400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандық таңдау -өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып арналған кәсіби бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау»

Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Өту барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
4. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
5. Мамандармен мастер класс
6. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі « » атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Уалихан Тоққожаұлы Жагпаровқа сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.

2. Қонақтармен таныстыру.

1. Данияр Қайратұлы (Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі оқытушысы)

2.Сатыбалды Тасболатұлы (дәнекерлеу ісі маманы)

3.Дамир Жүсіпұлы (компьютерлік аппараттық қамт .ету операторы)

4. Самат Жұмагелдіұлы (ауыл шаруашылығы механика маманы)

5. Бота Советовна (аспаз, кондитер технолог.)
3. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?

2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?

3. Қонақтардан сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?

4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.

5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?

6. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?

4. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек.
Әр командаға 3 тапсырма беріледі.

«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.

«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.

5. Мастер класс
1. Кондитер маманы

2.Технолог маманы

3.Слесарь маманы



6. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты мастер сыныпқа келіп маңызды іс-тәжірибелеріңіз, ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
08.12.2023
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі