртүрлі компаниялар жұмысында қаржы
ісін тексеруші және олардың қызметінің тиімділігін, табыстылығын
анықтаушы маман.
Бренд-менеджер – бренд ойлап табушы және оны нарықта
ұсыну жолдарын ойластырушы маман.
Логистик – қойма, көлік, өндіріс жұмысын реттеуші
маман. Көлік логистик маманы компанияның көліктерінің жүк
тасымалдау схемасы ойластырады, ал қойма логистик маманы- қоймадағы
заттардың, тағамдардың сақталуын
ұйымдастырады.
Маркетолог - латын тілінен аударғанда «нарықты
білетін» дегенді білдіреді. Нарық сұранысын, тұтынушылар талғамын
зерттеуші маман.
Мерчендайзер
-Үлкен
дүкендерде өз фирмасының тауарларының тұтынушыға қалай ұсынылғанын,
қалай жарнамаланғанын қадағалайтын маман. Ол дүкендерді аралап,
тауарларды тұтынушыға қалай ұсыну керек, дүкен сөрелеріне қалай
орналастыру керектігі жөнінде кеңес береді. Бірақ бұл мамандыққа
әзірге ешбір оқу орнында оқытпайды.
Аниматор - суретке жан
бітіруші.
Мультипликатор - мультифильмдерді және арнайы
телевидениеге арналған заставкаларды
жасайды.
Декоратор - түрлі мекемелерді,
ғимараттарды арнайы әсемдеуші.
Интерьер
дизайнер - кеңседегі жиаздарды
талғаммен орналастыра білетін маман.
Кеңестер:
-
Ең
бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі
керек.
-
Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ
қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым
келеді?»
-
Мамандық
алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың
талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен
сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз?
Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл
мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге
ұнайды?)
-
Өзіңнің
мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі
замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық
әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не
керек?)
-
Кез
келген арманды іске асыра біл.
-
Сізге,
мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер
білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің
керек.
Қорытынды:
Ж. Аймауытов
айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне
икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес,
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
егеменді еліміздің ертеңі
— маман иелері болуларыңызға тілектестігімді
білдіремін
Е.Әуелбеков атындағы
дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 2021
жылдың 4 ақпан күні 8 «а» - сыныбында «Мамандық әлемін ашамыз»
тақырыбындағы тәрбие сағатының
ХАТТАМАСЫ
Қатысуға
тиісті:23
Қатысқаны:23
Күн
тәртібінде
«Мамандық әлемін ашамыз»
атты тәрбие сағатының жоспары, мақсат – міндеттерімен
таныстыру.
Тыңдалды:
Күн тәртібінде бірінші мәселе
бойынша сынып тәрбиешісі А.Жиенбаева сөз алып, оқушыларға тәрбие
сағатының тақырыбы, жоспары бойынша таныстырып өтті. Сабақтың
мақсаты - оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға
бағыт беру. Мамандыққа байланысты термин сөздердің жалпы мағнасын
аша білу. Қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға
тәрбиелеу.
Мен мамандық әлемінде кезеңі
бойынша қазіргі заманның табысты және ауыл балалары таңдай
бермейтін мамандар туралы ақпарат беріп өтті.
Олар: Web-программист, web-дизайнер
– ғаламтор желісінде сайттар құру мамандары. Аудитор - әртүрлі
компаниялар жұмысында қаржы ісін тексеруші және олардың қызметінің
тиімділігін, табыстылығын анықтаушы маман. Бренд-менеджер – бренд
ойлап табушы және оны нарықта ұсыну жолдарын ойластырушы маман.
Логистик – қойма, көлік, өндіріс жұмысын реттеуші маман. Көлік
логистик маманы компанияның көліктерінің жүк тасымалдау схемасы
ойластырады, ал қойма логистик маманы- қоймадағы заттардың,
тағамдардың сақталуын ұйымдастырады. Маркетолог - латын тілінен
аударғанда «нарықты білетін» дегенді білдіреді. Нарық сұранысын,
тұтынушылар талғамын зерттеуші маман. Мерчендайзер - үлкен
дүкендерде өз фирмасының тауарларының тұтынушыға қалай ұсынылғанын,
қалай жарнамаланғанын қадағалайтын маман. Ол дүкендерді аралап,
тауарларды тұтынушыға қалай ұсыну керек, дүкен сөрелеріне қалай
орналастыру керектігі жөнінде кеңес береді. Бірақ бұл мамандыққа
әзірге ешбір оқу орнында оқытпайды. Аниматор - суретке жан
бітіруші. Мультипликатор - мультифильмдерді және арнайы
телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Декоратор - түрлі
мекемелерді, ғимараттарды арнайы әсемдеуші. Интерьер дизайнер -
кеңседегі жиаздарды талғаммен орналастыра білетін маман. Оқушыларға
осы мамандық туралы ақыл – кеңестер беріліп, оқушылармен ой
бөлісті.
ХАТШЫ: А.
ЖИЕНБАЕВА