Материалдар / Мамандық таңдау – табысты өмірдің кілті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандық таңдау – табысты өмірдің кілті

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
824
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мамандық таңдау – табысты өмірдің кілті

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім:

ІІІ.Әріпті мамандық- ойыны

І V. Кәсіптік білім берудің құрылымы

V.Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

VІ.Қол мидың жалғасы

VІІ.Сұрақтар

 Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен  ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

 Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

—          Бұл кім?

—          Мұғалім

—          Кітапханашы

—          Наубайшы

—          Заңгерлер

—          Шекарашылавр

—          Футболшылар

—          Әртістер

—          Суретшілер

—          Күзетшілер

—          Құрылысшылар , т.б.

—          Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?

—          Мамандық

    Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі тақырыбымыз - Мамандық таңдау – табысты өмірдің кілті.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын өрбітіп интер белсенді тақтада жауабын көрсетеді:

 «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

    Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау... Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының   қыр- сырын айту керек. 

     І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»

Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

  Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

  Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

  Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

  • Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

  • Ақша болса, мамандық қажет емес

  • Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы

«Қол мидың жалғасы». Саусақ

Сұрақтар:

  1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

  2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

  3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

  4. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

  5. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

  6. Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

  7. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

  8. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

  9. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

  10. Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?

  11. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

  12. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Ең жақсы» ойыны.
Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

1.Қызығушылық қалай пайда болады?

Қызығушылық - сол мамандықты ұнату, ата -ана мамандығына еліктеу, өмірге көзқарасының болуы.

2.Бейімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Бейімділік - ата- ана жолын қууы, орындау икемділігі,мамандықты игеруге құштарлық.

3.Қабілет деген не?

Қабілет - туа біткен талант, өзіндік ізденіс, үйренуге талпыну.

Мамандық таңдау факторлары - мұғалім, қабілеті,беделі,оқудың жақын орналасуы,тәжірибенің болуы, оқиғаның әсер етуі, досымен бірге, отбасы.

Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

- компьютер білу;

- бірнеше тілді, ағылшын тілін білу;

-адамдармен қарым - қатынас жасай білу;

- өз тауарын, қызметін өткізе білу;

-тез шешім қабылдап, бастамшылық жасау;

-үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

Мамандық таңдаудың формуласы

Үйренгім келеді- бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі.

Үйрене аламын - қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі.

Үйрену керек - еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың әлемдәк экономикалық даму теңденцияларының кеңістігі.


Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.

Н.Ә.Назарбаев

Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан

Абай

Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.

Э.Ф.Зеер

Қорытынды

Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін

Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана, білім мен - өнеріме сенемін.

Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін.

Абыройлы ақ ниет - адалдыққа сенемін

Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Егеменді еліміздің ертеңі — маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!