«Мамандықты таңдау – келешекті таңдау» атты 9-11 сыныптар арасында кездесу кешіҚайырлы күн, құрметті, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандықты таңдау – келешекті таңдау» атты 9-11 сыныптар арасында кездесу кешіне қош келдіңіздер!- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандайІсім оңсын десеңіз,Сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,Көпшіліктің адамы болыңыз. Деген екен. Ең алдымен «Мамандық» сөзіне анықтама беретін болсақ.Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет. Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар, жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Қазіргі кезде әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап болып жүрсіз. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Деп өздеріңіз бір сәт ойланып көрдіңіздерме? Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Жастықта әр тараптың басын шалсаң,Қармақты тәуекел деп суға салсаң.Еңбегің еңбектенген кетпес зая,Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оқу оқып, білім алған.Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.Көк жүзіне алаулы,Міндет емес ай болу.Ең бастысы қалаулы,Кәсібіңе сай болу! Деп ақындар айтып кеткендей – өз таңдаған кәсіпке жету де бір бақыт.Олай болса мына видеороликке назар аударыңыздар!«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, өз таңдаған маман иесі болыңыздар. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, болашақта атқаратын кәсіптерінізді дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты бір маман иесі болуларыңа тілектеспін.
№ 3 Аршалы орта мектебі
Ұйымдастырған:Әлеуметтік педагог:Жангабулова Г.С.
11 сыныпқа сұрақ:Әңгімелесу1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?2. Қандай мамандық таңдайсың?3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?5. Бұл заман талабына сай ма?6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?